Жоғарғы мектпте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 18:48, монография

Описание работы

Монографияның «Кіріспе» бөлімінде оқытуға орай жарық көрген еңбектерге талдау жасалған. Дидактиканың шығу тарихын әлемдік педагогиканың ғылыми тұжырым-түйіндерінен іздейді.
Дидактиканың жүйесі, оның мазмұны пәндердің ішкі құрылымынан туындайтын пәлсапалық сарынына бағынышты болу үрдісі басыңқы сипатында жинақталған. Бұл бағытта автор «оқыту», «оқу», «оқытудың мазмұны», «білім мазмұны» т.б. ойлау әрекетін іске қосатын дидактиканың амал-тәсілдерін әдеби арналарды ізгілікті пішінге бағамдау тұрғысында дәлелдеп берген. Бұл нысананы ашу үшін дидактика аспектісіне қатысты терминдерге ерекше ыждаһаттықпен көңіл бөліп, оның оқыту үдерісінде қолданылу мәністеріне түрбірлеп, жіктеп, теориялық ұғымдарды айқындауға назар аударған.

Файлы: 1 файл

жоғарғы мектпте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту.doc

— 1.24 Мб (Скачать файл)

- Сырт сипаттау, сырт дәріптеуді қойып, адамның ішкі жанына үңілетін, болмыстың тұңғиық қалтарыстарын ашатын аса мәнді философиялық-әлуметтік лирика туғызды;..

- Халқына қамқор, ұлтына жанашыр болам деп жүріп, күллі адамзатқа мейірбан гуманистік өреге көтерілді. Кісі мен кісінің де, халық пен халықтың да арасында бола беретін кикілжіңдердің бәрінен жоғары тұра білді. Ұлықтарды ұнатпағанымен, көрші орыс халқына, басқа да халықтарға зор ілтипатпен қарады. Патшалық билікті мансұқтанғанмен, ұлы орыс мәдениетінен тәлім алды. Аз халықты да, көп халықты да байланыстыратын рухани ықпалдастық деп түсінді. Адамға адам баласының бәрін дос санады. Оны батысқа, шығысқа, алысқа, жақынға бөлмей, біртұтас құбылыс ретінде қарастырды;..

- Абайға айтқызсаңыз: әуелі мал тап - дейді. Әйтпесе «Қарны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын?»... Мал тапса, қарын тояды. Оңда сан білім, өнер керек екен ..;

- Өнер - білімді қайдан іздеген жөн?

Абайға айтқызсаңыз: «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да- бәрі орыста зор... Орыстың ғылымы, өнері - дүниенің кілті. Оны білгенге дүние арзанырақ түседі» ...

Ұлық жалбыр тымақты түз адамын кемсіте беруді көздейді. Абай тезірек тең етуге асығады... Сонда бұдан шығатын қорытынды: кемсінгеннен мәдениетін меңгеріп, қомсынғаннан білімінді асырып қана есе қайтарасың;..

- Азияның шет қақпай түкпірінде туып өскен түз ақынына мұндай рухани рационализм, адамгершіл максимализм қайдан бітіп тұр?.. Далиған даланың қай қырынан да көзге ұрып тұрған - мелшиген мешеулік еді. Соны ұғып болмаған аңғал жұрт еді...

- ... біздің түп дәстүріміз - рухани самарқаулық емес, рухани максимализм.

- Жауабын тапты: өзгелер не істеп жатса, соны істеу керек, «басқалармен қатар тұру керек!»

- Тапқан түйіні: Құдайдың (Алланың) өзі де рас, сөзі де рас; ол ешкімге арам бол, қанішер бол, масыл бол деген емес; құлқың түзелмей тұрып, құлқын арам ішкенін қоймайды; адалға жүрмей, адам түзелмей, қоғам түзелмейді, халық түзелу үшін әркім жеке-жеке өзін-өзі түзеуі керек...

Міне, бұл тізбелерден Абай Құнанбайұлының шығармашылығындағы дидактикасының пәлсапалық негізінің құнды бөлімдері әлемдік деңгейде көрінді. Абайдың өзі айтқандай «имани гүл» былай сипаттайды: Тек қайта өрлеу дәуірінен кейінгі батыс еуропалық протестантизм ойшылдары ғана дәулет жиып, мал табуды адамға бостандық әперетін ізгілікті іс деп зерттей бастаған. Күллі шығыста осыған жуық қағиданы тек Канфуцийшілер тілге тиек ете алған. Ендеше «ағайындас болса, ауызға тиеді», - деген қауымдық мінез-құлықпен отырған қазақ даласында өткен ғасырдың өзінде сәулетті адал еңбекпен келетін игілік санап, бай болуды адамгершілік мұрат санатына әспеттеу Абай үшін нағыз жүрек жұтқан батырлық еді.

XXI ғасырдың қарсаңында Абайға «рационалист» деген бағаның берілуі, оның ойлау парасатының өзі бүкіл әлемдік құндылықтарды бағамдаудың қорғанысы екенін түсінгендік. Сөзіміз дәлелді болу үшін «рационализация» деген ұғымның нендей мағынасы бар деген эаңды сауалға сөздік арқылы жауап беріп көрелік:

«Рационализация - қорғаныс механизмі. Сыртқы көзге аса түсініксіз. Мәнділігі - астарлы тереңдігінде. Субьектінің ішкі ойының, сезімнің мәртебесіне үндестігі. Өзін сыйлайтындығының куәсі. «Менінің» үздік мұраттылығы» [62].

Кез-келген шығармашыл субьекті парадигма, яғни жаңа философиялық көзқарасқа ие бола бермейді. Көбінесе дарынды, өнерлі, данышпан адамдар болғанымен, олардың шығармашылық нысаналары өзінен кейінгі ұрпаққа классикалық үлгіде өміршендік келбетпен мәңгілікке қалмайды. Ал мәңгілікке қалатын шығармашыл нысаналар уақыт пен кеңістіктің өзгерістігіне орай құбылып, бірақ өзінің өзегінен, негізгі өрісінен айырылмай, бақилық мәңде қызмет етеді. Талдау мен жинақтау, жалқылау мен жалпылау, жүйелеу, негізгісін басқа негізгі тұжырымдармен салыстыру, феномендігін табу, жиған ойларын біріктіріп, когнитив пен суггестивке салу т.б жекелеген әдістердің қосыңдысының технологиясын, былайша айтқанда, амалын табу сияқты іс-қимыл нәтиже береді. Егер әр шығармашылық нысананы осындай ізденісті -зерттеу елегінен өткізсе, ой-тұжырым дәйекті, дәлелді, құндылығы сырттай мақтаумен емес, нақтылы сапалық көрсеткіштердің жиынтығында қабылдаймыз.


Біздер Абай Құнанбайұлының палсапалық ой-тұжырымдарын дидактика негізінде қарастырып, оның бөліктерін сараптап, байқасақ, көптеген ғалымдардың зерттеулерінен бізге қажетті ұғымдарды табамыз. Өкінішке орай «пәлсапалық ой - дидактиканың негізі» деген айдармен зерттеуді кездестіру, әрине жоқтың қасы. Бірақ, оның бөліктерін жинақтауымызға болады. Алдымен Абай шығармашылығын эпопея жазу мақсатында тереңінен зерделеген, сараптан өткізген М.Әуезовтың ой-тұжырымарына құлақ асып көрелік:

«Отыз жетінші сөзі. Мұны Абайдың афоризмі деп қарауға болар еді. Бұл мәтел-мақал емес. Афоризмінде даулық жақтары бар.. [63].

Тәрбие қауымды түзейтіндігіне Абай сенеді;

Осы қара сөзден зерттеуші  бірден қырық бірінші сөзге ойысады. Отыз сегізінші сөз талданбаған. Қара сөздерін зерттеуші сырғыма талдау әдісімен тізбелеген.

Абай өлеңіңде кездесетін мұң мен зар болса, ол бұрынғы зардың сарқыты емес, өз жүрегіндегі сырын айтқан сыршылдықтың сарыны. Бұл да Абай өлеңдеріндегі жаңа түрдің бірі...

Абайдан басталған сол  реализмнің сарыны қазақ әдебиетінде осы күнге шейін жол болып келе жатыр. Рас, бұл жолда кейде бір ағым күшейіп, кейде жалпақ жарысқа ұқсап, бытырандылық күшейіп жүрген мезгілдер бар. Бірақ негізгі сарынға келгенде қазақ өмірінде тез боламын деген әдіске, айласына келгенде, қазақ әдебиеті Абай салған жолдан көп ұзап кете қойған жоқ [64].

Бүгінгі көзқарас пен  М.Әуезов айтқан тұжырым екеуі-екі ұдай. Мұқаңның 1927 жылы жарық көрген еңбегінде Абайдың қара сөздеріндегі пәлсапалық ой-түйіндерге арқасын кең салып талдау жасамауының сыры - М.Әуезовтың кеңестік үкіметтің тегеуірінен тасалануы. Олай болса, М.Әуезов тек жұмбақтау әдісімен Абайдың негізгі данышпандық ой-түйіндерін әдеби қисынның әдістерінің көрінісінде сипаттап тұр. Біздер осы бір терең жұмбақтың бетін ашып, оқырман қауымға М.Әуезов айта алмай кеткен рационалды ой-түйіндерін адақтап беруіміздің өзі ұрпақ алдындағы жауапты міндетіміз.

Бұл ойды филология ғылымдарының докторы, профессор М. Мырзахметов өз еңбектерінде терең ашып, талдап, жіліктеп береді. Соның дәлелі ретінде мына бір пікірге көңіл қойсақ: «Әдебиетке жаңа бағытты алып келген Абай шығармаларының өзекті арқауы болған шығармашылық әдісі қалай болды деген аса күрделі теориялық сұрауға М. Әуезов дер кезінде ғылыми дұрыс байлам жасай білді. Отызыншы жылдардың басыңда-ақ Абай шығармаларының қол артқан жемісі сыншыл реализмде жатқанын ғылыми тұрғыда тани отырып:

«Абай өлеңіңдегі беттеген бағыт, құлаққа естілген сарын ненің сарыны екені байқалады... Ғалымның бұл жаңа тылсымына тірек болған нәрсе, әрине Абайдың бүкіл саналы өмірі отаршылардың қазақ еліндегі ел билеу жүйесіне өздерінің таптық мүддесі тұрғысынан ендірген «Жаңа низам» ережесінен территориялық принципке негізделген саясатты үстемдік еткен кезде өтіп, оның әлуметтік зардаптарды ұғына алуында жатты» [65].

М.Мырзахметов М.Әуезовтың 70-жылдардағы Абай шығармашылығына берген бағасына жаңа көзқарас танытқан. Ал бұл көзкарастың өзі де соңғы еместігін Ел Президентінің баяндамасынан байқадық. Аңғарғанымыз: Абай Құнанбайұлы шығармашылығы өзгермейді, ал көзқарастар уақыт пен кеңістік талабына сай құбылып отырады.

Абай шығармаларындағы дидактиканың пәлсапалық негізі деген  тұжырымнан зерттеу еңек жоқтың қасы десек те, оның маңына жақындаған ғалымдар баршылық. Соның бірі ретіңде тағы да Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты М. Мырзахметовтың құнды ой-тұжырымын бағамдап көрейік;

«Абай ойының өзекті желісі - «толық адам». Абай қазақ даласына жүректің культін көтеріп мадақтағанда ол ұғымға өз тарапынан айрықша гуманистік астар беріп, адамзат баласының бойында ұялаған ең асыл қасиеттері: мейрім, рахым, әділет, шариғат, ар-ұят атаулының қайнар көзі, құтты мекені ретінде қарауымен дараланады /255 б/.

Абай 38-сөзінде жәуанмәртлікке байланысты әлуметтік топтарды жіктеуі  ақын поэзиясында да белгі берді /256 б/.

Осы әлеуметтік топтардың жәуанмәртлікке тән үш сипаты (ақыл, әділет, рахым) танып білуде белгілі мағына бар... Абай өзінің гуманистік дүниетанымында өзекті орын алған толық адам жайлы басты ойлы өлеңдері мен қарасөздерінде желілі түрде мадақталатын жүректің культі жайлы танымдарымен бірлікте беріп отырған. Осы ойларындағы адамшылық желісінің құяр арнасы 38-сөзде молынан әңгімеленетін жалпы мораль философиясына соғып толық түрде баяндалады десе болғандай» [66].

Абай Құнанбайұлы адам жайлы түсінік қана емес, мұнда тән, тән емес жан, тән, жан, сезім және тән, жан, сезім, мағына жайлы ой толғаған. Дидактика тәрбие мен меңгерудің нақты нысанасы десек, аталған тұжырым - кешегі пайғамбарымыз Мұхаммедтің ғылыми қондырмасы. Олай болса, Абай Құнанбайұлының шығармаларының өзі - адам болмысын дамытарлық жүйе. Бұл жүйе - өлендері мен қара сөздерінің қосындысы. Жүйе тек тұтастай қабылдануға тиісті.

Осындай талап-мүддені ескеріп, Абай шығармашылығын алгоритмдеп, педагогикалық технология қағидасымен тұтастық үрдісте талдады. Оның үлгісі (Е.Жұматаева. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. 1999. Қазақтың Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясының Баспа Кабинеті, 48-76 бет) жарық көрген еңбекте берілген.

Берілген алгоритм Абай Құнанбайұлының пәлсапалық танымын айқындайды. Бұл пәлсапалық танымның барар жері не? Ол - ғылым жиюдың әдіс-амалдары. Нысанасы. Міне, бұны біз Абай Құнанбайұлы шығармашылығындағы дидактиканың пәлсапалық негізі демекпіз. Дана да ақылман ақынның дидактикасының пәлсапалық негізін 38 қара сөзінен жан-жақты байқаймыз. Ол үшін 38 қара сөзіне талдау жасайық. Кеңестік дәуірде Абайды Аллаға жуықтатудан кез-келген зерттеуші бойын аулақ салды. Осы дағды әлі де болсын белең алуда. Табиғаттың өзін, оның билеуші құдіретін шартты тұрғыда орыс ғалымдары «Бог», «Вселенная Сила» деп алса, біздер «Құдай», «Алла» деп атаймыз. Міне, осы танымды Абайдың 38 қара сөзінен аңғарамыз. Бұл сөздегі басым рөлдегі Құдірет-Алла. Оны автор тайсалмай ашық жазады:

- Жақсы сезім, махаббат, ықылас, адамдық, ақыл, ғылым аспан әлемінен күш-қуат алуға тетік ашады;

- Бала бірден ғылымға-білімге үйір емес, алдаумен үйір қылу керек,... өзі іздегенге дейін, махаббатпен көксерлік;..

- Сонан соң Алла тағаланы танымақтық, өзін танымақтық, дүниені танымақтық, табыс тауып, қызығушылық..;

- Ол үшін баланы қиянатшыл қылма;

- Қиянатшыл болса талапқа да, ғылымға да, ұстазға да, иманға да қиянат келтіреді;

- Бұл қиянатшылдар - жарым адам, жарым мұсылман;

- Алланың сөзі-хақиқат жолы (Қожа Ахмет Иасауимен үндес); - Хақиқат, растық-қиянаттың дұшпаны;

- Ғылым-Алланың бірсипаты, ал хақиқат оған ғашықтық, өзі де хақлық һәм адамдық дүр;

- Мал, мақтан, ғиззат- хұрмет адамды өзі іздеп тапса, адамдықты бұзбайды, һәм көрініс болады;

- Сен иман келтірмесең де Алла тағалаға келер ешбір кемшілік жоқ еді. Я өзің үшін иман келтірсең, иә имандық пайдаланамын десең, пайда береді, кәміл иман болады;

- Пайданы қалайша алуды білмек керек;

- Алланың құлы ретінде өзіңді ұста, өз пиғылыңды соған өз халінше ұқсатуға шарт қыл;

- Ол үшін Алла тағаланың сипаттарын: Хаят (тірі болу), Ғылым, Құдірет (күш), Басар (көру) Сәмиг (есту), Ирада (есту), Кәлам (сөйлеу), Тәкин (болдыру) қабыл ал, меңгер;.

- Алла тағала өлшеусіз, біздің ақылымыз өлшеулі;

- Біз Алла тағала «бір» дейміз, «бар» демеклік те-ғақылымызға ұғымның бір тиянағы үшін айтылған сөз. Болмаса ол «бір» демеклік те Алла тағалаға лайықты келмейді... Ол «бір» деген сөз ғаламның ішінде, ғалам Алла тағаланың ішінде.

- Ықтиярсыздық Алла тағалаға лайықты емес;

- Алла тағалада болған құдірет- ғылым һәм рақымет;

- Алла тағаланың сегіз сипатының ішіндегі рахман (жарылқаушы), рахим (мейрімді) ғафур (кешіруші), уадуд (сүюші), хафиз (қорғаушы), сәттар (айыпты жабушы), разақ (қызық беруші);

- Алла адамды хайуаннан гөрі сүйкімді қылып, махаббатпен жаратқан; (гузәл сипатты беріп, екі аяққа бастырып, басын жоғары тұрғызып, дүниені көздерлік қылып, өзге хайуандар секілді тамақты өз басымен алғызбай, ыңғайлы екі қолды басқа қызмет еттіріп, аузына қолы ас бергенде не ішіп, не жегенін білмей қалмасын деп, исін алып ләззаттанғаңдай қылып ауыз үстіне мұрынды қойып ...) [67];

- Кім өзіңе махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың қарыз емес пе?

- Табиғаттың адамзат үшін байлығы;

- Алланың пеңделеріне салған жолы: жақсылық-жәрдем, пайғамбардың ізгі сөзі, егер сен Алланы сүйсең, о да сені сүйеді;

- Ынсап, ұят, әділеттен шығады;

- Әділет, шапағаттан босанбаңдар;

- Ғылым, рақым, әділеттің шарты- ыжаһат, талап;

- Жәуапмәрттік (жақсы адам) үш сипаттан тұрады: сиддық (шындық), кәрім (ізгілік), ғадит (даналық);

- Бұның өзі адамның шамасына орай болады;

- Шын ниетімен бәрін реттеп отыруы керек;

- Үш хасләттің иелері алдымен пайғамбарлар, әулиелер, хакимдер, кәміл мұсылмандар;

Пеңделіктің кәмәләті әулиелік бірлән болатұғын болса, күллі адам тәркі дүние болып һу деп тариқатқа (дін жолы) кірсе, дүние ойран болса керек. Бұлай болғанда, малды кім бағады, дұшпанды кім тоқтатады, киімді кім тоқиды, астықты кім егеді, дүниедегі Алланың пенделері үшін жаратқан казыналарын кім іздейді?

- Ғұмыр өзі-хақиқат. Қай жерде ғұмыр жоқ болса, оңда кәмалат жоқ;

- Әулиелердің бәрі тәркі дүние емес еді (безген емес);

- Құдай тағаланың затына пендесінің ақылы жетпесе, дәл сондай ғашықпын демек те орынсыз;

- Дүниедегі бүкіл ләззат бұларға екінші мәртебеде қалып, бір ғана хақты таппақ, әрбір нәрсенің себебін таппақ бірлән ләззаттанады;

Информация о работе Жоғарғы мектпте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту