Жоғарғы мектпте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 18:48, монография

Описание работы

Монографияның «Кіріспе» бөлімінде оқытуға орай жарық көрген еңбектерге талдау жасалған. Дидактиканың шығу тарихын әлемдік педагогиканың ғылыми тұжырым-түйіндерінен іздейді.
Дидактиканың жүйесі, оның мазмұны пәндердің ішкі құрылымынан туындайтын пәлсапалық сарынына бағынышты болу үрдісі басыңқы сипатында жинақталған. Бұл бағытта автор «оқыту», «оқу», «оқытудың мазмұны», «білім мазмұны» т.б. ойлау әрекетін іске қосатын дидактиканың амал-тәсілдерін әдеби арналарды ізгілікті пішінге бағамдау тұрғысында дәлелдеп берген. Бұл нысананы ашу үшін дидактика аспектісіне қатысты терминдерге ерекше ыждаһаттықпен көңіл бөліп, оның оқыту үдерісінде қолданылу мәністеріне түрбірлеп, жіктеп, теориялық ұғымдарды айқындауға назар аударған.

Файлы: 1 файл

жоғарғы мектпте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту.doc

— 1.24 Мб (Скачать файл)

Білік болмай, сес болмайды дегенді түйсініп өссек, бүгінгідей барлық өндіріс орнын бөтен, жат ел тізгініне бермеген болар едік.

Қорыта келгенде, шығарманың негізгі түйіні даму деңгейіне жету жолдарының өрісін данышпан Жүсіп лұғат дастаны арқылы баяндап бергенін басты нысанаға алу. Біздер, келешектің тізгінін ұстайтын жасұландар тәрбиесін отбасымен үндесе отырып, осы ата-баба салған ізгілікті тәлімнің құрылымымен жоспарлауды ниет етпекпіз.

Бәйіттер дегеніміздің өзі өлеңнің екі жолдан құрылатын түрі, біздің қолға жеткен көркем шығармаларда бәйіт жоқтың қасы. Бұл да өткенімізді өмірге қайта әкелгеніміздің куәсі.

«Құтты білік» - халқымыздың құты, ырысы болған ілім. Ұрпақтарға, адамға бақыт берген, құт әкелетін білім. Ғасырлар бойы көзі ашық, көкірегі ояу ұрпаққа адалдык, азаматтық қасиеттерін, әдеп-адалдық дәстүрін сіңірген кітап. Әсіресе «Егер ашу-өкпең келсе, қатулан, сабыр қыл, сабыр кісінің сүйініші алдында», - деген жолдардан қазақ мақал-мәтелдерін салыстырғанда, ескертетін ерекшелік тек әдеби шығармаларда ғана кездесетін поэтикалық көркемдік әдіс, тәсілдердің біртектілігі, төркіндестігі десек, үстірт кететініміз анық. Мұның түп-тамырында бүкіл ой-толғам желісінің, ойлау табиғаты мен таным-білім қасиетінің тұтастығы, ғылыми-әлеуметтік тамырластық жатыр.

Осы қасиетті Құт дастанының әр сөзінің ой-толғамының жиырма бірінші ғасырда болашаққа тамыр жіберіп, тілге емес, санаға, жүрекке сүтпен сіңуін тілейміз.

Тоталитаризм тұсындағы көп зерттеулерде автордың мұраты мен мүддесін айқындайтын өз ойының тілдік құралдарын әр оқытушы өз деңгейінің өрісінде интерпретациялағаны бізге жаңалық емес. Осы бір кемшілік қайталанбас үшін барлық данышпан бабаларымыздың еңбектерінен дидактиканың пәлсапалық негіздерін жинап, жүйелеп, белгілі бір арнаға сұрыптау максатында көбіне зерттеушілердің (өкінішке орай, бүгінгі күнге дейін «Әдістеменің субстанциясы – дидактиканың пәлсапалық негізі» - деген тұжырымды зерделеген бірде-бір ғалым жоқ десем, шындықтан алшақ кетпесін) тұжырымдарын алға ұстанып отырмай, авторлардың дидактиканың пәлсапалық негіздерін тізбелеу әдістері мен амаддарына назар аудару приоритетті мәнге ерекше көңіл аударуды жөн көрдік.

Хас Хажиб Жүсіп Баласағұнидың еңбектерінде дидактиканың пәлсапалық негізінің ізгілікті желісі қалай жіктелген? Оның моделін автордың бәйіттерінен табамыз:

Ақыл - шырақ, қара түнді ашатын,

Білім жарық, қара түнді ашатын.

Білім жарық, нұрын саған шашатын,

Тілесең сен есендікте  жүруді,

Жаман сөзге қимылдатпа тіліңді.

Кісілерге мирас ата  сөзі ғой,

Ата сөзі ұқсаң - құттың көзі ғой.

Ей ақылды! Өкпе-сорға  шалдырма!

Сақтап атты, ашуға  бой алдырма!

Өкінерсің ренішті істе сен

Адасарсың қызбалықпен істесең.

Ренішті істің соңы - өкініш...

Ерге керек төзімділік күш-қайрат,

Тұру керек күн мен айдай нұр жайнап,

Жомарттық һәм салмақтылық қажетті,

Білімділік, ақылдылық қажетті.

Барлық іске зерек болса, парықтап,

Ала білсе өз керегін анықтап,

Сонда толық болар ісің, пішінің,

Білімді асты жейді баппен пісіріп...

Біраз нәрсе кісінің қас-дұшпаны,

Білсе оларды өзін қинап қысқаны.

Бұның бірі - тілдің жалған айтқаны,

Бұдан басқа - айтқан сөзден қайтқаны.

Үшіншісі - шарапқа аңсар ауғаны,

Шәксіз - текке өтер өмір қалғаны,

Тағы бірі жүгенсіз іс-қылығын,

Сүймес ешкім, алған жанды шырығын.

Енді бірі - зымияндық бықсыған,

Кісі үйін түтіндетіп тықсырған.

Және бірі: ашулы тіл - у, ашық...

Бұлар жетсе, бір-бірімен қосылып,

Одан Құт, Бақ безер аулақ жосылып.

Жақсы күнде жабар  жаңа бір тілек,

Жаман күнде мұңмен сөнер біртіндеп...

Білім құнын біліктілер біледі,

Білікті тек ақылды ұғып жүреді.

Асыл-дара, кім жарысар, таласар!...

Ессіздіктен тек жауыздық туады,

Ал жауыздық ізгілікті  буар...

Ізгі іс - елдің мақтаны,

Тек ессіздер сөйлеп, сөгіп  жатқаны.

Достық үшін құшақ жайса мәрт-жігіт,

Кісімсініп, біреу жасар  әккілік.

Ұсақ-түйек кінәмшілдік - бір қайғы, [54]

Асыл ердің ақ ниетін былғайды.

Кең бейілі күйкілік пен  өкпеге ерік бермейді...

Ізгілік - Оң; Ессіздік - Сол; Жүгің - Ар

Мехнат, жапа, күйініш, көз  жасы

Бұлар жамандықтың жолдасы.

Рахат, Даңқ, Қуаныш, һәм Салтанат -

Ізгі ниет еншілейтін мархаббат.

Қызмет қылмас, қалтыраған сараңға,

Қапаланып, қор боларсың аранда.

Сауал берсе - шеш тіліңді - жасырма!

Сұрамаса - ділмарсыма, тасынба!

Ақылды адам қарын  бақпас, ой бағар,

Жан семіртер, ой семіртер, ойланар.

Тән семіртер - нәр ауыздан сіңеді,

Жан семіртер - сөз құлақтан кіреді.

Жүйелі сөз - ұлылық, ессіз сөз - жер түбіне жіберер.

Көп тыңдай біл, сөздеріңді таңдай біл.

Қожа Ахмет Иасауи шығармашылығындағы дидактиканың пәлсапалық негізін екі жүйеге – Ізгі, Сұрлы (зұлымдық) деп жіктесек, Жүсіп Баласағұни шығармашылығына ондай әдісті қолдана алмаймыз. Оның басты себебі Ізгілік пен Зұлымдық жайы бәйіттердің мәтінінде үнемі қайшылықта рет тәртібімен келіп отырады. Мұнда метафора, метонимия, сарказм, кейіптеу т.б. троптық түрлері аталған қасиеттерді сипаттауға басты қызмет атқарып отырады. Еңбегіміздің негізгі мақсаты әдістер мен амалдардың генезисін данышпандардың еңбектері арқылы саралау болғандықтан, біздер әдебиеттің қисынына терең бойлай талдауды мақсат етпейміз. Әрине мүлдем тоқталмауға тағы да болмайды, себебі, әдебиет ғылымын меңгермеген адам дидактиканың пәлсапалық негізін шығарып, оны парадигма деңгейіне жеткізе алмайды.

Ж. Баласағұнның «Құтты білігін» тек ел басқарған өз заманының хандары, бектері, не әкімдеріне ғана емес, әлемдегі адамзат үшін дидактиканың пәлсапалық негізі деп қабылдаған орынды. Бұған тереңірек көз жеткізу мақсатында тағы да шығармадан үзіндіге көңіл бөлейік:

 

Қор толғанша кара шашың  ағарар,

Тәнім тозар, ой мен жылдар жаңарар!

 

Диалектика

Жатқан – тұрар,

Жанған – сөнер,

Не істесең де,

Толық толса,

Тола-толса жіңішкеріп

Жазыл жазың

Эпитет

көтерілген – жығылар,

шаршаған – тынығар,

толық істе бүгіл ер,

жіңішке өзі-ақ үзілер!

Ай қалды,

Кәрлі қысқа айналды!

Метафора


 

Келтірілген мысалдардан  байқағанымыз, мәңгіліктің жоқтығы, адамның төзімділігі мен сабырлылығы  және салихалылығының өзі аталған сипаттамаға бағынышты екендігіне көз жеткізеді. Жүсіп Баласағұни отбасы ішіндегі бала тәрбиесінің Ізгілікті мазмұнына ерекше тоқталып өткен:

Болса кімнің қатыны һәм ұл-қызы,

Ол байғұстың тыныш болмас ұйқысы!

Ұл-қызды ата көрде тыныш жата алмас,

Атасының атын ұл-қыз атамас!

Жапа қылды, алды дүние құтымды...

Ата жолын көрген бала тегінде,

Төзе алады ауырға да, жеңілге.

Жаны жұмсақ - қапты ұстаған баланың,

Жарық жүзі атауменен  ананың.

Қолдан ерте шығарсаңыз сіз егер,

Ұлдан қайыр жоқ, үмітіңізді үзе бер!

Кім ұл-қызын шолжандатса бетімен,

Тартар күйік, ет кескендей  етінен.

Бейбастақ қып өсірсе ұлдың қылығын,

Кінәлі әке, жазығы жоқ ұлының.

Құдай кімге берсе инаят, ықылас,

Екі дүниеде құт ұялап, ұмытылмас.

Кім құдайды шын пейілмен жақтасын,

Пәле, қайғы ашпас оның қақпасын!

Отбасындағы дидактиканың пәлсапалық негізін келтірілген бәйіттердің тұжырым-түйінінен аңғарамыз.

Бұдан байқағанымыз не? Ол - әдістер мен амалдардың жалаң өмір сүре алмайтыны. Әдіс пен амал белгілі субстанцияға қызмет етеді. Ол субстанция адамның кәсіп меңгерудегі мақсат-мүддесі мен ұстанған жолына тікелей бағынышты. Сондықтан да зиялы мен наданның, Ізгілікті мен зұлымның, ғалым мен пенденің арақатыстық қайшылығы ажыратылса жіктеліп, оның әр сападағы болмысын тани, сезіне алатын субъектілер қоғамға қажетті. Мұндай талаптар сонау ежелгі Түркі жұртынан басталғанын, қала берсе, б. ғ. д. V ғасырда әлемдік иерархияда пайда болғанын алдыңғы сипаттамалар мен топшылауларымызда атап өттік.

Бабамыздың асыл қазынасы ретінде  ментальді, эфирлі, ғарыштық қуат көздері қандай жағдайларда ашылмақ деген мұратын бәйітінің мәтінінен табамыз:

Жұрт алдында аузыңды бақ, лепірме,

Кісі үйінде көз қадірін кетірме.

Бастарда ойлан, сайла тілдің шырынын,

Қысыр сөзге қышымасын иегің,

Тұз-дәміңді бөліс, жаса қайырым,

Кешіре сал, көрсең кісі айыбын.

Шарап ішпе арамнан бой тасала,

Пасық болма, зинақорлык жасама.

Ішімдіктен мал-дәулетің шашылар,

Зинақордың ар-ұяты ашылар!

Ажал келмей, сарп қылмай күшіңді,

Ақылға сап, тындырып ал ісіңді.

Ізгілікпен кәрі-жастың күйін біл,

Сөз ісіңмен ел-жұртыңды сүйіндір.

Қай істе де қайсарлықтан айныма...

Елге түзу заң түз, ұқсын бір-бірін...

Тый нәпсіңді, сорың содан түбінде.

Сұғанаққа сырыңды ашып таратпа!

Опасызды есігіңнен қаратпа!

Ұл әкенің арқасында жаралар,

Ана қарнын тек бірнеше ай паналар.

Кісі қанын төкпе, мүлкін алмағын...

Өзге үшін құрбан болма тектен-тек,

Текке күйме, бағаңды  біл, кеткенше!

Кісілерге тіл тигізбе, жерлеме,

Зәрлі сөз -өрт, өртке  түссін ел неге?!

(риторикалық сұрау)

Бек, қызыққа құмарланба, шаттанба,...

Қос жиһанға билік еткің келсе егер,

Бес нәрседен қашық жүрсең, ел сенер.

1. Зорлық қылма, 2. араласпа арамға,

З.қанын төкпе, кек  сақтама адамға,

4. Шарап ішпе, 5. азғындыққа  салынба.

Бұлар бетті қор етеді.

Бек, баянды болсын десең  бектігің,

Сен үнемі ісін істе тектінің...

Нәсіп көріп алма қарғыс, назаны,

Зұлым заңмен боларсың ел мазағы.

Өзіңді бақ, қиялыңа алданба,

Өз тегіңді білмеу - қорлық жалғанда.

Адам естен басқаны  білімімен алады,

Білім, оқу-тоқуды еңбегімен  табады.

Тұтас болса ағайынның арасы,

Ала алмайды жәдігөйдің жаласы.

Біліктілер тек өзіне  сенеді,

Білікті мен бірлікті ер жеңеді!

Даңқ қонбай жатып ұшырма,

Ұя баспай үріксе, қайтпас құсың да.

Күні құрсын өркөкірек, кердеңнің,

Өзін көрмей, өзгелерден терген мін.

Ақымаққа қонған бақыт  тоналар,

Қалай келсе, солай ұшып жоғалар!

Ар намыстың садақасы қайран жан.

Бұл дүние рақаты - еңбекте,

Түгел алғың келсе, жердің ырысын.

Таза болсын сөзің, ойың, жұмысың.

Дүниені кеткің келсе  басқарып,

Шындық үшін от кеш, қалма  жасқанып!

Бәйіттен топтамамен берілген үзінділер сипаттың түрлеріне қарай екшеліп, модельге салынған. Мәтінді меңгерудің бір әдісі - ол алға ұстанған мұрат-мүддеңнің айқымдылығын нақты құру. Әдіс-әрекетсіз, іс-қимылдың ретінсіз, оның жолының нәтижеге апаратын өлшемінсіз дәрменсіз, тек сөз жүзінде сөйлеу деңгейінен шыға алмайтын категория. Сол себепті әдістің өзі дидактиканың пәлсапалық негізінен туады және өрбиді. Өрбу - іс-қимылға қатысты үрдіс. Өрбу -дамудың шыңы, даму - ширату үрдісі. Міне, бұл әрекеттер - тек ойлау әрекетінің соңғы өнімі. Соңда кез-келген әдіс қисындық ұғымнан тұрып, оны тәжірибеге жету үшін, меңгеруге тиісті нысаналы автордың мұратының денгейінде талдай отырып, қабылдаушы субъектіге жеткізудің іс-қимылының алгоритмін шығарады. Бұл - өзекті мәселе. Осы операцияны данышпан бабаларымыз өздерінің, субъектілерінің шеңберінде талдау, жинақтау, жалпылау, жалқылау, зерттеу, зерделеу, бара-бар ұқсастық белгісін табу, салыстыру, қайшылығын айқындау т.б. әдістердің тиімдісін дидактиканың пәлсапалық негізіне шоғырлаңдыра алған. Бұған дәлел жоғарыда толық берілді деп есептейміз. Бір бәйіттің өзін әр түрлі реңде меңгерген 90-жылдардың аяғы мен 2000 жылдың басында перцептивті әдіспен қабылдау деңгейі екі түрлі сипатта екеніне мән бере талдап өттік.

Информация о работе Жоғарғы мектпте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту