Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 15:34, дипломная работа
Ранжерлік қатардаы объект орны ранг деп аталады. Есептелген ранг мәнінің шкалалық қатары 1-ден Т дейін (Т – бағалатын объект саны) артады.Эксперттік бағалауда әр объектінің ранг суммасы анықталады.
Алынған мәннен жалпы рандерлі қатар тұрғызады. Жалпы экспертті сапалығын бағалауда қаралған объект экспертизасын, коэффициентін, формула бойынша есептелуін қарастырады.
Аннотация
Кіріспе
1. Технологиялық бөлім. Әдеби шолу
1.1. Балалар іш-киім бұйым ассортименті…….............................................................
1.2. Балалар іш-киіміне қойылатын талаптар..............................................................
1.3. Тауар экспертизасы жүргізілген көрсеткіштер...................................................
1.4. Бұйымды дайындау кезіндегі технологиялық режимі.......................................
1.5. Бұйымды өндіру кезінде пайда болатын ақаулар................................................
1.6. Әдістемелік бөлім
1.6.1. Талшық құрамын анықтау әдісі...........................................................................
1.6.2. Бұйымды құрайтын жіптің сызықтық тығыздығын анықтау әдісі..................
1.6.3. Трикотаж жаймасының беттік тығыздығын және отыруын анықтау әдісі....
1.6.4. Трикотаж жаймасының бояуға тұрақтылығын анықтау әдісі...........................
1.6.5. Трикотаж жаймасының жууға тұрақтылығын анықтау әдісі............................
1.6.6. Трикотаж жаймасының ауаөткізгіштігін анықтау әдісі.....................................
1.6.7.Трикотаж бұйымды таңбалау, буып - түю, тасымалдау және сақтау кезінде
қойылатын талаптар.......................................................................................................
1.7. Эксперементальды бөлім.....................................................................................
1.7.1. Талшық құрамын экспертті анықтау……..........................................................
1.7.2. Жіптің сызықтық тығыздығын экспертті түрде анықтау.................................
1.7.3. Трикотаж жаймасының беттік тығыздығын және отыруын экспертті
түрде анықтау................................................................................................................
1.7.4. Трикотаж жаймасының бояуға тұрақтылығын экспертті түрде анықтау......
1.7.5. Трикотаж жаймасының жууға тұрақтылығын экспертті түрде анықтау........
1.7.6. Трикотаж жаймасының ауаөткізгіштігін экспертті түрде анықтау................
1.7.7. Трикотаж бұйымды таңбалау, буып – түю, тасымалдау және сақтау.............
1.8. Рангілеу бағасы........................................................................................................
1.8.1. Таңдалынған бұйымға сипаттама.......................................................................
1.8.2. Тұтынушы сұранысы...........................................................................................
1.8.3. Сарапшы сұранысы..............................................................................................
1.9. Эксперттік бағалау..................................................................................................
2. Еңбекті қорғау бөлімі..............................................................................................
3. Экологиялық бөлім..................................................................................................
3.1. Экологиялық мәселелер.........................................................................................
3.2. Кәсіпорындағы экологиялық мәселелер...............................................................
3.3. Қоршаған ортаға кәсіпорын әсері………………………………………………..
3.4. Су ресурстарының әсері………………………………………………………….
3.5. Ауа ресурстарының әсері………………………………………………………...
3.6. Табиғатты қорғау іс – шаралары...........................................................................
4. Экономикалық бөлім...............................................................................................
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Осы кестеге сүйене отырып, Қазақстанда жасаланған бұйымды келесі көрсеткіштермен атап өтуге болады:
- сызықтық тығыздығы;
- беттік тығыздығы;
- отыруы;
- жууға тұрақтылығы;
- ауаөткізгіштік;
- гигроскопиялығы;
Келесі көрсеткіштер нормаға сай келмеді:
- бояуға тұрақтылығы;
Осы кестеге сүйене отырып, Түркияда жасалынған бұйымды келесі көрсеткіштермен атап көрсетуге болады:
- сызықтық тығыздығы;
- беттік тығыздығы;
- отыруы;
- жууға тұрақтылығы;
- ауаөткізгіштік;
- гигроскопиялығы;
- бояуға тұрақтылығы;
Осы кестеге сүйене отырып, Қытайда жасаланған бұйымды келесі көрсеткіштермен атап өтуге болады:
- Сызықтық тығыздығы;
- беттік тығыздығы;
- отыруы;
- жууға тұрақтылығы;
- ауаөткізгіштік;
- гигроскопиялығы;
- бояуға тұрақтылығы;
3. Еңбекті қорғау бөлімі
Кез – келген жұмыс ортасында немесе кәсіпорында еңбекті қорғау бөлімі міндетті түрде жүргізіледі және Қазақстан Республикасының Еңбекті қорғау туралы Заңына сүйенеді.
Еңбекті қорғау бөлімшесінің негізгі атқаратын қызметі - жұмысшылардың толығымен құқығын сақтауды бақылау, олардың жұмыс барысында денсаулығына қауіпті және зиянды факторлардың алдын – алу ұйымдастырушылық іс – шараларын ұйымдастыру, жұмысшылардың білімін тексеру, әлеуметтік – экономикалық жағдайын бақылау және т.б.
Кәсіпорындағы немесе өнеркәсіптегі еңбекті қорғау саласы кез – келген жағдайда жұмысшылардың жарақат алып немесе бір жағдайдан құтқарумен емес осы жағдайларды болдырмау шараларын қарастырып алдын – алумен айналысады. Бұл жобаларға қызметкерлердің білімін тексеру, нұсқаулау, сонымен бірге технологиялық жағдайда жұмыс жасайтын жұмысшылырға және технологиялық жабдықты жобалау кезіндегі қауіпсіздікті сақтау сұрақтарын үйрету, жоғары қауіп – қатері бар жұмыстарға арнайы ұйымдастыру шараларын жасау, қолданылатын жабдықта жұмыс істегенде еңбекті қорғаудың ереже және талаптарын қатаң сақтау бойынша қызметкерлердің құқықтарын және міндеттерін сипаттау және т.б.
Кәсіпорында немесе
өнеркәсіпте сонымен қатар
Текстиль өндірісінде өндірістік процесстер шу және үлкен көлемде шаң тозаң, талшықты немесе минералды шаң, жылу және ылғал мен зиянды газдар, сонымен қатар зиянды заттар бөлумен жүреді. Осы өндірісте өндірілетін текстиль материалдары немесе бұйымдарының өртке тұрақтылығы өте нашар. Текстиль өндірісінің ішінде өңдеу технологиясы қоршаған ортаға, айналаға, адам денсаулығына ең зиянды әсер ететін өндіріс бөлігі. Бұл өндірісте жүргізілетін барлық процесстер мен кезеңдер химиялық заттардың қатысуымен жүреді және көптеген адам денсаулығына кері әсер ететін улы препаратар, бояғыштар, ТКЗ, аппреттер қолданылады.
Өңдеу өндірісі текстиль бұйымдарын өндіргенде ең соңғы қорытындылайтын бөлімі, сондықтанда бұл өндірісте орындалатын әрбір операцияға, процесске мұқиятпен қарап, қадағалап отыру қажет. Сонымен қатар өндірістің ішкі құрылысының орналасуын, жабдықтардың орналасуын, олардың жұмыс істеу ретін жетік меңгерген жөн. Өйткені кез – келген қате іс – қимыл жұмысшылар өміріне қауіп төндіреді. Осыған байланысты негізгі талаптар температураның, ылғалдың бақылануына, шаң – тозаңның, будың және зиянды газдардың шығуына қойылады және осы талаптардың орындалуымен өндірістегі экология мен еңбекті қорғау бөлімдері қатаң жұмыс жасайды.
Өндірісте ең қатаң
бақылауға алынатындар –
Еңбекті қорғау бөлімінде тек қана ондағы жұмыс істейтін жұмысшылардың физикалық немесе материалдық жағдайы ғана емес сонымен қатар жұмысшылардың құқықтары да қатаң қарастырылады және еңбекті қорғау туралы Заңның дұрыс жүргізілуін де бақылайды.
Өндірісте әйелдердің еңбек бір бөлек, жасөспірімдердің еңбек етуі бір бөлек қарастырылған.
Жоғарыда көрсетілгендей өндірістік қауіп – қатерге көбіне зиянды газдардың таралуы жатады. Бірақта кез – келген қауіп өндіріс көзіне негативті әсер ете алады.
Мақта материалдарын өңдеу өндірісінде қолданылатын құрал – жабдықтар үздіксіз линияларда өтеді. Яғни дайын ағартылған мақта матасын биоқауіпсіздік қасиет беретін препаратпен өңдегенде немесе кез – келген өңдеу түрінде міндетті түрде қысып сығу біліктерінен өтіп кептіру – керу үздіксіз линияларына түседі. Кептіру – керу машиналарының түрлері өте көп.
Осы өндіріс көзінде қолданылатын машиналардың айтралықтай жұмысшылар денсаулығына немесе қоршаған ортаға әкелетін зияны жоқ. Тек қана процесс барысында жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуі, параметрлерінің сақталуы қатаң бақыланады. әрбір машинада электр эенергиясы немесе т.б. қуат, будың бөлінуі нормаларға сәйкес жүргізіледі және осы парамтерлермен жұмыс жасайтын жұмысшының қауіпсіздігін сақтау мақсатында разряд беріледі. Зиянды газдардың бөлінуі кез – келген химиялық процесстің жүруі барысында орындалуы мүмкін.
Қазіргі кезде көптеген химиялық технологияларда осындай зиянды газдарды бөлетін препараттарды пайдалану шектелген. Яғни бұндай препараттар өңдеу үшін қолданылмайды. Мақта маталарына биоқаіупсіздік қасиет беру үшін қолданылатын препаратардың барлығы дерлік адам денсаулығына негативті әсер етпейді. Керісінше бұл препапараттармен мақта матасын өңдегенде биологиялық немесе вирустық аурулардың алдын ала алатын бұйымдарды өндіруге болады. Биоқауіпсіздік өңдеу жүргізгенде вирустық және дезодирлеуші өңдеу қатар жүреді.
Яғни салыстырмалы ылғалдылық пен температура тұрақты болады. Температура 20 ±20С, ал ылғалдылық 60 ± 2% шамасында болады. Бұл көрсеткіштер өндіріліп жатқан немесе өңделіп жатқан бұйымның дұрыс режимде өтуі үшін қарастырылған. Ал жұмысшылар үшін бұл көрсеткіштердің ешқандай қаупі жоқ.
Лабораториялық жағдайларда немесе өнеркәсіптің ішінде табиғи жарықталыну мен жасанды жарықталыну көздері міндетті тұрде қарастырылады. Кейбір лабортаориялар тұрақты микроклиматтық жағдайларды сақтау үшін тек қана жасанды жарықталынумен шектелген.
Өнеркәсіптік желдету – бұл, гигеналық талаптарға сай жұмыс аймағындағы ауа алмасу жүйесін қамтамасыз етеді. Соңғы өңдеу өндірісінде түрлі химиялық препапараттармен жұмыс жасағандықтан бөлме немесе лаборатория ауасын тазарту міндетті санитариялық қызметке жатады. Өйткені кез – келген препараттың иісінен жұмысшылардың уланып қалу қаупі болады. Желдеткіштер үш түрге бөлінеді: табиғи, жасанды және аралас.
Сонымен қатар осындай улы газдардан қорғану үшін жұмысшыларға арнайы киім, аяқ – киім, қорғаушы көз - әйнектер, ремпираторлар, биологиялық қолқаптар, противогаздар қарастырылған.
Еңбекті қорғау бөлімінің атқаратын негізгі шараларының бірі шу мен дірілден қорғау.
Шудан қорғау шаралары. Шу шығаратын құрал – жабдықтарды ауытыру. Яғни құрал – жабдықтарды шу шығару дәрежесіне байланысты бөліп оларды ір – бірінен ажырату. Қатты шу шығаратын машиналарды ортақ өндіәріс көзінен тыс ауданда сақтайды. Шуды изоляциялау. Дауысты изоляциялаудың техникалық мүмкіндіктері шуды 20 – 40 дБ дейін азайтып, зиянды жоғары жиілікті дыбыстарды реттейді. Дауысты изоляциялау шу таратын машина органдарына және еденмен жанасатын органидарына резенке, болат серіппемен қаптаумен жүзеге асырылады. Изоляциялау элементтері ретінде киізден және синтетикалық киізден жасалған қалыңдығы 40 мм болатын қаптамалар кеңінен таралған. Текстиль өндірістерінде шуды азайту үшін шуды тұншықтыру әдісі кеңінен таралған. Сонымен қатар шуды экранирлеу, шудан қорғайтын индивидуалдызаттар кеңінен қолданылады.
Дірілден қорғау. Діріл адам ағзасына әсер ете отырып екі бірдей аурудың түрін тудыруы мүмкін: церебральды және глобальды.
Дірілді жою
немесе азайтудың негізгі шаралары
- жабдықтардың дірілін басатын құралдар
(салмақтарын теңестіруші, теңгергіштер);
дірілдегіш құралдарды қашықтықтан
басқаруды енгізу; резеңке, серіппелі
және пневматикалық
3. Экологиялық бөлім
Қазіргі заманда адам көптеген мәселелермен кездеседі. Дегенмен, мемлекетке, ұлтқа, әулеметтік жағдайға байланысты емес барлық адамдарға ортақ мәселелер қатары да бар: әлем халқы, ішетін судың сапасы мен жетіспеуі, ауаның ластануы, бүкіл әлемдік жылыну, қатерлі аурулардың кең таралуы, жер қыртысының құлдырауы, азық – түлік өнімдерінің жетіспеуі, қышқылды жаңбырлар, озон қабатының бұзылуы, организмнің бағалы түрлерінің жоғалуы және зиянкестілердің жалпылама көбеюі, өнеркәсіп авариялары, радиация, кіші өзендердің суалуы, әскери іс – шаралар аймағында табиғаттың өлуі тағы басқа. Осының бәрі экология мәселесіне әсерін тигізіп отырады. Бүгінгі күні адамдардың іс - әрекеті биосфераға үлкен масштабта әсер етуге жетіп отыр.
Қазақстан, экология жағынан қарағанда лас, өлім негізі көп көрсеткіш болып табылады. Десек те қазір экология, қоғамның қамқорына алынып отырғаны сөзсіз.
Экология министрлігінде « Экология және табиғи ресурстар –2030 » Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы мен қоршаған ортаны қорғау үшін іс шаралардың Ұлттық жоспарын іске асыратын ұзақ мерзімді стратегия жасады. Ұлттық стратегияның басымдық экологиялық жобасы бойынша Алматыда өткен техникалық донорлық конференция осы іс шараның бір бөлігі болып табылады.
Экологиялық сипаттама жанармай мен шикізатты толық қолдану технологиясының прогрессивтілігін, сарқынды суды тазалауға қолданатын схеманың, шығып кететін су мен газ ағынының сипаттамасын, кәсіпорынның қоршаған ортаға тигізетін залалының жалпы экономикалық бағасын және осы бағаның өндіріс түріне және технологиялық шектері бойынша детализациялаудың бағасын болжайды.
Саланың осы проблемаларын нақтылай келе зиянды заттарды шығарудың негізгі қайнар көзі болып табылатындар:
3.1 Экологиялық проблемалар
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында тек қана әр түрлі өнімдерді өндіріп қоймай, сонымен қатар қоршаған ортаны үдемелі ластайтын көптеген өнеркәсіп салаларының бірнеше жүздеген кәсіпорындар жиналған.
Экологиялық қауіпсіздіктің бірігіп орналасуы, экологиялық лас өнеркәсіптік өндірістің жоғары концентрациясы осы аудандар тұрғындарының, зиянды өндіріс иістің және оның шығындарының ұдайы әсері зонасында жасауына алып келеді. Бүгінгі күнде экологиялық проблемалар тек қана халық шаруашылығының дамуына емес, сонымен қатар адамдар өмірі мен денсаулығына әсерін тигізетін ең маңызды факторлардың біріне айналады.
Экологиялық проблемалар шешімі – бұл Қазақстан Республикасының бүкіл тұрғындарының өмір сүру проблемаларының шешімі.
Су ресурстарының жағдайы маңызды үрейді тудырады. Күрделі экономикалық жағдай суаттар бетінің ластануына алып келетін өнеркәсіптік және тұрмыстық шаруашылық ағындар тазалығының қанағаттандырылмайтын жағдайы мен де тереңдейді.
Көптеген ауылдық аудандарда тазалау құрылыстары тіптен жұмыс істемейді, қалалардың тазалаушы құрылыстарына көп міндет жүктелген.
Атмосфералық ауаны қорғау маңызды проблема болып қалады. Кейінгі жылдары ол біршама таза болып қалды, бұл өз көңілімізді жайландыруға себеп емес. Атмосфера тастандылары әліге дейін жоғары болып отыр.
Автокөліктерден шығатын ластаушы заттар шығыны ерекше үрейді туғызады. Бірінші кезекте бұл мыналармен байланысты; негізгі автомагистральдар тұрғын қала, облыс аудандары бойынша пайдаланған газбен өтеді, 200 түрден көп зиянды заттар тастайды, олардың кейбіреулері улы және канцерогенді қасиетке ие. Бұған қарамастан, кәсіпорындар қатарында аймақ үшін өте маңызды ауа қорғау шараларды орындамау және программаны қысқарту орындарына ие.
Информация о работе Балалар іш – киімдік бұйымдар ассортименті және сапасын эксперттік бағалау