Информатикаға кіріспе. Санау жүйелері. Екілік кодтармен жүргізілетін операциялар. Бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне көшу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2014 в 09:27, курс лекций

Описание работы

Информация. "Информация" термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымынан туындаған ағылшынның іnfоrтаtіоп сөзінен шыққан, дәл анықтамасы жоқ кең ұғым. Информацияны біз ауызша естиміз, жазбаша түрде оқимыз, қимыл не қозғалыс түрінде көреміз. Кез келген керекті информацияның мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткіземіз. Қарапайым түрде айтқанда, информация - белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар. Мысалы, қоңыраудың соғылуы сабақтың басталғанын не аяқталғанын білдіретін информация. Ағаштың бүршік атып, гүлдеуі көктем мезгілінің келгенін білдіретін информация. Ақпарат құралдары арқылы берілетін хабарлар мен ғылыми-техникалық жаңалықтар да информация түрлерінің бірі.
Қоғам өмірінің сандық заңдылығын бейнелейтін статистикалық информация өте күрделі. Онымен айналысатын арнайы ұйымдардың жыл сайын немесе тоқсан сайын дайындаған информациясын басшылыққа алмай, ел экономикасын ғылыми түрде басқаруды ұйымдастыру мүмкін болмас еді. Ұшу траекториясына әсер ететін бүкіләлемдік тартылыс заңын, денеге үйкеліс әсерін және т.б. қажетті информацияны білмей, ғарыш кемесін ұшыруға болмайтыны да белгілі.

Файлы: 1 файл

Дәріс УМК.doc

— 824.00 Кб (Скачать файл)

 

 

3.  ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР

 

Құрылғыларды бір-бірімен байланыстыратын жүйелер мен сигналдарды, пайдаланушы адам мен компьютердің қарым-қатынасын, техникалық, программалық құралдар жиынтығын және техникалық өзара келісімдерді интерфейс деп атайды. (inter- өзара,  face-бет).

Программа - магниттік тасымалдаушыда (дискіде) файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыста бір-бірімен біріге отырып жұмыс істейтін программалық жабдықтардың көмегімен шешіледі.

Программалық жабдықтар - информациялық технологиялардың елеулі бір бөлігі, олар сервистік программалардан, жүйелік программалар (операциялық жүйе, драйверлер, утилиттер т.б.) мен қолданбалы программалар пакетінен (MS Word, MS Excel, MS Access, Corel Draw, AutoCAD т.б.) тұрады.

ЭЕМ программалары екі топқа бөлінеді (2-сурет), олар:

1) жүйелік программалық жабдықтар; 

2) қолданбалы программалар пакеті.

       2-сурет. Программалық жабдықтар  тобы

 

Жүйелік программалар - ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтарының жұмысын басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қажетті қолданбалы программалармен байланыстырады.

Қолданбалы программалар пакеті - белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны.

 

3.1. Жүйелік программалық  жабдықтар

 

Жүйелік программалық жабдықтарды бірнеше топқа жіктеуге болады:

1) операциялық жүйелер,  ОЖ-нің қоршаулары;       

2) драйверлер, утилиттер, антивирустық программалар; 

3) сервистік программалар;

4) диагностика және бақылау программалары;

5)  Жүйелік программистердің     аспаптық жабдықтары.

Операциялық жүйелер - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программамен байланысы бар нақты программа. Дербес   компьютерлер үшін  кең  тараған операциялык жүйелерге: МS  DОS, WINDОWS 98, WINDОWS 2000, WINDОWS NT, WINDОWS XP, ОS/2, UNІХ, LINUX, т.б. жатады. Бұл жүйе ЭЕМ іске қосылғаннан кейін, иілгіш не қатты дискіден алғашқы жүктелетін кешенді программа болып табылады.

Драйверлер. Компьютердің ішкі және сыртқы құрылғыларының арасында мәліметтерді алмастыру драйверлер деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады (driver-жүргізуші, басқарушы). Әр сыртқы құрылғының өз жұмысын басқаратын арнайы программасы (драйвері) бар.

Утилиттер. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустық (вирустарға қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу (сығу) программаларын, компьютердің жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест программалары) айтуға болады.

Сервистік программалар - әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.

 

3.2. Қолданбалы  программалар пакеті

 

Қолданбалы программалар пакеті - белгілі бір мақсатта пайдаланатын программалық жабдық және әмбебап болып екіге бөлінеді.

Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын программалық жабдық әр адамның нақты есептерін шығаруға арналған, сондықтан оны пайдалану аймағы да шектеулі. Мұндай программаларды жұмыс иесі өзі жасайды немесе оның талабы бойынша маман программалаушылар жасап береді.

Әмбебап программалық жабдық  тек бір есепті шығарып қана қоймай, белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды, немесе информацияның белгілі бір түрлерін өңдеуді түгел қамти алады. Әртүрлі информацияларды өңдеуге мүмкіндік беретін әмбебап программалық жасақтың негізгі түрлері мыналар:

- мәтін редакторлары;

- графикалық редакторлар;   

- электрондық кестелер; 

- оқыту және ойнау программалары;

- информациялық жүйелер және т.б.

Мәтін редакторлары экранда мәтіндерді түзетуге, қателерін уақытында табуға, абзацтардың сол жақ, оң жақ шеттерін туралауға, мәтіндерді дискілерде ұзақ уақыт сақтап, қажет болғанда бірден тауып алуға, бірнеше алфавитті (латын, орыс, қазақ) қатар пайдалануға, құжаттарды қағазға бірнеше дана етіп басып шығаруға мүмкіндік береді. Кең тараған мәтін редакторларына Місrosoft Word, РаgеМаkег, Word Реrfect т.б. жатады. 

Дербес ЭЕМ-дер кітап, журнал, газет, т.б. шығаруда кең пайдаланылады.

Графиктік редакторлар графиктік информацияны дайындау мен өңдеуге арналған программа болып табылады. Олар өмірде жиі кездесетін есептеу нәтижелерін график түрінде шығаруда өте ыңғайлы. Оның үстіне графикалық редакторлар бейнелерді әртүрлі етіп - схемалар, сызбалар, суреттер және т.б. түрлерде бере алады.

Күрделі графикалық бейнелер тұрғызу кезінде түрлі-түрлі фигура мен контурларды пайдаланып, олардың әрқайсысын әртүрлі түстерге бояуға да болады. Осындай мүмкіндіктері бар графиктік редакторларға Ms Раіnt, СоrеlDrаw, Grаf-іn-thе-Вох, PhotoShop, AutoCad, РС Illustrator т.б. жатады.

Электрондық кестелер жүйесінде миллионнан аса торлар (ұялар) болады, олар пернелермен информацияны енгізу арқылы немесе формулалар өрнегін есептеу нәтижесі бойынша компьютерге жазылады. Мұнда кестелік мәліметтерді түзету, оларды дискілерде жазып сақтау, түрлендіру, қағазға басып алу сияқты көптеген өрнектер өте жылдам орындалады. Кең тараған электрондық кесте жүйелеріне Lotus 1-2-3, SuреrСаlс, QuatroРго, Ехсеl сияқты программалар жатады.

Ойын программалары дербес ЭЕМ-дeрдeгі қызықты кез келген жан әуестенетін топқа жатады. Дербес компьютерлердің кеңінен тарауына да себепші болған ойын программалары еді. Компьютерлік ойындар - демалудың жаңа технологиясы. ЭЕМ-де ойнағанда онымен шектен аса әуестенудің зиян екенін есте сақтаған жөн.

Оқыту программалары оқу-үйрену сабақтарын ұйымдастырады. Компьютерлер сабақ оқуда электрондық оқулық және тренажерлер түрінде, лабораториялық аспап, әрі информациялық  анықтамалық жүйе  есебінде  кеңінен пайдаланылады.

Әмбебап программалық жабдықтың дамуының арқасында күрделі шоғырландырылған (интегралданған) жүйелер жасалынып жатыр. Мұндай жүйелерге, мысалы, конструкторлық жобалауды, электрондық тақшалар жасап дайындауды, экономикалық және бухгалтерлік жұмыстарды автоматтандыру істерін жатқызуға болады. Инженерлік практикада қазір осындай мақсаттарға MatLab, MatCad, Еureka сияқты программалық дестелер кеңінен қолданылып жүр.

Қолданбалы программалар арасындағы ерекше топқа қолданбалы программаларды даярлаудың аспаптық жабдықтары (инструментальные средства) жатады.

Аспаптық жабдықтар - басқа программалар мен автоматтандырылған жүйелерді даярлау үшін программалаушылар пайдаланатын программалар мен программалық кешендер.

Дербес компьютерде кең тараған аспаптық жабдықтарға VISUAL ВАSІС, TURBO РАSСАL, DELPHI, С++ және ASSEMBLER сияқты программалау тілдері жатады. Бұл тілдердің әрқайсысы белгілі бір мәселелер тобын шешуге өте қолайлы.

Қазіргі кезде жасалынып жатқан программалар теледидар, тоңазытқыш, шаңсорғыш тәрізді өндірістік өнімдер санатына кіреді. Бұл программаларды жасау мен тарату - өндірісті жүргізу заңдылықтарымен бірдей деңгейде болады деген сөз.

 

Бақылау сұрақтары:

1) Дербес компьютердің архитектурасы деп нені айтамыз?

2) Дербес компьютер неше  бөлімнен тұрады?

3) Жүйелік блок қандай  элементтерден тұрады?

4) Аналық тақшаға қандай  жабдықтар орналастырылған?

5) Компьютердің шеткері құрылғыларының  қандай түрлері бар?

6) Процессор дегеніміз  не ?

7) Қазіргі заман процессорының  жұмыс жылдамдығы немен өлшенеді?

8) Компьютердің ішкі жады  қандай етке сақтау құрылғыларынан  тұрады?

9) Жедел жадтың қызметі  қандай?

10)  Тұрақты есте сақтау  құрылғысының көлемі қандай?

11) Дебес компьютерде жадтың қандай түрлері пайдаланылады?

12)  BIOS программасы қандай есте сақтау құрылғысында орналасқан?

13) BIOS программасының атқаратын  қызметі қандай?

14) BIOS енгізу-шығару базалық  жүйесі қайда орналасқан?

15) Модем құрылғысы не  үшін қажет?

16) Басқаруға арналған  манипулятор деп нені айтамыз?

17) Қандай құрылғы мәліметті  шығару үшін қолданылады?

18) СD-RОМ құрылғысының атқаратын қызметі қандай?

19) Стримердің атқаратын қызметі қандай?

20) Бейнеадаптердің атқаратын қызметі қандай?

21) Енгізу/шығару порттары не үшін қажет?

22) Компьютердің сыртқы жады деп нені айтамыз?

23) Компакт-дискілердің қандай ерекшеліктері бар?

24) Магниттік диск түрлері қандай?

25) Интерфейс дегеніміз  не?

26)  Компьютерлер қай  операциялық жүйеде жұмыс істейді?

27) Мәтін редакторлары мен графикалық редакторлар не үшін қажет?

28) Электрондық кестелер қандай қызмет атқарады?

29) Драйвер дегеніміз не?

30) Утилиттер дегеніміз  не?

 

Тест сұрақтары:

 

1. Қандай құрылғы  жүйелік  тақшаға (материнская плата) орналастырылмаған:

A) Микропроцессор. 
B) Жедел жады. 
C) СD-RОМ. 
D) Кэш жады. 
E) BIOS.

2. Кэш-жады қайда  орналасқан?

A) Процессорда. 
B) Жедел жадта. 
C) Дискілік жадта. 
D) Тұрақты есте сақтау құрылғысында

E) Дұрыс жауабы жоқ.

3. Қазіргі заман  процессорының жұмыс жылдамдығы  немен өлшенеді?

A) Секундпен. 
B) Сағатпен. 
+C) Мегагерцпен. 
D) Герцпен. 
E) Минутпен

4. BIOS енгізу-шығару базалық жүйесі қайда орналасқан?

A) Дискі жадының бастапқы  секторында. 
B) Тұрақты есте сақтау құрылғысында 
C) Жедел жадта. 
D) Кэш-жадында. 
E) Дұрыс жауабы жоқ.

5. Күнтізбе мен уақытқа арналған жүйелі сағат көрсеткіші қайда сақталады:

 A) Дискі жадында. 
B) Тұрақты есте сақтау құрылғысында 
C) Жедел жадта. 
D) Энергияға тәуелсіз жад. 
E) Кэш-жадында.

6. Шеткі құрылғының  интерфейсі құрамына кіретін  программа қалай аталады?

A) Командалық процессор. 
B) Драйвер. 
C) Компилятор. 
D) Интерпретатор. 
E) Жүктеуші.

7. Басқаруға арналған  манипулятор деп нені айтамыз?

A) Тышқан. 
B) Джойстик. 
C) Трекбол. 
D) Пенмаус. 
E) Дұрыс жауабы жоқ.

8.  Көркемдеуші  Графикалық мәліметтерді енгізу  үшін қандай құрылғы қолданылады?

A) Дигитайзер. 
B) Модем. 
C) Принтер. 
D) Инфрақызыл тышқан. 
E) Стример.

9. Қандай құрылғы  дербес компьютердің негізгі  құрылғысы?

А) Сканер.

B)  Монитор.

C)  Орталық процессор.

D)  Пернетақта.

E)  Принтер.

10. Көптеген математикалық  және логикалық операцияларды  есептеуді орындайтын негізгі  микросхема ...

А) Монитор.

В) Қатты диск.

С) Тышқан.

D) микропроцессор.

Е) Пернетақта.

11. Кэш -  қатты  дискінің қосымша  жадысы неге  арналған?

  1. Қатты дискінің көлемін ұлғайтуға.
  2. Қатты дискідегі мәліметтерге жетуді тездетуге.
  3. Тұрақты жадыны тез жұмыс істетуге.
  4. Бейне жадының көлемін ұлғайтуға.
  5. Тұрақты жадының көлемін ұлғайтуға.

12. Компьютер іске  қосылып тұрғанда мәліметтер  уақытша сақтайтын жад:

A) Қатты диск.

B) Процессор.

C) Шиналар.

D) Жедел жады.

E) Сыртқы жады.

13. Графикалық  ақпаратты плакатқа шығару құрылғысы:

A) Сканер.

B) Плоттер.

C) “Винчестер”. 
D) Клавиатура. 
E) WinRAR.

14. Модем деген  не?

A) Телефон тізбегі арқылы  компьютерлер арасында информациямен алмасу құрылғысы.

B) Тышқанды алмастыру  құрылғысы.

C) Қағазға схеманы басып  шығару құрылғысы. 
D) Компьютерге мәтіндік және графикалық информацияны енгізу құрылғысы. 
E) Информацияны оқу құрылғысы.

15. Сканер дегеніміз не?

А) Тактілік  импульсті генератор.

В) Мәтінді немесе графикалық информацияны оқуға арналған кұрылғы.

С) Магниттік дискіден информацияны оқуға арналған құрылғы.

D) Қағаз бетінен компьютерге  енгізу құрылғысы.

E) D дискіден алып тастау  құрылғысы.

16. Микропроцессор  дегеніміз:

A) Мәтінді және графиктік ақпаратты баспаға шығаратын құрылғы.

B) Компьютерге ақпаратты  енгізуді жеңілдететін құрылғы.

C) Ақпаратты өндейтін  және есептеу жұмыстарын орындайтын  шағын электронды схема;

D) ДК құрылғыларын басқаратын  элетрондық схема.

E)  Магниттік таспада берілгендерді сақтайтын құрылғы.

17. Микропроцессордың  құрамына кірмейді:

A) Басқару құрылғылары.

B) АЛУ.

C) Микропроцессорлық жад.

D) Микопроцессордың интерфейстік  жүйесі.

Е) Ақпарат процесі

18. Қандай құрылғыны  бейнеадаптер деп атаймыз:

А) Монитор экранана шығарылатын бейнелердің кодтарын сақтайтын бейнежады бар құрылғы

В) Аналық тақша (материская плата) құрылғысы. 
С) Магниттік дискі жинақтауышы. 
D) Лазерлік дискі жинақтауышы. 
Е) Информацияны қағазға басып шығару құрылғысы

19. Оперативті  есте сақтау құрылғысының басқаша атауы

А) RAM - жедел жады.

В) ROM. 
С) дискілік жады. 
D) тұрақты есте сақтау жады

Е) Бейнежады.

20. Арифметикалық  логикалық құрылғы (АЛУ), басқару  құрылғысы (БҚ), жалпы міндет атқаратын  регистрлер, өте жылдам жұмыс  істейтін Кэш-жады қай құрылғы құрамында:

Информация о работе Информатикаға кіріспе. Санау жүйелері. Екілік кодтармен жүргізілетін операциялар. Бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне көшу