Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2015 в 18:13, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғалы дамыған 50 елдің қатарынан көрінуді мақсат етіп, жаһандық кеңістікке бет бұруда ертеңгі ел тізгінін ұстар ұлттың ұрпағына сапалы білім алу мен оларды жан-жақты, саналы тәрбиелеудің қыр-сырын аша түсуге, жетілдіруге күрделі міндеттер жүктейді.
Адам тағдыры мен ұлт тағдырын қоғам талабына сай құру мәселесі еліміздің «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау» [1, 16-б.] – деп, айқын көрсетіледі.

Содержание работы

КІРІСПЕ .....................................................................................................3

ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ ТАРИХИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ...............................................................................................10

XX ғасырдағы саяси-әлеуметтік жағдайлардың Әзілхан Нұршайықов дүниетанымының қалыптасуы мен шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларға әсер ету факторлары.............................................10

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды талдауға негіз болатын әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдар, педагогикалық тұжырымдар...................................................................29

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың мәні, жүйесі, құрылымы және мазмұны...........................59

ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ МАЗМҰНДЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Шығармаларында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырлар бейнесі арқылы азаматтыққа, ерлікке, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу идеясы...........................................................68

Махаббат, қызық мол жылдар», «Мәңгілік махаббат жыры» шығармаларындағы адамды сүю идеясы...............................................80

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды оқу-тәрбие үдерісіне ендіру жолдары.................................................100

ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................132
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................134
ҚОСЫМША ...........................................................................................

Файлы: 1 файл

АРАЙЛЫМ ДИСС-Я.doc

— 1.13 Мб (Скачать файл)

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының жанындағы сәулет колледжінің кАрх-08-1 тобының оқушыларына «Қазақ әдебиеті» пәнінде және кураторлық жұмысыма қатысты тәрбие жұмыстарына пайдаланылды.

Ойын тәртібі бойынша Абай шығармалары арқылы жастар арасында өз мінез-құлықтары мен әрекеттері сарапқа салынады.

Біз бұл ойынды колледж оқушыларына Ә. Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы бойынша жүргіздік. Мақсатымыз: романның жастар арасында насихатталуы және оның тәрбиелік мағынасына мән беру.

1. Оқытушы жазушының «Махаббат, қызық мол жылдар» кітабы арқылы  адам тағдырына сипатта беру (бал  ашу) ойынын жүргізуге пайдаланады.

2. Дәрісханада оқушылар партасыз  дөңгеле отырады. Ойын бастаушы ол кітапты жоғары көтеріп тұрды:

  • Кәне, кімді болжайын? – деді.

Отырғандардың ішінен М. Есімді оқушы қол көтереді. Ойын бастаушы соның қарсысына келді де оған көрсетіп тұрып, кітапты ашты да:

  • Қай беті: оң жағы ма, сол жағы ма? – деп сұрады.

М. ойланып тұрды да:

  • Сол жақ беті – деді. Бұл кітаптың 120-беті болатын.
  • Қай жолы?– деп сұрады ойын бастаушы.
  • Он бесінші жолы – дейді оқушы.
  • Жоғарыдан ба, әлде төменнен санағанда ма? – деп сұрады ойын бастаушы.
  • Жоғарыдан.

Ойын бастаушы оқыды:

  • «– Білемін, - деп бас изеді Тана.»

Екінші рет С. деген ер балаға кезек келді.

Оған келген тіркес (56-бет, төменнен 9-қатар): «Ағай, сіз қалай ойлайсыз?- деді ол маған үлкен сабырлылықпен қарап...»

Үшінші кезекте Ж. деген оқушыға: «Лекция жазып отырғанда қол терлейтінін, ал...» деген тіркес (31-бет, 17-қатар).

Төртінші, Д. 91-беттегі 10-қатардағы «Советский Казахстан», «Жас ұлан» деген тіркесті таңдады.

Ойын осылайша, жалғасты. Енді тұжырымдау барысында оқушыларды бір-бірлеп тұрғызып жаңа аталған мәтіннің оның өміріне қанша қатыстылығы сұралды. Шынымен де М. өзінің көп сөйлемей, бас изей салатыны жөніндегі ұқсастығы дәл келетінін, С. өзінің көп сұрақ қоя беретінін басқалардың пікірін тыңдағанды жақсы көретінін айтты. Ж. сызу сызып, сурет салғанда қолы терлейтіндігі жайында, ал Д. Жасұлан атты ағасының бар екендігін айтқанда топтағылар таң қалды.

Бұл ойын ұзақ ойналды. Тіркесті сәтті таңдағандар да, жауап таба алмағандар да болды. Шынымен де бұл ойын психологиялық тренинг сияқты рөл атқарды. Үш оқушы кітапты оқуға ала тұруға сұрады. Мен қызықтыру мақсатында романнан махаббат тәрбиесіне қатысты екі сюжет айтып бердім.

Оқушылар қызыға тыңдады. Бұл ойын осылайша, өз тәрбиелік мақсатын ойдағыдай атқарды.

2008 жылдың желтоқсан  айында өткен «Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат» атты ашық тәрбие сағатының мақсаты: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жеткен кезеңдерін көрсету, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту» болатын.

Тәрбие сағаты жазушының «Тәуелсіздік тамсандырар таңдайды» (Нұршайықов Ә. Тәуелсіздік тамсандырар таңдайды //«Егемен Қазақстан» газеті. № 82 /22686/ 25 сәуір, сәрсенбі, 2001 ж.) атты өлеңімен ашылды:

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік – тәтті нәр,

Тамсандырар таңдайды.

Оны қанып ішпесе,

Адамның мейірі қанбайды.

2-жүргізуші:

Тәуелсіз болмай, жарқырап,

Тірліктің шамы жанбайды.

Тәуелсіз елдін ұланы

Қанатты құстай самғайды.

1-жүргізуші:

Тәуелсіз ұлт өркендеп,

Өсуінен танбайды.

Тәуелсіздіктен айырылсаң,

Тасқа ұрасың маңдайды.

2-жүргізуші: Осылай деп халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов жырлағандай, халқымызға сан ғасыр арман болған Тәуелсіздік еліміздің беделі мен мәртебесіне айналды...

Тәрбие сағатының соңы жазушының Әзілхан Нұршайықовтың «Тәуелсіздік туралы он ауыз сөз» (Нұршайықов Ә. Тәуелсіздік туралы он ауыз сөз //«Егемен Қазақстан» газеті. № 85-88 /22692/ 28 сәуір, сенбі, 2001 ж.) атты көсемсөздерімен қорытындыланды:

1-оқушы: Тәубеңнің басы тәуелсіздік болсын!

2-оқушы: Ұлттық тілдің, дәстүрдің салт-сананың мызғымас тірегі – тәуелсіздік. Тәуелді ұлт бұл байлықтың бәрінен айырылып, бейшара болады.

3-оқушы: Тәуелсіздік азаттықтың діңгегі – ұлттық өрлеудің ұлы күші. Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаһарман!

4-оқушы: Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле, құдайдай құрметте!

5-оқушы: Тәуелсіздікті қорғау – ұлттың ұйытқысын сақтау, еліңнің жеріне жау. жуытпау, халқыңның азбай-тозбай мәңгі өмір сүруіне өз үлесіңді қосу.

6-оқушы: Ханның да, қараның да рухани өзегі – тәуелсіздік. Өзгенің айырылған ел өледі.

7-оқушы: Тәуелсіздік үшін тәніңді да аяма. Ең қасиетті күрес – тәуелсіздік үшін күрес екенін ұмытпа!

8-оқушы:  тәуелді елдің сұлтаны болғанша, тәуелсіз елдің ұланы бол!

9-оқушы: Тәуелсіздік – тарих тұлпарының қос тізгіні. Тәңір қолыңа ұстатқан ол қасиетті тізгіннен айырылма! Айырылсаң – ит пен құсқа жем болып, айдалада қаласың, осыны ойыңда ұста!

10-оқушы: Тәуелсіздің тынысы тарылмайды, тәуелдінің тұншықпасы арылмайды. Тәуелсіздер тойын қуанышпен тойлайды, тәуелділер қалай азаттықты алуды ғана ойлайды. Тәуелсіздік тойын тойла, тойлай жүріп оны өркендетуді де ойла. Оған өзіңнің қосар үлесіңді пайымда!

Сондай-ақ, Наурыз мейрамының ерекшелігімен таныстыра отырып, ұлттық салт-дәстүрлерді, ана тілін қастерлеуге, адамгершілік қасиеттерге, тазалыққа тәрбиелеуді мақсат еткен «Наурыз-думан» атты тәрбие сағатын (Нұршайықов Ә. Наурыз жан жадыратар жылу төгеді // Алматы ақшамы. №34-35. 20 наурыз 2010) жазушының Наурыз мерекесі туралы көсемсөзімен аштық:

1-жүргізуші: Наурыз келді. Қыс кетті. Күн жылыды. Жер жібіді. Көк шықты. Көңіл көркейді. Жарқыра, Наурыз! Жайна, адамдар!

2-жүргізуші: Наурыздың шарапаты шалқып тұр қазір. Шалқығаны емес пе, биылғы Наурыз бүкіл әлем тойлайтын халықаралық мейрамға айналды.

1-жүргізуші: Бұл Ұлы той кезінде әркім өзінің ақ көңілін ақтарып, айналасының ақ пейіл танытады. Алыс-жақын ағайындарына ақ тілеу тілеп, көңіл қазынасынан көпшілікке шашу шашады. Жан жадыратар жылу төгеді.

2-жүргізуші: Наурыздан басталатын қасиетті көктем тар пейілді кеңітіп, тас жүректі жібітеді. Жұрттың бәріп күлдіріп, қуантады. Тіпті, оңашада жалғыз отырған адамның өзіне ыңылдап ән айтқызып, жанын рақатқа кенелтеді.

1-жүргізуші: Көктем келді, ағайын! Бұл көктемде де халықтар дос болсын. Көңілдер хош болсын. Алыс жақын болсын. Ағайын тату болсын. Дос адал болсын.

2-жүргізуші: Бірлік, ынтымақ, ықылас нығайтып, еліміз алынбас қамал болсын, жарандар! Биылғы Ұлы Наурыз құтты болсын! Жемісті болсын!

1-жүргізуші: Жеңісті болсын, халайық!

Осылайша, тәрбиелік мәні бар тәуелсіз туралы тағылымды ойлары мен ұлттық мерекеміз саналатын Наурыз мерекесіне арналған айшықты сөздері тәрбие сағаттарының мазмұнын байытты. Демек, Ә. Нұршайықовтың тәлім-тәрбиелік идеялары бүгіннің күннің көкейкесті мәселелеріне жауап берердей әлеуетті шығармаларымен құнды деп айтуымызға негіз бар.                                                  

Сонымен қатар, колледж оқушыларына «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша білім беру барысында да жазушының әдеби шығармаларының өмірлік тағылымды мәтіндерін оқыту арқылы түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ұғындырудың маңыздылығы жан-жақты қарастырылды.

Соңғы кезде педагогикада кең қолданылып жүрген интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану әдістемесі бойынша жазушы Ә. Нұршайықов шығармаларының әлеуетін сан қырынан ашып, оқушыларды тәрбиелеуге ықпал етуді мақсат еттік.

Интербелсенді әдістеме оқу мақсаттарын екі бағытта нақтылауды талап етеді:

1. Студенттердің оқу материалын меңгеру деңгейін (сапасын) бақылау.

2. Әр студенттің дамуын қадағалау.

Оқу мақсаттары өлшенбелі және нақты, айқын түрде келтірілген (мәселен, кез келген студент пен оқытушының тануына тұрарлықтай) оқу нәтижелерін арқылы көрсетілуі керек. Ал, өз кезегінде оқу нәтижелері студенттердің әрекеттері арқылы құрастырылады. Мұнда мақсаттарды нақтылаудың келесідей басты талабын орындау керек: мақсаттар оқу процесі нәтижесінде үйренушінің не жасай алатындығын (нақты әрекеттерді) көрсететін етістіктер арқылы сипатталуы керек.

Осы тұрғыда білім беру жүйесінде еңінен тараған педагогикалық идеялардың бірі – америкалық ғалым Бенджамин Блумның таксономиясын келтіруге болады.

Бірінші қарастыратынымыз – «Талдап оқу дағдыларын дамытудағы» AQCI  ә д і с і бойынша жазушының «Туған жердің ауасы» әңгімесі. Әуелі әдістің орындалуы талабын қарасырсақ:

  • A – (аргумент) дәйек
  • Q – (вопрос) сұрақ
  • C – (связь) байланыс
  • I – (следствие, вывод) қорытынды тұжырым

AQCI құрылымындағы басты қанатты сөз:

  • Автордың негізгі ойын білдіретін қанатты сөз немесе үзінді ой.
  • Мәтінге немесе бетке міндетті түрде сілтеме жасаңыз.

Дәйектер:

  • Мәтіннен автордың бірнеше сөйлемінен дәйектер келтіріңіз.
  • Автордың неге қарсы және нені қолдап отырғанын негіздеңіз.

Өмірмен байланыс:

  • Өзіңізге немесе жалпыға ортақ тәжірибеге, таныс немесе қарсы келетін бірнеше сөйлемдерді дәйек ретінде  келтіріңіз.

Мәтінмен байланыс:

  • Сіз көрсеткен мәтіндегі дәйектердің басқа да курстар мен мәтіндердегі дәйектер және нәтижелермен өзара байланысы, қолдауы немесе терістеуі.
  • Егер басқа мәтіннен қанатты сөз білсеңіз келтіріңіз және өз ойыңызша дәйектің қаншалықты сәйкес келетінін, өзара байланысы бар екендігін немесе терістейтінін кедергі келтірер басқа мәтіндегі ойлар мен дәйектерді қатар қойып түсіндіріңіз.

Нәтиже:

  • Қоғам мен тұлға арасындағы қарым-қатынасты, бірнеше қоғамдық аспектілерді анықтап түсіндіру үшін шыққан дәйектерден нәтиже мен қорытынды жасаңыз.

Ә. Нұршайықовтың «Туған жердің ауасы» әңгімесінің мазмұнынан оқушылар осы талаптарға сай, төмендегіше талдап оқып, тұжырым жасауға мүмкіндік тапты (толық мәтін қосымшада берілген).

Басты қанатты сөз: Ақан қалаға оқуға барғысы келетінін, оқу бітіргеннен кейін сонда қызметке қалуды ойлайтынын айтты.

Дәйек: – Бұл жердің ауасы жақпай жүр.

Дәйек: – Тәйт әрі! Туған жердің ауасы жақпайтын ба еді?!

Өмірмен байланыс: – Мен өмір бойы осы жерде өсіп келемін. Әлі күнге бір ыңқ етіп ауырған жан емеспін. Ауасы жақпаса ол не? Маған жаққан, бұл өңірдегі жұртқа жаққан ауа саған неге жақпайды? Әлде сенің жаратылысың бөлек пе мұндағылардан?... Өйтіп беталды сандалғанша бір жерде орнығып жұмыс істеу керек, шегіртке құсап секіре бермей. Шошақай қыздың шашбауындай сылдыратып жүрмексің ғой, мына теңгеліктеріңді омырауыңа тізіп алып...

Тұжырым: Ел мен туған жерді сүю, оған деген сүйіспеншілікті сақтау ата-анаңды, жарыңды, балаңды сүйгендей мәңгілік болуға тиіс. Себебі, оның сенің тағдырыңа тікелей қатысы бар. Сондықтан да сен оның алдында мәңгі баласы сияқты қарыздарсың. «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» - дегендей, анасының баласына есейіп кетсе де үлкендік салауатты ақыл беруі әрқашан жастарға үлгі болуы тиіс.

Осы әдіспен жазушының «Жалғыз дән», «Жарты дос», «Янтарь», «Телеграмма», «Көк қой», «Қойөсер мен Құттөбет» т.б. әңгімелерін талдауға болады.

+ AQCI

  • Әдісті пайдаланып күнделікті жазбаша жаттығуларды орындаттыруға, жаңа мәтіндерді оқуға болады. Көп уақытты қажет етпейді.
  • Студенттерге дәйекті дәлелден айыруға, мәтінді тұтас талдауға үйретеді.
  • Плагиатты (иемденіп алуды) терістейді.
  • Студенттердің зерттеушілік жұмыстарға дағдысын дамытуға көмектеседі.

Блум таксономиясы арқылы дағдылардың даму жолдары категориясы бойынша бағалауға қол жеткізеді

Б і л і м:

    • Ақпаратты пайдалану қабілеті
    • Оқиға, орны, тұлға туралы білім беру
    • Негізгі идеялар туралы білім
    • Пәнді оқып, меңгеру деңгейі

Нақты саны мен орны, сипаттауды сөзбен жеткізуден бастаңыз

Т ү с і н у:

    • Мәнін тез қабылдау қабілеті
    • Жаңа мазмұнды мәтінді оқып-талдауда өз білімін қолдану
    • Құралған немесе қарсы қойылған дәлелдерге болжам жасау
    • Себебін анықтау, реттеу иен жіктеу
    • Әсері мен зардаптарын баяндап беру

Қысқаша жеткізу мен сипаттауды,  болжам жасауды сөзден бастаңыз…

Қ о л д а н у:

    • Ақпаратты пайдалану
    • Жаңа жағдаяттарға сай теориялар мен тұжырымдамаларды, әдістерді пайдалану
    • Алынған білім мен дағдыны проблеманы шешуге пайдалану
    • Қолдануды, көрсетуді, қорытындылауды сөзден бастаңыз...

Т а л д а у:

    • Сипаттамалық үлгісін анықтау
    • Жеке бөлімдерді жүйелеу
    • Құпия ойды табу
    • Бөліктерін анықтау

Талдауды, жүйелеуді, жасауды сөзден бастаңыз...

С и н т е з:

    • Жаңаны жасауға ескі идеяларды пайдалану
    • Қолда бар дәлелдердің негізінде қорытындылау
    • Алынған білімді басқа білетін салалармен салыстыру 
    • Баяндап беру, қорытынды жасау

Информация о работе Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар