Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 16:49, курсовая работа
Қазақстан Республикасының білім беру заңында көрсетілгеніндей, адамзат құндылықтарының, ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау - білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр.
Әлеуметтік экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу-тәрбие жұмысының жаңару заманында ағарту саласының білім беру буынында шешуін күткен келелі мәселелер тұр.
Атап атқанда, ол балалардың жеке басын дамыту, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін, ішкі потенциалын анықтап, жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын балалардың жақын арадағы даму аймағына бағыттау.
Балалар тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәжірибе қарым-қатынас мәселесінде қилысады.
КІРІСПЕ.........................................................................................................3-6
1 ӘРТҮРЛІ ЖАС ШАМАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Әртүрлі жас шамасындағы балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерінің педагогикалық - психологиялық мәселелері.............................................................................................7-15
Бастауыш мектеп кезеңіндегі балалар қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері..........................................................16-25
Өзара әрекеттестіктегі тұлғалық қатынастар.................................25-41
ТАРАУ ТҰЖЫРЫМЫ...................................................................42-44
ӘРТҮРЛІ ЖАС ШАМАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Әртүрлі жас шамасындағы балалардың даралық, тұлғалық қасиеттерін зерттеу............................................................................45-50
Балалардың топтағы қарым-қатынастарын бағалаудың талдамасы...........................................................................................51-59
Уақытша ұжымда психологиялық ахуалды қалыптатырудың жолдары..............................................................................................60-66
2-ТАРАУ ТҰЖЫРЫМЫ..........................................................................67-69
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................70-72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................…...73-75
ҚОСЫМШАЛАР....................................................................................
Төменде кейбір суреттер талқысының нәтижелері келтірілген.
Ермекбай Мөлдір. Жеке штрихтардан тұратын сызықтар мен үзік сызықтар мазасызданудың белгісі. Қарындаш сызығының кей жерлерде басыңқы түсуі эмоцианалды лабильділіктің айғағы. Экстравертті позадағы ұзын саусақтардың салынуы қарым-қатынаста өтелмеген қажеттіліктің көрсеткіші.
Ықыласов Жоламан. Түзетулерімен үзік сызықтарда мазасызданудың нақты дәлелі. Суреттің безендірілуі, қосалқы детальдардың бейнесі (сөмке, әртүрлі түстер) өзін-өзі көрсету ұмтылысы қарындаш сызығының бірде басыңқы бірде әлсірей түсуі эмоцианалды лабильділіктің белгісі, бала көңіл-күйінің еш себепсіз жиі ауытқып тұруы. Кең жайылған қолдар экстраверттіліктің белгісі, бірақ олардың қысқалығы және білектердің салынбауы қарым-қатынас тәжірибесінің жетіспеуінің немесе үстіртін қарым-қатынастың көрсеткіші.
Талғатова Әйгерім. Көптеген түзетулер, үзік сызықтар мазасызданудың белгісі. Адам бейнесіндегі үрей агрессивтілікті айғақтайды. Үлкен көздер күманданғыштық пен қоғамдық ойға тәуелділіктің белгісі. Ұзын әрі қуатты қолдар сыртқы әлем жағдайларына қатысты бағдардың белгісі. Білексіз салынған қысқа саусақтар үстіртін қарым-қатынас пен тәжірбесінің жетіспеуінің белгісі.
Жорабекова Сара. Мазасызданудың көрсеткіштері кездеседі. Әшекейлер мен ұқыптылықпен салынған еріндер өзін-өзі көрсету ұмтылысының айғағы.
Аяқсыз сурет тұрақсыздықтың белгісі.
Шатпықова Зере. Қыз ұл баланың суретін салған. Өз жынысымен еш ұқсастығы жоқ. Суреттің тігінен алғанда қағаздың ¼ бөлігін алуы - сарыуайымшылықтың белгісі. Жұмулы көздер баланың өзінің ішіне жан дүниесіне бағдарланудың айғағы. Адам қолдарының артқа тығылуы ешкіммен араласқысы келмеудің дәлелі.
Психикалық күйлердің мәліметтері төмендегі кестеде келтірілген.
“Адамның бейнесі” атты проективті әдістеме бойынша анықталған психикалық күйлер.
1 – кесте “Адамның бейнесі” әдістемесі бойынша анықталған психикалық күйлер.
Психикалық күйлер |
Нақты психикалық күйлері кездескен балардың саны |
Балалардың пайыз есебіндегі саны % |
1. Мазасыздану |
11 |
55 |
2. Қарым-қатынастағы шиеленушілік |
4 |
20 |
3. Адамдармен араласа алмаушылық |
3 |
15 |
4. Агрессивтіліктің белгілері |
1 |
5 |
Алынған мәліметтер бойынша Г.Айзенктің экстроверттілік пен нейротизмнің екі факторлы үлгісін құрастырдық.
Балалар тұлғасының ерекшеліктерін анықтау мақсатында Айзенктің жеткіншектерге арналған сауалнамасын қолдандық (Қосымша А). Адамның өзінің жеке басына тән ерекшеліктері мен басқа адамдардың ерекшеліктерін жақсы түсіне білуі, адамдардың қылықтарын толықтай түсінуге жол береді.
Балаларға
тестің сұрақтары бойынша
2 - кесте Г.Айзенктің жеткіншектерге арналған сауалнамасының мәліметтері.
№ |
Аты-жөні |
Алдау көрсеткіші |
Экстраверттілік |
Нейротизм |
1. |
Байназарова Алина |
2 |
13 |
10 |
2. |
Бакирова Жансая |
10 |
||
3. |
Шарипов Шалхар |
8 |
||
4. |
Жетпісбаев Рауан |
5 |
15 |
12 |
5. |
Қайдарова Айнур |
7 |
||
6. |
Есімжанова Жадыра |
10 |
||
7. |
Баймурзаев Аслан |
4 |
15 |
11 |
8. |
Баймурзаева Әйрегім |
8 |
||
9. |
Зайсанбек Жамбыл |
4 |
14 |
13 |
10. |
Шаменова Айжан |
4 |
16 |
15 |
11. |
Ермекбай Мөлдір |
9 |
||
12. |
Талғатова Әйгерім |
5 |
9 |
9 |
13. |
Дүйсенбаев Махамбет |
4 |
7 |
13 |
14. |
Тоқтамысова Айнур |
4 |
11 |
13 |
15. |
Қожахметов Арман |
4 |
17 |
9 |
16. |
Жорабекова Сара |
5 |
16 |
10 |
17. |
Ықыласов Жоламан |
6 |
9 |
15 |
18. |
Барлыбаева Раушан |
9 |
||
19. |
Шатпықова Зере |
5 |
17 |
15 |
20. |
Керімқұлов Дидар |
3 |
19 |
169 |
1 -сурет Г.Айзенктің экстраверттілік пен нейротизмнің екі факторлы
өлшемі.
Экстарверттілік пен нейротизмнің екі факторлы үлгісіндегі, сынаушылардың орнын анықтап алған соң, олардың мінез бітістерінің ерекшеліктерін атап өтуге болады.
Бала мінезіне тән көрсеткіштер.
Атаққұмар,
қажымайтын, байыпты. Көңіл-күйі кейде
жабырқаулы мазасыз келеді. Көп
ренжи бермегенімен, кейде күманданғыш.
Салыстырмалы түрде негізді сұрақтардың
шешімін табу мақсатында
Түзету жолдары: Өзін-өзі бағалау сапасын арттыруға баса назар аударып, өз-өзіне деген сенімсіздікті болдырмаудың жолдарын іздестіру.
Барлыбаева Раушан
Бала мінезіне тән көрсеткіштер.
Үнемі еш нәрсеге көңілі толмайды. Ұсақ-түйнектерге тез арада ренжіп қалуы мүмкін. Жиі қабағы түсіңкі, ызалы. Қызғаншақтың да белгілері байқалады. Іске келгенде сенімсіз. Қарым-қатынаста бағынушы. Қиыншылықтардың алдында әлсіз. Топтан тысқары жүреді. Жағымсыз жағдайларды көпке дейін ұмыта алмай, ішіне сақтап жүреді.
Түзету жолдары: өзара сенімге сүйенген әңгіме кезінде жағдайы мен жетістіктерін сұрап тұрған жөн. Құрдастарымен қатынастарын қалпына келтіру үшін, бүкіл ұжымның алдында жетістіктерін айтып отыру керек. Бұл балаға дербес өзара әрекеттестікте ерекше көңіл бөліп отыру жөн.
2.2 Баланың топтағы қарым - қатынастарын бағалаудың талдамасы.
Топтағы тұлғалардың бірін-бірі өзара қабылдауы көптеген факторларға байланысты. Тұлғалардың өзара бірін-бірі қабылдауға оның негізгі факторы ретінде тұлғалар арасындағы қатынастар ғана емес, индивидтің топтағы қатынасы да әсер ете алады. Индивидтің топты қабылдауы, тұлғалардың өзара қабылдауы жүзеге асатын фон тәріздес. Осылайша, индивидтің топты қабылдау мәселесі, тұлғалардың бірін-бірі қабылдауда екі түрлі әлеуметтік – перцептивті процесті байланыстыратын негізгі мезет.
Ұсынылып отырған әдістеме индивидтің топты қабылдауының үш мүмкін “типін” анықтауға жағдай жасайды . Қабылдаушының дербес іс-әрекетіндегі топтың рөлі, қабылдау типінің көрсеткіші ретінде анықталады.
1 - тип. Индивид топты өз іс-әрекетінің кедергісі ретінде қабылдайды немесе оған бейтарап қатынаста болуы мүмкін.
Топтың индивид үшін дербес құндылығы жоқ. Мұның барлығы іс-әрекеттің біріккен формаларынан бас тарту, дербес жұмыс атқаруға ынталану, басқалармен қатынасына шек қою сияқты әрекеттерінде көрінеді. Бұл “дербес ”топ.
2 – тип Индивид топты қандайда бір мақсаттарға жетуге ықпал ететін құрал ретінде қабылдайды. Сонымен бірге, топты индивид “пайдасы” жағынан бағалайды. Көмек көрсете алатын, қиын мәселелерді шеше алатын немесе қажет ақпараттың көзі ретінде топтың беделділерімен араласуға тырысады. Бұл “прагматикалық”, яғни “пайдакүнем” тип.
3 -тип Индивид топты дербес құндылық ретінде қабылдайды. Бүтіндей топқа ортақ және оның жеке мүшелерінің мәселелері бірінші жоспарда. Топтың әрбір мүшесінің жетістігіне қызығушылық таныту және топтың біріккен іс-әрекетіне өз үлесін қосу әрекеттері көзге түседі. Жұмыстың ұжымдасқан түрлеріне қажеттілігі басым. Бұл “ұжымдық ” топ.
Жоғарыда анықталған үш типтің негізінде зерттелінуші индивидтің топты қабылдауының басым типін анықтауына жағдай жасайтын арнайы анкета құрастырылған (Қосымша Ә).
Топты зерттеу нәтижесінде алынған жауаптардың негізінде индивидтің топты қабылдаудың әрбір үш типі бойынша ұпайлары есептелінді.
Зерттеудің нәтижелері 3 - кестеде берілген.
3 - кесте Индивидтің топты қабылдау типі.
№ |
Сыналушының аты жөні |
Дербес |
Прагматикалық ( пайдакүнем) |
ұжымдық |
Тип |
1. |
Байназарова Алина |
9 |
1 |
4 |
Д |
2. |
Бакирова Жансая |
5 |
2 |
7 |
Ұ |
3. |
Шарипов Шалхар |
7 |
4 |
3 |
Д |
4. |
Жетпісбаев Рауан |
11 |
1 |
12 |
Д |
5. |
Қайдарова Айнур |
3 |
3 |
8 |
Ұ |
6. |
Есімжанова Жадыра |
5 |
5 |
4 |
Д+П |
7. |
Баймурзаев Аслан |
8 |
4 |
2 |
Д |
8. |
Баймурзаева Әйрегім |
6 |
3 |
5 |
Д |
9. |
Зайсанбек Жамбыл |
5 |
2 |
7 |
Ұ |
10. |
Шаменова Айжан |
2 |
8 |
4 |
П |
11. |
Ермекбай Мөлдір |
6 |
6 |
2 |
Д+П |
12. |
Талғатова Әйгерім |
4 |
2 |
7 |
Ұ |
13. |
Дүйсенбаев Махамбет |
10 |
2 |
2 |
Д |
14. |
Тоқтамысова Айнур |
7 |
3 |
4 |
Д |
15. |
Қожахметов Арман |
2 |
5 |
7 |
Ұ |
16. |
Жорабекова Сара |
5 |
2 |
7 |
Ұ |
17. |
Ықыласов Жоламан |
0 |
4 |
10 |
Ұ |
18. |
Барлыбаева Раушан |
1 |
8 |
5 |
П |
19. |
Шатпықова Зере |
2 |
7 |
5 |
П |
20. |
Керімқұлов Дидар |
2 |
5 |
7 |
Ұ |
Индивидтің топты қабылдауының ұжымдық типі 8 адамда байқалды (40 %), Дербес тип 7 адамда (35 %), прагматикалық (пайдакүнем) 3 адамда (15 %) байқалады. Сонымен қатар аралас типтер де кездесті: дербес прагматикалық(пайдакүнем). 2 ( 10 %) адамды қамтыды.
Топта өз құрылымы мен даму динамикасы бар іскер және жеке сияқты қатынастардың маңызды жүйелері бар. Жеке өзара қатынастар бала тұлғасының қалыптасуы мен ұжымның өміріне айтарлықтай әсер етеді. Топтың ішкі құрлымы жайлы және ондағы әрбір баланың орны туралы нақты ақпараттың болмауынан ұжым мен жеке тұлғаның дамуын басшылыққа ала алмас едік.
Топтың дамуын басшылыққа алу мақсатында ұжымның даралығы мен өзіндік ерекшеліктерін зерттеу хақында, тұлғалар арасындағы қатынас пен қарым-қатынасты зерттеудің тиімді әдістерін әлеуметтік психология ұсынады.
Қатынас - тікелей бақылауға болмайтын ішкі күй болса, ал қарым-қатынас - адамдардың бір-біріне деген нақты әсерлері түрінде жүзеге асатын, сырттай бақылауға болатын сыртқы процесс, сондықтан да бір жағынан қатынас, екінші жағынан карым-қатынас түрлі зерттеу әдістерін талап етеді. Қатынастар жайында ақпараттармен қамтамасыз ететін және тікелей қарым-қатынасты зерттеуге жағдай жасайтын әдістерді нақты талдай білген жөн.
Біріншісіне сұрақнамалардың барлық түрлері жатса, екіншісіне өздігінен пайда болатын және зерттеуші тарапынан туындайтын өзара шынайы әрекеттестіктің негізіне сүйенген эксперименталды әдістер жатады.
Педагогикалық психологиялық мазмұндағы зерттеу жұмыстарында нақтылығы мен сенімділігі арнайы құрастырылған бағдарламалардың арқасында ұлғая түсетін объективті бақылау қолданылады.
Кіші топтардағы өзарақатынастарды зерттеу үшін социометриялық әдіс кеңінен қолданылды.
Социометрия, яғни “әлеуметтік өлшеу ” - әдіс ретінде кіші топтардағы тұлғалар арасындағы өзара қатынастарды анықтауға арналған.
Социометрияны алғаш құрастырған американдық әлеуметтік психолог және психиатр Дж. Морено. Кеңес психологтары Е.С. Кузьмина, Я.Л. Коломинский, В.Н. Ядов, И.П. Волков өз уақытында социометриялық зерттеу жұмыстарымен айналысқан. Социометрия адамдардың өзарақатынастарының психологиялық аспектілерін анықтауға жағдай жасайды (ұнату, ұнатпау, бей-жайлық, шеттету т.с.с.) Социометриялық сұрақнаманы жүргізу барысында балалардан басқа балалармен қарым-қатынасын қандай деңгейде екендігін сұрағаннан гөрі, белгілі бір нақты іс-әрекетті қай баламен орындауға деген тілекті сұраған әлдеқайда тиімді.
Информация о работе Әртүрлі жас шамасындағы балалардың даралық, тұлғалық қасиеттерін зерттеу