Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 20:20, автореферат
Зерттеудің көкейкестілігі. Жоғары педагогикалық білім беруді реформалау, педагогикалық кадрлардың көп деңгейлік дайындығына көшу, парасатты еңбек нарығында мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жағдайларында болашақ мұғалімдерді кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке дайындау мәселесінің өзектілігі зор.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылғаннан бері қоғамды ақпараттандырудан туындаған өзгерістер оның барлық салаларымен қатар мұғалімдік кәсіби – іс-әрекет деңгейіне, өндіріс пен әлеуметтік саладағы ғылымдардың жетістіктеріне және прогрессивті технологияны енгізу мерзімінің қысқартылуына қойылытатын талаптар күшеюде.
Сауалнамаға жұмыс тәжірибесі 5 жылдан 39 жылға дейінгі бастауыш мектептегі пәндер бойынша 254 мұғалім қатысты. Сауалнама сұрақтарына жауап бере отырып, мұғалімдердің 72% тақырыптың жалпы мақсаты мен міндеттерін анықтап, оны әрбір сабаққа арнап нақтылайтынын айтты. Алайда мұғалімдердің 48% әрбір сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтаған жеткілікті деп санайды. Сондай-ақ, мұғалімдердің 24% тақырыптың жалпы мақсаты мен міндеттерін анықтап, кейін оларды әрбір сабаққа арнап нақтылайтынын айтты, алайда әрбір сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтаған жеткілікті деп санайды. Ал мұғалімдердің 4% әрбір сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтаған жеткілікті емес деп есептейді, алайда дидактикалық бірлік болып келетін тақырыптың мақсаты мен міндеттерін анықтамайды екен. Бұл нәтижелер бойынша мұғалімдердің жартысына жуығы (48%) оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін анықтай отырып, оларды белгілі бір өрлеу сатысы, бірізділігі, бір біріне тәуелділігі бойынша реттейді. Мұғалімдердің барлығы дерлік (96%) барлық тақырыптың болмаса да, әрбір сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтайды.
Мұғалімдердің 24% олар анықтаған сабақтың мақсаты мен міндеттерінің оқушылар үшін жеке бастық маңыздылығы барын айтты Мұғалімдердің 64% олар анықтаған сабақтың мақсаты мен міндеттерінің оқушылардың барлығы үшін емес, тек кейбір мықты, қызығушылығы мол оқушылар үшін жеке бастық маңыздылығы барын айтады. Болашақ мұғалімдердің 12% олар анықтаған сабақтың мақсаты мен міндеттерінің оқушылар үшін жеке бастық маңыздылығы жоқ деп жауап берді.
Мұғалімдердің 40% оларда оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін анықтау ережесінің қалыптасқанын пайымдайд, алайда тек 20% ғана бұл жұмысты дұрыс айтып бере алды.
«Оқу пәнінің мақсаты
мен міндеттерін анықтауда
Аталған факторлар арасынан біз төрт топты бөліп қарастырамыз:
Болашақ оқытушының жеке тұлғалық қажетті-мотивациялық саласын қалыптастыру қажетті болып саналады, бірақ оның толық кәсіби-педагогикалық дайындығының жеткіліксіз шарты болып табылады. Кәсіби-педагогикалық қызметті меңгеру процесінің тиімділігін айтарлықтай арттыратын шарттар тізіміне арнайы білімді – қызметтің нақты түрлері туралы ауыстырылатын кәсіби-педагогикалық қызмет мазмұны мен құрылымын қорыта отырып меңгеруді жатқызамыз.
Осы шартты жүзе асыру мақсатында біз іс-шаралар жүйесін ойлап таптық, оған кіретіндер:
1. Нақты бір педагогикалық
шеберлік бойынша кәсіби-
2. Білімді түзеу жолдарын
және нақты бір студенттердің
шеберлігін анықтайтын жеке
3. Кәсіби-педагогикалық қызметтің мазмұны мен құрылымын меңгеру бойынша мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізу.
4. Студенттердің әртүрлі
сабақ конспектілерін
5. Студенттердің танымдық
қызметке шынайы оқыту-
6. Педагогикалық қызмет құрылымын әртүрлі моделдерде анықтау (алгоритм, алгоритмдік нұсқамалар, эвристикалық нұсқамалар, эвристика).
7. Әрбір студенттің
шынайы кәсіби-педагогикалық
8. Шығармашылық тапсырмаларды
орындау (мысалы, «Оқыту сабағын
дайындау және өткізу
Эксперимент жасау барысында
біз студенттердің кәсіби-
Эксперименталды жұмыстың айтарлықтай бөлігі студенттердің кәсіби-педагогикалық іс- әрекет мазмұнын меңгеру заңдылығын қадағалау болып табылады. Белгіленгендей, басында мазмұнның айтарлықтай маңызды белгілері меңгеріледі. Іс- әрекет басында репродуктивті деңгейде орындалады, одан кейін олардың әрқайсысының қайта түрлену және бағалану нұсқаларын қарау қажеттілігі туындайды.
Педагогикалық іс-әрекетті меңгеру қажеттілігі, оның мән-мағынасын жете түсіну; педагогикалық іс-әрекеттің мотивациялық саласын қалыптастыру; аталған іс-әрекет түрін жете түсіну дидактикалық алғышарттарын меңгеру орын алды.
Кәсіби педагогикалық іс- әрекетті қалыптастырудың екінші кезеңінде болашақ мамандар іс- әрекет құрылымын іс- әрекеттің бағдарлық негізінің басты операцияларынан тұратын оның сипаттамасының ұзындық алгоритмі арқылы меңгереді. Мұндай әдіс педагогикалық шеберлікті репродуктивтік деңгейде меңгеруді білдіреді.
Келесі деңгейде педагогикалық іс- әрекеттің бағдарлық негіз құрылымы түсінігі эвристикалық және алгоритмдік құралдар арқылы жүзеге асырылады, яғни қызметті жабық нақты алгоритм арқылы сипаттау; алгоритм өлшемін оған басқарушы қызмет әрекеттерін қосу арқылы кеңейту; толық емес нақты-жеке алгоритм пайда болуы (басқарушы қызметтер қайта құрушы операциялармен берілген); қызметттің функционалдық сипаттамасын білдіретін тармақталған құрылымды толық алгоритмге шығу; операциялардың функционалдық және маңыздылық сипаттамасын білдіретін толық алгоритмді меңгеру.
Педагогикалық жоғары оқу орнында кәсіби педагогикалық іс-әрекетті қалыптастырудың соңғы кезеңінде студенттер кәсіби педагогикалық іс- әрекеттің нақты түрлерін жүзеге асыруда оның құрылымы мен инварианттық маңыздылығын пайдаланады.
Студенттердің оқу сабағының мақсаты мен міндеттерін анықтау бойынша қызметінің құрылымын меңгеру процесін бағалау мына көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылды:
1. Кейбір операцияларды орындау.
2. Белгілі бір жүйедегі
маңызды операцияларды орындау.
3. Маңызды операциялар жүйесінің кеңейтілген құрылымын танып-білу.
4.Жалпылама құрылымды игеру, маңызды операциялармен бірге функционалдық операциялар қолданылады.
Эксперименттік және
бақылау топ студенттерінің оқу
сабағының мақсаты мен
8-кесте - Эксперименттік және бақылау топ студенттерінің іс-әрекеттердің бағытталған негізінің құрылымын меңгеру көрсеткіштері (%)
Срез нөмірі |
Топ түрі |
Студенттер саны |
ҚБН белгілі бір құрылымн игерген студенттер % | |||
нөлдік |
төменгі |
орташа |
жоғарғы | |||
1 |
Эксперименттік |
45 |
60,0 |
30,0 |
10,0 |
0,0 |
Бақылаулық |
50 |
58,0 |
34,0 |
8,0 |
0,0 | |
2 |
Эксперименттік |
45 |
26,0 |
50,0 |
16,0 |
8,0 |
Бақылаулық |
50 |
54,0 |
36,0 |
10,0 |
0,0 | |
3 |
Эксперименттік |
45 |
18,0 |
22,0 |
30,0 |
30,0 |
Бақылаулық |
50 |
34,0 |
34,0 |
26,0 |
0,0 |
студенттердің саны |
|||||||||||||||
эксперименттік топ | |||||||||||||||
70 |
60 |
||||||||||||||
60 |
58 |
Бақылаулық топ | |||||||||||||
50 |
54 |
||||||||||||||
40 |
40 |
||||||||||||||
30 |
26 |
||||||||||||||
20 |
16 |
||||||||||||||
10 |
|||||||||||||||
0 |
|||||||||||||||
1 |
2 |
3 |
|||||||||||||
срездер |
2-сурет – Болашақ
бастауыш мектеп мұғалімін
Кәсіби-педагогикалық іс- әрекетті жалпы түрде орындау шеберлігіне ие мұғалімнің тұлға ретінде қалыптасу процесінің жүзеге асырылған механизмі педагогикалық экспериментте растауын былай тапты: студенттердің 30 % маңызды операциялар жүйесін орындайды, ал тағы 30 % қызметтің функционалдық моделін игеру деңгейіне жетті. Бұл студенттер кәсіби-педагогикалық іс- әрекеттің нақты түрлерін өз бетінше модельдеуге дайын.
Кәсіби-педагогикалық іс- әрекеттің меңгеру осы іс- әрекетті орындауға саналы екендігін білдіреді. Бұл жағдайда оның мазмұнын нақты бөліп көрсету қажет. Кәсіби-педагогикалық іс- әрекеттің мазмұнын, оның жаңа нақты түрлерін түсіну педагогикалық шеберлікті топтастыруға мүмкіндік береді.
Іс- әрекеттің құрылымын анықтау кезінде тұлғаның дамушы (өзін-өзі дамыту) қағидаларын және белгілі бір шамаға дейін нақтылай алатын және абстрактылы (жалпылама) түрде берілуі мүмкін, осындай құрылымды құру қажеттігін негізге аламыз. Мұның бәрі бізге кәсіби-педагогикалық іс-әрекетте бірбеткей іс-әрекеттерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: алға қойылған мақсатқа жетудің оңтайлы жолын табу, мақсатқа жету процесін жүзеге асыру, қол жеткен нәтижені талдау және бағалау, салыстырып тексеру және жағдай туғызатын, мұғалім орындайтын операциялар.
Мұғалім кәсіби-педагогикалық іс- әрекеттің қай түрін орындаса да оны жүзеге асырудың қағидаларын, әдістемесін білуі тиіс. Осындай қағидалардың бірі педагогикалық іс- әрекет туралы және оны орындау кезеңдері туралы әдіснамалық білімді игеру қағидасы.
Осыған байланысты оқу сабақтарының мақсаты мен міндеттерін анықтау процесі педагогикалық іс- әрекетті жүзеге асырудың бір кезеңі болып саналады. Мұнда құрылымдық элементтерді анықтау қағидасы қолданылған: абстрактылы іс-әрекеттерді және нақты қалыптасқан операцияларды бөлу.
ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттеу жұмысы бүгінгі
қоғамдағы әлеуметтік-
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет–бұл педагогтың кәсіби шығармашылығының ерекше түрі, ол балаларға білім және олардың дамуына жағдай жасау арқылы әлеуметтік мәдениет тәжірибесін беруге бағытталған.
Кәсіби-педагогикалық іс- әрекетті бір тұтастық ретінде меңгеру болашақ мұғалімнің өзін-өзі өзектендіруін қарастырады, мұндай қабілеттілік көбінесе өз бетімен жұмыс жасауда және тәуелсіз болуда, шығармашылық қабілеттерін дамытуда, өзін-өзі дұрыс бағалауда көрініс табады. Сонымен қатар тұлғаның өзін-өзі өзектендіруінде әлеуметтік жағдай туралы да айтуға болады. Мысалы, өзінің барлық мүмкіндіктерін кәсіби-педагогикалық қызметке бағындыру, өз тәжірибесіне сену, проблемалық педагогикалық жағдайларды шешу үшін жеке педагогикалық құрылымын құру.