Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2014 в 09:27, курс лекций
Информация. "Информация" термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымынан туындаған ағылшынның іnfоrтаtіоп сөзінен шыққан, дәл анықтамасы жоқ кең ұғым. Информацияны біз ауызша естиміз, жазбаша түрде оқимыз, қимыл не қозғалыс түрінде көреміз. Кез келген керекті информацияның мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткіземіз. Қарапайым түрде айтқанда, информация - белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар. Мысалы, қоңыраудың соғылуы сабақтың басталғанын не аяқталғанын білдіретін информация. Ағаштың бүршік атып, гүлдеуі көктем мезгілінің келгенін білдіретін информация. Ақпарат құралдары арқылы берілетін хабарлар мен ғылыми-техникалық жаңалықтар да информация түрлерінің бірі.
Қоғам өмірінің сандық заңдылығын бейнелейтін статистикалық информация өте күрделі. Онымен айналысатын арнайы ұйымдардың жыл сайын немесе тоқсан сайын дайындаған информациясын басшылыққа алмай, ел экономикасын ғылыми түрде басқаруды ұйымдастыру мүмкін болмас еді. Ұшу траекториясына әсер ететін бүкіләлемдік тартылыс заңын, денеге үйкеліс әсерін және т.б. қажетті информацияны білмей, ғарыш кемесін ұшыруға болмайтыны да белгілі.
А) Процессорда.
В) Мониторда
С) Дискетте.
D) Сканерде.
Е) Пернетақтада.
21. BIOS (енгізу-шығару базалық жүйесі ) негізгі қызметі - бұл:
А) Компьютерлік жүйенің құрамын және жұмыс істеу қабілетін тексеру және пернетақтамен, монитормен, қатты дискімен және иілгіш диск жүргізушімен байланысты қамтамасыз ету.
В) Ақпаратты ұзақ мерзімге,
тіпті компьютер сөндірілгенде сақтау.
С) Компьютер қорларын үлестіру.
D) Адаммен компьютер арасындағы диалогтық
қатынас.
Е) Әртүрлі құрылғылар әрекеттестігін
қамтамасыз ету.
22. Бақылаушы мен жедел жад арасында деректерді тасымалдау магистралі:
A) Бақылаушы.
B) Слота.
C) Шина.
D) Плата.
E) Карта.
23. Компьютерде
орындалатын пограммалар
A) Басқарушы, ойын
B) Қарапайым және көпдеңгейлі
C) Жүйелік, қолданбалы, программалау тілдері
D) Оқытушы, итерактивті
E) Операциялық жүйелік
24. Тышқанда қанша батырма болуы мүмкін?
A) 3 немесе 4
B) 1.2 немесе 3
C) 1 немесе 2
D) 2 немесе 3
E)3 және 4
25 Компьютер жұмысы
қандай жүйе арқылы
А) Сандық жүйе арқылы.
В) Теңдеулер жүйесі арқылы.
С) Операциялық жүйе арқылы.
D) Үзілісті жүйе арқылы.
Е) Файлдық жүйе арқылы.
Дәріс-4. Компьютердің операциялық жүйесі:керектігі, құрамы, жүктелуі. Windows операциялық жүйесі.
Операциялық жүйе — компьютерді басқаруға арналған, қолданушымен сұхбатты ұйымдастыратын және қолданбалы программалар пакетінің сұранысы бойынша ЭЕМ-мен өзара іс-әрекет жасайтын орталық программа.
Резиденттік команда
өз кезегінде екіге бөлінеді:
Каталогпен жұмыс істеу
DIR <каталог аты> - каталогтар тізімін қарап шығу
CLS – экранды тазалау. С:\ > CLS – С каталогы үшін берілген командасы.
FORMAT - қатты дискіні немесе иілгіш дискеттерді жаңа жұмыс аудандарына бөлу, яғни форматтау.
С:\ > FORMAT А:/ S
DISСCOPY - бір дискідегі барлық
мәліметтерді басқа дискіге
Дербес компьютерлер үшін кең тараған операциялық жүйелерге MS DOS, Windows95, Windows98, Windows2000, WindowsХР, WindowsNT, LINUX, OS/2, UNIX жатады.
5. Windows операциялық жүйесі
WINDOWS ОЖ кең ауқымды мүмкіндікті, күрделі ақпараттық жүйе. Бұл ОЖ-нің ең негізгі артықшылығы – бір уақытта бірнеше программалармен жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Сол себепті ОЖ - көп функционалды, көп терезелі. WINDOWS ОЖ-де файлды импорттауға, экспорттауға болады. Буферде бір уақытта 12 файл сақтауға болады.
Жұмыс столының суретін өзгерту үшін жұмыс столына тышқанның оң жақ батырмасын шерту ® Жанама меню ® Қасиет® Жұмыс столы ;
Жарлықты құру үшін жұмыс столына тышқанның сол жақ батырмасын шертіп контекстік менюден Құру " Жарлық командаларын орындау;
Бума құру үшін жұмыс столына тышқанның сол жақ батырмасын шертіп контекстік менюден Құру " Бума командаларын орындау; Бума атын өзгерту үшін файлға тышқанның оң жақ батырмасын шерту, жанама менюден қайта ат беру (переименовать) командасы таңдалады.
Құжат – бұл қолданбалы программа көмегімен өңделетін кез келген файл ; Кез-келген ақпараттың дискіде жазылуы файл болып табылады. Құжатты баспаға шығару командасы: Файл" Печать "ОК.
Файл дегеніміз- атау берілген кез келген ұзындықтағы байттар тізбегі
Операциялық жүйенің файлдармен, каталогтармен жұмыс ұйымдастыруы файлдар жүйесі деп аталады. Файл префиксі дегеніміз файл жүйесі бойынша оған өту маршруты. Іздеу маршруты көрсетіліп жазылған файл атын оның толық аты немесе толық адресі деп атайды. Толық атаудың мысалы С:\>ВАSІС\qbasic.exe. Мұндағы С: дискінің ВАSІС үшін бірінші деңгейлі каталог екенін білдіреді. «\» файлды каталогтардан іздеу маршрутын (жол бағытын) көрсететін символ. ВАSІС – ішкі каталог, qbasic – файл аты, .exe – файл кеңейтілуі болып табылады.
Қоржын (Себет – Корзина) – бұл дискілердегі жойылатын мәліметпен жұмыс істейтін жүйелік бума; Жойылған файл қоржынға түседі. Файлды қайта қалпына келтіру үшін қоржындағы файлды тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп, контексті менюден Қалпына келтіру (Восстановить) командасын таңдау арқылы орындалады. Қоржынды ашып, Файл – Қоржынды тазалау (Файл – Очистить корзину) командасын беру арқылы оны тазалап қоюға болады.
Сілтеу (Проводник) программасы файлдарды басқаруға, қосалқы программаларды жүктеуге, құжаттарды ашу тәрізді мүмкіндіктерге жағдай жасап, дербес компьютердің барлық мазмұнын көру мүмкіндігін туғызады. Дискілер мен бумаларды жеке-жеке терезелерде қарап, ашпас үшін, бұл режим олардың бірінен екіншісіне бір ғана терезеде жылжып, ауысып отыру мүмкіндігін береді. «Сілтеудің» сол жақ аймағында дискі мен бумалардың тізімі, ал оң жағында (екпінді күйдегі) объектінің мазмұны көрсетіледі.
«Сілтеуді» ашудың үш түрі бар:
1) «Іске қосу» менюін ашу және «Программа» менюінде «Сілтеу» пунктін таңдау;
2) «Менің компьютерім» бумасын ашу, С: дискісінде шерту - ерекшелеу мақсатымен, «Файл», «Сілтеу» пунктілерін таңдау;
3) Тышқан көрсеткішін Пуск - ті тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп, контекстік менюден «Сілтеу» пунктін таңдау.
«Менің компьютерім» бумасы белгілі бір буманың немесе дискінің мазмұнын қарап шығуға ыңғайлы. «Менің компьютерім» - де қабатынан екі рет шертсе, экранда жаңа терезеде компьютерге жүктелген дискілер аты шығады, одан басқа келесі элементтер де болуы мүмкін:
• Басқару панелі (Панель управления);
• Компакт-дискінің мазмұнын қарау;
• Дербес компьютерге қызмет көрсету жұмысын жобалау және бақылау;
• Принтерді баптау;
• Компьютерді модемнің көмегімен жалпы желіге жалғау.
«Жұмыс столына» немесе
басқа бір бумаға файл мен
буманы ауыстыру әрекетінің
1. Көшірілетін файлды (каталогты) ерекшелеп қойып:
• файлды көшіру үшін «Түзету» менюіндегі «Көшіру» командасын, ал басқа орынға ауыстыру үшін «Қиып алу» командасын таңдау керек. Файлды немесе буманы орналастыратын каталогта (бумада) екі рет шертіңіз.
• «Түзету (правка)» менюінде «Кірістіру (вставитъ)» командасын таңдау.
2. Файлда немесе каталогта
курсорды орналастырып, қажетті
объектіні экран бойынша
3. Объектіні тышқанның
оң жақ батырмасымен басу
• Орнын ауыстыру;
• Көшірме алу;
• Жарлық құру әрекеттерінің бірін нақты түрде көрсетуге болады. Файлды немесе буманы басқа дискіге ауыстыру кезінде:
• объектіні басқа дискіге ауыстырғанда, оның көшірмесі алынады;
• тышқан батырмасымен бірге < Shift > пернесін қоса басу арқылы объектіні жылжытып, орнын ауыстыруға болады;
• объектіні курсордың көмегімен ерекшелеп алып, менюдің «Файл» пунктінде «Жіберу» командасын таңдау қажет;
• объектіні курсордың көмегімен ерекшелеп, тышқанның оң жақ батырмасын шерту керек. Контекстік менюден «Жіберу» пунктін таңдап, «Адресат», «А: — дискісі», «Менің құжаттарым» (Мои документы) варианттарының бірін таңдау қажет.
Мәтін бөлігін іздеу және алмастыру. Бұл үшін «Түзету», «Табу» командасын таңдау қажет. Пайда болған «Табу және алмастыру» (Найти и заменить) сұхбат терезесінің «Табу» өрісінде қажетті мәтін үзіндісін теріп алып, «Әрі қарай табу» (Найти далее) батырмасын басу керек. Егер мәтін үзіндісі табылса, ол экранда «Табу және алмастыру» терезесінен тысқары пайда болады. Қажет болған жағдайда үзіндіні іздеу мен алмастыруды ары қарай жалғастыруға болады.
5.2. Дискетті форматтау
Дербес ЭЕМ-де пластмас корпустағы диаметрі 3,5 дюйм магниттік дискет қолданылады. Оны «флоппи-диск» деп те атайды. Компьютерде дискетті қолданбас бұрын, оны алдын ала форматтап алған жөн. Дискіні форматтау барысында сақиналық жолдардан тұратын бөліктерге бөлінеді. Әр жол өлшемі 512 байттан тұратын секторларға бөлінеді. Сектор – берілгендерді сақтаудың ең кіші бірлік өлшемі. Кластер – қатар орналасқан бірнеше секторлар тобы, оларда файлдың толық аты сақталады. Дискіде файлдың қай кластерден бастап жазылатыны FАТ деп аталатын арнайы кестеде белгіленеді.