Әртүрлі жас шамасындағы балалардың даралық, тұлғалық қасиеттерін зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 16:49, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының білім беру заңында көрсетілгеніндей, адамзат құндылықтарының, ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау - білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр.
Әлеуметтік экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу-тәрбие жұмысының жаңару заманында ағарту саласының білім беру буынында шешуін күткен келелі мәселелер тұр.
Атап атқанда, ол балалардың жеке басын дамыту, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін, ішкі потенциалын анықтап, жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын балалардың жақын арадағы даму аймағына бағыттау.
Балалар тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәжірибе қарым-қатынас мәселесінде қилысады.

Содержание работы

КІРІСПЕ.........................................................................................................3-6
1 ӘРТҮРЛІ ЖАС ШАМАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Әртүрлі жас шамасындағы балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерінің педагогикалық - психологиялық мәселелері.............................................................................................7-15
Бастауыш мектеп кезеңіндегі балалар қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері..........................................................16-25
Өзара әрекеттестіктегі тұлғалық қатынастар.................................25-41
ТАРАУ ТҰЖЫРЫМЫ...................................................................42-44
ӘРТҮРЛІ ЖАС ШАМАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Әртүрлі жас шамасындағы балалардың даралық, тұлғалық қасиеттерін зерттеу............................................................................45-50
Балалардың топтағы қарым-қатынастарын бағалаудың талдамасы...........................................................................................51-59
Уақытша ұжымда психологиялық ахуалды қалыптатырудың жолдары..............................................................................................60-66
2-ТАРАУ ТҰЖЫРЫМЫ..........................................................................67-69
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................70-72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................…...73-75
ҚОСЫМШАЛАР....................................................................................

Файлы: 1 файл

Дип.-ӘРТҮРЛІ-ЖАС-ШАМАСЫНДАҒЫ-БАЛАЛАРДЫҢ-ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС-ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГО.doc

— 1.67 Мб (Скачать файл)

       Балалардың  рухани-жан  дүниесін оятып,  дүниетанымын  қалыптастыратын  әңгімелер.

      Осы  ертегілерді  естіп  көріп  және  оны  сахнада  ойнау  өте  үлкен  тәрбиелік  мәні  жоғары. Балалардың  мінез-құлқын  қалыптастырып,  олардың  білімін  дамытуда  сахналық  шығармалардың  эмоциялық  әсері  мол болады.

  Күнделікті  өмір  жағдайындағы  қиыншылықтардың  күтпеген  жағдайлардан  өз еркімен  шығуына  сахына  өмірі  үлкен  әсер береді. Әр түрлі   жағдайда  басқалармен  өзара әрекет  жасай  білуге,  өзінің  әрекеттерін  басқалармен өзара ақылдаса  шешуге  үйретеді.

   Сонымен  көремендер  ертегіні  естіп  санаға  құйу  да және  оны  сахнада  ойнауда  өте  маңызды  екен. Олай  болса  қазір  балалар ойнайтын  ертегіге  куә  болыңыздар.  Мұнда  балалардың  қиял ғажайып  ойыннан құрастырылған  “Ырыс алды-ынтымақ ” қойылымы.

 

“Ырыс - алды ынтымақ”

         Бұрынғы  өткен заманда. Асқар  тау бұйрат  белінде, көгалды  көркем  жерінде,  орман аңдары  өте  тату-тәтті  өмір сүріпті. Аңдардың  төресі  айбарлы Арыстан  болыпты. Орман төресі Арыстан  аңдардан  әр  кезде  де  татулық, бірлік,  ынтымақтастықты талап етіпті.

    Күндердің  күнінде  Арыстан аңдарды жиналысқа шақырыпты.

  Түлкі:(Ортаға  жүгіріп  шығып) Жиналысқа  келіңдер. Орман  төрағалары  арыстан  жиналысқа  шақырады.

(жан-жақтан келеді).

(Орман аңдарының  бәрі  жиналады.)

 

Түлкі: Әй  тасбақа  тарбандамай  болсаншы.

Тасбақа: “Асықпаған арбамен қоянға жетер” деп келе жатырмыз.

Арыстан: Иә, достар, Армысыңдар! Менің  сендерді  жинаған себебім. Қылышын сүйретіп қыс келеді.  Қазір жасыл шөп  жайқалып тұрғанда азық-түлік  қысқа  жинауымыз керек.

 “Қыс азығын-жаз  жина” дегендей кәзірден қамдансаң  деген ой  болып тұр.

  (Аңдардың бәрі келісіп, мақұлдайды).

Тасбақа: “Қар-қара жердің  көрпесі” дегендей, қар түскен соң  азық жинау  қиын болады. Мұнауың  дұрыс ақыл Арыстан жолдас.

   Қасқыр: “Еңбек  етсең ерінбей, тояды  қарның тіленбей”  демекші,  азық  жинайық.

 

Арыстан: ал онда іске сәт, достар!

 

Аңдар өз азықтарын жинауға  жан-жаққа кетеді. Бір күні тасбақа мен  кірпі  келе жатса,  бір жылыған дауыс  шығады. Жақын келіп  қараса,  қамыстың  арасында қоян  жылап отыр екен.

Тасбақа: Иә достым қоян, саған  не  болды?

Кірпі: Қоянжан сен неге  жылап отырсың,

Қоян (солқ-солқ жылып)  Иә достарым-ай, бұл, дүниеде  менен өткен  сорлы  жан барма?

Менен ит те, құс та күшті, ал мен  қорқақпын. “Қорқақтықта табан жоқ” деген  рас  екен. Менің  қыстық азығымды көкжал қасқыр  тартып алды. Енді мен не істеймін, - деп,  солқылдап жылайды.

 Тасбақа: Өте қиын  болған екен қоян достым.

Кірпі: “Жақсы  дос  үшін  жан  пида” қазір көкжал  қасқыр  келсін,  мен оған  инемді қайрап сұғып-сұғып  алам.

 Тасбақа: Иә біз бәріміз  доспыз, бірақ қасқыр  бізден  күшті ғой. “Ақыл дос, ашу -  дұшпан”  дегендей  сен кірпі,  ашуға  берілме. Төбелестен ештеңе  шықпайды. Одан да басқа амал  ойлайық.

 

(Бәрі үнсіз ойланады)

Кірпі: О, алақай! мен  таптым,  таптым.

Тасбақа: Е,  тағы  не таптың  достым.

Кірпі: Біз бәріміз   бірігіп арыстан  жолдасқа арыз жазамыз, Арыстан біздің  адал  ғой. “Адалдық-өмірден қымбат” достар.

Тасбақа: Е,  мынауың  дұрыс  ақыл екен “Жолдасы көптің – қолдасы  көп” демекші,  бір шешім  айтса,  сол Арыстан  жолдас  айтар. Кеттік достар!

Кірпі: ал онда арыз  жазуға  кірісейік. (Қол ұстасып  кетеді. Тағы  ортаға Түлкі  шығады).

Түлкі:  Орман төресі айбарлы, Арыстан  жиналысқа шақырады.

Жиналысқа келіңдер, жиналысқа келіңдер.

( аңдар жинала  бастайды).

Арыстан: Қасқыр қайда,  шықсын ортаға. (Қасқыр ортаға  шығады).

 Арыстан: Иә, қасеке,  сіздің үстіңізден  арыз түсті. Ол арызда  сен қоян ханымды  жәбірлеп  азығын алыпсыз, бұныңыз  дұрыс  емес. Біз сізді  жазалауымыз керек. Жазаңды мына  достар айтар.

(Аңдардың бәрі жан-жақтан   шулап,  әр түрлі жазалар айтады)

Кірпі: Жардан итеру  керек.

Тасбақа: Суға  батыру  керек.

Қасқыр: Кешір мені қоян, кешіріңдер достар, менен  бір қателік  кетті.

Түлкі: “Ойламай  іс қылсаң, қор боласың”. Ойлану  керек  еді қасқыр.

  (жыламсырап, жалынып)

Қасқыр: “алдына келсе  атаңның құнын кеш” дегендей, кешір қоян, кешіріңдер.

Қоян: Қасеке,  сенің  айтқан сөздерің  жүрегімді  ауыртты, мен сені  кешірдім.

Арыстан: Ал достар, қоян ханшайым  кешірсе,  бізде  кешіреміз бе ?

(Аңдардың бәрі  қормен  “кештік”  деп айғайлады).

 Аңдардың бәрі  қасқырға  жақындап ақыл айтады.

Кірпі: “Еңбек етсең ерінбей, тояды  қарың тіленбей”

еңбек  ету  керек  қасқыр.

Тасбақа: “еңбексіз  өмір- сөңген көмір”.

Түлкі: “Татулық табылмас байлық”,  тату  болайық достар.

Қасқыр: кешіріңдер мені,  достар,  мен енді  бәрін  түсіндім. “Сөз сүйектен өтеді” демекші,  айтқан сөздерің   сүйегімнен өтті.

Арыстан: (орнынан көтеріліп  ортаға тұрады).

 “Ырыс алды-ынтымақ  ” ырысымыз  мол болсын  десеңдер достар, ынтымақ, бірлік,  адалдық,  шынайы  достық болсын жолдастар.

 

   Ертегіге  қатысқандар:

  1. Арыстан-Еркебұлан
  2. Кірпі- Айдос
  3. Тасбақа-Ернар
  4. Қоян-Арай
  5. Түлкі-Айнұр.

 

 

 

 

Қосымша Ғ

 

“Мың бір мақал”   интеллектуалды – сайыс ойыны

 

Сайыс жоспары

(2 сынып оқушылары  қатысады)

 

Сайыстың мақсаты:

  1. оқушыларға қазақ халқының  бай, шұрайлы  тіл қатынасын  әсерін меңгеру.
  2. сауатты,  ізденімпаз,  ұлтжанды  ұрпақ тәрбиелеу.
  3. ой-өрісін дамыту.

Сайыстың  көркемділігі:  плакаттар, мақал-мәтелдер

 

    Сайыстың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру, өз бетімен  жұмыс істеу,  шығармашылыққа  баулу, т.б.

Өтетін орны:

Барысы: І кіріспе бөлім. Сайыскерлермен танысу

               ІІ Өре  сайысы

 Іріктеу бөлімі 3 турдан  тұрады.

   Әр турға 3 оқушы  қатысады.  Оларға  тұрақты сөз тіркесі айтылады. Сол  тіркестің  мағынасын қағазға жазады. (10 секунд) Әр турда 3  сөз тіркесі беріледі.  Содан соң ойыншылардың  жауаптарын  сарапшылар қарайды. Жүргізуші дұрыс жауаптарды оқиды.

 І тур  тапсырмасы (бірінші  үштік).

  1. қол байлау болу-бөгет болу
  2. көзі тас төбесіне  шығу – қатты қорқу
  3. аузына  қақпақ  болу- сөйлетпеу

ІІ үштікке

  1. көзді ашып,  жұмғанша- жылдам,  тез
  2. төбесі  көкке екі елі ғана  жетпеу- шаттану, қуану
  3. иек астында (-ға жер)  -жақын жерде

ІІІ үштікке

  1. тасы өрге домалау-жолы болу, ісі алға басу
  2. жүрек  жалғау- тамақтану
  3. екі езуі  құлағына жету-қуану, мәз болу.

 

        Әр  үштіктен  бір оқушы келесі  бөлімге  өтеді. Кімнің  үш жауабы  дұрыс, сол өтеді.  (тең болған  жағдайда, қосымша тағы сөз тіркесі  беріледі)

2 “Мақал- сөздің мәйегі” бөлімі.

1-тапсырма.  (үшеуіне  де ортақ) (сөз  өнері туралы  үш мақалдың бірінші бөлімі  айтылады. 2 бөлім өзі  орнында  жазады,  жауаптарын өткізеді. Ойланып, жазуға 15 сек)

  1. Қылыш жарасы бітер... (тіл  жарасы  бітпес)
  2. Тіл тас  жарады ...  (тас жармаса бас жарады)
  3. Таза  мінсіз асыл тас,

 Су түбінде ... таза  мінсіз  асыл сөз ой түбінде  жатады.

2-тапсырма.  Жағдаят  айтылады, сол жағдаяттың негізінде  жатқан  түйін  мақалды дәл  тауып жазу.

   Жағдаят:

      Болат  пен  Қанат  деген  адамдар  көрші  тұрушы еді. Болат  отбасымен  ала жаздай  тыным  таппай,  жеміс-жидегін  өсіріп, оны қысқа  дайындап,  артығын сатып,  балаларын да  еңбектендіріп,  алдындағы  біраз  малына шөп  шауып, қыстық азық  дайындады, жылы орын қамдады.

     Ал, Қанаттың  жанұясы  жазды  ешқандай  қамсыз,  қолындағы  азығына  малды  сатып  алып,  жеп  құрдан құр өткізді.

     Қыс келді. Болаттың  отбасы  ала жаздай  еткен еңбегінің  нәтижесін  көріп,  жемісін жеп,  алаңсыз, мұртын  балта шаппады.  Қанаттың  жанұясынада  болса,  тамақ  тауып жеу қиынға  түсті, тіпті,  қолдағы қалған  бір-екі  түяғын  да  сақтай  алмай  тауысты. Ақыр соңында, Болат көршісіне барып  қарыз сұрап,   бармағын  тістеп  қойды.

  1. Еңбек  етсең, ерінбей,

   Тояды қарның  тіленбей.

  1. Кім еңбек етсе, сол тоқ.
  2. Еңбек етпеген-ішіп жемейді.

(Осы турдан соң үшеудің  ең ұпайы азы шығып қалады.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 



Информация о работе Әртүрлі жас шамасындағы балалардың даралық, тұлғалық қасиеттерін зерттеу