Балалар іш – киімдік бұйымдар ассортименті және сапасын эксперттік бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 15:34, дипломная работа

Описание работы

Ранжерлік қатардаы объект орны ранг деп аталады. Есептелген ранг мәнінің шкалалық қатары 1-ден Т дейін (Т – бағалатын объект саны) артады.Эксперттік бағалауда әр объектінің ранг суммасы анықталады.
Алынған мәннен жалпы рандерлі қатар тұрғызады. Жалпы экспертті сапалығын бағалауда қаралған объект экспертизасын, коэффициентін, формула бойынша есептелуін қарастырады.

Содержание работы

Аннотация
Кіріспе
1. Технологиялық бөлім. Әдеби шолу
1.1. Балалар іш-киім бұйым ассортименті…….............................................................
1.2. Балалар іш-киіміне қойылатын талаптар..............................................................
1.3. Тауар экспертизасы жүргізілген көрсеткіштер...................................................
1.4. Бұйымды дайындау кезіндегі технологиялық режимі.......................................
1.5. Бұйымды өндіру кезінде пайда болатын ақаулар................................................
1.6. Әдістемелік бөлім
1.6.1. Талшық құрамын анықтау әдісі...........................................................................
1.6.2. Бұйымды құрайтын жіптің сызықтық тығыздығын анықтау әдісі..................
1.6.3. Трикотаж жаймасының беттік тығыздығын және отыруын анықтау әдісі....
1.6.4. Трикотаж жаймасының бояуға тұрақтылығын анықтау әдісі...........................
1.6.5. Трикотаж жаймасының жууға тұрақтылығын анықтау әдісі............................
1.6.6. Трикотаж жаймасының ауаөткізгіштігін анықтау әдісі.....................................
1.6.7.Трикотаж бұйымды таңбалау, буып - түю, тасымалдау және сақтау кезінде
қойылатын талаптар.......................................................................................................
1.7. Эксперементальды бөлім.....................................................................................
1.7.1. Талшық құрамын экспертті анықтау……..........................................................
1.7.2. Жіптің сызықтық тығыздығын экспертті түрде анықтау.................................
1.7.3. Трикотаж жаймасының беттік тығыздығын және отыруын экспертті
түрде анықтау................................................................................................................
1.7.4. Трикотаж жаймасының бояуға тұрақтылығын экспертті түрде анықтау......
1.7.5. Трикотаж жаймасының жууға тұрақтылығын экспертті түрде анықтау........
1.7.6. Трикотаж жаймасының ауаөткізгіштігін экспертті түрде анықтау................
1.7.7. Трикотаж бұйымды таңбалау, буып – түю, тасымалдау және сақтау.............
1.8. Рангілеу бағасы........................................................................................................
1.8.1. Таңдалынған бұйымға сипаттама.......................................................................
1.8.2. Тұтынушы сұранысы...........................................................................................
1.8.3. Сарапшы сұранысы..............................................................................................
1.9. Эксперттік бағалау..................................................................................................
2. Еңбекті қорғау бөлімі..............................................................................................
3. Экологиялық бөлім..................................................................................................
3.1. Экологиялық мәселелер.........................................................................................
3.2. Кәсіпорындағы экологиялық мәселелер...............................................................
3.3. Қоршаған ортаға кәсіпорын әсері………………………………………………..
3.4. Су ресурстарының әсері………………………………………………………….
3.5. Ауа ресурстарының әсері………………………………………………………...
3.6. Табиғатты қорғау іс – шаралары...........................................................................
4. Экономикалық бөлім...............................................................................................
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Мая диплом на переплет.doc

— 10.07 Мб (Скачать файл)

 

1.2 Трикотаж жаймасынан жасалынған балалар іш-киім ассортиментіне қойылатын талаптар

 

Киімнің адамға қажеттілігі  анықталған пішіні мен адамның анатомиялық  денесінің өлшеміне байланысты келеді, сондай-ақ өмір ағымына, мамандығына, жас ерекшелігіне т.б. қарай ажыратылады. Адам ағзасының өсуімен дамуы әр периодта әркелкі әрбір өспелі кезеңде өзінің пропорциясымен адам ағзасының мүшелері біркелкі өспейді. Мәселен жас нәрестенің басы  ¼  ұзындықта, ал ересектерде 1/8 құрайды, бас өлшемі туылғаннан кейін ұлғайа береді.

3 жасқа дейінгі балалар киіміне қойылатын талап қатал. Киім жоғарғы гигроскопиялығымен, ауаөткізгіштігімен, жұмсақтығымен,  жеңілдігімен, жуан әрі дөрекі тігістердің жоқ болуымен және нәрестенің қозғалуымен жақсы тыныс алуына жағымды әсер беруі тиіс. Осындай киімнің силуеті, әдетте еркін болуы, түймелері ыңғайлы орналасуы және балаға еркін кигізе алу әрі шешуге жайлы болу шарт.

Балалық шақтық 1кезеңі (4-7жас) Бұл кезеңде қыздың немесе ұлдың дене өлшемі және пішінінде ерекшелік болмайды. Сол себептенде бұл топтағы балалар киіміне деген гигиеналық талап жоғары. Киімде жоғары ыңғайлы талаптар мен қамтылуы тиіс.

Балалық шақтың 2 кезеңі (8-12жас)  осы жастағы балаларға бұлшықетті қатайту үшін жаттығу жасауға көбіне ыңғайлы, жеңіл және гигиеналық қасиеті жақсы спорттық киімдер шығарылады.

        Жасөспірім шағындағы балалар  бойларының біркелкісіздігімен  ерекшеленеді. Сондықтан жасөспірімдер  үшін киім ыңғайлы болуы қажет. Сондай-ақ жасөспірімдер үшін киім психологиялық жағынан бөлектенеді.  Бұл топтағы өзін өзі танитын жасқа жетіп, сән бағытымен киіне бастайды. Көбіне олар ашық түсті киімді кигенді жөн санайды.

Жеткіншек  тобындағылар ересектер дене бітімінен аса көп ерекшеленбейді.Жалпы балалар жасына қарай  5  топқа жіктеледі: жаңа туылғандар, балабақша жасындағылар, бастауышқа дейінгі және бастауыштан кейінгі оқушы жасындағылар, жасөспірімдегілер. Ересектерді 3 топқа бөліп қарастырады: жас (29жас), орта (30-45жас) және егде (45жастан жоғарғылар).

Балалар киіміне арналған материалдар. Балалар киімін жобалауда және өндіруде бала ағзасының функциональді ерекшелігі ескеріледі. Балалар ды ересектермен салыстырғанда жұқа,нәзік терілерден  құралады. Олардың ағзасының ерекше белгілеріне қарай киімдер, оның салмағына, пішініне, өлшеміне, қолданылатын материалға байланысты анықтап отырады.

       Балалар ішкиімін дайындауда трикотаж жаймалары және мақта маталары (бяз, ситец, сатин, шифон, фланел т.б.)  кең қолданылады. Балалар ішкиімінде және трикотаж жаймалары гигиеналық талаптарды қанағаттандыру қажет, яғни гигроскопиялығы 7% кем емес, ауа өткізгіштігі жаздық мезгілде 135дм³/(м²*с), ал қысқы мезгілде   100дм³/(м²*с) болуы тиіс.

       Ішкиімдік  трикотаж жаймасының сыртқы түрі әдемі болуын қамтамасыз ету үшін мақта матасын  82%, зығырды 80% белизнамен ағарту жүргізіледі. Мақта матасы жуғаннан соң желісі бойынша 3,5%, ал арқауы бойынша  2%, зығыр матасы желісі бойынша  5,5%, арқауы  3% қысқарады әрі отырады.

Ішкиімдік  маталар тез жуылады, денеге жақсы ылғал ауа өткізеді. Балалар көйлегі вискозды, вискозды лавсанды және мақта матасынан жасалғанда жұмсақтық және жылулық қасиеттерін береді.

       Зерттеушілердің қадағалауы бойынша балалар көйлегінің материал құрамындағы синтетикалық және ацетаттық талшықтары 30%  аспауы қажет. Жүн және нитрон (20-60%) қоспасынан жасалған балалар көйлегі гигиеналық бағалауы бойынша мата құрамындағы  30% көрсетілген талшықтар киім ішінен ауа ылғалдылығын көбейтіп, материал бетіне электростатикалық өрістің кернеу көлемінің өзгеру белгісін көрсетеді. Адам ағзасына синтетикалық талшықты қосу кезінде жағымсыз, қолайсыз әсер туғызбас үшін балалар киімін дайындауда, әсіресе жаңа туылған нәрестелер киіміне қолдануға болмайды. Балалар киіміне қойылатын талаптар. Тұтынымдық талаптар немесе тұтынушылық талаптар. Балалар киіміне қойылатын талаптарды келесідей схемамен көрсетуге болады:

1.2 кесте. Балалар  киіміне қойылатын талаптардың схемасы

 

 

   Тұтынымдық

 

     Әлеуметтік



 

  Функционалдық



 

 

 

Эргономикалық

 

 

Антропометрикалық


 

 

 

   Эстетикалық


 

 

    Гигиеналық


 

 

 

Эксплуатациялық

 

Психо- физиологиялық


 

 

 

 

   Өндірістік

 

 

Экономикалық


 

 

Конструкторлық- технологиялық


 

 

 

Әлеуметтік  талап сатып алушының балалар киіміне деген сұранысын қарап және қоғамдағы бала тәрбиесі мен сыртқы және ішкі нарықтың бәсекеге қабілеттілігі жөнінде жауап береді.

Функционалдық талап киімнің нақты өзара үйлесуін қадағалайды. Сонымен қатар модел сипаты, мата, өңдеу, түстік шешімі бәріде бала талғамын ашу қажет. Сондай-ақ балалар киімі көңілді көтеріп, жақсы әсерге бөлеуі тиіс.

Эргономикалық талап антропометрикалық, гигиеналық және психофизиологиялық талаптарды құрайды.

Антропометрикалық талапқа киімнің өлшемі, дене пішіні, баланың қозғалу қимылымен пропорциясы т.б. жайлы қарастырылады. Балаға ыңғайсыздық әкелетін киім, бала қозғалуына кедергі келтіріп, белсенді болуын шектейді. Сонымен қатар тар тігілген киім бойдың өсуімен ағзаның жетілуіне кері әсер беріп, қанайналымын бұзып, тері қабатына әсер етеді.

Гигиеналық талапта ең алдымен киімнің негізгі мәндері анықталады, яғни жылусақтағыш қасиеті. Бұл қасиет жас сәбилер үшін аса қажет.

Психофизиологиялық  талапқа киімнің қасиетімен құрамы адамға әсер етуі. Киім балаларға теріс реакция және жағымсыз әсер бермеуі керек. Сондай-ақ балалар киімі киіну мен шешіну кезінде ыңғайлы, оңай болу қажет.

Эксплуатациялық талап балалар  киіміне өте маңызды және киім тұрақтылығына қатысты (пішіні, материал, конструкция, деталі) үйкелуі, апшуы, үзілуі, жарыққа әсері, химтазалау және жууға тұрақтылығы қарастырылады.

Өндірістік  талаптар балалар киіміне қойылатын өндірістік талаптарды конструкторлық технологиялық және экономикалық болып бөлінеді. Конструктор технологиялық талап бұйымның тігілу конструкциясы технологисы, еңбек шығыны және моделдің дайындау мерзімін анықтайды.

Экономикалық  талап өндірістегі экономикалық көрсеткіштерді (киім моделін дайындаудағы шығындар) және бұйымдарды эксплуатациялауда тұтынушылық шығыны (химтазалаудағы шығын, жуу, қалпына келтіру).  Жаңа туылған нәрестенің киімін жобалауда ең алдымен физиологиясымен байланысты, бірінші кезекте гигиеналығы, сосын эстетикалық және конструкторлы технологиялық талаптары ескерілуі қажет.

Қазіргі кезде балалар  киіміне табиғимен қоса аралас мата пайданылады, яғни «қажетті» табиғи  қасиетті сақтайтын гигроскопиялық, гигиеналық әрі оңай жуылатын, бояуы тұрақты болуы шарт. Бұндай маталарға қойылатын басты талап пластикалығы, жұмсақтығы және аз беріктігі. Балалар киімі үшін маталар «қағаз» және «фольга» атты девизі көп қолданысқа ие. «Қағаз» бұған жіңішке, жалпақ, жоғары беріктілігі, форматұрақтылығы бар маталар жатады. Бұл топқа жіңішке жүн, жібек,  мақта матадан жасалған плащтық және костюмдік киімдер жатады. «Фольга» бұл біртегіс, жылтыр маталар девизі. Осыған плащтық және куртка маталары жатады. Сондай-ақ микрорельефті, түктелген, жіңішке жүн, жасанды үлбір маталары да ұсынылады. Балалар киіміне басты талап декоративтілігі. Киімге көтеріңкі сипат және әдемілік беру, әртүсті бөлшектер, фурнитура, аппликация мен сәнді өңделеді.Ыңғайлы әрі әдемі киім көтеріңкі көңіл сыйлап, баланың шығармашылық шабытын ұлғайтып, ұқыптылықпен тазалыққа үйретеді. қыздардың іш киімі. Іш көйлек бұл көйлектің ішкі астары ретінде қолданылады. Комбинация әшекейленген немесе еш әшекейсіз күндізгі іш көйлек, оның ұзындығы 4 см ұзындау. Гарнитур мақтадан, жібектен, синтетикалық матадан әшекейленіп жасалған іш киім. Оған жалпақ немесе жіңішке сызықты іш көйлек , труси кіреді. Дамбал ( труси) жүзу костюмы мен спорт киімдерінің негізгі бөлігі ретінде пайдаланылады.

Жаңа туылғандар мен  жас балаларға арналған іш киім. Осындай жастағыларға арналған іш киім жоғары гигиеналық талаптарымен ерекшеленеді. Бұйым ауаөткізгіштігімен, гигроскопиялығымен , жылусақтағыштығымен, сондай ақ жеңіл  жуылып, үтіктеледі. Баланың қозғалысы кезінде үйкелмейді, демалу және қанайналуын бұзбайды. Жас нәрестелердің ассортиментіне келесілер: жейде, кофта, жөргек, алжапқыш, сейсеп, шалбар, комбинезон жатады.

 

1.3.   Тауар экспертизасы жүргізілген көрсеткіштер

 

  • ГОСТ 3897-87 Трикотаж бұйымы. «Таңбалануы, оралуы, тасымалдануы және сақталуы»
  • ГОСТ 904-87 Әйелдерге және қыздарға арналған трикотаж бұйымы. Жалпы техникалық шарт.
  • ГОСТ 1136-81 Іш киімдік трикотаж бұйымы. Сорттылығын анықтау.
  • ГОСТ 4103 -  Тігу бұйымы . Сапалық бақылау әдісі.
  • ГОСТ 8844-75 Трикотаж жаймасы. Қабылдау және үлгі таңдау әдісінің тәртібі.
  • ГОСТ 9173-86 Трикотаж жаймасы. Қабылдау тәртібі.
  • ГОСТ 10399-87 Іш киімдік трикотаж бұйымы. Тігілуге талаптар.
  • ГОСТ 12694-90 Жаңа туылған нәрестелерге, мектеп жасындағы емес сәбилерге арналған трикотаж іш – киім бұйымы. Жалпы техникалық шарт.
  • ГОСТ 17037-85 Тігу және трикотаж бұйымы. Терминдер және анықтау.
  • ГОСТ 20462-87 Ерлерге және ер балаларға арналған трикотаж іш – киім бұйымы. Жалпы техникалық шарт.
  • ГОСТ 22977-89 Тігілу сайман бұйымы. Терминдер және анықтау.
  • ГОСТ 24103-80 Тігілу бұйымы. Терминдер және ақауларды анықтау.
  • ГОСТ 26115-84 Трикотаж бұйымы. Тігілуге қойылатын талаптар.
  • ГОСТ 26623-85 Материалдар және тоқыма бұйымдары. Шикізат құрамының анықтамасы.
  • ГОСТ 28554-90 Трикотаж жаймасы. Жалпы техникалық шарт.
  • ГОСТ 30388-95 Пиллингтелуін анықтау әдісі.
  • ГОСТ 8845-87 Ылғалдылығын, салмағын және беттік тығыздығын анықтау әдістері.
  • ГОСТ 8847-85 Үзілу сипаттамасын және тартқандағы созылуын анықтау әдістері.
  • ГОСТ 28239-89 Деформация қалдықтарын анықтау әдісі.
  • ГОСТ 16486-93 Жууға тұрақтылық нормалары.
  • ГОСТ  2351-88 Бояуға тұрақтылық нормасын және оны анықтау әдістері.
  • ГОСТ 30383-95 Физико – гигиеналық көрсеткіш нормасы.
  • ГОСТ 51729-2001 Сулы өңдеуден кейінгі сызықтық өлшемдердің өзгеруін анықтау әдістері.
  • ГОСТ 19204-73 Қыртыстанбауын анықтау әдісі.
  • ГОСТ 12088-77 Ауаөткізгіштігін анықтау әдісі.
  • ГОСТ 9176-87 Тігілу сынағын анықтау әдісі.

 

1.4.   Бұйымның дайындалу технологиялық режимі

 

Лайықты сараптама жүргізу  үшін міндетті түрде бұйымның дайындалу  технологиялық сызбасымен танысу қажет, сондай ақ бұйының дайындалу кезіндегі кемістік міндерін білу қажет. Берілгендер:

 

1 – үлгі  Қазақстан Республикасында жасалынғын  бұйым:

Дайындалу әдісі – пішу;

Жабдық – 16-18 класты шеңберлі тоқу машинасы;

Өрім түрі: иірілмелі біртегіс

Біртегіс – біржақты иілмелі жалаң өрім, оң және теріс жағы өзгеше болады. Оң жағында тек ілмек таяқшалары көрініп, тегіс және жылтыр болады. Терістемеде тек ілмек доғалары көрінеді, сондықтан өрімнің бұл жағы күңгірттеу, бұдырлы болады

Иірімжіп түрі – мақта иірімжібі;

Өңдеу түрі – сурет басылған өңдеу.

Сурет. Қазақстан Республикасында жасалынғын бұйым

2 – үлгі  Түркия елінде жасалынған бұйым:

 

Дайындалу әдісі – пішу;

Жабдық – 16-18 класты шеңберлі тоқу машинасы;

Өрім түрі: екі ластикті (интерлокты)

Ластик – оң және теріс жағы бірдей қосарлы өрім. Ластикте оң және терістеме ілмек бағаншалары кезегімен құралады. Созылмаған жайманың бетінде тек ілмек таяқшалары көрінеді (біртегістің оң бетіне ұқсас), сондықтан кейде осы трикотажды екі бетті деп атайды.

Ластик деп қосарлы  екі бетті иірмелі өрімді атайды, оның екі жағындағы ілмек бағаншалары  заңдылы кезекпен алмасады.

Иірімжіп түрі – мақта иірімжібі;

Өңдеу түрі – сурет басылған өңдеу.

 

 

Сурет Түркия елінде жасалынған бұйым

 

 

 

 

 

3 – үлгі  Қытай елінде шығарылған бұйым:

 

Дайындалу әдісі – пішу;

Жабдық – 16-18 класты шеңберлі тоқу машинасы;

Өрім түрі: иірілмелі біртегіс

Біртегіс – біржақты иілмелі жалаң өрім, оң және теріс жағы өзгеше болады. Оң жағында тек ілмек таяқшалары көрініп, тегіс және жылтыр болады. Терістемеде тек ілмек доғалары көрінеді, сондықтан өрімнің бұл жағы күңгірттеу, бұдырлы болады.

Иірімжіп түрі – мақта иірімжібі;

Өңдеу түрі –бұйымға жапсырма ( наклейка) жапсырылғын.

 

       

 

 Сурет. Қытай елінде жасалынған бұйым

 

 

 

 

 

 

 

 

1.4 кесте бұйымның дайындалу технологиялық режимі

 

 


 


Информация о работе Балалар іш – киімдік бұйымдар ассортименті және сапасын эксперттік бағалау