Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 20:20, автореферат
Зерттеудің көкейкестілігі. Жоғары педагогикалық білім беруді реформалау, педагогикалық кадрлардың көп деңгейлік дайындығына көшу, парасатты еңбек нарығында мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жағдайларында болашақ мұғалімдерді кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке дайындау мәселесінің өзектілігі зор.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылғаннан бері қоғамды ақпараттандырудан туындаған өзгерістер оның барлық салаларымен қатар мұғалімдік кәсіби – іс-әрекет деңгейіне, өндіріс пен әлеуметтік саладағы ғылымдардың жетістіктеріне және прогрессивті технологияны енгізу мерзімінің қысқартылуына қойылытатын талаптар күшеюде.
В.С. Кукушиннің айтуынша, жаһандық білім берудің мақсаты келесі мәселелерді жеңу болып табылады:
- әлемді бір-біріне
қарсы топтарға бөлу, әр түрлі
жерлерде қарулы
- экологиялық апат қаупін төндіретін адам мен табиғат арасындағы алаауыздық;
- адам санасы мен жанының екіжартылығы.
Мұндай мақсаттар адамның
тірі қалуының, әр түрлі қауымдар мен
бір қауым мүшелерінің әрекетте
Бүгінгі күні жаһандық білім беру педагогикалық теория мен тәжірибенің дамуының болашақ бағыттарының бірі болып табылады, бұл бағыт студенттерді көптеген саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да мәселелері толып жатқан күрделі әрі тез өзгеретін қазіргі әлемге бейімделу дайындығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жеке тұлғаның өзін өзі айқындау мен оның әлемдік қауымдастықтың теңдей мүшесі болуының тиімділігі оның білімділігінің деңгейімен анықталады, мұндағы білімділік дегенді білімді игеру деп қана емес, сондай-ақ, дүниетанымының, руханилігінің қалыптасуы, кросс-мәдени сауатының өсуі деп түсінеміз. Мәдениетті жеткізудің дәстүрлі формаларының мүмкіндігін төмендететін әлеуметтік-мәдени өзгерістердің перманенттік сипаты ғылыми-техникалық төңкеріс дәуірінде қоғамның адамгершілік потенциалының қажет етілмеуі. Қойылған мақсатқа жету ақиқатты қабылдаудың оқушылар санасында әлемнің концептуалды, біртұтас бейнесінің қалыптасуына ықпал ететін түбегейлі басқа жүйесін құру жағдайында жүзеге асады. Оқыту процесінің жаһандық болашағын қамтамасыз ететін мәдени әмбебаптылықты айқындау мен қабылдау жаңа педагогикалық ойдың негізін құрайтын гуманизация мен білім беруді гуманитарлау идеяларымен тығыз байланысты.
Жаһандану жағдайында мұғалім дайындығының міндеттерін шешуге психологиялық-педаогогикалық циклдың арнайы курстары жүйесі көмектеседі.). Арнайы курстың негізгі мақсаты болашақ мұғалімнің «жаһандану» ұғымы туралы білімін қалыптастыру, жаһандық білім беру ерекшеліктерімен, бастауыш мектеп мұғалімдерінде жаһанадық кәсіби іс- әрекетті қалыптастырудың формалары және әдістерімен таныстыру болып табылады.Осылайша, заманға сай мұғалімнің кәсіби қасиеттерін қалыптастыру процесінде біз «Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің жаһандық кәсіби іс- әрекетін қалыптастыру» арнайы курсы жасалып, оқытылды (1-кесте)
1-кесте - Арнайы курс бағдарламасының мазмұны
№ |
Сабақ тақырыбы |
Сабақ формасы |
Сағат саны |
1 |
Жаһандану мен оның білім беру жүйесіне ықпалы |
лекция |
2 |
2 |
Жаһандық кәсіби іс- әрекет педагогикалық мәселе ретінде |
лекция |
6 |
3 |
Жаһандық білім беру концепциялары |
лекция |
2 |
4 |
Бастауыш сынып мұғалімін Қазақстан мен шетелде дайындау |
лекция |
2 |
5 |
Жаһандық білім беру
жеке тұлғаның заманға сай түрін
қалыптастырудың тәсілдемесі |
семинар |
2 |
6 |
Көпмәдени білім беру педагогикалық мәселе ретінде және оның жаһандық білім берумен байланысы |
семинар |
2 |
7 |
Заманға сай XXI ғасыр мұғалімінің портреті |
семинар |
2 |
Арнайы курс мазмұнын
іріктеуде аксиологиялық
Болашақ мұғалімнің педагогика бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы рефераттық және курстық жұмыстардың, соның ішінде жаһандық білім беру проблематикасы бар кең тақырыптары бойынша жүргізілді. Тәжірибелі оқытушылар қатарынан шыққан ғылыми жетекшілер студенттердің зерттеу ізденістерін бағыттап, олардың ғылыми конференцияларға қатысуын ұйымдастырды. Мысалы, Тоқажанова Т.К. өзінің «Бастауыш сынып оқушыларының жаһандық кәсіби іс- әрекетінің қалыптасуының ерекшелігі» тақырыбы бойынша бітірушінің мамандық жұмысында бастауыш сынып оқушыларында жаһандық кәсіьи іс- әрекетінің қалыптасуының педагогикалық жағдайларын қарастырды. Зерттеу жұмысында оқушылардың бейнелеу пәнінде жаһандық кәсіьи іс- әрекеттің қалыптасуына аса көңіл бөлінген. Т.К.Тоқажанова жасаған сынағы жаһандық кәсіби іс- әрекетті ерте жастан бастап қалыптастырып, жүйелі түрде өткізіп тұру қажет деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
1-сурет - Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің жаһандық кәсіби іс- әрекетін қалыптастырудың моделі (1-модель)
Кәсіби-педагогикалық іс- әрекетке дайындау жүйесінің жасалуының негізгі идеялары қағидалары:
Кәсіби-педагогикалық іс- әрекеттің қалыптасу барысы төменде көрсетілген ұстанымдардың ара байланысы арқылы тиімді жүзеге асады.
Педагогикалық басқару іс- әрекеті келесі мәселелерді атқаруы қажет: кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуының бүтін қызметі, даму құрылымы бар, ал білім алушы жеке тұлға осы тұрғыда кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің түрлі деңгейлерінде (іс-әрекет деңгейі, әрекет деңгейі, операция деңгейі) өзін-өзі басқару сипатын алады.
Педагогикалық жүйе ақпараттылық қасиетке ие. Білімнің құрылымдық элементтерінің негізінде жүзеге асатын ақпараттың жалпылау үрдісі оқу ақпаратының тежелуінің негізгі құралы болып табылады. Әрекеттің нсаналы ұстанымы (Л.В. Усова, Л.Я.Зорина, В.Ф. Шаталов), білім элементтері мен игеру жүйесін студенттердің меңгеруі берілген алгоритмдік және эвристикалық ұйғарымдардың негізінде жүзеге асырылады.
Білім беруде әрекеттік тәсіл және студенттердің білімін жүйелендіру білім ақпаратының мазмұны мен құрылымын қарастыруға мүмкіндік берді. Бұл білімнің екі жүйесінен тұрады: пәндік қызмет және оқу қызметі. Педагогикалық білім білімнің екі (мазмұндық және операциалы) түріне саяды. Мазмұндық педагогикалық білім деп педагогикалық деректер, педагогикалық ұғымдар (педагогикалық құбылыстар, үрдістер, олардың сипаттары мен көлемдері), педагогикалық заңдылықтар мен теорияларды түсінеміз. Операциялық педагогикалық білімге кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің құрылымдық білім (әрекет және интеллектуальды операция), ғылыми танымның әдіс тәсілдері, ойлаудың түрлері мен деңгейлері эвристикалық және алгоритмдік құралдар жатады.
Көрсетілген ұстанымдар болашақ мұғалімдерде кәсіби-педагогикалық іс- әрекеттің қалыптасуын жан- жақты қарастыруға мүмкіндік береді. Ұстанымның кейбір ерекшеліктері – диалектикалық тұтастығы және теория мен практиканың үйлесуіне тоқталайық. Аталмыш ұстаным оқу-шығармашылық іс-әрекеттің ұтымды іске асуына ықпал етеді. Қазіргі уақытта бұл тұтастық үздіксіз педагогикалық тәжірибені (ҮПТ) ұйымдастыру құралдарымен жүзеге асады. Дегенмен, ҮПТ ұйымдастыру сараптамасы бойынша бірінші курс студенттері ҮПТіні тәжірибелік іс-әрекет ретінде қабылдамайды. Студенттер, тек жоғарғы курстарда мектеп оқу тәжірибесінде болып, сыныптарда мұғалім болып жұмыс істеп былай дейді: «Ақырында мектепте болдық қой!». Студенттердің бірінші оқу тәжірбиесінен кейінгі есептерін сараптау осындай дәлелдемелер негізі болып табылады:
Педагогикалық іс- әрекеттің заңдылықтарын педагогика білімі құрайды. Бірақ, «педагогикалық іс-әрекет заңдылықтары» ұғымын ғалымдар әр түрлі қарастырады. В.В.Краевский педагогикалық іс-әрекетті қоғамдық қызметтің ерекше бір түрі ретінде қарастырады, ал оның заңдылықтары жеке субъектілердің мақсатына қарамастан пайда болатын қажетті байланыстардың мәнін ашады. Педагогикалық іс-әрекеттің заңдылықтарын анықтауда, бұл тәсіл, айқындалған заңдылықтардың түсіндірілмелі-теориялық қызметін жүзеге асырады.
Педагогикалық іс-әрекет заңдылықтары бойынша білім конструктивті-техникалық (нормативті) қызметін атқарады. Бұл жағдайда педагогикалық қызмет және педагогикалық қызметті басқарудағы ұстанымдар мен талаптар заңдылықтардың мазмұны болып табылады.
Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерінде педагогикалық іс- әрекетті қалыптастыруды басқарудың дидактикалық заңдылықтарының жиынтығы арқылы түйін анықталады.
Білім беру жеке мәселелерді шешу жолдарын меңгеруден басталмайды, керісінше мәселенің белгілі бір түрін шешуде жалпы тәсілдерімен басталады.
Іс- әрекеттің нақты бір түрлерінің мазмұнын меңгеруге, нақты бір кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің құрылымын құрастыра алуды қалыптастыруға, фундаментальды теориялық түсініктердің (іс-әрекет, оның құрылымы, мазмұны) мазмұнын ұғынуға бұл тәсілдер мүмкіндік береді.
Аталмыш ұғымдар дамушы білім берудің мазмұнының жетекші компонентін құрайтын әртүрлі педагогикалық мәселелерді шешудің жалпы тәсілдерін дербес құрудың негізі және алғышарты болып табылады. В.В.Давыдов өз зертеу жұмыстарында, мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін құрастыруды игеру білім беруде тұлғаны дамытуға мүмкіндік беретін қажетті жағдай болып табылады. Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуы бастапқыда оқу зерттеу қызметі болып, кейініректе, кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке айналады.
Мұғалімдік тұлғаның қалыптасуының бастапқы кезеңі студентті зерттеуші орнына қою, олай болса, студент кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәнін іздеудегі мүше болып табылады. Ал, кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәні, тек орынды тәсіл арқылы анықталады. Бұл кезеңде кәсіби-педагогикалық іс- әрекеттің негізге алынатын көп салалы қызметтерін табу жүзеге асырылады. Дәл осы тұста іс-әрекеттің қалыптасу кәсібилігі көрініс береді. Кейініректе кәсібилік нақты кәсіби-педагогикалық қызметке айналу тәсілін іздестіру барысында қалыптасады. Бұл нақты кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің, яғни ең маңызды қызметтің мазмұнын жобалауда, қызметтің мазмұнын оның операциялық құрылымын ерекшелеу арқылы жете түсіну барысында жүзеге асыруға болады. Ең маңызды деп, іс-әрекеттің мақсаттылығына қарай есептеуге болады. Сонымен қатар, іс-әрекеттің мәнін ашу механизмін ерекшелеу үшін қажет. Ол операцияның, мазмұнның негізделген сараптамасымен қоса, ал кейініректе оның пайымдалған құрылымын құрастыруымен бірге ескерліуі тиіс.