Әртүрлі жас шамасындағы балалардың даралық, тұлғалық қасиеттерін зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 16:49, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының білім беру заңында көрсетілгеніндей, адамзат құндылықтарының, ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау - білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр.
Әлеуметтік экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу-тәрбие жұмысының жаңару заманында ағарту саласының білім беру буынында шешуін күткен келелі мәселелер тұр.
Атап атқанда, ол балалардың жеке басын дамыту, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін, ішкі потенциалын анықтап, жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын балалардың жақын арадағы даму аймағына бағыттау.
Балалар тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәжірибе қарым-қатынас мәселесінде қилысады.

Содержание работы

КІРІСПЕ.........................................................................................................3-6
1 ӘРТҮРЛІ ЖАС ШАМАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Әртүрлі жас шамасындағы балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерінің педагогикалық - психологиялық мәселелері.............................................................................................7-15
Бастауыш мектеп кезеңіндегі балалар қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері..........................................................16-25
Өзара әрекеттестіктегі тұлғалық қатынастар.................................25-41
ТАРАУ ТҰЖЫРЫМЫ...................................................................42-44
ӘРТҮРЛІ ЖАС ШАМАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Әртүрлі жас шамасындағы балалардың даралық, тұлғалық қасиеттерін зерттеу............................................................................45-50
Балалардың топтағы қарым-қатынастарын бағалаудың талдамасы...........................................................................................51-59
Уақытша ұжымда психологиялық ахуалды қалыптатырудың жолдары..............................................................................................60-66
2-ТАРАУ ТҰЖЫРЫМЫ..........................................................................67-69
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................70-72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................…...73-75
ҚОСЫМШАЛАР....................................................................................

Файлы: 1 файл

Дип.-ӘРТҮРЛІ-ЖАС-ШАМАСЫНДАҒЫ-БАЛАЛАРДЫҢ-ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС-ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГО.doc

— 1.67 Мб (Скачать файл)

         Адамның басқа  бір адаммен  нақты  іс-әрекетті  бірігіп  орындау  ниеттері, таңдау критерийлері деп  аталады. Жиі өзарақатынастарды  зерттеу жетістігі критерийлердің  дұрыс  таңдалуына  байланысты. Таңдаудың күшті (жалпы) және әлсіз (арнайы) критерийлері  болады. Күшті  критерийлер адамдардың  неғұрлым  терең  әрі  тұрақты  қатынастарын  анықтайды. Екіжақты  және  біржақты таңдаулардың  критерийлерін айыра білген жөн.Екі жақты критерий  өзара  таңдауды анықтауға  жағдай  жасайды. Біржақты  критерий  мұндай  мүмкіншілікті  бермейді. Жағымды  критерийлермен  қатар,  жағымсыз критерийлер де  пайдаланылады. Тәжірибені  жүргізбес  бұрын критерийлердің сапасымен  қатар, әрбір бала  таңдауларының  саны  жайлы  мәселелердің  басын ашып  алған жөн. Эксперименттің  топтық  және  даралық формаларын қолдануға  болады.

        Социометриялық  әдістемелер  түрлі  жас  шамаларын  қамтыған  тұлғалар  арасындағы  ішкі  қатынастардың  динамикасын  зерттеу  үшін,  тұйық топшаларды,  топтың ішкі  ауызбірлігінің  дәрежесін,  топтық  мотивациялық  құрлымы мен  оның  дау - дамайлар шегін анықтау  үшін  қолданылады.

        Әдістемені  қолдану ережелері өте  қарапайым. Социограмма-нысанада  топтағы  өзара  қатынастар  көрнекі  түрде  белгіленеді.

        Нәтижелерді   өңдеген соң  диагностикалық  көрсеткіш -- қатынастардың  өзара  жайлы, жағымды деңгейін  алуға  болады.

  Социометрияда   өзара  таңдаулардың  көрсеткіші  ретінде  топтық  ауызбірлік  индексі КВ=R1 /Rx100%  кездеседі. Мұндағы:  R- жалпы таңдаулар саны,    R1-өзара таңдаулар саны

және “референтті топ индексі” -- өзара  жағымды таңдаулар  санының  топтағы  жағымды таңдаулардың жалпы  санына  қатынасы есептелінеді.

         Оның формуласы  КР=R1/Rx 100%   топтың  КВ мен КР көрсеткіштері неғұрлым  жоғары  болса,  оның  мүшелері  үшін топ  дамуының  соғұрлым жағымды психологиялық ситуациясы қалыптасады.

        Социограмма-нысана  топтағы таңдаулардың ең  көп  санына  тең  шоғырланған айналымдардың  жүйесі болып табылады.Топтың  барлық мүшелері   нысананың шеңберлеріне,  алған таңдауларының  санына  сәйкес  орналастырылады. Социометриялық эксперименттің нәтижесінде  тұлғалар арасындағы  өзара  қатынастар жүйесіндегі топтың әрбір мүшесінің әлеуметтік ортадағы жеке, өзіндік  орны  жайлы мәліметтерді  алуға болады.

    Социометриялық  зерттеудің негізінде балалар  бірқатар  сұрақтарға  жауап берді:  

  1. Кіммен бірге бір бөлмеде тұрғың келеді ?

2.  Санаторийдің  келесі маусымында  кіммен қайтадан кездескің келеді ?

3.  Кіммен  бірге  киноға  барғың  келеді ?

Социометриялық сұрақнамалардың негізінде төмендегідей  социометриялық категориялар алынды:

 

    1. – Шеңбер  13(8), 10(6),1(5), 6(5), 3(5);
    2. – Шеңбер  9(4), 16(4), 5(4), 8(4), 11(3),12(3);
    3. – Шеңбер  4(2), 17(2), 7(1), 18(1), 14(1), 19(1);

                Таңдауға түспегендер  2(0), 15(0), 20(0);

 

 

 

 

 

 

 

 

5-кесте    Социометрия кестесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 – кесте         Социограмма – нысана 1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Балалардың  құрбыларымен өзарақатынастарын  зерттеу  мақсатында Л.А.Кондратенко құрастырған “орман мектебі” атты  әдістемені зерттеуіміздің эксперименталды базасы санаторий болғандықтан құрылымына болмашы өзгерістер енгіздік. Әдістеменің шарты бойынша балалар бір  сәт  орманның  жануарлары кейпіне енеді. Кейін әр бала   топта өзі бейнелеген жануардың суретін   салуы  қажет.

         Суреттерді өңдеген соң “өзарақатынастардың  бірдей бейнесі” алынды. Барлық  суреттерде  бір-біріне  ұқсамайтын  көп жануарлар салынған.

         Суреттер  балалардың жүзеге  аспаған жағымды  қатынастарын  айғақтайды. Балалар  өзара әрекеттестікке  ұмтылғанымен, араласа алмағандықтан  немесе қарым-қатынастың  болмауынан  олар  байланыстарын реттей  алмайды.

        4 Әдістеменің  негізінде  бірқатар қиыншылықтардың қатары  анықталды.

  1. Мазасыздану  55 %
  2. Агрессивтіліктің белгілері   5 %
  3. Қарым-қатынастағы  шиеленусішілік  20 %
  4. Адамдармен араласа алмаушылық – 15 %
  5. Зерттелінген топтың эмоционалды тұрақсыздығы – 14 %

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3    Уақытша ұжымда  жағымды психологиялық ахуалды қалыптастырудың жолдары.

 

Зерттеу жұмысымыз әр жас шамасындағы балалармен жүргізілгендіктен,оларды ұйымдастыратындай, бәріне бірдей ортақ қызықтыратындай, құлшыныспен кірісетіндей іс-шараларды жүргізуді мақсат тұттық.

Осы орайда, балалар шипажайға алғаш келгенде әрқайсысының бойындағы тұйықтықты, ұялшақтықты, тартыншақтықты, кейбіреулеріндегі мазасыздық пен агрессивтілікті төмендету үшін әуелінде мынадай ойын тренингтерді ұйымдастыруды жөн көрдік: Мәселен, “Айдаһардың құйрығы” атты тренинг жаттығуында балалардың өз-өзіне деген сенімділікті оятуға, сарыуайымды жеңуге, ішкі үйлесімге жетуге талпындырады.

Ал балаларды мазасыздықты, қорқынышты жеңуге және ортаға бейімделуге икемдеу мақсатында “Көбелекті ұстау” тренингі жүргізілді. Бұл ойындар демалыс маусымы ішінде бірнеше рет қайталанып жүргізілді. Балалар бір-біріне жақын таныс болып, өзара бір-бірін жақсы біле бастаған сәттерінде “Күн жүйесі” ойынын ойнау ұсынылды.

Топтағы жарасымды психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында жүргізілген ойындар мен тренинг-жаттығулармен қоса, балалардың құлшынысын тудырып, қабілеттерін танытатын, белгілі бір ортақ істі түсіністікпен ұйымдастыра алуларына жағдай туғызу мақсатында “Қыз сыны” байқауы, “Алтын сақа”, “Ою-өрнек ой айтады”, “Тіл – халық қазынасы” атты интеллектуалды ойындар, “Дуалы ауыздан - аталы сөз” эстафеталық сұхбат кеш, ұлттар достастығына арналған “Тіл – татулық белгісі” атты байқау ұйымдастырылды. Бұл шаралардың кейбіреулері қосымшаларда берілген (Қосымша Б, В, Г, Ғ).

Осы іс-шараларды өткізгеннен кейін “Шипажай саған несімен ұнады?” деген тақырыпта өз ойларын жазбаша түрде беру ұсынылды.       ( Қосымша    Е )

Зерттеу жұмысымыздың жорамалының дәлдігін нақтылау мақсатында, балалардың шипажайға  келген кездерінің алғашқы аптасында  жүргізілген әдістемелердің бірқатарын маусымның соңына таман қайтара өткізу ұйғарылды.

Мәселен, социометриялық сұрақнаманы, “Адам бейнесі” атты әдістемесі, “Индивидтің топты қабылдауы” әдістемесін жүргіздік.

Әдістемелердің алғашқы жүргізілгендегі нәтижемен, соңғы жүргізілген нәтижені салыстырғанда төмендегідей жетістіктерді байқауға болады:

1 шеңбер – 13(9), 1(7), 3(7), 10(6);

2 шеңбер – 4(3), 6 (3), 16 (3), 19(3), 20(3), 7(2), 8(2), 12(2), 15(2), 

                    18(2);

    1. шеңбер – 2(1), 9(1), 11(1), 14(1), 17(1);

Таңдауға түспегендер – 5(0);

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 – кесте     Социометрия кестесі   2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 – кесте     Социограмма  – нысана 2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайтадан жүргізілген социометриялық сұрақнама бойынша топтың ауызбірлік индексі 8,8 %-ке (бұрынғысы 20%), “референтті топ индексі”9,7%-ке (бұрынғысы23,5%), артты.

8 кесте    Индивидтің  топты қабылдауы

 

 Балалардың  аты-жөні 

 

Дербес

Прагматикалық

(пайдакүнем)

Ұжымдық

Типі

 

дейін

кейін

дейін

кейін

дейін

кейін

дейін

кейін

1.

Байназарова Алина

9

5

1

2

4

7

Д

Ұ

2.

Бакирова Жансая

5

4

2

2

7

8

Ұ

Ұ

3.

Шарипов Шалхар

7

6

4

4

3

4

Д

Д

4.

Жетпісбаев Рауан

11

4

1

5

2

5

Д

П+Ұ

5.

Қайдарова Айнур

3

3

3

4

8

5

Ұ

Ұ

6.

Есімжанова Жадыра

5

4

5

5

4

7

Д+П

П+Ұ

7.

Баймурзаев Аслан

8

6

4

2

2

5

Д

Д

8.

Баймурзаева Әйрегім

6

3

3

3

5

8

Д

Ұ

9.

Зайсанбек Жамбыл

5

4

2

3

7

7

Ұ

Ұ

10.

Шаменова Айжан

2

2

8

6

4

6

П

Ұ

11.

Ермекбай Мөлдір

6

5

6

6

2

3

Д+П

П

12.

Талғатова Әйгерім

4

3

2

3

7

8

Ұ

Ұ

13.

Дүйсенбаев Махамбет

10

7

2

0

2

7

Д

Д+Ұ

14.

Тоқтамысова Айнур

7

6

3

4

4

4

Д

Д

15.

Қожахметов Арман

2

3

5

4

7

7

Ұ

Д

16.

Жорабекова Сара

5

5

2

1

7

8

Ұ

Ұ

17.

Ықыласов Жоламан

0

0

4

4

10

10

Ұ

Ұ

18.

Барлыбаева Раушан

1

2

8

5

5

7

П

Ұ

19.

Шатпықова Зере

2

2

7

5

5

7

П

Ұ

20.

Керімқұлов Дидар

2

3

5

6

7

5

Ұ

П


    

           Индивидтің топты қабылдауының  ұжымдық  типі 11 адамда  байқалады (55%). Дербес  тип 4 адамда (20%),  прагматикалық (пайдакүнем) тип 2(10%) адамда  байқалады. Аралас  типтер: Прагматикалық (пайдакүнем) ұжымдық тип-2 (10%) адамда, дербес-ұжымдық 1(5%) адамда  байқалады.

 

9 - кесте       Индивидтің топты қабылдау  типі

 

Индивидтің топты қабылдау  типі

дейін

кейін

Дербес

35

20

Ұжымдық

40

55

Прагматикалық(пайдакүнем)

15

10

Дербес+ Прагматикалық

(пайдакүнем)

10

0

Ұжымдық+ Прагматикалық

(пайдакүнем)

0

10

Ұжымдық+ Прагматикалық

(пайдакүнем)

0

5


 

Анкетаның  мәліметтері бойынша балалардың  көпшілігінің  топты  қабылдауы ұжымдық типке  ауысқандығын аңғартады.

         Қайтадан жүргізілген “Адамның  бейнесі” әдістемесінің  нәтижелері   қарым-қатынастағы  шиеленушіліктің  5% ке (алдыңғысы 20%), агрессивті қарқындар мүлдем жойылды. (алдыңғысы 5%), Балалардың  адамдармен  араласа  алмауын  айғақтайтын  суреттердің   саны  адамды,  атап  айтқанда 10 % ке (алдыңғысы15 %).

 

 

 

 

 

10 - кесте “Адамның бейнесі” атты проективті  әдістеме  бойынша  анықталған  психикалық күйлер (% есебінде).

 

 

Психикалық

күйлер

Нақты  психикалық күндегі  балалардың  саны

Балалардың   саны (% есебінде)

дейін

кейін

дейін

кейін

1.

Мазасыздану

11

9

55

45

2.

Қарым-қатынастағы  шиеленушілік

4

3

20

15

3.

 Адам мен араласа  алмаушылық

3

1

15

5

4.

Агрессивтіліктің  белгілері

1

0

5

0


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Екінші  тарау  тұжырымы.

 

       Әр түрлі  жас  шамасындағы   балалардың  қарым-қатынасын  зерттеу  үшін  және осы  жас  шамасындағы  балалардың  әлеуметтік   топқа  бейімділігіне  жағдай   туғызу  мақсатында  біз  проективті  әдістемелерді  қолдандық.

       Проективті  әдістемелер   жанама түрде   адамның  эмоционалды  ерекшеліктері  мен  невротикалық  реакцияларын  зерттеуге   жағдай  дасай  отырып, оның   даралығын сомдайды.

    Балалардың   жеке  басының  ерекшеліктерін  анықтау  мақсатында,  танымдық  қабілеттерін  зерттеуге  арналған, Ф.Гудинаф ұсынған “Адамның  бейнесі”  атты тест  қолданылды.   Бұл  әдістеменің негізінде  баланың  жеке  басында  қандай  психологиялық  кемшіліктердің   байқалатыны  жайлы  дәл  жорамалды  анықтауға жағдай жасалды.

  Осы әдістеме   бойынша  анықталған психикалық күйлерді 11 – кестеден қараңыз.

            Социометриялық әдістемелер түрлі  жас  шамаларын қамтыған  тұлғалар арасындағы  ішкі  қатынастардың  динамикасын зерттеу  үшін,  тұйық топшаларды,  топтың ішкі   ауыз бірлігінің  дәрежесін, топтық мотив, дау-дамайлар  шегін анықтау үшін  қолданылады.

            Қайтадан жүргізілген социометриялық сұрақнама бойынша топтың ауызбірлік индексі 8,8 %-ке (бұрынғысы 20%), “референтті топ индексі” 9,7%-ке (бұрынғысы23,5%), артты. Әр жас  шамасындағы  балалардың  өзара  қарым-қатынасын  зерттеуде  социометриялық  әдісті де  қолдандық.

Алынған мәліметтер бойынша Г.Айзенктің   экстроверттілік  пен  нейротизімнің   екі  факторлы үлгісі құрастырылды. (2-кесте)  Г.Айзенктің   жеткіншектерге  арналған  сауалнамасын шарты бойынша  сұрақтарына  жауап  беру  ұсынылып  оның  нәтижесін  өңдегенде  мынадай  жетістіктер  байқалады: (кестелер – 2,3., 46-47 б.)

           Топтағы   тұлғалардың  өзара  қабылдауын  анықтауда “Индивидттің  топты қабылдауы” әдістемесін   қолдандық.

       Бұл  әдістеме   негізінде  индивидтің  топты  қабылдауының  үш мүмкін  “типтік”  анықтауға болатынша көз   жеткіздік.  Қабылдаушының  дербес  іс-әрекеттеріндегі  топынң  рөлі,  қабылдау  типінің  көрсетікші  ретінде  анықталады.

        Осы 3 типтің   негізінде  зерттеуші   индивидтің  топты  қабылдауының   басым типін  анықтауына жағдай  жасайтын  арнайы   анкета құрастырылған.  

        Әдістемені  пайдалана  отырып,  топты  зерттеу   нәтижесінде   алынған жауаптардың   негізінде  индивидтің   топты  қабылдауының  үш типі   бойынша  ұпайлары  есептелінеді. ( кестелер  – 9, 10.,62-63 б.)

Информация о работе Әртүрлі жас шамасындағы балалардың даралық, тұлғалық қасиеттерін зерттеу