Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2015 в 18:13, дипломная работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғалы дамыған 50 елдің қатарынан көрінуді мақсат етіп, жаһандық кеңістікке бет бұруда ертеңгі ел тізгінін ұстар ұлттың ұрпағына сапалы білім алу мен оларды жан-жақты, саналы тәрбиелеудің қыр-сырын аша түсуге, жетілдіруге күрделі міндеттер жүктейді.
Адам тағдыры мен ұлт тағдырын қоғам талабына сай құру мәселесі еліміздің «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау» [1, 16-б.] – деп, айқын көрсетіледі.
КІРІСПЕ .....................................................................................................3
ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ ТАРИХИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ...............................................................................................10
XX ғасырдағы саяси-әлеуметтік жағдайлардың Әзілхан Нұршайықов дүниетанымының қалыптасуы мен шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларға әсер ету факторлары.............................................10
Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды талдауға негіз болатын әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдар, педагогикалық тұжырымдар...................................................................29
Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың мәні, жүйесі, құрылымы және мазмұны...........................59
ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ МАЗМҰНДЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Шығармаларында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырлар бейнесі арқылы азаматтыққа, ерлікке, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу идеясы...........................................................68
Махаббат, қызық мол жылдар», «Мәңгілік махаббат жыры» шығармаларындағы адамды сүю идеясы...............................................80
Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды оқу-тәрбие үдерісіне ендіру жолдары.................................................100
ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................132
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................134
ҚОСЫМША ...........................................................................................
Жазушының шығармасында 60-70 жыл бұрынғы аналардың қыздарына айтқан ақылы өз заманында өзекті мәселе болғандығын тілге тиек етсе, осы мәселенің бұл күнде де күн тәртібінен түспей келе жатқандығын білеміз. Тіпті қыздарымыздың киім киісіне еуропаланудың, батыстықтың салқыны тиіп, қыздарымыз көйлектің қысқалығына, кеуденің, белдің жалаңаштануы қосылып, тәрбиеге жанашыр тұлғалардың назарын аудартуда. Мұның тәрбиеге жат көрінісін ғана зерделемей, оның денсаулыққа зияндылығы, дінге қайшылығы, т.б. жан-жақты қырынан зерттеліп айтылып жүр.
С. Асфендияров атындағы Мемлекеттiк медицина университетiнiң профессоры, медицина ғылымының докторы, Қ. Тоғызбаева нәзiк жыныстыларға мұсылмандық әдепке сай жүрудiң қажеттiлiгiне ғылыми дәлелдер келтiредi:
…Ашық-шашық киiнген әйелдер көркiмен ер-азаматтарды елiктiрiп, құмарлықтарын оятып қана қоймайды, ол өзiне де қатер төндiредi. Бiрiншiден, ғылыми дәлелденгендей “көз тию” деп аталатын пәлекеттен аман қалу мүмкiн емес. …Әрине, “көзi өткiш” адамдар сирек кездеседi. Бiрақ, бүгiнгi ғылым анықтағандай, әсiресе ер адамдардың тесiле қараған көзi өте зиянды екен. Сөйтiп, …бұл дүниеде түрлi дертке ұшырайды, жолы, бағы байланады… Екiншiден, ер адамдар көбiне көктен, әйелдер жерден қуат алады. Сондықтан да болар, әйелдiң шашы магнит тәрiздi ауадағы кiр-лас қуатты жинағыш келедi. Бұл да оның әсiресе, бас ауруына ұшырауына әсер етедi. ...Үшiншiден, ашық-шашық жүрген әйел көктен өзiне қажет емес қуат алады. Сөйтiп, онда еркектерге тән тестостерон гармоны пайда болады, нәтижесiнде ағзаның гармональды бұзылуы етек алып, жыныс органдарындағы қатерлi iсiк, т.б. ауруларға жол бередi.
Ал, баланың бiтуi мен тууына аса қажет әйелге тән экстрогенос гармондарының керектi мөлшерде қалыптасуына ықпал ететiн – жерден келетiн қуат ұзын, кең көйлек арқылы әйел денесiне молынан, еркiн өтедi. Тар шалбар бұл процеске кедергi жасайды.
…Осы қуаттар үйлеспеуiнен қоғамда жан түршiгерлiк ауытқушылықтар пайда болуы мүмкiн (лесбиянкалар, гомосексуалистер, трансвестистер т.б.). Күштi феминистiк қозғалыстар салтанат құрған батыста бедеу әйелдер мен еркектердiң көбеюi, сөйтiп моральдық азғындаудың шыңына жетпеген ТМД елдерiнен бала асырап алу өзектi мәселеге айналуы тегiн емес (Қоңырбаева С. Отбасы: бала мен ата-ана. Алматы. 2006 ж. – 199 б.). Дәрігер-ғалымның бұл ойы қыз баланың киім киісінде тәрбиеге тән беруі, тағдырына, денсаулығына тікелей қатысты екендігіне ғылыми негіздерді көрсетуі деп ұққанымыз жөн.
Шындығында, жазушы «Махаббат қызық мол жылдар» романында қазақ қызының тәрбиесі, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, киім-киісі туралы баяндай отырып, қыз бала тәрбиесіне жанашырлығын, оқырманына шығарма арқылы тәрбиелеуге басымдылық бергенінен байқауға болады. Жазушы бұл шығарманың өмірге келуіне де қыздардың себепкер екендігін, өзінің қиын-қыстау кезінде ер-азаматқа қамқор бола білген бірге оқыған дос қыздарына деген сыйластықтан туған дүние екендігін айтып жүр. Шығармада сол замандағы қыздардың жарқын бейнесі арқылы қазақ қыздарына тән тағылымды көрсетуімен қатар, оқырмандарға бас кейіпкер Меңтайды ізгі қасиеттерді бойына жинақтаған жиынтық образ ретінде танытты.
Жазушы шығармаларының дені жастарды болашақ отбасылық өмірге даярлауға оқулық іспеттес. «Халқымыз ежелден ұлын адал, қызын пәк етіп өсірген. Өйткені, пәктік жас жұбайлардың бір-біріне болашақ қадір-құрметінің достық-сыйластығының, риясыз берілгендігінің басы деп білген. Ендеше, біз өз ұрпағымызды ата-бабамыздың дәстүрі негізінде неге тәрбиелемейміз?!» - деген ойы бүгінгі этнопедагогикалық білім беру, білім мен тәрбиеде ұлттық мазмұн болу деген идеямен ұштасады. Бұл жазушының ұрпақтың ұлттық сипатын сақтауы үшін ұлттық тәрбие беру керек деген бастамасының кеңестік кезеңде де батыл айтылған пікірлерінің бірі екендігі анық. Халықтың шынайы өміріне бойлаған адам ғана осындай шынайы да өткір ой көтерсе керек.
Жазушы Ә.Нұршайықов қыз бала тағдырына жанашыр тұлға ретінде қоғамға танылып, бұқаралық ақпарат құралдарынан сұхбаттар беріп, жастар тәрбиесіне қатысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, оқу орындарына кездесулерге жиі шақырылды. Сондай бір кезекті кездесуінде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтында студент-жастармен кеңінен әңгімелесті.
Кездесуде «Мен Сіздерге әке де, ұстаз да емеспін. Сіздермен сирек кездесуші сырттай сырласушы, алыстан ақыл айтушы көп жазушының бірі ғанамын» - деп зиялылық танытқанымен, оның сөйлеген сөздерінің барлығы дерлік педагогикалық ойлармен үндесіп, болашақ педагог-мамандардың алған білімінің тіні болып өрілді.
Өмірдің мәнін еңбектен табу деген өзінің жазушылық ұстанымын қыздар тәрбиесіне байланыстырып көрсете білді: «Қыздар, сүйген жігіттеріңе сүйікті жар боламын десең, ата-енеңе қымбатты келін боламын десең, шәкірттеріңе үлгілі шәкірт боламын десең, егде тартқанда келісті ана, кемеңгер әже боламын десең, еңбекшіл болыңдар! Еңбекшіл әйел – ерге сүйікті, елге сүйкімді, семьяға сыйлы» – деп еңбексүйгіштікке қыз балаларды шақыра білді, үндей білді. «Қыздар, ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар, ұрысқақ болмаңдар! Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, ұйымшыл болып өсіңдер» - деген этнопедагогикалық ойлармен сабақтайды.
Жазушы Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгер, майданда халыққа танымал Мәншүк Мәметовамен бірге болғандығын, оның ерлігі мен қаһармандығын қыз баланың қазақы табиғатымен үйлестіре суреттейді. Мәншүк – қазақтан шыққан қаһарман тұлға. Жазушы естеліктері мен шығармалары арқылы Отан үшін жан қиған қазақ қызының өршіл бейнесін, соғыстағы көрсеткен әскери шеберлігі, шалымдылығы мен алғырлығы, тапқырлығы мен қайсарлығы, өткірлігін оқырман қауымға сенімді де шынайы таныстырды. Кез келген оқырман Мәншүк бейнесіне сүйсінді, ерлігін мақтан тұтты.
Жазушы өз замандасы Мәншүктің қазақ қызына тән тәлім-тәрбиені меңгерген ақыл мен парасаты сай ару бола білгенін дәріптеді. Соғыс болғанымен, жастар арасында жасқа тән қызығушылық, ортадағы қыз балаға деген әр түрлі ілтипаттың қатар жүретіндігі – өмір шындығы. Дәл осындай әңгімелер барысында Мәншүктің «Соғыс екен деп мен ешкімге өзімді тәлкекке бермеймін. Халқымның ежелгі дәстүрі бойынша өзіме бұйырған жігітке пәк күйімде қосыламын. Сүйген, серттескен жігітім жоқ. Соғыс біткен күні қайсысың маған қол созсаң, мен соның адал жары боламын. Пәк жалынды жанымды жауды жеңген солдатқа арнаймын», – деген сөзіне «айналайын, қарындасым, қандай асыл қыз едің?!» – деп сүйсінуі қазақ қызының тәрбиелік деңгейіне берілген педагогикалық баға деуімізге болады.
Жазушы Әзілхан Нұршайықов – жеке тұлға ретінде оқырмандарына өз өмірімен үлгі бола білген, тәрбиеге бағыт беруші. Жастар қызығатын махаббат тақырыбы арқылы тәрбиелеуге ол өзінің шығармашылығымен қатар, өмірін, махаббатын, сүйген жарын таза, қоспасыз, өмір шыңдығының таразысына тартып көрсетті. Бағалауды оқырманның еншісіне берді. Оқырман жазушыны үлгі болар идеал-тұлға ретінде таныды. Жазушының жары қарапайым қазақ қызы Халима да махаббат сезімін ардақ тұтар ер жігітке лайық бойжеткен, ер-азаматқа серік жар, бала тәрбиесіне ықпалды ұстаз-ана, кемеңгер әже бейнесінде кезең-кезеңімен тұлғасы айқындала түсті.
Жазушы өзінің 9 жыл ғашық болып қосылған, 54 жыл бірге бақытты өмір сүрген жан жары Халимаға арнап «Мәңгілік жырын» дүниеге әкелді. Шығарма Халима қайтыс болғаннан кейін жазылған. «Халима – бүкіл тіршілігімнің нәрі, өмірімнің мәні» деп баға берген жазушы өзіне айнымас серік болған қазақ қызының бейнесінен қазақ әйелінің болмысына дейінгі деңгейлерді суреттей отырып, жеке тұлғалық сипаттарын төмендегіше ашады:
Халима бейнесін сомдау арқылы жазушы қазақ қызының болашақ отбасылық өмірдегі әлеуметтік рөлдерді, этноәлеуметтерді меңгерген ана педагогикасын сипаттай баяндайды.
Сондай-ақ, жазушы тәрбиенің ұрпақтар сабақтастығы арқылы нәтижесі байқалатындығын пайымдап, «Азаттық» радиосында берген сұхбатында қыз бала тәрбиесін қолға алуға шақыратындығын төмендегі ойларымен түйіндейді:
«Қазақтың қызы ұлттың анасы болғандықтан, бар жақсы қасиетті бойына жинап өсуі керек» - дейді де «Қыз ең алдымен – ана тілінің көзі, бастауы, бұлағы. Ана тілі қызбен бірге туады, қызбен қоса жараланып, сонымен бірге өседі, өркендейді. Қыз ана тілінің анасы, академигі, қоғам қайраткері. Қоғамда әйел араласпайтын ешбір сала жоқ. Ол қоғамның ең тиянақты қызметкері, жаны, жүрегі. Әйелсіз ешбір қоғам алға баспайды. Бала да қоғамның жайқалған жемісі, ол жақсы жемісті өсіретін де – әйел! Міне, менің ойымша, қыз дегенің осы! Сондықтан, ұлт анасы, ұлт тәрбиешісі қыздарымыз аман болсын! Қай ғасырда да ұлттың тәрбиешісі бола білген қыздарымыз ХХІ ғасырда да осы қалпынан, осы тәрбиелілігінен айырылмасын».
Жазушы Ә. Нұршайықов өз көркем әдебиеттегі шығармаларымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы берген сұхбаттары мен мақалаларында, кездесулер мен конференциялардағы жасаған баяндамалары мен арнау сөздерінде ұрпақ тәрбиесі, оның ішіндегі қыз бала тәрбиесі жөнінде мәселе қозғауды ұмыт қалдырған емес. Бұл қоғам алдында жазушының азаматтық парызына айналғандай. Сондықтан да жазушы Ә. Нұршайықовтың тәлім-тәрбиелік идеяларын шығармашылық мұрасы арқылы педагогика ғылымы арқылы зерттеп-зерделеп оқу-тәрбие үдерісіне пайдалану, әсіресе қыз бала тәрбиесіне қатысты шығармаларды дидактикалық материал ретінде қолдану ұтымды да тиімді болар еді.
2.3 Әзілхан Нұршайықов
Тәуелсіздікке қол жеткізген мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар еліміздің жас ұрпақтарына тәлім-тәрбие беруде Әзілхан Нұршайықов шығармашылығының құндылығы айқындалып, ондағы педагогикалық идеялары бүгінгі уақыт талабына негізделген өзектілігімен сипатталғандықтан, оны оқу-тәрбие үдерісіне ендірудің қажеттілігі дәлелденеді.
Кез келген адамның өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері болатыны анық, бірақ осыған қарамастан, ол қоғамның қойып отырған талап-тілектеріне жауап беруі тиіс. Себебі, әрбір адам ортада өмір сүретіндіктен қоғамнан тыс шеттеп қала алмайды. Жеке тұлғаның қоғамнан алар орны оның сол ортаға қалай сіңісетіндігімен, оның талаптарын орындауда қабілетінің қай дәрежеге сай келетіндігімен анықталады.
Бүгінгі қоғамдық қажеттіліктер егемен еліміздің әрбір азаматының, әрбір жас ұрпақтың бойында қалыптасуы тиіс қасиеттерді нақтылап көрсетеді және олардың даму деңгейі тәрбиенің тиімділігін дәлелдейді.
ҚР жоғары білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасында көрсетілгендей [7-б.]: «Қазақстанның мәдени және экономикалық өміріндегі жетістіктері, көп жағдайда, адамгершілік мәдениеті биік, сонымен бірге бәсекеге қабілетті жоғары технологиялық экономиканы ғана емес, асқақ рухани құндылықтарды да жасай алатын мамандардың жаңа буынын дайындауды қамтамасыз етуге бағытталған жоғары білім беру жүйесін түбегейлі қайта құрумен тығыз байланысты».
Осыған орай, руханият пен білім беру салаларын дамытуды қамтамыз ететін «Мәдени мұра» бағдарламасында: «Жаңа да жүйеленген білім ғылыми-педагогикалық айналымға да қосылуы үшін, яғни монографиялар мен ғылыми басылымдардың тақырыбы ғана болып қоймай, жоғары және орта мектептердің оқулықтары мен оқу бағдарламасына ену үшін жұмыс атқару айрықша маңызды» екендігі нақты көрсетілген [ 2-б.].
Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылық мұрасында тәрбиенің сан алуан түрлері (еңбексүйгіштік, патриотизм, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, өзін-өзі тану, махаббат, т.б.) қамтылғаны анықталды. Мұның бәрі жеке тұлғаның адами болмысын, яғни тұлғалық қасиеттерін, рухани-адамгершілік бейнесін қалыптастырады, заман талабына сай жан-жақты кемелденуіне игі ықпал етеді.
Шынайылықпен, нақтылықпен, тарихи деректермен, көркем тілмен суреттелген Ә. Нұршайықов шығармаларын оқи отырып, ондағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерін талдау барысында жастармыз ақын туындыларынан өнеге алады, сана-сезімін жоғарлатады, ой-өрісін кеңейтеді. Ә. Нұршайықовтың тағылымды, мән-мағыналы шығармалары мол болғандықтан, бүгінгі таңда жазушының бай мұрасына жете көңіл бөлінбей келе жатқаны толғандырады.
Осы олқылықты толтыру мақсатында ҒЗЖ негізінде жалпы білім беретін мектеп пен колледж оқушыларына Әзілхан Нұршайықовтың шығармаларындағы тағылымдық идеяларды меңгерулерін қамтамасыз ету үшін оқу-тәрбие үдерісіне ендіру жолдарын қарастырып, тәрбие жұмысының жоспарына қосымшалар енгіздік.
Оны тәрбие жұмыстарында пайдаландық. Ең біріншіден, жазушының өмірбаяны мен шығармашылығын оқып-зерттей отырып, шығармаларына тартуды қарастырдық. Бұл оқушылардың қызығушылығын туғызды. Соңы оқушылардың кездесулеріне, сырттай сұхбаттарына ұласты. Бірнеше рет мектеп пен колледж сахналарына жазушы шығармаларынан қойылымдар қойылды.
Ол оқу-тәрбие үдерісіндегі педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың қабылдауына оңай әрі осы заман тұрғысынан балалардың қызығушылығын арттыратын, ішкі сұраныстарына жауап беретін әдістемелік тұрғыдан қарастырылды.
Жазушы шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды бүгінгі ұрпақтың мүмкіндігіне орай, талдап-талқылаудың мүмкіндігінің молдығы жазушының өзі бар, әлі қай жастағы оқырманымен де салауатты тілдесе алатындығымен тікелей байланысты. Сондықтан да жаңа технологияларға сай сабақтар өткізгенде (дәріс-пікірталас, пресс-конференция) жазушының өзі қатысып отырды.
Жазушы Ә. Нұршайықовтың шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды оқу-тәрбие үдерісіне ендіру жолдарын қарастырғанда: ауызша, практикалық, репродуктивті (мазмұнға сай білім беру), индуктивті, дедуктивті, проблемалы-ізденушілік, шығармашылық, психологиялық, көрнекіліктер, т.б. түрлері мен әдістерін пайдаландық.
Әзілхан Нұршайықовтың тәлім-тәрбиелік идеясының бір үлгісі, жастар арасында ойналатын «Ғажап ойын» (Абайдың кітабымен бал ашу) берілген (Ойынның тәртібі қосымшада берілген). Бұл кезінде мұғалімдер арасында ойналатын ойын делінген, бүгінгі педагогикадағы интербелсенді әдіс-тәсілдердің түрлеріне саяды. Ойынның артықшылығы:
Информация о работе Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар