Балалар іш – киімдік бұйымдар ассортименті және сапасын эксперттік бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 15:34, дипломная работа

Описание работы

Ранжерлік қатардаы объект орны ранг деп аталады. Есептелген ранг мәнінің шкалалық қатары 1-ден Т дейін (Т – бағалатын объект саны) артады.Эксперттік бағалауда әр объектінің ранг суммасы анықталады.
Алынған мәннен жалпы рандерлі қатар тұрғызады. Жалпы экспертті сапалығын бағалауда қаралған объект экспертизасын, коэффициентін, формула бойынша есептелуін қарастырады.

Содержание работы

Аннотация
Кіріспе
1. Технологиялық бөлім. Әдеби шолу
1.1. Балалар іш-киім бұйым ассортименті…….............................................................
1.2. Балалар іш-киіміне қойылатын талаптар..............................................................
1.3. Тауар экспертизасы жүргізілген көрсеткіштер...................................................
1.4. Бұйымды дайындау кезіндегі технологиялық режимі.......................................
1.5. Бұйымды өндіру кезінде пайда болатын ақаулар................................................
1.6. Әдістемелік бөлім
1.6.1. Талшық құрамын анықтау әдісі...........................................................................
1.6.2. Бұйымды құрайтын жіптің сызықтық тығыздығын анықтау әдісі..................
1.6.3. Трикотаж жаймасының беттік тығыздығын және отыруын анықтау әдісі....
1.6.4. Трикотаж жаймасының бояуға тұрақтылығын анықтау әдісі...........................
1.6.5. Трикотаж жаймасының жууға тұрақтылығын анықтау әдісі............................
1.6.6. Трикотаж жаймасының ауаөткізгіштігін анықтау әдісі.....................................
1.6.7.Трикотаж бұйымды таңбалау, буып - түю, тасымалдау және сақтау кезінде
қойылатын талаптар.......................................................................................................
1.7. Эксперементальды бөлім.....................................................................................
1.7.1. Талшық құрамын экспертті анықтау……..........................................................
1.7.2. Жіптің сызықтық тығыздығын экспертті түрде анықтау.................................
1.7.3. Трикотаж жаймасының беттік тығыздығын және отыруын экспертті
түрде анықтау................................................................................................................
1.7.4. Трикотаж жаймасының бояуға тұрақтылығын экспертті түрде анықтау......
1.7.5. Трикотаж жаймасының жууға тұрақтылығын экспертті түрде анықтау........
1.7.6. Трикотаж жаймасының ауаөткізгіштігін экспертті түрде анықтау................
1.7.7. Трикотаж бұйымды таңбалау, буып – түю, тасымалдау және сақтау.............
1.8. Рангілеу бағасы........................................................................................................
1.8.1. Таңдалынған бұйымға сипаттама.......................................................................
1.8.2. Тұтынушы сұранысы...........................................................................................
1.8.3. Сарапшы сұранысы..............................................................................................
1.9. Эксперттік бағалау..................................................................................................
2. Еңбекті қорғау бөлімі..............................................................................................
3. Экологиялық бөлім..................................................................................................
3.1. Экологиялық мәселелер.........................................................................................
3.2. Кәсіпорындағы экологиялық мәселелер...............................................................
3.3. Қоршаған ортаға кәсіпорын әсері………………………………………………..
3.4. Су ресурстарының әсері………………………………………………………….
3.5. Ауа ресурстарының әсері………………………………………………………...
3.6. Табиғатты қорғау іс – шаралары...........................................................................
4. Экономикалық бөлім...............................................................................................
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Мая диплом на переплет.doc

— 10.07 Мб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым Министрлігі

Алматы Технологиялық  Университеті

 

 

 

ТӨТ кафедрасы

 

 

 

 

Дипломдық жұмыс

 

Тақырыбы: Балалар іш – киімдік бұйымдар ассортименті және сапасын эксперттік бағалау

 

 

050733 – «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы»

 

 

 

 

 

 

 

Тексерген: Капишева С. А.

Орындаған: Кидирбаева М. С.

Топ: ТООП-08-11

 

 

 

 

Алматы  2012

Мазмұны

 

Аннотация

Кіріспе

1. Технологиялық бөлім. Әдеби шолу

1.1. Балалар іш-киім бұйым ассортименті…….............................................................

1.2. Балалар іш-киіміне қойылатын талаптар..............................................................

1.3.   Тауар экспертизасы жүргізілген көрсеткіштер...................................................

1.4.   Бұйымды дайындау кезіндегі технологиялық режимі.......................................

1.5.  Бұйымды өндіру кезінде пайда болатын ақаулар................................................

1.6.  Әдістемелік бөлім

1.6.1. Талшық құрамын анықтау әдісі...........................................................................

1.6.2. Бұйымды құрайтын жіптің сызықтық тығыздығын анықтау әдісі..................

1.6.3. Трикотаж жаймасының беттік тығыздығын және отыруын анықтау әдісі....

1.6.4. Трикотаж жаймасының бояуға тұрақтылығын анықтау әдісі...........................

1.6.5. Трикотаж жаймасының жууға тұрақтылығын анықтау әдісі............................

1.6.6. Трикотаж жаймасының ауаөткізгіштігін анықтау әдісі.....................................

1.6.7.Трикотаж бұйымды таңбалау, буып - түю, тасымалдау және сақтау кезінде

қойылатын талаптар.......................................................................................................

1.7. Эксперементальды бөлім.....................................................................................

1.7.1. Талшық құрамын экспертті анықтау……..........................................................

1.7.2. Жіптің сызықтық тығыздығын экспертті түрде анықтау.................................

1.7.3. Трикотаж жаймасының беттік тығыздығын және отыруын экспертті

 түрде анықтау................................................................................................................

1.7.4. Трикотаж жаймасының бояуға тұрақтылығын экспертті түрде анықтау......

1.7.5. Трикотаж жаймасының жууға тұрақтылығын экспертті түрде анықтау........

1.7.6. Трикотаж жаймасының ауаөткізгіштігін экспертті түрде анықтау................

1.7.7. Трикотаж бұйымды таңбалау, буып – түю, тасымалдау және сақтау.............

1.8. Рангілеу бағасы........................................................................................................

1.8.1. Таңдалынған бұйымға сипаттама.......................................................................

1.8.2. Тұтынушы сұранысы...........................................................................................

1.8.3. Сарапшы сұранысы..............................................................................................

1.9. Эксперттік бағалау..................................................................................................

2. Еңбекті қорғау бөлімі..............................................................................................

3. Экологиялық бөлім..................................................................................................

3.1. Экологиялық мәселелер.........................................................................................

3.2. Кәсіпорындағы экологиялық мәселелер...............................................................

3.3. Қоршаған ортаға кәсіпорын әсері………………………………………………..

3.4. Су ресурстарының әсері………………………………………………………….

3.5. Ауа ресурстарының әсері………………………………………………………...

3.6. Табиғатты қорғау іс – шаралары...........................................................................

4. Экономикалық бөлім...............................................................................................

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

Кіріспе

 

               Жеңіл текстиль өнеркәсібінде трикотаж өндірісі дамуда. Ал Қазақстанда іш киім трикотажы баяулап дамуда, сондықтанда іш киім трикотажы отандық өндірісте жеткіліксіз. Қазақстан нарығында отандық өндірісте тәжірибе мүлдем жоқ деп айтуға болады. Сондықтан да біз шет елден келген бұйымдарды пайдалануға мәзбүрміз. Мысалы, Қытай, Турция, Индия және Ресей. Менің бұл дипломдық тақырыбымның мақсаты тауар экспертизасын өткізу және іш киім трикотаж ассортимент бұйымын баға беру.

 Балалар киімін  жобалауда және өндіруде бала  ағзасының функциональді ерекшелігі  ескеріледі. Балалар ды ересектермен салыстырғанда жұқа,нәзік терілерден  құралады. Олардың ағзасының ерекше белгілеріне қарай киімдер, оның салмағына, пішініне, өлшеміне, қолданылатын материалға байланысты анықтап отырады.

Тауар экспертизасы жайлы  мәлімет. «Эксперт» - бұл берілген тапсырманың шешімін таба білетін маман (лат.сөзі, «expertus» -тәжірибелі). Эксперттің компетентілігінің объектіге қатынасының зерттеулілігі мамандандырылған компетентілік, ал зерттелетін тапсырманың экспертті шешімінің методологиялық қабылдауының қатынасы – бұл эксперттік компененттілік.

Эксперт объектіні зерттегенде, бағалауда объективті және құпиялы  түрде өту қажет. Экспертті әдіс – бұл бірнеше әркелкі тәсілдерің жиынтығы, яғни экспертиза әдісінің модификациясының әр түрлілігін көрсетеді. Белгілі, атақты экспертті әдістің әр түрлілігі көп жерде негізінен ұжымдық жерде шешім жасауда қолданылады. Мысалы, әр түрлі кеңес конференция, жиналыс, комиссия, сондай-ақ бағалауға қатынасын экзаменаттарлар, т.б., экспертті тәсілді пайдаланып шешім шығарады. Экспертті әдісте сапасын немесе көрсеткішінің дәрежелігін бағалауда өлшемсіз бірлік бойынша анықтайды. Мынадай жағдайда, егер эксперттің сапасын бағалау нәтижесі ранжерлі қатарда болса, онда саналған болып табылады. Бағалау экспертті келесідей болады: барлық бағалау объектісі (бұйым қасиет) нөмірленеді. Эксперттер объектіні шкала бойынша реттейді. Ранжерленген объект қатары эксперт құруымен сәйкестендіріледі.

Ранжерлік қатардаы объект орны ранг деп аталады. Есептелген ранг мәнінің шкалалық қатары 1-ден Т дейін (Т – бағалатын объект саны) артады.Эксперттік бағалауда әр объектінің ранг суммасы анықталады.

Алынған мәннен жалпы  рандерлі қатар тұрғызады. Жалпы  экспертті сапалығын бағалауда  қаралған объект экспертизасын, коэффициентін, формула бойынша есептелуін қарастырады.

Алынған экспертті тәсілде талдағанда сапасына баға бергенде қай объект жақсы немесе жаман екенін ғана емес, оның қаншалықты деңгейде екендігін  көрсету қажет.

Экспертті бағалау әдісінің сипаттамасы. Экспертті бағалауда  логикалық комплекс және математикалық процедура, мамандардан алынған ақпараттар, оның талдауы және дайындау мақсаты мен рациональды шешімннің өңделуі деп түсіндіріледі.

Экспертті бағалау әдісін екі топқа бөлуге болады:

  • экспертті топтағы ұжымдық жұмыс әдісі
  • экспертті топ мүшесінің жеке пікірін алу әдісі

Экспертті топтағы ұжымдық  жұмыс әдісі шешілетін мәселені талқылауда ой-пікірдің алынуы деп қарастырады. Кейде бұл әдісті ұжымдық ойдан тікелей алынған әдіс деп те айтады. Бұл әдістің негізгі бөлігі әр жақты мәселені талқылай алу мүмкіндігімен шектеледі. Әдістің кемшілігі алынған мәлімет процедурасының күрделілігі, эксперттің талқылауымен топтық ойдың жүйелену қиындығы және топтағы авторитет қысымы болу мүмкіндігі жатады.

Экспертті топ мүшесінің  жеке ой-пікірін алу әдісі – эксперттің алған мәліметіне, бір-бірінен сұрау арқылы, берілген мәліметке жауап алу болып табылады. Бұл әдіске анкеталық сауалнама, интервью және «Дельфи» әдісі жатады. Бұл әдістің  кемшілігі- субъективті дәрежесіне баға беруде бір ғана эксперттің білімімен шектелуі болып табылады.

Тауар өткізу экспертизасының  жіктелуі. Тауар өткізу экспертизасын  келесі түрлері болады: сапалы, сандық, ассортименті, құжатты, комплексті.

Сандық экспертиза – сарапшылардың тауар сипаттамасына сандық баға бере алуы, оларға салыстырмалы немесе қарама – қарсы жақтың нақты нәтижесін өлшеу қажет болғанда осы әдіс пайдаланылады.

Сапалық экспертиза – сарапшылардың нормативтік құжаттардың тауарға сапалық сипаттама баға бере алатын қабілеті.

Ассортиментті экспертиза – сарапшының тауарға сандық та, сондай – ақ сапалық сипаттама бере алуы.

Құжатты экспертиза – сарапшының тауар өткізу сипаттамасына баға бере білуі, сондай – ақ технологиялық және басқа да құжаттарға сәйкес болуы.

Комплексті  сипаттама – бұл сарапшының тауардың барлық сипатамасына баға бере білуі, құжаттарды анализдеуі. Тауар өкізудің сипаттамасын ғана емес, сондай – ақ бағасын да.Осы аталған экспертиза түрлері осы жұмыста қаралған.

Экспертті бағалау  процесінің негізгі этаптары:

  • экспертті бағалау тапсырмасы және мақсатын әрлеу.
  • топ басқаруын әрлеу және экспертті бағалау жүргізгендегі шешімін безендіру.
  • экспертті мәліметті алудағы таңдау әдісі және оның өңдеу тәсілі.
  • экспертті топты таңдау және анкета сауалнамасын әрлеу.
  • эксперт сауалнамасы.
  • экспертиза нәтижесін талдау және өңдеу.
  • алынған нәтиженің интерпретациясы.
  • есеп берудің құрылуы.

1. Технологиялық бөлім

Әдеби шолу

1.1 Балалар іш-киім бұйым ассортименті

 

      Балалар іш-киім трикотаж бұйым ассортиментіне келесідегілер жатады : фуфайка, сорочка, іш – киім (трусы), панталондар, пижама,  майка, жейделер, подгузниктер және т.б. жатады.

Кесте 1. Бұйым әр – түрлі иірімжіптен немесе жіптен жасалынған және әр түрлі тығыздықта және әр түрлі өрімде болуы  мүмкін, яғни әр – түрлі фасонда.

 

 

Іш –киім

(трусы)

 

 

 

 

 

Майка, жылы кеуде көйлек

(фуфайка)

 

 

 

 

 

    Пижама

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жейделері

 

 

 

 




 

 Іш киімдік трикотаж бұйымдары төменгі киім, яғни денеге тікелей әсер ететін киімдер.

Ерлер мен балалар  іш – киімі (кальсон) - ерлер мен балаларға арналған іш киім , төменгі бөлігіне киюге арналан, белден тұратын, ұзын аяқшалардан тұрады.

Іш – киім (трусы) - іш киім бұйымы, дененің төменгі бөігінде арналған бұйым, қысқа шалбар және қысқартылған трусы, спорт киімі ретіне де жиі қолданылады.

Ерлер мен ер балалар іш – киімі (плавкалар) - ерлер мен балаларға арналған іш киім болып табылады, әр түрлі клинотәріздес суретері болатын алдыңғы және артқы бөлігінде де болуы мүмкін. Ол модаға байланысты өзгеріп тұруы мүмкін. (468)

Әйелдер іш – киімі (комбинация) - әйелдер мен қыздарға арналған әр түрлі формада жасалынған бретелдер іш киімі, триотажды элементтермен немесе тоқылуымен жасалынған.

Пантолондар - іш киім бұйымы, денеге жабысып тұратын бұйым. Ұзындығы қысқадан басталып ұзынға дейін олуы мүмкін. Қосалқы жалғасуларына аяқ жағына ластик тәріздес немесе клинотәріздес қосулары болуы мүмкін.

Түнгі іш көйлек - әйелдер мен қыздарға арналған, адам үстнде бос тұратын бұйым, яғни ұйқыға арналған.

Пижама - ұйқыға арналған комплект, яғни шалбар мен блужадан тұрады.

Үй көйлек (пеньюар) - әйелдерге арналған киім, ұйықтауға арналған; арқашықтан және жеңнен құралған бұйым.

Жылы кеуде көйлек (майка) - жеңі болмайтын іш киім немесе жеңі қысқа, жоғары бөлікке киетінн бұйым. Спорт киімі ретінде жиі қолданылады.

Тоқыма, жылы кеуде көйлек (фуфайка) - алдыңғы бөлігі артына қарағанда қысқа келеді. Түймелері алдыңғы бөлігінде орналасқан, ұзындығы алдына қысқалау немесе түймесіз болуы мүмкін, жеңі бар, дененің жоғары бөлігінде киілетін киім болып табылады. Сырт киім ретінде де киюге болады.

Информация о работе Балалар іш – киімдік бұйымдар ассортименті және сапасын эксперттік бағалау