Жаһандану жағдайында болашақ бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби іс - әрекетке даярлаудың педагогикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 20:20, автореферат

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Жоғары педагогикалық білім беруді реформалау, педагогикалық кадрлардың көп деңгейлік дайындығына көшу, парасатты еңбек нарығында мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жағдайларында болашақ мұғалімдерді кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке дайындау мәселесінің өзектілігі зор.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылғаннан бері қоғамды ақпараттандырудан туындаған өзгерістер оның барлық салаларымен қатар мұғалімдік кәсіби – іс-әрекет деңгейіне, өндіріс пен әлеуметтік саладағы ғылымдардың жетістіктеріне және прогрессивті технологияны енгізу мерзімінің қысқартылуына қойылытатын талаптар күшеюде.

Файлы: 1 файл

janbobekova.doc

— 458.50 Кб (Скачать файл)

 

Жоғарыда келтірілген  мазмұндық модель педагогикалық  іс-әрекеттің нақты бір түрінің  аумағында қызметтік әрекеттерді  жемісті орындауға қажетті мазмұндық  операциялардың құрамынан көрініс  береді. Алайда бұл моделді саналы түрде іске асыру үшін әрбір операцияның мазмұны мен оны орындау қызметін байланыстыру қажет (4-кесте).

 

 

 

 

 

 

4-кесте - Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін анықтаудың кәсіби-педагогикалық іс-әрекеті шеңберінде операциялардың мазмұны мен іс- әрекетінің ара қатынасын белгілеу

 

Операциялар мазмұны

Әрбір операцияның  қызметі

1.1. Мақсат пен міндеттерді  анықтау жүзеге асатын іс-әрекет  түрін айқындау

Іс-әрекет нысанасын бағдарлау

1.2. Іс-әрекетті сипаттаудың  тәсілін айқындау

Іс-әрекет нысанын суреттеу тәсілін жоспарлау

1.3. Іс-әрекеттің негізгі сипаттамаларын айқындау

Белгілі іс-әрекет нысанының  негізгі сипаттамаларын айқындау

1.4. Іс-әрекет мазмұнын  сипаттаудың дұрыстығын бағалау

Іс-әрекет нысаны сипаттамасының жеткіліктілігін бақылау мен  бағалау

2.1. Іс-әрекетті суреттеудегі  бастапқы деректерді анықтау

Іс-әрекет нысаны сипаттамасының жеткіліктілігінің бағыт-бағдары

2.2. Мақсат пен міндеттерді  анықтау процесін жүзеге асыру  тәсілдерін анықтау

Оқу пәнінің мақсаты  мен міндеттерін анықтаудың тәсілін  жоспарлау

2.3. Мақсат пен міндеттерді  анықтаудың іріктелген тәсілін іс-әрекет жоспарына айналдыру

Мақсат пен міндеттерді  анықтау іс-әрекетінің жоспарын құру

2.4. Жасалған жоспардың  жеткіліктілігін бағалау

Құрылған жоспардың  жеткіліктілігін бағалау

3.1. Мақсат пен міндеттерді  анықтаудың шарттарын нақтылау

Мақсат пен міндеттерді  анықтау шарттарының бағыт-бағдары

3.2. Оқу пәнінің мақсаты  мен міндеттерін анықтау процесінің  оңтайлы құралдарын таңдау

Оқу пәнінің мақсаты  мен міндеттерін анықтау процесінің құралдарын жоспарлау

3.3. Оқу пәнінің мақсаты  мен міндеттерін тұжырымдау

Мақсаты мен міндеттерді  тұжырымдау

3.4. Тұжырымдалған мақсат  пен міндеттердің ең жақын  басты мақсатпен арақатынасын  тексеру

Тұжырымдалған мақсат пен  міндеттердің ең жақын басты мақсатпен  арақатынасын айқындау

4.1. Мақсат пен міндетті айқындау тәсілдерінің бағыт-бағдары: жеке тұлға қасиеттері, білім, білік элементі немесе жүйесінің қалыптасу деңгейі

Оқу пәнінің мақсат пен  міндетін айқындау тәсілдерінің бағыт-бағдары

4.2. Тұжырымдалған мақсат  пен міндеттерді тексерудің құралдарын  жоспарлау

Тұжырымдалған мақсат пен  міндеттерді тексерудің құралдарын жоспарлау

4.3. Тексеру

Тексеру

4.4. Мақсат пен міндетті  анықтаудың басқа да мүмкін  тәсілдері

Мақсат пен міндеттерді  анықтаудың басқа да мүмкін тәсілдері


 

Оқу пәнінің мақсаты  мен міндеттерін анықтаудың кәсіби-педагогикалық іс-әрекеті шеңберіндегі операцияның қызметтік суреттемесін абстракциялау процесі мынадай басты қызметтерді көрсетті: бағыт-бағдар табу, жоспарлау, іске асыру және бақылау. Бұдан мынадай қорытынды туындады: кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің нақты бур түрін жүзеге асыратын операциялар да, оның қызметтік моделінде көрініс тапқан әрекеттер де екі басты типте түйіседі: түрлендіру және басқару. Бұл қорытындыны пайдалана отырып, біз оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін анықтаудың кәсіби-педагогикалық іс-әрекет құрылысын матрица түрінде ұсынамыз (5-кесте).

 

5-кесте - Матрица түрінде ұсынылған оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін анықтаудың кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің құрылысы

 

Әрекеттер

Операциялар

Бағдарлау

Жоспарлау

Іске асыру

Бағалау

1

Бағдарлау – іс-әрекет нысанымен  танысу

Мақсат пен міндет анықталатын  іс-әрекет түрін айқындау

Іс-әрекетті сипаттаудың тәсілін  айқындау

Белгілі іс-әрекеттің негізгі сипаттамаларын айқындау

Іс-әрекет мазмұнын сипаттаудың жеткіліктілігін  бағалау

2

Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін  анықтаудың іс-әрекетін жоспарлау

Іс-әрекетті сипаттауда бастапқы деректерді анықтау

Мақсат пен міндеттерді анықтау  процесін іске асырудың тәсілін анықтау

Мақсат пен міндеттерді анықтаудың таңдалған тәсілінің іс-әрекет жоспарына айналуы

Құрылған жоспардың жеткілікті-лігін  бағалау

3

Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін  анықтауды жүзеге асыру

Мақсат пен міндетті анықтаудың шарттарын нақтылау

Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін  анықтаудыңоңтайлы құралдарын таңдау

Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау

Тұжырым-далған мақсат пен міндеттердің ең жақын басты мақсатпен арақатына-сын  тексеру

4

Анықталған мақсат пен міндеттер-дің  мазмұнын сараптау, тексеру және бақылау

Мақсат пен міндетті айқындаудың  тәсілдерінің бағыт-бағдарын білу: жеке тұлға қасиеттері, білім, білік элементі немесе жүйесінің қалыптасу деңгейі

Тұжырымдалған мақсат пен міндеттерді  тексерудің құралдарын жоспарлау

Тексеру

Оқу пәнінің мақсат пен міндеттерін  анықтаудың басқа да мүмкін тәсілдері


 

 

Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мазмұнын әрекет пен операциялардың қызметтік сипаттамасы тұрғысынан қарастыру оның операционалды моделін құрастыруға негіз болды (6-кесте).

 

6-кесте - Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін анықтаудың кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің операционалды моделі

 

Әрекеттің қызметтік  мәндеті

Әрекет қызметінің түрлері

Операуцияның  қызметтік міндеті

Операция қызметінің түрлері

I

Іс-әрекет нысанымен танысу

Түрлену

Бағдарлау

Түрлену

Жоспарлау

Басқару

Іске асыру

Түрлену

Бақылау

Басқару

II

Мақсат пен міндетті анықтаудың іс-әрекетін жоспарлау

Басқару

Бағдарлау

Түрлену

Жоспарлау

Басқару

Іске асыру

Түрлену

Бақылау

Басқару

III

Оқу пәнінің мақсаты  мен міндеттерін тұжырымдау

Түрлену

Бағдарлау

Түрлену

Жоспарлау

Басқару

Іске асыру

Түрлену

Бақылау

Басқару

IV

Анықталған мақсат пен  міндеттердің мазмұнын сараптау, тексеру  және бақылау

Басқару

Бағдарлау

Түрлену

Жоспарлау

Басқару

Іске асыру

Түрлену

Бақылау

Басқару


 

Кәсіби-педагогикалық  іс-әрекеттің нақтылы бір түрін құрастырудың келтірілген моделдерінің (қызметтік, мазмұндық және опрационалдық) бір-біріне айналу қасиеттері бар, бұл іс-әрекетті түсіну мен меңгеруді сараптамалық-синтетикалық тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік береді.

Педагогикалық жоғары оқу  орнын бітірерде студенттердің 40%-на жуығы кәсіби дайындық міндеттерінің маңызын, кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті қалыптастыру міндеттерінің кәсіби және жеке тұлғалық маңыздылығын түсінбейді. Оқу әрдайым белсенді болуы керек, ал оның нәтижесінде кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуы барысында болашақ мұғалім жеке тұлғасының қажеттілік-уәждемелік өрісі үнемі дамып отыруы қажет. Мақсатты қалыптасу процесінің өзі қажеттіліктерден іс-әрекетке көшу керектігінен басталу қажет.

Кәсіби-педагогикалық  іс-әрекет жүйесін құрылымдауға қызметтік-мазмұндық тұрғысынан келу нәтижесінде оның инварианттық мазмұнының қорытындыланған эвристикалық-алгоритмдік моделі құрылды (7-кесте). Бұл моделді суреттеп көрейік. 

7-кесте - Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің эвристикалық-алгоритмдік моделі

 

Қызметтік әрекеттер

Әрекет қызме-тінің түрлері

Мазмұндық операциялар

Операция қызметтері

Операция қызметінің түрлері

1

Педагогика-лық іс-әрекет нысанымен  танысу

Түрлену

Педагогикалық іс-әрекет нысанын айқындау

Нысана туралы ақпарат алу процесін жоспарлау (нысанның белгіленген және белгісіз сипаттамасын айқындау)

Белгіленген жағдайлардағы нысанның сипаттамасы

Педагогикалық іс-әрекет нысанын айқындалған  сипаттамасы арқылы суреттеудің  жеткіліктілігін бағалау

Бағдарлау

Жоспарлау

 

Іске асыру

Бағалау

Түрдену

 

Басқару

 

 

Түрлену

 

Басқару

2

Педагогика-лық іс-әрекет нысанының  түрлену процесін жоспарлау

Басқару

Нысанның бастапқы күйі мен оның түрленуінің мүмкін нәтижесін сараптау

Түрлену нәтижелеріне жетудің әдістерін  жоспарлау

Педагогикалық іс-әрекет нысанының түрлену жоспарын құру

Табылған жоспардың дұрыстығын ой тұжырымын құру заңдылықтары, дәлелдер негізінде бағалау

Бағдарлау

Жоспарлау

Іске асыру

 

Бақылау

Түрлену

 

Басқару

 

Түрлену

 

 

Басқару

3

Педагогика-лық іс-әрекет нысанының  түрленуін жүзеге асыру

Түрлену

Педагогикалық іс-әрекет нысанының  түрлену процесін іске асырудың мүмкін құралдарын айқындау

Педагогикалық іс-әрекет нысанының  түрленуінің нақты тәсілдерін анықтау

Педагогикалық іс-әрекет нысанының  белгіленген күйден жоспарланған күйге (ақырғы) түрленуі

Түрлену процесі мен оның нәтижесін  бағалау

Бағдарлау

 

Жоспарлау

 

Іске асыру

 

Бақылау

Түрлену

 

 

Басқару

 

 

Түрлену

 

 

Басқару

4

Қол жеткен нәтиже мен оған жету процесінің мазмұнын сараптау мен бақылау

Басқару

Шынайы нәтиже сараптамасы (неге қол жеткіздік: білім мен тәрбиелілік деңгейі қандай, интеллектуалды білік қандай)

Қол жеткен нәтижені алдын ала болжанғанымен  салыстыра отырып бағалауды жоспарлау

Нәтижені іске асыру: шынайы нәтиженің  алдын ала болжанғанымен қаншалықты сәкес болмағанын айқындау

Мінсіз нәтижеге жақынырақ нәтижеге басқа әдіс-тәсілдер арқылы жету 

Бағдарлау

 

Жоспарлау

Іске асыру

 

 

Бақылау

Түрлену

 

 

Басқару

 

 

Түрлену

 

 

Басқару


 

Кәсіби-педагогикалық  іс-әрекеттің қалыптасу шарттары оның механизмі болып табылады. Қарастырылған шарттардың негізгі мазмұны мұғалімнің кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің белгілі бір түрінің қалыптасуын  қамтамасыз етеді:

  • ең алдымен, оқу әрдайым белсенді болады, кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуы барысында мұғалім жеке тұлғасының қажеттілік-уәждемелік өрісі үнемі белсендіріледі. Студент алған білімі мен біліктерін тәжірибелік іс-әрекетте қолдана білуі керек. Педагогикалық іс-әрекеттің мақсатты қалыптасу процесінің өзі қажеттіліктерден іс-әрекетке көшу қажеттілігінен басталу керек;
  • жеке тұлға іс-әрекеті арқылы көрінеді, ал жеке тұлғаның даярлығы                іс-әрекеттің сәттілігін қамтамасыз етеді. Мұғалім іс-әрекетінің сәттілігі іс-әрекет мазмұнын түсінуіне тәуелді. Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін анықтаудың кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің қалыптасу процесінің нысаналы сипаты, біздің ойымызша, студенттердің іс-әрекеттің мазмұны мен құрылысы туралы білімді меңгеруі арқылы көрінеді, яғни студенттердің оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін анықтаудың педагогикалық іс-әрекеті туралы метабілімдерді игеру мәселесін шешу арқылы;
  • студенттер педагогикалық іс-әрекет мазмұнын белгілі бір әдіс-тәсілдер арқылы игереді. Бұл әдіс-тәсілдерді таңдауда біз педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуы мен мұғалім жеке тұлғасының өзін өзі жетілдіруі сәйкес болу керек деген ойға сүйендік. Болашақ мұғалім іс- әрекетінің бағыт-бағдар негізін (ӘБН) қатып қалған емес, керісінше әрекетті түсіну мен оны шығармашылықпен пайдалану арқылы үнемі дамып отруына мүмкіндік берді.

Психологиялық-педагогикалық  оқу теориялары іс-әрекет түрткілерін  тәрбиелеуге болады дейді, сондықтан  іс-әрекетке үйретумен қоса, оның жеке тұлғаның ішкі құрылысындағы орнын  анықтайтын түрткілерді де қалыптастыру қажет.

Зерттеуде көрсетілгендей, бірінші курста студенттердің 18,3%-ы ғана кәсіби дайындықтың міндеттерін түсінсе, төртінші курста ондай студенттердің мөлшері 60%. Яғни, өз іс-әрекеттерін саналы түрде түсінетін студенттердің барлығы емес екен. Педагогикалық жоғары оқу орнын бітірерде студенттердің 40%-ға жуығы кәсіби дайындық міндеттері қаншалықты маңызды екенін аңғармайды, қалыптасу мен кәсіби іс-әрекеттің міндеттерінің кәсіби және жеке тұлғалық маңыздылығын, педагогикалық біліктерді меңгеруді түсінбейді. Міне, сондықтан студенттердің бұл тобына ұйымдастырушылық-тәрбиелік ықпал етудің белгілі бір шараларын жасау қажет. Мұндай түсінік мектепте жұмыс істеген кезде келетін болар? Бұл сұраққа жауап беру үшін бастауыш мектептің әр түрлі жұмыс тәжірибесі бар мұғалімдері арасындағы біз жүргізген сауалнаманың нәтижелеріне тоқталайық.

Информация о работе Жаһандану жағдайында болашақ бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби іс - әрекетке даярлаудың педагогикалық негіздері