Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 20:20, автореферат
Зерттеудің көкейкестілігі. Жоғары педагогикалық білім беруді реформалау, педагогикалық кадрлардың көп деңгейлік дайындығына көшу, парасатты еңбек нарығында мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жағдайларында болашақ мұғалімдерді кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке дайындау мәселесінің өзектілігі зор.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылғаннан бері қоғамды ақпараттандырудан туындаған өзгерістер оның барлық салаларымен қатар мұғалімдік кәсіби – іс-әрекет деңгейіне, өндіріс пен әлеуметтік саладағы ғылымдардың жетістіктеріне және прогрессивті технологияны енгізу мерзімінің қысқартылуына қойылытатын талаптар күшеюде.
Теориямыздың нәтижесі
кәсіби-педагогикалық іс-
Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің кәсіби-педагогикалық іс- әрекетті меңгеруінің қажеттілігі бүтінді мүшеленбейтін ретінде тану, ал оның шешілуі әр түрлі болып жүзеге асатынындығында.
Педагогикалық шеберліктің нақты түрлерінің ауқымды түрлілігін педагогикалық теория ерекшелейді. Көптеген ғалымдардың әр түрлі негіздер бойынша жасалған классификациялары бар. Дегенмен, бұл жұмыстарды бағалауда тек қана бір қорытынды жасалады, ол: мұғалімді даярлау нақты педагогикалық іскерлікті қалыптастыру арқылы болады. Аталмыш идея педагогика теориясында түбегейлі қарастырылған. Нақты педагогикалық шеберлік белгілі жағдаяттарда қалыптасады. Бұл жерде ескере кететін бір жайт, бұл іс-әрекеттің ұтымды қалыптасу жүйесі әр ғалымда әр түрлі мазмұнда беріледі. Сондықтан, көрсетілген педагогикалық шарттар жүйесіне негіздеме жоқ. Ал педагогикалық зерттеулер ережеге сәйкес, ерекшелінген педагогикалық шарттарының тиімділігін зерттеуге құрылады. Дегенмен, белгіленген педагогикалық шарттардың жиынтығын таңдау, зерттеу көлемінде қалып отыр.
Соңғы жылдардағы зерттеулерде пайымдалған, жалпыланған тәсілді табу, метаұстанымдарды, метабілімдерді т.б. белгілеу жасалынған. Бірақ, осындай талпыныс, тек мәселе қою деңгейінде қалып отыр және қиын байқалады.
Іс - әрекеттің құрылымын құрастыруда аналитикалық-синтетикалық тәсілді қолдану арқылы жоғарыда көрсетілген мәселені шешуге болады деп есептейміз.
Кәсіби-педагогикалық іс- әрекеттің қалыптасу теориясын тұжырымдауға сәйкестік принципі мүмкіндік береді. Осы жерде іс-әрекеттік тәсіл іске асырылады, онсыз болмайды, өйткені кәсіби іс-әрекет қалыптасады. Жүйелі-құрылымдық сараптау мен сараптамалы-синтетикалық тәсіл зерттеудің құралы болып табылады.
Болашақ мұғалімдердің қалыптасу барысында іс-әрекеттік тәсіл кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті бізге келесі мүмкіндіктерді береді:
Іс- әрекет психологиялық категория ретінде оның мотивін құрайды. Олай болса, әр қызмет белгілі мақсаттарға сәйкес келеді, ал операция белгілі орындау тәсілі арқылы жүзеге асады.
Құрылым, бұл жағдайда, әр түрлі элементтермен ұсынылуы мүмкін. Іс-әрекет пен операцияның мазмұнын белгідеуде сәйкестің принципінің негізінде функциональдық тәсілді таптық. Академик В.М. Глушкова, психолог Г.А.Балл және дидактик Н.Н. Түлкібаеваның зерттеу жұмыстары біздің тәсіліміздің негізі болып табылады. Біздің алдымызда кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің әрекетті функциональды түрде белгілеуге мүмкіндік беретін құрылымын табу мәселесі қойылды. Өйткені әр әрекет нақты қызмет атқарады және белгілі мақсатқа, операцияға сәйкес келеді, мақсатқа жету тәсіліне функциональды бағыт беріп отырады. Кәсіби-педагогикалық іс- әрекеттің мазмұндық құрылымы мазмұнды суреттелген жеке педагогикалық іскерліктің ерекшелігін белгілеумен, одан әрі ортақты кәсіби-педагогикалық іс- әрекеттің пайымдалған, жалпыланған құрылымына көшіруге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда, әр қызметтің мақсатын қалыптастырудағы ерекшелігін белгілеуде ғана нақты кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті суреттеу орындалады. Ал танылған нақты кәсіби-педагогикалық қызметтің құрылымы әр іс-әрекеттің ортақ мақсаттарын белгілеуде кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің пайымдалған, яғни жалпыланған функциональды моделіне айналады.
Кәсіби-педагогикалық іс- әрекетті қалыптастыру үрдісі алдымен оқу-зерттеу, содан соң кәсіби-педагогикалық іс- әрекетке айнала отырып, жүзеге асырылады. Мұғалім тұлғасының қалыптасуының бастапқы кезеңі студентті зерттеуші позициясына қояды, соған байланысты, студент кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәнін іздеуге қатысушы болады да, оның мәні тұтас әдіс тұрғысынан ғана анықталады. Осы кезеңде педагогикалық қызметтің мәнін қабылдай отырып, педагогикалық іс-әрекеттің алуан түрлі негізгі функцияларын бөліп көрсету жүзеге асырылады. Кәсібилік оның нақты түрлерінде жалпыланған кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің өзгеру әдістерін іздеу үрдісінде одан әрі қалыптасады. Бұл құбылысты оның операциялық құрылымын бөліп көрсету арқылы, ең маңызды қызмет, нақты кәсіби-педагогикалық іс-әрекет мазмұнын түсінуді жобалауда жүзеге асыруға болады. Ең маңыздысы мақсатқа сай болуға байланысты қызметті жатқызуға болады. Бұл жағдайда іс-әрекет мәнінің ашылу механизмін түбегейлі мазмұндық сараптамасымен, операциялармен, содан соң оның жалпы құрылымын жаңа деңгейде құруды бөліп көрсету қажет.
Білімді меңгеру және дамуды сөз еткенде біз «әрекет», «операция» түсініктеріне, яғни іс-әрекетті сипаттайтын категорияларға сүйенеміз. Қазіргі психология мен педагогика адам өзінің белсенді іс-әрекеті барысында дамиды деген ой нық орын алған. Ал белсенді іс-әрекеттің мақсаты және түрткілері болуы керек, алайда іс-әрекеттің дамуы үшін тағы бір шарт қажет. Ол қандай да бір қиындықтар туғызатын күрделі болуы керек, ал ол қиындықтарды жеңу үшін танымдық күш пен тәжірибе іске қосылулары қажет. Басқаша айтқанда, игерілетін жаңа әрекеттер мен операциялар адамның «дамуының ең жақын аймағында» болуы керек. Сонда ғана іс-әрекетті орындау арқылы жеке тұлға жаңа білімді, бейнелерді, түсініктерді меңгереді, немесе өзіндегі барды жақсартады, осылайша жеке тұлғаның дамуы орын алады.
Нақты білімді қалыптастыруға бағытталған немесе қоғамдық пайдалы істерге айнала отырып, педагогикалық мақсат нақтылана түседі, пәндік сипатқа ие болып, танымдық, дамытушылы және тәрбиелік міндеттер формасында көрініс табады.
Міндетті субъективті қабылдау жағдайларды ескере отырып нақтыланған іс-әрекет мақсаты болып табылады. Студенттердің қабылдаған міндеті түрткімен байланысады, олардың санасында жеке тұлғалық мәнге ие болып, осындай қасиетімен дамытушылық іс-әрекеттің келесі кезеңінің қозғаушысы болады.
Іс-әрекет теориясының
психологиялық концепциясы оқу
пәнінің мақсаты мен
Бірнеше диссертациялық еңбектерде мақсатты айқындау іс-әрекеті өрбуінің логикасы, оның әр түрлі құрылымдары қарастырылады. Мұндай еңбектердің бірі Т.Н. Шайденкованың зерттеуі, онда «бастауыш мектеп мұғалімі нені білуі қажет?» деген сұрақтың жауабы берілген. Тәжірибелік дидактикалық біліктерді қарастыра отырып, автор оның мазмұндық және операциялық аспектілерін бөледі. Мазмұндық аспект психологиялық-дидактикалық білім арқылы сипатталса, операциялық аспектісінде қорытындылары әр түрлі педагогикалық әрекеттердің күрделі құрылымы бар, Т.Н. Шайденкова жекелеген педагогикалық іс-әрекеттің моделі студенттердің бойындағы тәжірибелік дидактикалық біліктердің қалыптасуының теориялық негізін қалайды деп атап көрсетеді, бұл модель пән бойынша дидактикалық және психологиялық білімнің құрамы мен әрекет мақсатын анықтайды. Автор дидактикалық біліктің, соның ішінде меңгеру мақсатын қою білігінің құрамын анықтады.
О.П. Морозованың да диссертациялық зерттеуі осыған ұқсас ойлармен қызықтырады. Ол педагогикалық жоғары оқу орнын бітірушінің мақсатты айқындау білігінің дамуына ықпал ететін шарттар мен әдіс-тәсілдерді зерттейді. Автор мақсатты айқындау іс-әрекетіннің құрылысын зерттей отырып, оның мынадай бөліктерін көрсетеді: уәждемелік, гностикалық, сараптамалық, операциялық.Мақсатты айқындау іс-әрекетіндегі операциялардың реті мынадай: қойылған мақсатты айқындау және ұғыну → мақсат мәнін өзекті ету → педагогикалық жүйенің жай-күйінің сараптамасы → нақты жағдайлардағы мақсатты анықтау → мақсатқа жетудің әдіс-тәсілдерін таңдау → педагогикалық мақсаттың оқушылар іс-әрекетінің мақсатына айналуы.
Кейбір қызықты тұжырымдарды да қарастыруды жөн көрдік: О.П. Морозова педагогикалық жоғары оқу орнын бітірушілердің бойында мақсат пен оған жетудің әдіс-тәсілдері туралы түсініктерінің белгілі бір тұрақтылығын, дамытушылық мақсатты анықтау білігінің қалыптаспағанын, кейбір мұғалімдердің педагогикалық мақсатты оқушылар іс-әрекетінің мақсатына айналдыра алмайтынын ашып көрсеткен.
Мұндай тұжырымдар мұғалімнің мақсатты анықтау білігінің қалыптасу деңгейі жеткіліксіз, студенттердің іс-әрекеттің моделдерін игеруі, оқу пәндерінің мақсатын анықтаудың әдіс-тәсілдерін меңгеруі қажет деген біздің ойымыздың дұрыстығын дәлелдейді.
Н.Ф. Белокур біліктерді жіктеуде дидактикалық біліктердің мынадай жүйелерін көрсетеді: конструктивті, орындаушылық және сараптамалық. Біліктердің бірінші жүйесіне оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау білігі жатады, ол мынадай құрамдас бөліктерден тұрады: «1. Оқу тақырыбы мазмұнының дидактикалық сараптамасы, оның дамытпалы мүмкіндіктерін айқындау. 2. Оқу тақырыбының оқу пәнінің оқу-тәрбие міндеттері жүйесіндегі рөлі мен орнын көру. 3. Дәріс алушылардың оқу-тәрбие іс-әрекеті процесінің қиындықтары мен күрделілігінің оңтайлы ара қатынасын анықтау. 4. Әлеуметтік ойлардың, педагогикалық іс-әрекеттің, дидактикалық принциптердің сабақтың мақсаты мен міндеттерінде пайымдауы».
Оқу пәнінің мақсаты
мен міндеттерін анықтау
Мақсат пен міндеттерді
анықтаудағы әрекеттің бағыт-
Мұғалімнің мақсат пен міндеттерді анықтау процесін ұғынбауын әрекеттің бағыт-бағдар негізінің (ӘБН) жоқтығымен түсіндіруге болады. Педагогикалық біліктің дамуындағы әрекеттің бағыт-бағдар негізінің (ӘБН) құрылысын анықтау үшін кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің құрылысын айқындауға негізделеміз. Сондықтан, педагогикалық әрекетті сипаттауда, оның құрылысы мен мазмұнын анықтау кезінде, біздің пайымымыз бойынша, психологиялық (әрекеттер мен операциялар) және педагогикалық-технологиялық (іс-әрекетті орындау механизмі) құрылымдарды бөліп қарастыру қажет. Психологиялық құрылымды айқындауда кейбір авторлар іс-әрекеттің ең жақын элементтерін әрекет деп атайды. А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, К.К. Платонов осылайша ойлайды. Басқалар болса, іс-әрекет дегенді процесс деп түсініп, оның кезеңдерін ең жақын элементтер деп қарастырады (Л.М. Фридман, Г.А. Балл, Д. Пойа, В.М. Глушков және т.б.).
Жүйе ретіндегі кәсіби-
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті сипаттауда оны дамитын жүйе екенін ескеру қажет. Сондықтан, кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің (жеке әрекеттердің) қызметтері іс-әрекет нысанын түрлендіру және осы процесті басқару болып табылады, яғни оның екіжақты сипаты бар: нысанды түрлендіру және оны басқару.
Нысанды түрлендіру екі түрлі іс-әрекет арқылы жүзеге асады: нысанның алғашқы жай-күйін айқындау және жаңа күйге түсіру. Басқару өзінің мәні бойынша және қызметтерінің көптігінен көп қырлы болып келеді. Басқарудың көптеген қызметтерінің ішінде біз мыналарын қарастырамыз: түрлену процесін жоспарлау қызметі және түрлендіру іс-әрекеті мен түрлену процесінің нәтижесін бақылау мен сараптау қызметі.
2-кесте - Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қызметтік моделі
№ |
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыратын қызметтік әрекеттер |
Қызмет түрі |
1 |
Іс-әрекет нысанымен танысу |
Түрлендіру |
2 |
Іс-әрекет түрін анықтау процесін жоспарлау |
Басқару |
3 |
Іс-әрекет түрін анықтау процесін жүзеге асыру |
Түрлендіру |
4 |
Іс-әрекеттің таңдалған түрінің қойылған міндеттерге жету үшін жеткіліктілігін және барабар болуын сараптау |
Басқару |
Кәсіби-педагогикалық
іс-әрекетке қызметтік тұрғысынан қарау
бізге кәсіби-педагогикалық іс-
Кәсіби-педагогикалық
іс-әрекетке қалыптастырушылық тұрғысынан
қарау оған мазмұндық тұрғыдан келу
дегенді білдіреді, бұл қызметтік
әрекеттерді жүзеге асырудағы мазмұндық
операцияларды бөліп
3-кесте - Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін анықтаудың кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің мазмұндық моделі
№ |
Қызметтік әрекеттер |
Мазмұндық операциялар |
I |
Іс-әрекет нысанымен танысу |
Оқу пәнінің түрін анықтау Нақты оқу пәнінің
мақсаты мен міндеттерін Бұл іс-әрекеттің негізгі сипаттамаларын айқындау Іс-әрекет мазмұнын сипаттаудың дұрыстығын бағалау |
II |
Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін анықтаудың кәсіби-педагогикалық іс-әрекетін жоспарлау |
Іс-әрекетті сипаттауда бастапқы деректерді анықтау Оқу пәнінің мақсаты
мен міндеттерін анықтау Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін анықтаудың іріктелген тәсілін іс-әрекет жопарына айналдыру Жасалған жоспардың жеткіліктілігін бағалау |
III |
Оқу пәнінің мақсаты
мен міндеттерін анықтауды |
Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін анықтаудың шарттарын нақтылау Оқу пәнінің мақсаты
мен міндеттерін анықтау Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау Тұжырымдалған мақсат пен міндеттердің ең жақын басты мақсатпен арақатынасын тексеру |
IV |
Анықталған мақсат пен міндеттердің мазмұнын сараптау, тексеру және бақылау |
Мақсат пен міндетті айқындаудың тәсілдерінің бағыт-бағдарын білу: жеке тұлға қасиеттері, білім, білік элементі немесе жүйесінің қалыптасу деңгейі Тұжырымдалған мақсат пен міндеттерді тексерудің құралдарын жоспарлау Тексеру Мақсат пен міндеттерді анықтаудың басқа да мүмкін тәсілдері |