Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2015 в 18:13, дипломная работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғалы дамыған 50 елдің қатарынан көрінуді мақсат етіп, жаһандық кеңістікке бет бұруда ертеңгі ел тізгінін ұстар ұлттың ұрпағына сапалы білім алу мен оларды жан-жақты, саналы тәрбиелеудің қыр-сырын аша түсуге, жетілдіруге күрделі міндеттер жүктейді.
Адам тағдыры мен ұлт тағдырын қоғам талабына сай құру мәселесі еліміздің «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау» [1, 16-б.] – деп, айқын көрсетіледі.
КІРІСПЕ .....................................................................................................3
ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ ТАРИХИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ...............................................................................................10
XX ғасырдағы саяси-әлеуметтік жағдайлардың Әзілхан Нұршайықов дүниетанымының қалыптасуы мен шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларға әсер ету факторлары.............................................10
Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды талдауға негіз болатын әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдар, педагогикалық тұжырымдар...................................................................29
Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың мәні, жүйесі, құрылымы және мазмұны...........................59
ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ МАЗМҰНДЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Шығармаларында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырлар бейнесі арқылы азаматтыққа, ерлікке, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу идеясы...........................................................68
Махаббат, қызық мол жылдар», «Мәңгілік махаббат жыры» шығармаларындағы адамды сүю идеясы...............................................80
Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды оқу-тәрбие үдерісіне ендіру жолдары.................................................100
ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................132
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................134
ҚОСЫМША ...........................................................................................
1-жүргізуші:
I «Жұп таңдау» кезеңі.
Асыл арман, мақсат деген бізбенен,
Арман қуып, кетерміз біз ізбенен.
Алдымыздан шықса екен деп тілеймін.
Бақыт жолы біздер ғана іздеген, - дей келе жұп таңдау байқауын бастаймыз. Ол үшін жүрекшелер 2-ге бөлініп, ішкі бетіне өлең шумақтарының екі жолы жазылады. Екі жұп өлеңді құрастыру арқылы өз жұптарын дұрыс тапса, жұп аты шығады.
1. Гүлсезім.
2. Балдәурен
3. Балауса.
Жұп таңдау.
Сыйлау керек Гүлсезімді сыйлау керек,
Сыйлау керек жәбірге қимау керек.
Жауқазындай жайқалып ғұмыр бойы,
Жүректердің жылуын жинау керек.
Балдәуренім – аяулым ақ арманым,
Жыл сайын жасарғаным, жаңарғаным.
Қызық қуып терезеден қадалғаным,
Білім қуып сыныпта қамалғаным.
Білімді біз Балауса жас армандар,
Көп үйреніп бар ұстазға ұнағандар.
Қиындықта тосылып саспағандар
Бастарына тек кітап жастағандар.
ІІ. «Кел, танысайық!» Жұптарды таныстыру.
2-жүргізуші:
Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалып айтпас,
Әрқашан да нанымды.
Сол шындықты күнделікті
Көріп жүрміз өмірден.
Жастарменен танысайық,
Тілекші боп көңілден, - деп жұптардың таныстыруына кезек береміз. «Кел, танысайық!» (өлең жолымен арнау)
Жұптардың таныстыруы.
Жастық шақтың біз гүлдерін тереміз.
Бір сыныпта бірге оқып келеміз
Балалықтың Балдәуренін өткізіп.
Ұстаздарға жақсы жеміс береміз.
Ерке өсіп, ен жайланған ұл менен қыз
Асыға сәлем жолдаймыз, жүректен біз.
Балауса сезім, асқақ арман, биік талап,
Бақыт, шаттық, қуаныш біз тілейміз.
Гүлсезім жанарында жақұт тұнар,
Тәттіні, ащыны да татып тұрар.
Жастықтың бар жақсылық, қызығына,
Еліктеп бүршік жарған бақыттылар.
III. «Махаббат — мәңгі ертегі» білім-білік байқауы.
1-жүргізуші:
Сезімнің сыңғыр үнді сазын ұғып,
Жастықтың жарасымды назын ұғып.
Махаббат айдынында қатар жүзген,
Ғашықтық белгісінің жан сырын ұқ.
Қиялдың қалай құсы ұшар кімге,
Көкірек көзі керек түсінуге.
Тұр ма екен сенің арман бейнең күліп.
Мәңгілік махаббаттың бесігінде, - дей отырып, кезекті «Махаббат – мәңгі ертегі» білім-білік байқауына береміз.
2-жүргізуші:
Сіздер қалай ойлайсыздар, махаббат дегенде бұл атау бір адамға ғана тиесілі бола ма? Бұл сұрақтың шешуін махаббат кестесі арқылы анықтаймыз. Тақтаға плакат ілінеді.
Плакатта ұстаз, Ана, Отан, қыз-жігіт суреті жапсырылған. Үлестірме қағазда тапсырма жазылады. (Жүрекшені қосып алады) Жұптар үлестірме қағаз арқылы тақырыпты ашады. 4-үлестірме қағаз көрерменге беріледі.
Тапсырма:
Әрбір жұп қолдарындағы жүрекшеге бір шумақ арнау жазып, берілген тапсырма бойынша плакаттағы суретке қадау керек. Жұптардың орындаған тапсырмасын қорытындылау мақсатында «Махаббат кестесі» ілінеді.
Махаббат кестесі.
Махаббат орны |
Кімге арналған Махаббат |
Махаббат түрі |
1. Отан, туған ел, жер, қала, дала. |
Отанға, туған ауылға, елге, жерге, тұрған қалаға. |
Адал, пәк, шексіз махаббат. |
2. Ата-ана, бауырлар, туған-туыс. |
Әкеме, анама, апама, аға-бауырыма, туған-туыстарға |
Перзенттік махаббат |
3. Еңлік-Кебек, Ақан сері - Ақтоқты, Қозы Көрпеш - Баян Сұлу, Қалқаман - Мамыр, Қыз Жібек пен Төлеген |
Жігіттің қызға, қыздың жігітке, ер азаматқа. |
Киелі, мәңгілік махаббат, достық. |
4. Мектеп, ұстаз |
Ұстазға, алтын ұяға. |
Шәкірттік шынайы махаббат. |
Білім-білік байқауына қатысқан сайыскерлерге ыстық ықыласымызды білдіре, рақмет айтамыз. Келесі кезеңде жастарымыздың өнеріне беріледі.
1-жүргізуші:
Шарықтатып, шырқатып тамсандырған талайды,
Әуелеген әсем ән көк аспанға тарайды.
Өнерпаз ұрпақ мерейі биіктерге жетелеп,
Қазағымның көгіне бақ боп мәңгі жанғай-ды.
Тапсырма:
1-жұп әнді бастайды, 2, 3-жұп әрі қарай жалғастырады.
Би: Берілген музыкаға (әр түрлі) ырғаққа сәйкес билейді. (өзбек, қазақ, түрік).
«Өнерлерің өрге жүзсін, жас ұрпағым, сарқылмасын бойларыңда таланттарың» деген ізгі тілекпен байқаудың келесі кезеңіне көшеміз.
V. Сенің таңдауың?
2-жүргізуші:
Қазақта «Тәрбие тал бесіктен басталады» деген қанатты сөз бар. Ержеткен ұлын «Жігітке жеті өнер де аз» деп тәрбиелесе, бойжеткен қызына «қырық үйден тыю, бір үйден жыю» деп тәрбие берген.
Ендігі тапсырма бозбалаларға: Бойжеткендердің бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?
Бойжеткендерге: Сенің таңдауыңдағы бозбалаңның қандай болғанын қалайсың? (қағазға жазып түсіреді)
1-жүргізуші:
VI. «Тіл – өнер» байқау кезеңі.
Ғашық болса көктем-қызға, жас жігіт,
Менің де бар жүрегімде жақсы үміт,
Нұрыңды құй, махаббат гүл құлпырсын,
Жырым саған, жүрген жаңа қаз тұрып, - деп келесі тапсырма бойынша «Махаббат және ғашық» сөздеріне талдау:
М - мен Ғ - ғашық
А - аралап А - адам
X - халқымның Ш - шынайы
А - арасынан Ы - ықыласпен
Б - бақытыма Қ - қауышады
Б - бастайтын
А - адамды
Т - таптым
VII. Сый-думан.
2-жүргізуші:
Сыйлау керек, адамды сыйлау керек.
Сыйлау керек, жәбірге қимау керек.
Сыйлау керек, сол үшін ғұмыр бойы.
Жүректердің жылуын жинау керек, - дегендей келесі байқау «Сый-думан» деп аталады. Сыйлық мимикамен жасалады, ұл-қызға мимикамен сыйлық ұсынады, қыз ұлдан қандай сыйлық алғанын айтады.
1-жүргізуші:
Жанып сөнген махаббаттар жылама,
Өткен күннен жалыныңды сұрама.
Өмір – асу, өмір – майдан, өмір – құз,
Өзіңе-өзің қайрат бер де, құлама! - деп бүгінгі сайысқа қатысқан өнерлі жастарымызға «Махаббат қызық мол жылдар» тілей отырып, ескерткіш сыйлықтарымызды тапсырамыз.
2-жүргізуші:
Білім — теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз, неге дейміз.
Әдебі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа еге дейміз.
«Қош» демейміз, әлі талай сайыстар бар.
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар.
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге,
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар, - дей отырып, бүгінгі сайыс кешімізді аяқтаймыз.
Жеңістер мен жеңілістерден тұратын, өмір күресі аяқталмасын. Ізденген жетер мұратқа,
Қатысудың өзі де жеңіс, - деген, жеңісті күнде кездескенше, достар!
Жаһандану жағдайында ұлттық мәдениетті, ұлттың өзіндік ерекшелігін сақтау қажет деген пікірлер көбірек айтылып та, жазылып та жүр. Бұл ұлттық тәрбиемен тығыз байланыста болатындығы белгілі. Даналардан «Ұлтыңды сақтаймын десең, қызыңды тәрбиеле» деген аталы сөз қалған. Сондықтан, қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу – уақыт тудырып отырған қажеттілік.
Осыған орай, Алматы қаласында «Қыз – елдің көркі» бағдарламасы мектептердің оқу-тәрбие үдерісіне ендірілді. Екібастұз қаласындағы қыздар гимназиясы да қыз бала тәрбиесін басшылыққа ала отырып, «Қыздар әліппесін» жасап, өз оқу үдерісіне енгізіп, педагогикалық-тәжірибелік жұмыстардың нәтижесін ғылыми түрде дәлелдеп көрсете білді.
Сондай-ақ, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Қазақ аруы» арнайы курсының жүргізілетіндігі де – білім беру жүйесінің өзекті мәселені қолға алып, жұмыс жасап жатқандығының дәлелі.
Қыз бала тәрбиесі тұрғысында Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, К. Қожахметова, С. Ғаббасов, Қ. Бөлеев, т.б. ғалымдар өздерінің ғылыми еңбектерінде келелі мәселелер көтеріп, оның маңыздылығы мен жолға қоюдың жолдарын көрсеткен. Ал, Л. Сырымбетова, А. Дайрабаева, Ж. Сарыбекова, Ұ. Есім, С. Қоңырбаевалар өз ғылыми зерттеулеріне қыз бала тәрбиесін арқау етті.
Дала ойшылдары мен ғұламалардың тәрбиеге қатысты ой-пікірлері мен бүгінгі қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын тәрбиеде басшылыққа алу педагогика ғылымында кең қолға алынып келеді. Алайда, оны педагогика теориясы тұрғысынан тәлім-тәрбиелік әлеуетін нақтылау, оны оқу-тәрбие үдерісіне ендіру – үздіксіз жетілдіріп отыруды қажет ететін үрдіс. Әл-Фараби, Қорқыт, Баласағұни, Қашқарилардан бастау алған тәлім-тәрбиелік идеялар Абай, Ыбырай, Жамбыл сынды тұлғалардың шығармаларымен ұштасып, халыққа танымал қайраткер-жазушылар Б. Момышұлы, Ғ. Мүсірепов, М. Әуезов, С. Мұқанов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, т.б. шығармаларында көрініс тапты.
Ақын-жазушылар – өз заманының тәрбиешілері. Олар өз шығармалары арқылы оқырмандарын ұйыта, сендіре білді, еліктетті, баулыды, үйретті. Демек, ақын-жазушылардың шығармаларын тәрбие құралы деуге дәйек бар.
Жазушы Ә. Нұршайықов та өз шығармашылығын соғыс кезіндегі ерлікпен батырлықты, отансүйгіштікті насихаттаудан, дәріптеуден бастап, бейбіт өмірде өзінің журналистік мамандығы тұрғысынан тағы да еңбек адамының жарқын бейнесі, адами ұстанымы, адамгершілігі мен әдептілігі, тәрбиелілігі туралы жиі қалам тартып отырды. Өз шығармашылығын журналистіктен жазушылыққа ұластыра білген тұлға күні бүгінге дейін өзінің субъектілік бейнесін оқырмандарға үлгі ретінде паш етіп келеді. Жазушы Ә. Нұршайықовтың қыз бала тақырыбында жазған тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің өзі дербес зерттеу тақырыбы болардай.
Пайғамбарымыз Мұхамед (с.ғ.с.): “Кiмнiң үш қызы болып, оларға дұрыс тәрбие берсе, маңдай терiмен тапқанымен киiндiрiп бақса, олар (яғни, қыздарды тәрбиелеп өсiргенi) ол үшiн тозақ отынан қалқан болады”, - деген Бұл – шынымен де қыз бала тәрбиесiнiң ата-ана үшiн оңайға түспейтiндiгi. Қыз баланың ары мен абыройы, сыры мен сымбатын сақтауы, келешек өмiрiне даярлығы – әрқайсысы өз алдына үлкен мәселе. Бұл тақырыптарда қаншама ғылыми еңбектер, мақалалар жазылып жүр. Алайда, дені өмір шындығын арқау еткен ақын-жазушылардың шығармашылығына арқа сүйейді.
Жазушы Ә.Нұршайықовтың «Ананың абзал қасиеттері, әдептілік пен ақылдылық, сыпайылық пен сыйласа білушілік туралы, жалқаулық – жаман әдет, шарапқорлық – бойға қорлық, темекі – тәннің жауы екендігі жайында жұртқа ғибрат боларлық мақалалар көбейсе, қыздар тәрбиесіне келтірер пайдасы көп болар еді деп ойлаймын» деген пікірі – педагогика ғылымына өзіндік үлес қосуға жанашырлығы. Қазақтың қыз бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктерін жазушы шығармалары арқылы ұтымды пайдаланады.
Меңтайдың «Апамның айтқандары» деп аталатын дәптерді қыз балаға қатысты қазақ халқының ұлттық педагогикасындағы өнеге-өсиет ретінде шығарманың тәрбиелік сипаттын арттыру мақсатында ұсынады:
«... - Қыз көйлегінің етегі тізеден жоғары шықпауы керек, себебі қыздың жалаңаш жеріне көп көзінің құрты түскіш келеді. Ал халықта: «Есті қыз етегін қымтап ұстайды» деген мақал бар.
- Шошаңдаған қыз шешесінің атына кір келтіреді.
- Ешкіммен барқылдап ұрыспа, бағаңды жоясың.
- Қарқылдап күлу, тарқылдап сөйлеу – дарақылық белгісі.
- Әйелдің жалаңаш денесі еркектің құмарлығын қоздырады. Ақылмен бөгеп, сабырмен тұсалмаған құмарлық таудан төңкерілген сең сияқты: жолындағының бәрін ұйпа-тұйпа етіп, жайпап, жойып кетеді. Сондықтан, әйелдің еркек құмарлығын қоздыратын ашық-шашық жерді көбейтпей, жауып, жария етілмейтіндей қымтап ұстауы абзал. Әсіресе, етекті қара санға дейін көтермеу, кеудені жалаңаштамау жөн. Сонда еркек елеңдемейді, әйел алаңдамайды, адалдық бұзылмайды»
Информация о работе Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар