Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2014 в 09:27, курс лекций
Информация. "Информация" термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымынан туындаған ағылшынның іnfоrтаtіоп сөзінен шыққан, дәл анықтамасы жоқ кең ұғым. Информацияны біз ауызша естиміз, жазбаша түрде оқимыз, қимыл не қозғалыс түрінде көреміз. Кез келген керекті информацияның мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткіземіз. Қарапайым түрде айтқанда, информация - белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар. Мысалы, қоңыраудың соғылуы сабақтың басталғанын не аяқталғанын білдіретін информация. Ағаштың бүршік атып, гүлдеуі көктем мезгілінің келгенін білдіретін информация. Ақпарат құралдары арқылы берілетін хабарлар мен ғылыми-техникалық жаңалықтар да информация түрлерінің бірі.
Қоғам өмірінің сандық заңдылығын бейнелейтін статистикалық информация өте күрделі. Онымен айналысатын арнайы ұйымдардың жыл сайын немесе тоқсан сайын дайындаған информациясын басшылыққа алмай, ел экономикасын ғылыми түрде басқаруды ұйымдастыру мүмкін болмас еді. Ұшу траекториясына әсер ететін бүкіләлемдік тартылыс заңын, денеге үйкеліс әсерін және т.б. қажетті информацияны білмей, ғарыш кемесін ұшыруға болмайтыны да белгілі.
ТЕСТ сұрақтары
1. Деректер дегеніміз не?
А) Өңдеуге қолайлы түрде берілген информация.
B) Ақша түріндегі информация.
C) Информация түсінігінің синонимы.
D) Білім түсінігінің синонимы.
E) Тәжірибемен тексерілген нәтиже.
2. Бір килобайт информация - бұл:
А) 1000 байт
B) 1000 нөл және бір.
C) 1024 байт.
D) 1000 символдар.
E) 1024 нөл және бір.
3. Бір байтта қанша бит бар?:
А) 12 бит
B) 8 бит
C) 10 бит.
D) 100 бит.
E) 20 бит.
4. Информация алмасуға арналған стандартты код дегеніміз:
A) Кодтаушы
B) TCP/IP хаттама
C) АССЕSS
D) АSСII коды
E) ДКОИ-21 коды
5. Информатика – бұл...
А) Адам қызметінің барлық аймақтарында ЭЕМ-ді енгізу және таратумен байланысқан ғылыми білімдер саласы.
В) Биологиялық, әлеуметтік техникалық әр түрлі жүйелерде басқарудың жалпы принцптері туралы ғылым.
С) Есептеуіш техникалық құралдар мен деректерді құру, сақтау, қайта орындау, өңдеу және тасымалдау сондай-ақ оларды басқару әдістері мен сол құралдардың жұмыс істеу принцптерін жүйелейтін техникалық ғылым.
Д) Әлде кім немесе әлде не жөніндегі мәліметтің сигналдар түрінде берілуі.
Е) Табиғат заңдары туралы ғылым.
6. Ақпараттық жүйе дегеніміз:
А) Ақпараттарды алу және өндеу әдістер жинағы.
В) Компьютерлендіруді дамытудың жеткілікті шарттары.
С) Мәліметтерді өңдеуге қатысатын құралдар, әдістердің өзара байланыс жиынтығы.
D) Сандық мәліметтерді өңдеуге арналған электрондық құрылғы.
Е) Желілік байланыс.
7. Бір байт информация – бұл:
А) Кез-келген 10 нөлмен бірдің тізбегі.
В) Кез-келген 8 символ тізбегі.
С) Кез-келген 4 цифр тізбегі.
D) Кез-келген 8 нөл мен бірдің тізбегі.
Е) 2 цифр тізбегі.
8. Компьютер қандай санау жүйесінде жұмыс істейді?
А) Екілік.
В) Ондық.
С) Бестік.
D) Он алтылық.
Е) Сегіздік.
9. Информация дегеніміз:
А) Тіркеуге және өңдеуге жататын факторлардың, құбылыстардың, оқиғалардың жиынтығы.
В) Газеттер мақалаларының, хабарландырулар мен жарнамалардың жиынтығы.
С) Радио және теледидар хабарларының жиынтығы.
D) Баспа және дыбыс хабарларының жиынтығы.
Е) Газеттер, радио және теледидар хабарларының жиынтығы.
10. Компьютерлік сауаттылық бұл ...
A) Оқу және жаза білу.
B) Қоршаған дүниені таңбалар мен сигналдар түрінде бейнелеу.
C) Ғылыми зерттеуде ЭЕМ-ді пайдалана білу.
D) ЭЕМ-ді қолданып оқу,
жазу, санау және сурет салу. Сондай-ақ
ақпараттарды іздеу
E) Ақпаратты алуға байланысты ғылыми білімді қолдану.
11. 16-лық санау жүйесінің символына жатпайтын әріп:
A) В.
B) Д.
C) Е.
D) F.
E) Дұрыс жауабы жоқ.
12. Қандай мүмкін болатын ең үлкен санды коды 1 байт болатындай етіп кодтауға болады?
A) 100.
B) 1000.
C) 8.
D) 255.
E) Дұрыс жауабы жоқ.
13. Әрбір 8-дік символ:
A) Екілік символдың тетрадасы.
B) Екілік символдың триадасы.
C) Екі екілік символдың комбинациясы.
D) Сегіздік санау жүйесінің символы.
E) Сегіз саннан тұрады.
14. Қандай санау жүйесі Ассемблер –программа тегін жазуда қолданылады?
A) Екілік санау жүйесі.
B) Сегіздік санау жүйесі.
C) 16-лық санау жүйесі.
D) Ешқандай санау жүйесі қолданылмайды.
E) Дұрыс жауабы жоқ.
15. 122 ондық санының коды қандай?
A) 01111010.
B) 10101011.
C) 0111011.
D) 01111100.
E) Дұрыс жауабы жоқ.
16. Алғашқы әмбебап есептеу машинасының жобасының авторы кім?
A) Джон фон Нейман.
B) Блез Паскаль.
C) Готфрид Вильгельм Лейбниц.
D) Чарльз Бэббидж.
E) Ада Лавлайс.
17. 0110+1010 екілік кодтың қосындысы қай сан?
A) 10000.
B) 11100.
C) 01010.
D) 10110.
E) Дұрыс жауабы жоқ.
18. Екілік санау жүйесін пайдалануды ең алғашқы ұсынған ғалым:
A) Джордж Буль.
B) Блез Паскаль.
C) Чарльз Бэббидж.
D) Готфрид Вильгельм Лейбниц.
E) Дұрыс жауабы жоқ.
19. Екілік санақ жүйесінде қандай сандар қолданылады?
A) 0, 1, 2 сандары.
B) 0, 1 сандары.
C) 0-ден 9-ға дейінгі сандар.
D) Тек қана 2 саны.
E) Алдыңғы жауаптардың барлығы да дұрыс.
20. 9-саны екілік кодта дұрыс қалай жазылады?
A) 1000
B) 1001
C) 1100
D) 1010
E) Дұрыс жауабы жоқ.
21. Бэббидж машинасы мен компьютердің ортақ қасиеті:
A) Прграмма арқылы басқару
B) Мәтіндік информацияны
өңдеу.
C) Дыбыстық информацияны өңдеу.
D) Графикалық информацияны өңдеу.
E) Дұрыс жауабы жоқ.
22. 20А-1В екі оналтылық сандарының
айырмасының дұрыс жауабы қандай:
А) 18 F.
+В) 1 EF.
С) 1 CE.
D) 1 FE.
Е) дұрыс жауабы жоқ.
23. Позициялық санау жүйесіне қандай сандар кірмейді?
A) Екілік санау жүйесіндегі
сандар.
B) Сегіздік санау жүйесіндегі сандар.
C) Рим сандары.
D) Он алтылық санау жүйесіндегі сандар.
E) Ондық санау жүйесіндегі сандар.
24. Ең алғашқы механикалық
есептеу құрылғысын (арифмометр) ойлап
шығарған кім?
A) Чарльз Бэббидж.
B) Блез Паскаль.
C) Норберт Винер.
D) Джордж Буль.
E) Джон фон Нейман.
25. Он алтылық жүйеде қосу: 9+5 неге тең болады?
A) Е.
B) 14.
C) А.
D) 1Е.
E) С.
Дәріс-2. Қазіргі заман компьютерлердің аппаратық қүралдары. Компьютердің құрылымы, негізгі желілердің тағайындалуы. Сыртқы құрылғылар. Ақпаратты сақтау принциптері. Жедел жад.
2. Дербес компьютердің базалық конфигурациясы мен жұмыс істеу принциптері
Халық шаруашылығының түрлі салаларында пайдалануға болатын жұмыс істеу мүмкіндігі жоғары және әрекет жылдамдығы үлкен компьютерлерді дербес компьютер деп атаймыз. Қазіргі кездегі оқу орындар дербес компьютерлермен қамтамасыз етілген. Дербес компьютердің негізгі құрылғылары классикалық Нейман архитектурасына негізделген.
Дербес компьютердің (ДК) архитектурасы дегеніміз аппараттық құрылғылардың және программалық жабдықтардың жиынтығы, сол сияқты олардың өзара қатынасы мен дербес компьютерде жұмыс істеу кезіндегі өзара байланыс жүйелері.
Дербес компьютер бір-бірімен байланысты екі бөлімнен тұрады: аппараттық құрылғылар (Нагdwаге), (2.1-сурет) және (Sоftwаге) программалық жабдықтар (2.2-сурет).
2.1- сурет. Дербес компьютердің аппараттық құрылғылары
Жүйелік блок – процессор, жад, адаптер (бақылаушы), жүйелік шина, таймер, қоректену блогы мен енгізу-шығару порттары орналастырылған компьютердің негізгі бөлімі. Олар орналасқан тақшаны аналық тақша немесе жүйелік тақша деп аталады. Жүйелік блоктың ішіне орналасқан құрылғылар компьютердің ішкі құрылғылары деп, ал басқа құрылғылар (пернетақта, монитор, принтер, т.б.) шеткері құрылғылар деп аталады.
Процессор – компьютерді басқару құрылғысы. Ол жадта орналасқан жүйелік программалар арқылы компьютер жұмысын автоматты түрде басқарады. Компьютердің жылдамдығы (жұмыс өнімділігі) процессордың бір секундта орындай алатын қарапайым операция санымен өлшенеді. Компьютерлік жүйелерде компьютер жұмысының жылдамдығы үшін, оған балама етіп, электрондық схемалардың жұмыс ритмін ұйымдастыратын электр импульстерінің тактілік жиілігі алынған (такт -тізбекті берілген екі сигнал арасындағы уақыт). Такт – процессор орындайтын ішкі операцияға жұмсалған уақыт. Тактілік жиілік – процессорде 1 секунтта орындалатын такт саны, өлшем бірлігі – МГЦ (мегагерц). Процессор барлық есептеу және информация өңдеу істерін орындайды. Бір интегралдық схемадан тұратын процессор - микропроцессор деп аталады.
Микропроцессор - компьютердің негізгі компоненті. Арифметикалық және логикалық операцияларды орындайды, қажетті программалық есептерді басқарады. Микропроцессор екілік разрядтармен ғана жұмыс істейді. Микропроцессор өңдей алатын сандардың максимум ұзындығы (разрядтар саны) - оның разрядтылығы.
Микропроцессор үлгілері. Қазіргі кездегі кәсіби дербес компьютерлерде пайдланылатын микропроцессорлар, типіне қарай 100 МГц–тен асатын тактілік жиілікпен жұмыс істей алады. (1 МГц=1000000 такт/сек).
Дербес компьютердің (ДК) типі онда орналастырылған микропроцессордың модельдеріне сәйкес (Іntеl 8088, 80286, 803865Х, 80386ОХ, 80486, Реntuim маркалы) және жұмыс өнімділігімен (дәлірек айтқанда, тактілі жиілігі МГц-пен өлшенетін) анықталады. Процессорда жедел жад пен қатты дискінің (винчестордың) өлшемі маңызды роль атқарады. Микропроцессорға жедел және тұрақты жады, енгізу-шығару құрылғыларын қосуға болады. ІВМ тәрізді компьютерлерде INТEL фирмасының және басқа да фирмалардың бір-біріне үйлесімді микропроцессорлары пайдаланылады. Дербес компьютердің типтері 1-кестеде көрсетілген.
1- кесте. ДК типтері мен мінездемесі
Процессор моделі |
Жұмыс өнімділігі (тактілі жиілігі) МГц |
Жедел жады, Мб |
Қатты диск (винчестор), Мб |
Intel 286 |
8-20 |
1-2 |
20-80 |
Intel 386 |
40-60 |
2-4 |
40-200 |
Intel 486 |
66-100 |
4-8 |
80-500 |
Pentium |
100-300 |
8-32 |
500-2000 |
Pentium ІІ |
300-450 |
16-32 |
1000-4000 |
Pentium ІІІ |
500-1000 |
32-128 |
10000-40000 |
Pentium IV |
1000-3400 |
128-512 |
10000-80000 |
Микропроцессорлардың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтерінде (модельдерінде), яғни оның қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс жылдамдығының көрсеткіші - тактілік жиілігінде жатыр. Жиілігі артқан сайын оның жұмыс жылдамдығы да өсе түседі. Қазіргі уақытта PentiumIV процессорлы компьютер қолданысқа еніп, басқалары ескірген. Микропроцессордың құрамы:
Басқару құрылғылары (БҚ) - Орындалып жатқан операцияларда қолданылатын басқару импульстерін (сигналдары) қажет кезінде қалыптастырып, машинаның барлық блоктарына жібереді. БҚ – жад ұяшықтарының адресін жасайды және бұл адрестерді ЭЕМ- нің сәйкес блоктарына жөнелтеді.
Арифметикалық – логикалық құрылғы (АЛҚ) - сандық және символдық информациялармен орындалатын барлық арифметикалық және логикалық операцияларды орындайды.
Жалпы міндет атқаратын регистрлер – регистрлерде негізгі жадтан түсетін аралық мәндер сақталады.
Кэш – жад – Қойма сияқты, оған аралық деректер мен командалар келіп түседі. Көп мәліметтерді кэш – жадтан алу әрекеті процессордың мәліметтерді алуына жеңілдік келтіріп, оның жылдамдығын арттыруға жәрдемдеседі. Яғни кэш – жады компьютердің жұмыс өнімділігін арттыруға арналған. Кэш – жад екі деңгейлі. Біріншісі процессор ішінде, екіншісі процессордан сырт (тақшада) орнатылады, көлемі 256-512 Кбайт шамасында.
Енгізу/шығару порттары компьютерді сыртқы баспа, модем сияқты құрылғылармен жалғастыру үшін қажет. Порттар екіге бөлінеді:
Олардың сәйкес түрде белгіленуі: LPT1- LPT3, COM1 - COM3.
Енгізу/шығару құрылғылары мен процессор арасында информация алмасу алдында, адаптер деп аталатын, осы құрылғылардың жұмысын үйлестіруші интегралдық схемаға келіп түседі (латынша adaptere –үйлестіруші).
Адаптер - әр түрлі құрылғылардың жұмысын басқаратын құрылғы. Контроллер – мәліметтерді тасымалдау құрылғыларын компьютерге жалғау қондырғысы
Адаптердің жұмысына мысал: екілік кодтарды жадтан мониторға жіберу кезінде сәйкес адаптер (бейнеадаптер) алдымен оларды түрлі символдарға аударатын сигналдарға айналдырады: кез келген пернені басып, қоя берген кезде пернетақта сәйкес екілік кодтың сигналдарын процессорға , жадқа бірінен соң бірін ретімен жібере бастайды. Бұл кодты алдымен пернетақта адаптері қабылдайды да, оны процессор жұмыс істей алатын параллель кодқа айналдырады. Адаптерлердің өздері қабылдаған ағымдық команданы не деректерді жазып қоятын ұяшықтары бар. Оларды порт регистрлері деп атайды. Адаптерлер процессор, жад және басқа құрылғылармен жүйелік шина немесе магистраль деп аталатын көп қабатты платаның (тақшаның) ток өткізгіш желісі арқылы байланыстырылып қойылған. Байланыстыру шинаға дәнекерленіп қосылған порттар деп аталатын ажыратып қосқыштар арқылы орындалады. Шина үш бөлімді: адрестік шина, мәліметтер шинасы және басқару шинасы. Әр шина сандары бірдей емес көптеген өткізгішті сымдар тобынан тұрады. Адрестік шина арқылы информация жазылатын ұяшықтың адресі жіберіледі. Мәліметтер шинасы арқылы информация, ал басқару шинасы арқылы «информацияны жазу», «информацияны оқу» сияқты түрлі командалар жіберіледі.