Жаһандану жағдайында болашақ бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби іс - әрекетке даярлаудың педагогикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 20:20, автореферат

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Жоғары педагогикалық білім беруді реформалау, педагогикалық кадрлардың көп деңгейлік дайындығына көшу, парасатты еңбек нарығында мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жағдайларында болашақ мұғалімдерді кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке дайындау мәселесінің өзектілігі зор.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылғаннан бері қоғамды ақпараттандырудан туындаған өзгерістер оның барлық салаларымен қатар мұғалімдік кәсіби – іс-әрекет деңгейіне, өндіріс пен әлеуметтік саладағы ғылымдардың жетістіктеріне және прогрессивті технологияны енгізу мерзімінің қысқартылуына қойылытатын талаптар күшеюде.

Файлы: 1 файл

janbobekova.doc

— 458.50 Кб (Скачать файл)

       5. Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке дайындаудың әдістемесін негіздеу.

       6. Зерттеу  барысында алынған тұжырымдардын тиімділігін тәжірибелі-эксперимент жұмысы арқылы тексеру.

       Жетекші идея: Жаһандану жағдайында болашақ бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби іс-әрекетке  даярлаудын педагогикалық негіздерін  теориялық және эксперименталдық тұрғыда дамыту  болашақ маманның кәсіби құзіреттілігін, біліктілігі мен шығармашылық қабілетін қалыптастырады.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: теория мен практиканың бірлігі туралы философиялық идеялар, қоғамдық даму құбылыстарын зерделеудегі кәсіби-педагогикалық  іс-әрекеттің мазмұны мен ерекшеліктері анықтауға мүмкіндік береді.; кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті дамитын ашық жүйе ретінде қарастыруға және оның даму көздерін айқындауға мүмкіндік беретін жүйелік тұрғысынан келу; кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны мен ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін педагогика мен білім берудің түсініктемелік-терминологиялық жүйесіне теориялық тұрғыдан келу; кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің білімі мен біліктерін игеру үшін студенттердің кәсіби-білім беру бағдарламаларын таңдауының негізі ретінде жеке тұлғалық-іс-әрекеттік тұрғыдан келу. Аталған әдіснамалық тәсілдемелердің өзара байланысы теория мен тәжірибе арасындағы тығыз байланыстың салдары, бұл зерттеудің негізгі теориялық нәтижелерін айқындауға мүмкіндік береді.

Зерттеудін көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардын, әлеуметтанушылардың, педагогтардың, психологтардың енбектері; ҚР Үкіметінің  ресми материалдары; Білім және ғылым министрлігінің жоғары мектептің білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттары мен оқу-әдістемелік кешендері ( стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары және т.б); педагогтардын ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; автордын педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі.

Зерттеу әдістері: Алға қойған міндеттерді шешу үшін және бастапқы жорамалдарды тексеру үшін табиғаты жағынан зерттелініп отырған құбылысқа жақын зерттеу әдістері мен әдістемелердің жиынтығы пайдаланған: педагогикалық білім беру жүйесінің даму бағытын айқындауға мүмкіндік беретін отандық және шет елдік әдебиеттердің әдіснамалық және теориялық сараптамасы; кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуының концептуалды моделін жасауға жүйелілік тұрғыдан келу; студенттердегі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің білігі мен дағдыларының жай-күйі мен дамуын тексеру үшін қолданылатын бақылау, сауалнама, тесттер; анықтау және қалыптастыру экспериментерінен тұратын эмпирикалық әдістер.

Тәжірибелік-эксперименталды  және теориялық әдістер әр түрлі  педагогикалық эксперименттерді, олардың  сараптамасын жүргізуге және нәтижелерін  талқылауға мүмкіндік берді.

Зерттеудің  ғылыми жаңалығы және теориялық мәні:

        1. Зерттеудің теориялық негізі  тұрғысында «Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет» ұғымының мәні нақтыланды.

        2. Жаһандану, жаһандық білім беру жағдайындағы кәзіргі бастауыш мектептің даму тенденциялары анықталды.

        3. Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуының концептуалды моделі жасалды, оның жүйені құрастырушы факторы кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің білігі мен дағдыларының жеке тұлғалық бағытта қалыптасуын қамтамасыз ететін  табиғилық идеясы болып табылады. Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет жүйесі эвристикалық-алгоритмдік моделі арқылы ұсынылады, ол қызметтік, мазмұндық, операциялық және жеке тұлғалық компоненттерден тұрады.

        4. Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін  кәсіби педагогикалық іс-әрекетті орындауға оқытудын әдістері мен құралдары әдіснамалық тұрғыдан негізделді (оқыту мазмұнының іргелілігі, беріктілігі және тәжірибеге бағдарлылығы, оқыту және  оқу үрдісін ұйымдастыру формаларының мазмұнға және жетекші әдіске барабарлығы, студенттер жетістіктерін бағалаудын рейтингтік жүйесі).

       5. Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке даярлау әдістемесі жасалды және оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыздандарылды.

       6. Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке даярлау үрдісінде алынған ғылыми тұжырымдардын тиімділігі тәжірибелі-эксперимент  арқылы дәлелденді.

Зерттеудің  практикалық мәні болашақ мұғалімдердің шығармашылық кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің қалыптасуын қамтамасыз ететін оқу құралдарын, әдістемелік ұсыныстар мен дидактикалық материалдар жасау және оларды енгізумен анықталады. Аталған материалдар тек педагогикалық қана емес, басқа да оқытушылар дайындайтын жоғары оқу орындарында, педагогикалық училищелер мен колледждерде, білім жетілдіру институттарында да қолданыла алады.

Зерттеудің нәтижелері педагогикалық оқу орындарында  енгізіліп, зерттеу тақырыбы бойынша 33 еңбек жарияланды.

Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады:

       - кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті педагогиканың түсініктемелік-терминологиялық жүйесінің көп деңгейлі және көп жақты сипаты бар маңызды бөлшегі ретінде анықтау; кәсіби-педагогикалық іс-әрекет педагогтың балаларға білім беру және олардың дамуы үшін жағдай жасау арқылы оларға әлеуметтік-мәдени тәжірибені жеткізуге бағытталған кәсіби шығармашылық іс-әрекетінің ерекше түрі болып табылады;

       - қызметтік, мазмұндық, операциялық және жеке тұлғалық компонеттердің бірлігінен тұратын эвристикалық-алгоритмдік модель түріндегі педагогикалық жүйе ретінде болашақ мұғалімдерді кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке дайындаудың концептуалды моделі. Моделдің жүйе құрушы факторы табиғилык идеясы болып табылады, бұл идея іс-әрекеттің білігі мен дағдыларының жеке тұлғалық бағытта қалыптасуын қамтамасыз етіп, педагогтың жеке тұлғасының дамуына ықпал етеді.

        - кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті әдістемелік қамтамасыз ету, оның құрамында: эвристикалық және алгоритмдік әдістердің көмегімен болашақ мұғалімнің жеке тұлғасын дамытуды белсендіруге бағытталған жоғары оқу орындарының бастауыш білім беру факультеттері студенттерінің кәсіби-педагогикалық іс-әрекеті негіздері бойынша арнайы курс, дидактикалық курс пен студенттердің педагогикалық тәжірибесіндегі арнайы бөлімдер бар.

Зерттеудің  негізгі кезеңдері. Алға қойылған міндеттерге сәйкес зерттеу үш негізгі кезеңде жүргізілді.

Бірінші кезеңде (2003-2004) қарастырылып отырған проблеманың зерттелу деңгейі анықталды, Отандық, шетелдік ғалымдардың ғылыми- теориялық, әдістемелік еңбектеріне және философия, психология, педагогика ғылымындағы зерттеу проблемасына қатысты іргелі ғылыми зерттеулерді талдау мен жоғары және жалпы білім беретін мектептегі оқыту тәжірибесінің жай-күйі, жетістіктері мен қайшылықтары сараланды, тақырып бойынша ғылыми аппарат құрылды, ғылыми мақалалар даярланып басылым көрді, тақырып аясында материалдар жиналды.

Екінші  кезеңде (2005-2006) тақырып бойынша материалдар жинау жалғасын тапты, тұжырымдама жасалды, тәжірибелік-эксперименттің анықтау және қалыптастыру кезеңдері жүзеге асырылды. Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет ұғымының мәні анықталды, кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті қалыптастыруға методологиялық тұрғыдан келу қарастырылды.

Үшінші  кезеңде (2007-2009) тақырып бойынша жинақталған материалдар сұрыпталып жүйеге келтірілді, тәжірибелік-эксперимент жалғасын тауып, зерттеу нәтижелері өңдеуден өтті, зерттеу жұмысы қорытындыланып, ғылыми ұсыныстар даярланды, әдебиеттер жүйеленіп диссертация талап бойынша рәсімделді.

Зерттеу базасы: Семей мемлекеттік педагогикалық институты,Қазақ гуманитарлық- инновациялық заң университеті.

Зерттеу нәтижелерінің  дәлелділігі мен негізділігі зерттеу тақырыбының теориялық-әдіснамалық тұрғыда негізделуімен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен, кешенді әдістерді пайдаланумен, зерттеу нәтижелерін практикаға ендірумен, алынған деректердің дәлелділігімен, тәжірибелі-эксперимент барысында пайдаланған ұсыныстардың тиімділігімен, ғылыми болжамның дәлелденуімен, ізденушінің жоғары оқу орнындағы жұмыс тәжірибесімен қамтамасыздандырылады.

Зерттеу нәтижесін  сынақтан өткізу және практикаға ендіру:

Зерттеудің негізгі нәтижелері мен қағидалары халықаралық ғылыми-практикалық (Семей 2007-2009,Өскемен 2009, Алматы 2007, 2008, 2009, 2010, Өзбекстан 2008, 2009, Башкурстан 2009), жоғары оқу орындары профессор-оқытушыларының ғылыми-теориялық конференцияларында, семинарларында  сонымен қатар Шығыс Қазақстан облыстық, аймақтық, қалалық білім беру басқармаларында баяндалды. Ақпараттық-сараптамалық материалдар, мерзімді ғылыми-педагогикалық басылымдарда және жинақтарда басылым көрді.

Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде  зерттеудің көкейкестілігі  негізделеді, жұмыстың мақсаты, нысаны, пәні анықталады, зерттеу міндеттері мен болжамы, құрылымы, әдіснамалық негізі, жетекші  идеясы, ғылыми  жаңалығы, практикалық мәнділігі, зерттеу кезеңдері, қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеулер нәтижелерінің сынақтан өтуі мен дәйектілігі баяндалады.

Болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің  кәсіби ісәрекетінің әдіснамалық аспектілері» атты бірінші бөлімде жоғарғы оқу орындарында болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін  кәсіби педагогикалық іс- әрекетке  сай  дайындап  шығару  кәсіби  іс- әрекеттің мәні мен мазмұны және әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдары баяндалып, болашақ  мұғалімдерді кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің  қалыптасуы оның оқу- шығармашылығы қызметі кезінде  жаңашыл  бағыттары ашып көрсетіледі.                    

«Болашақ бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке даярлау жүйесі» атты екінші бөлімде болашақ мұғалімдерді кәсіби педагогикалық іс- әрекеттің  қазіргі білім беру жүйесіндегі мәні,  мазмұны, өзіндік ерекшеліктері сипатталып, моделі өлшемдері,  көрсеткіштері, психологиялық- педагогикалық шарттары ұсынылады, болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби педагогикалық  іс- әрекетке даярлау жүйесін  қамтамасыздандыратын кешеннің мазмұны  қарастырылады. 

«Болашақ мұғалымдерді кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке даярлаудың әдістемесі» атты үшінші бөлімде болашақ бастауыш мектеп   мұғалімдерің кәсби педагогикалық іс- әрекетке  даярлауда  оқу процесінде және оқудан  тыс жұмыстарда пайдалануға даярлау әдістері мен формалары беріледі, тәжірибелі-эксперимент жұмысының ұйымдастырылуы және  нәтежилері  сипатталады, болашақ мұғалімдерді кәсіби педагогикалық іс- әрекетке даярлаудың перспективасы беріледі.

Қорытындыда зерттеудің негізгі нәтижелері, қағидалары, тұжырымдамалық, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

Жаһандану дәуірінде  қазіргі заман бастауыш білім  беру стратегиясы көбінесе 6-9 жастағы  балаларда интеллектуалды даму мен ой өрісі кеңдігінің жалпы деңгейін қамтамасыз ететін ойлаудың құралдары мен тәсілдерін қалыптастыруға деген бағыттылығымен анықталады. Болашақ маманның жеке тұлғасының дамуына арнайы түрде бағытталған оқыту жүйесін ұйымдастыру дегенді білдіреді. Мұндай жүйені құру бастауыш білім мазмұнын әрбір балаға мәдениеттің сан қилы «даласында» жеке-дара бейімділігі мен ынталарын молынан ашумен бірге кеңінен бағыт-бағдар табу мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей  қайта құруды талап етеді.

«Жаһандану» термині  ең алғаш дүние жүзілік экономиканың ұлтаралық мәселелерін сараптау үшін енгізілген болатын. Іс-әркеттің әр түрлі өрісіндегі халықаралық қатынастардың дамуына байланысты бұл термин білім беру өрісіне де қатысты қолданыла бастады. Жаһандану ұғымын түсіндіруге әр түрлі тұрғыдан келуге болады.

  1. Я. Такердің пікірінше, жаһандық білім беру - әрбір студенттерге күрделі әрі өзара тәуелді жаһандық қоғамда өз отаны, өз елі үшін жауапкершілік сезімі бар азамат болу үшін қажетті білім, білік және көзқарастар жүйесін беретін процесс .
  2. В. Лысенконың пайымдауынша, жаһандық білім беру адамға әлемге кіруге, заманға сай өмірдің мәдени, әлеуметтік, экономикалық және басқа да деңгейлеріндегі өзара байланыс жүйесіне үйлесімді енуге көмектесетін маңызды негіздердің бірі болып табылады, оның міндеті әлемді тану мүмкіндігін кеңейту, өз елінің басқа елдермен өзара әрекеттестік механизмдерін, оның әлемдік қоғамдастықтағы алатын орнын түсінуге және әлемге басқа халықтар көзімен қарауды үйренуге ықпал ету болып табылады.
  3. В. Кукушкиннің пікірі бойынша, жаһандық білім беру – заманға сай педагогикалық теория мен тәжірибенің даму бағыттарының бірі, ол аумалы-төкпелі әлем, өршіп бара жатқан жаһандық дағдарыс жағдайында адамды өмірге дайындау қажеттілігіне негізделеді.Автордың ойынша, жаһандық білім берудің бағыт-нысаны мыналар:
  • адамды, оның құқықтарын, еркіндігі мен идеалдарын өзектендіру, қоғамдастықта өмір сүру мен өзара әрекеттестік шарттары;
  • жастарда сақталған нигилизм мен сенімсіздікті, білім беруге деген қызығушылығының төмендеуін жою;
  • ақпараттық төңкеріс, білімнің жылдам жинақталуы, ескіруі мен жаңаруы, білім беру тәжірибесіне ғылым мен техниканың тың жаңалықтарын енгізу уақытының қысқаруы жағдайында білімді іріктеу мен жеткізудің тиімді әдістері мен технологияларын іздестіру;
  • сауатсыздықты жоюдың сапалы жаңа кезеңін игеру, өйткені, сауаттылық көрсеткіштерінің өзгеруі – оқи және жаза білумен қоса түсіне білуді талап ету әлемнің барлық елдерінде қызметтік сауатсыз адамдар санының тез өсуіне әкелді;
  • еңбек күшін толыққанды пайдалану шарттарының бірі ретінде тиімді жұмыс істейтін үздіксіз білім беру жүйесін құру.

Информация о работе Жаһандану жағдайында болашақ бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби іс - әрекетке даярлаудың педагогикалық негіздері