Жоғарғы мектпте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 18:48, монография

Описание работы

Монографияның «Кіріспе» бөлімінде оқытуға орай жарық көрген еңбектерге талдау жасалған. Дидактиканың шығу тарихын әлемдік педагогиканың ғылыми тұжырым-түйіндерінен іздейді.
Дидактиканың жүйесі, оның мазмұны пәндердің ішкі құрылымынан туындайтын пәлсапалық сарынына бағынышты болу үрдісі басыңқы сипатында жинақталған. Бұл бағытта автор «оқыту», «оқу», «оқытудың мазмұны», «білім мазмұны» т.б. ойлау әрекетін іске қосатын дидактиканың амал-тәсілдерін әдеби арналарды ізгілікті пішінге бағамдау тұрғысында дәлелдеп берген. Бұл нысананы ашу үшін дидактика аспектісіне қатысты терминдерге ерекше ыждаһаттықпен көңіл бөліп, оның оқыту үдерісінде қолданылу мәністеріне түрбірлеп, жіктеп, теориялық ұғымдарды айқындауға назар аударған.

Файлы: 1 файл

жоғарғы мектпте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту.doc

— 1.24 Мб (Скачать файл)

Қайтадан сопылық жайлы ұғымға оралайық. Сопылықтың ең ірі өкілдерінің бірі - Әл Жаһиз (255-869). «Дін ақыны, ең алдымен, сопы болуы керек, - дей келіп, - «Мен де өзгелер секілді не айқай салушы едім, не асида оқитын едім», - деген екен. Сол секілді жас Ахмет те ақыңдықпен әуестенгенде осы сопылық мұраттар мен шариғатты ақыл өрісіне бағындырып, өлең жолдарына шақтап халқына жеткізуді көздеген. Шығармашылығының негізгі мұраты -данышпандық дидактиканың озық үлгісі.

Данышпан өзінің осы Ақыл кітабының беташарында мұсылман дінінің негізгі қағида-шарттарын, парыз-қарыздарын байыппен баяндайды. Мұндағы ой-тұжырымдары сегіз жүйеден тұрады. Олар: Тәубашылық, Ғибадатшылық, Махаббат, Сабырлық, Шүкіршілік, Ризашылық, Заһидшілік (анықтық), Ғаріптік. Бұларды біздер бір нүктеге түйістіріп айтсақ, адам табиғаттың кілтін басқарып тұрған Құдіретті Алланы танып-білу үшін не істеу керек, қандай уажіп, парыздарды орындау қажет дей отырып, сондай-ақ адамгершілік, әділдік, адалдық, мейірім, рахым, Аллаға деген сүйіспеншілік сияқты мәселелер сөз болады. Әсіресе, Мұхаммет пайғамбар ұстанған ғаріптік жолына ерекше мән береді. Оның мән-жайын сараптан өткізеді. Бұдан тұжырым қорытып, осы талаптарға сәйкес: «Өз тапқанын мүсәпірге бермесе, ол харам. Тіріге қол бер. Шариғатты білмесе, шариғат үйрет, тарихатты білмесе, тарихат ғылымымен жолға сал, егер мағрипатты білмесе, мағрипат ғылымымен үйрет, хақиқат жолымен жүрмесе, хақиқат жолымен мүріттерге жол көрсет» - деді. Ислам дінінің осы төрт құбыласы Жүсіп Баласұғында: «Әділет, Дәулет, Парасат, Қанағат деп беріледі. Мұның бәрі дерлік Адамның Ізгілік әлеміне ниет бұруының тірек-бағандары. Кей жағдайда бұл тірек ұғымдар қабылданса, адамдардың деңгейлік сапасына айналып кетеді. Өкінішке орай, аталған тіректік ұғымдарға сәйкес адам деңгейі бағамдалмай келеді. Бұл күрделі де өзекті мәселенің жалғастығы Қожа Ахмет Иасауидың жақында табылған «Рисала» атты трактатында терең қамтылған. Маңыздылығы жан-жақты ашылған. Бұл шығармасында да аталған төрт тірек ұғымдарын жіліктеп, талдап, олардың әрқайсының он-оннан сарын-мақамы бар екенін ашып көрсетеді. Сол арқылы дін ақиқатына жетудің сырларын талдап әңгімелейді. Адамды имандылыққа, басқаша айтсақ, сенімділікке (өзінің өзіне), бауырмалдыққа, ізгілікке тәрбиелемек ынтасы білінеді.

«Диуани хикмет» - бір  жағынан философия, антропология, физика, математика, сөз құдіреті т.б. жайлы Құдірет тілінде жазылған Ата Мұра, Асыл Қазына, Рухани Азық. Дәл осы мәселелер ел тарихының беттерінде Қожа Ахмет Иасауиға дейін де, кейін де ұрпақ мүддесіне өшпестей насихатталып келеді. Міне, біздер сол тарих іздерінен ең қажетті деген Асыл мұрадан қажетімізді ала білуіміз керек-ақ дейміз. Қожа Ахмет Иасауи көшпелі қыпшақ, оғыздардың тұрмыс-тіршілігін, көзқарас-танымын ескере отырып, сол жұрттың өз тілінде төгілте жырлайды.

Қазақ поэзиясындағы  жас мерзімдерін шалқыта жырлау туралы пікірді бұл шығарманың сарынына айналдыру теріс қақпай пікірге жетелейді. Себебі, шығарманың негізгі тұжырымынан жас мерзімдері арқылы кез-келген субъектінің таным, сезім деңгейліктерінің өнімдік, не қалыптық, не хайуандық нышандарын пішіндеп беру сезіледі. Сондықтан, Қожа Ахмет Иасауиды басқа, кейінгі ақын-жыраулармен салыстыру артық. Өйткені әр шығарманың негізгі мұраты - сопылықтың мән-жайын халық ұғымына жеткізу. Шығармадағы «көңіл бағы», «көңіл құсы», «топырақ сипаты» «күйген көбелек», «махаббат бостаны», «махаббат базары», «көзі сынық», «бостандағы бұлбұл», «ізіңе гүл өнсін», «ит нәпсіні өлтіру», «қызыл жүзін салдырар» тәрізді бейнелі сөздерді жеке-жеке бөліп-жарып талдау дұрыс емес. «Диуани хикмет» - тұтас дүние. Оның ішкі кіші жүйелері мен бөлік-бөлшектерін «жұлып» алуға, оған жеке бағам беруге болмайды. Себебі, пәлсапалық тұжырым мен диалектикалық тағылым-еңбектің негізгі субстанциясы.

Шығармадан жүрегіңізге ұстап калар негізгі мақсат - Жұмақ пен Тамұқ, Жұмақ пен Тамұқ туралы көптеген адамдардың қалыптасқан түсінік-тұжырымдары философиялық (философияға қайшы) тұрғыдағы түйіндері бар

Дәлірек айтсақ, «Жұмақ» пен «Тамұқ» бұл фәнидің ұғымы мен еншісі еместей, о дүниенің, бақидың үлесі сияқты қабылданады. Діннің ішіндегі ғылыми тағылымның мәнділігі де осы ұғымдарға қатысты. «Диуана, хикметте» осы ұғымдардың жас мерзімімен үйлестікте берілуінің өзі аталған ұғымдар екі дүниенің де еншісі екенін пайымдау болып табылады. Әйтпесе, «Мен өлгеннен кейін не болса ол болсын!» дейтін тоғышарлық пікір көптеген денелердің дамуына «жанның» (образды), «рухтың» кедейленуіне, жүдеп-жадауына әкеліп отыр. М.Қашқаридың «Диуани лұғатындағы» Қыс пен Жаздың айтысында да Жұмақ, Дозақ кезектесе қарсыласып, басымы Жұмақ болып келеді.

Қожа Ахмет Иасауи айтар ойын үдемелетіп, еселеп айту бағытын ұстанады.

Дидактиканың негізі пәлсапа деген тұжырымның дәйекті дәлелдерін Қожа Ахмет Иасауидан байқағандаймыз. Әбу Насыр Әл-Фараби дидактиканың өзегі, интеллектінің анықтамасын түбірлеп берсе, оның түрлерін, әдіс-құралдарын жіліктеп айқыңдап баяндаса, Қ.А.Иасауи таза дидактиканың үлгісін пәлсапалық пайымдар тұрғысыңда зерделеген. Мұның өзі классикалық үлгіде берілген. Тіршілік бар жерде интеллект де, дидактика да өмір сүре бермек. Олай болса, бұл рухани құңдылықтар - бақилық. Соның ішіңде Қожа Ахмет Иасауидың ақыл туралы тұжырымында тәубашылық, ғибадатшылық, махаббат, Сабырлылық, Шүкіршілік, Ризашылық, Заһидшілік, Ғаріптік сияқгы қасиеттердің салмағы сипатталған.

Дидактика білім меңгертудің үлгісі десек, бір жағынан интеллект, екінші жағынан ақыл секілді сапалық көрсеткіштерге данышпан бабаларымыз ерекше тоқталып, Ізгіліктің сүрлеуіне сілтеп тұрғандай әсерленесіз. Әрине, дәл осы сапаларды меңгерген, не сол сапаларды әдеби арналармен іс-әрекетте жүзеге асыруға бағыт алған субъекті қай қоғамның болмасын сүйікті данасы.

Берілген тұжырымды  түйіндесек, мынандай жүйе шығады, алдымен  Нұрлы іске берген сипаты:

- 78. Хақтан өзге бір сөз де сөйлемше болдым.

- 79. От іздеген көбелектей шәкірт болдым [12].

- 81. Жалған атақтан арылып сәби болдым.

- 83. Аллаға бар жаныммен адал болдым.

- 92. Нәпсіні көңіл найзасымен шаныштым міне [13].

- 134. Жалтақтардан сөз сұрама жолда қалған [14].

- 191. Құдайсыздарды көріп едім жолда калды [15].

- 242. Тағатым жоқ жалған іс пен дәукестікке [16].

- 308. Ғашықтарға хақтың нұры түсті, достар!

- 311. Таң сәріде зар илеп еңіремедім.

- 312. Тәуба қылдым қожам қабыл қылды, достар [17].

- 367. Шайтан «өліп», нәпсі-құйын өзі кетті.

- 375. Түрлі-түрлі жаңа көрдім, мойынсұндым..

- 388. Бір және Барым, дидарынды көрермін бе?!

- 567. Надаңдарға айтқан сөзің қабыл болмас [18].

- 578. Асыл тегің су менен күл, тағы айналып боларсың күл [19].

- 657. Залымдарды айыптама, залым өзің [20].

- 793. Надандар сорласа, жүре бер халін білмей [21].

- 809. Дана кепті, надан қалды көп өкініш [22].

- 835. Құл Қожа Ахмет, тіленші болсаң хаққа болғыл [23].

- 1069. Тарихатқа бастаушы, адал болған Мұхаммет.

- 1070. Хақиқаттың ақ жолын бастап берген Мұхаммет [24].

- 1208. Ізгі тілегін үзбеген ғалым болды [25].

- 1327. Алла деген шын ғашықтар пырақ мінді [26].

- 1435. Ұстаздарға қызмет қыл еркіңменен.

- 1436. Күнәлі ол өз бетіммен келдім деген.

- 1437. Жақсы білсең тарихаттың қатері бар.

- 1438. Қалмасаң осы жолға түспе, достар [27].

- 1511. Ей, ғашық, бұл дүниеде мехнат тартқыл.

- 1512. Сол тартқан жолдарды рахат білгіл.

- 1514. Басын тіккен мұратына жетер, достар.

- 1516. Мехнат тартып жапа шеккен көрер рахат.

- 1521. Сапар шекпе жол мәнісін түсінбей.

- 1522. Жолға түскен мұратына жетер, достар [28].

- 1841. Нәпсі жолына кірген кісі рәсуа болар.

- 1845. Нәпсің сені ақырында торға салар [29].

- 3091. Иманы жоқ халайықтан әркім қашса.

- 3092. Білімділер кеңесінен безер болар [30].

Түпнұсқадан ұғарымыз не? Бұл жүйеге салынған хикметтерден аларымыз не?

Бұл сауалдарға жауап беру өте қиын. Өйткені ол жұмбақтың сыры - Қожа Ахмет Иасауи бабамыздың көкейіндегі ғалам жайлы өзінің топшылау-тұжырымдары. Десек те, сол топшылау тұжырымдарды тануға талпынып көрелік.

Біріншіден, «Алла» деген  сөзді біздер микрокосмос, табиғатты реттеуші құдіретті күш деп түсінеміз.

Екіншіден, «Бірім», «Барым»  деген ұғымдарды өзіңмен тұстас пенделер мен жалпы табиғат қойнауындағы материалды деректі һәм дерексіз заттардың бәрінің иесі деген мәнде ұғамыз.

Үшіншіден, «Пірмұған» [31] құдіретті күшті мойындаған Адам қиыншылыққа мұқалмай, қасиетті жандардың зәмзәм суын тосушы, асыл мұрат иесі деп берілген.

Төртіншіден, Қожа Ахмет  Иасауидың ой-тұжырымдарының, Тәубашылық, Ғибадатшылық, Махаббат, Сабырлылық, Шүкірлік, Ризашылық, Заһидшілік (анықтық), Ғаріптік сияқты сегіз сипатының субстанциялары төрт құбыладан тұратынын ұмытпағанымыз жөн. Бұл «Екінші дәптердің» барлық маңыздылығы - осы төрт құбылада. Ол құбылалардың анықтамасын былай жіктейміз:

- Мағрифат [32] - сауаттану, ағарту, ғылым, білім.

- Тариқат [33] - жол, жүйе, сенім, қағида.

- Хақиқат [34] - хақ, шындық, дәлел-факт.

- Шариғат [35] - ісләм дінінің заңы, жолы, қағидасы.

Көптеген адам бұл қасиетті еңбекті тек ісләм дінінің тұжырымы деп қабылдайды. Негізінде әлемдік иерархияда З. Фрейд өзінің данышпандық ойында аталған ілімді дамытып отырғандай сезінесің. Тіпті әріге бармай, бүгінгі халықтардың назарына ілігіп отырған С.Н. Лазаревтің «Диагностика кармы» еңбегінде Қожа Ахмет Иасауи еңбегінің тұжырым-түйіндерін кездестуге болады. Бұл ойды нақтылау мақсатында С.Н.Лазаревтің енбегіне үңіліп көрелік: «Любовь в отличие от морали, унизить невозможно. Если мы любим кого-то, и он нас предает, то на любовь это не влияет, если мы сами не попытаемся вытоптать это чувство. Значит, если Вы исходите из идеалов, морали и нравственности, помогая другим. Вы зависите от этого чувства, не выдержите, если в ответ Вас оскорбят или не выслушивают» [36].

Құдіретті сүймей, адамға байлана сүюдің өзі үлкен кесапатты іс-әрекет екенін автор ерекше мән бере ұғындырып отыр. Байлану іс-қимылы, балаңды құдіреттен артық көру, жолдасынды құдіреттен артық көру, жұмысынды құдіреттен артық көру, дүниенді құдіреттен артық көру, міне бұндай сүюлердің соңы тек трагедия. Сол себепті біздің лиро-эпикалық жырларымызда, («Қозы Корпеш - Баян Сұлу», «Қыз Жібек» т.б.) екі жастың өлшеусіз бір-біріне деген сүйіспеншілігі трагизмге әкеледі деген ойды меңзейтін шығар. Бұл – дидактиканың пәлсапалық қыры. Қандай тауқыметті бел-белестерден өтсек те, адам жүрегіндегі әлемге, құдіретке деген, табиғатқа деген ғашықтық сөнбеу керек. Трагедиялы сәтте өмірге тәубашылық ету қажеттігін түсінген адам өзінің мақсатына жетеді деген тұжырымды аталған еңбектен аңғарамыз.

Бұл ойды тереңірек тану мақсатынды С.Н.Лазаревтің еңбегінен тағы бір үзінді келтіріп өтейік: «Значит, чем наша способность сохранять любовь и прощать любимого человека, оскорбившего наши светлые и благородные чувства, тем больше гармоничных отношений («Таспен атқанды аспен ат»), способностей и интеллекта и того, что мы называем «человеческим счастьем», нам позволено будет выжить и остановить распад, который начался весной 1996 года. И это позволило мне помочь другим людям, тяжелейшие болезни которых были результатом неумения спасти любовь в сложной ситуации» [37].

Келтірілген үзіндінің үңдестігін «Екінші дәптерден» де табамыз:

- 1155. Ғашық жолына пана  болар Құдай бар.

- 1156. Не қылсаң да ғашық қылғыл пәруардігар.

- 1161. Ғашық болмай танып болмас, Алла сені [38].

Ғашықтық сезімнің тек  бір субъектісіне ғана емес, Абайдың  үш сүюінің де негізі осында, олар: Алланы сүй, хақ жолы ғадылетті сүй, адамзаттың бәрін бауырым деп сүй дей отырып, оған «Имани гүл» деп ат берген. Осы және осыған үндес келер дидактиканың пәлсапалық қырлары жайлы тұжырымдарды ежелгі түркі жұрты мен қазақ ұлтынан жиі кездестірсек те, қисындық киім кигізілмегеннен» кейін әлемдік иерархия діттетіп отырған ғылыми сүрлеуге түспей келеміз. Өкінішті-ақ!

Баяндалған тұжырым бүгінгі іскер адамдардың бағының өнімі мен өсіміне де ықпалдастық рольде. Оған көзімізді жеткізу үшін Н.Хилдің мына бір тұжырымына назар аударайық: «Среди полезных открытий, упорядоченных человеком, он открыл и занес в каталог более восьмидесяти физических элементов, из которых во Вселенной состоит все материальные формы.

Путем изучения, анализа  и точных измерений человек открыл «огромность» материальной стороны Вселенной, представленной планетами, солнцами и звездами; о некоторых из них известно, что они в миллионы раз больше маленькой Земли, давшей ему жизнь» [39].

Адам танымы - құдіреттің бір бөлшегі. Соңда да адамның мүмкіндігі зор. Міне, осы мүмкіндік жайлы ғылыми тұжырымды Н. Хилл түйіңдей отырып, құдіретті күштің сырын ашуға талпынған ғалым ғаламды сүйе отырып, аталған мәреге жетеді деген ойды білдіреді. Мұның да барар тірегі - дидактиканың пәлсапалық қыры. Аталған ой-түйіндерді Н. Хилл былай қорытады: «Я хорошо понимаю, что многие сочтут Божеский и человеческий закон относиться к другим так же, как хотите, чтобы другие к вам относились, не практичных для нашего корыстного века. Если обе стороны будут им руководствоваться, каждый увидить, несколько благотворно окажутся результаты.

Қарап отырсақ, жек көретін қарсыласыңның да бағының озуына қамшы салмасаң, керісінше кедергі жасасаң, өзің оңбайсың деген Ізгіліктің нышанын байқаймыз.

Әрине, данышпан бабаларымыздың дидактиканың пәлсапалық тіректерінің кейінгі қоғамда жалғастығын тапқанына көптеген мысалдарды келтіріп өтуімізге болады. Бұл күңде көптеген ханымдар мен бикештердің «киіз кітабына» айналған, әлеуметтік иерархияда өзінің еңбегімен, ғаламға, құдіретке ерекше сүйіспендік дүниетанымымен мәшһүр болған, 23 тілге аударылған Луиза Хейдің дидактикалық пәлсапасына көңіл бөліп көрелік: «Читая книгу, вы обнаружите, что я употребляю множество сходных терминов: Сила, Разум, Беспредельный Разум, Высшая Сила, Бог, Вселенская Сила, Внутренняя Мудрость и тому подобные. Я делаю это, чтобы показать вам: вы можете выбрать любое название для той Силы, которая правит Вселенной и живет внутри вас. Если вам не нравится какое-либо название, замените его другим... Обучая людей любить себя, я создаю мир, в котором они могут открыть, как потрясающие они прекрасны... Любовь к себе не означает себялюбия. Она очищает нас, и мы обретаем способность, любить себя настолько, чтобы любить других. Когда мы переходим на индивидуальный уровень из пространства, наполненного великой любовью и радостью, мы действительно можем помочь всей нашей планете.

Информация о работе Жоғарғы мектпте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту