Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 15:34, дипломная работа
Ранжерлік қатардаы объект орны ранг деп аталады. Есептелген ранг мәнінің шкалалық қатары 1-ден Т дейін (Т – бағалатын объект саны) артады.Эксперттік бағалауда әр объектінің ранг суммасы анықталады.
Алынған мәннен жалпы рандерлі қатар тұрғызады. Жалпы экспертті сапалығын бағалауда қаралған объект экспертизасын, коэффициентін, формула бойынша есептелуін қарастырады.
Аннотация
Кіріспе
1. Технологиялық бөлім. Әдеби шолу
1.1. Балалар іш-киім бұйым ассортименті…….............................................................
1.2. Балалар іш-киіміне қойылатын талаптар..............................................................
1.3. Тауар экспертизасы жүргізілген көрсеткіштер...................................................
1.4. Бұйымды дайындау кезіндегі технологиялық режимі.......................................
1.5. Бұйымды өндіру кезінде пайда болатын ақаулар................................................
1.6. Әдістемелік бөлім
1.6.1. Талшық құрамын анықтау әдісі...........................................................................
1.6.2. Бұйымды құрайтын жіптің сызықтық тығыздығын анықтау әдісі..................
1.6.3. Трикотаж жаймасының беттік тығыздығын және отыруын анықтау әдісі....
1.6.4. Трикотаж жаймасының бояуға тұрақтылығын анықтау әдісі...........................
1.6.5. Трикотаж жаймасының жууға тұрақтылығын анықтау әдісі............................
1.6.6. Трикотаж жаймасының ауаөткізгіштігін анықтау әдісі.....................................
1.6.7.Трикотаж бұйымды таңбалау, буып - түю, тасымалдау және сақтау кезінде
қойылатын талаптар.......................................................................................................
1.7. Эксперементальды бөлім.....................................................................................
1.7.1. Талшық құрамын экспертті анықтау……..........................................................
1.7.2. Жіптің сызықтық тығыздығын экспертті түрде анықтау.................................
1.7.3. Трикотаж жаймасының беттік тығыздығын және отыруын экспертті
түрде анықтау................................................................................................................
1.7.4. Трикотаж жаймасының бояуға тұрақтылығын экспертті түрде анықтау......
1.7.5. Трикотаж жаймасының жууға тұрақтылығын экспертті түрде анықтау........
1.7.6. Трикотаж жаймасының ауаөткізгіштігін экспертті түрде анықтау................
1.7.7. Трикотаж бұйымды таңбалау, буып – түю, тасымалдау және сақтау.............
1.8. Рангілеу бағасы........................................................................................................
1.8.1. Таңдалынған бұйымға сипаттама.......................................................................
1.8.2. Тұтынушы сұранысы...........................................................................................
1.8.3. Сарапшы сұранысы..............................................................................................
1.9. Эксперттік бағалау..................................................................................................
2. Еңбекті қорғау бөлімі..............................................................................................
3. Экологиялық бөлім..................................................................................................
3.1. Экологиялық мәселелер.........................................................................................
3.2. Кәсіпорындағы экологиялық мәселелер...............................................................
3.3. Қоршаған ортаға кәсіпорын әсері………………………………………………..
3.4. Су ресурстарының әсері………………………………………………………….
3.5. Ауа ресурстарының әсері………………………………………………………...
3.6. Табиғатты қорғау іс – шаралары...........................................................................
4. Экономикалық бөлім...............................................................................................
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жіпті тоқуға дайындау. Кіргіш бақылауынан және парафинделген қайта ораудан тұрады. Кіргіш бақылау. Өндіріске жіп әр түрлі орауыштармен келеді, яғни бобинаға орау. Көбінесе бобинамен келеді. Мақта иірімжіптерін келесі ГОСТ 9092 - 93 бойынша анықтайды:
- жіптің сызықтық тығыздығын, текс
- ылғалдылығын, %
- үзілу жүктемесін, сн/текс
- ширату коффициентін
Таңдалынған бйымдағы иірімжіпті келесі көрсеткіштерді көрсету қажет :
Кесте 1.4. Таңдалынған бұйымдағы иірімжіп түрінің негізгі көрсеткіші
Иірімжіп түрі |
Кондициондық ылғалдылық, % |
Сызықтық тығыздығы бойынша ауытқуы,Т, текс |
Үзілу жүктемесі кезіндегі ауытқуы, сн/текс |
Ширату коэффициенті бойынша ауытқуы |
Мақта |
9 |
+1.5…-2.5 |
+11.2 |
5 |
Иірімжіпті қайта орау шарттары. Иіршіктен қайта орауды бақылайтын 20% дейін ), иіршіктен кеткен ақаулар (5%), моткада, парафинделген (100%), эмульцияланған (100%) иірімжіп.
Тоқу. Тоқу бірфонтуралы 16 – 18 класты шеңберлі тоқу машинасында (иірмелі біртегіс өрімімен) және 16 - 22 класты интерлокты (интерлок өріммен).
Тоқу өндіріс нормативті көрсеткіштерімен жүзеге асады. Шикі жайманың сапасы келесі кесте норматив көрсеткіштерімен жүргізіледі.
Өрім |
Түрі, сызықтық тығыздығы Т, текс |
Ілмектегі жіп ұзындығы l, мм |
Беттік тығыздығы ρ, г/см2 |
Nc, ілмек тігінен |
Np, ілмек қатары |
Иірмелі біртегіс |
18 |
2.5 |
140 |
160 |
160 |
Интерлок |
20 |
2.8 |
241.2 |
180 |
160 |
Кесте 1.4.1 Таңдалынған бұйымдағы өрімдердің тортыру картасы
Жайманы демалдыру. Жайманың дайындалу режиміне 12 сағаттан кем емес болуы шарт.
Жайманы бояу немесе сурет басу. Өндірісте бұл режимдер мына ГОСТ – 9733.27-83 бойынша бояуға тұрақтылығы, ал жуғаннан кейінгі отыруы ГОСТ 30157.0-95 немесе 30157.1-95 пайдаланылады.
Демалдыру. 12 сағаттан кем емес.
Пішуге дайындау және пішу. Ол өндірістегі технологиялық режимі бойынша анықталады.
Бұйым сұрыпталуы және тігілуі. Мұнда тігілуі сапасы анықталады.
Бұйым сұрыпталуы.
Бұйымды таңбалау және буып – түю. ГОСТ 3897-87 бойынша анықталады.
1.5. Бұйымды өндіру кезінде пайда болатын ақаулар
Кіргіш бақылауында және қайта орау кезінде жіпте көрінетін, сондай ақ көрінбейтін ақаулар болады.
Тоқу кезінде көп жағдайда мынадай ақаулар пайда болады:
- әр түрлі тығыздықтағы
- ілгектің қалып қоюы, ілгектің шығып кетуі
- ілгек жиытығы
- тесіктер
- тығыздықтары әр-түрлі детал әр – түрлі ұзындықта болуы
Сорттау кезінде және бұйымды сұрыптағанда сыртқы келбеті, нақтырақ айтсақ ілгектердің қалып кетуі, тесіктер, дақтар немесе т.б.
Өндірістегі құрылғылармен жұмыс жасау кезінде пайда болатын ақаулар:
- ілгектердің ұзындығы және қатары бойынша ауысып кетуі
- демалдыру режимінің бұзылуынан пайда болатын әр – түрлі ұзындықтар болуы
Тігілу кезінде көп кездесетін ақаулардың пайда болуы:
- қатардың қалып қоюы
- үстіңгі және астыңғы ілгектің үзіліп кетуі
- тігістің тартылуы
Орау кезінде пайда болатын ақаулар:
- қаптардың бұзылуы, жыртылуы
- этикеткалардың нашар жапсырылуы
- дымқылданған бұйымдар және т.б.
1.6 Әдістемелік бөлім
1.6.1 Талшық құрамын анықтау әдісі
Тоқыма талшықтарының құрамын анықтауда келесі әдістер пайдаланылады: органолептикалық, жандыру әдісі, микроскопиялық әдіс және микрохимиялық әдіс.
Органолептикалық әдіс. Талшық үлгілерін қарап , сезіп, өлшеміне қандай да бір баға беріп, пішінініе, жылтырлығыны, қай талшық түріне жаттатынын анықтайды.
Жандыру әдісі. Бұл әдіс талшықтың жалынға жақындатқан кездегі, жалындағы жануы кезіндегі (балқуы немесе балқымай жануы) және жалыннан алғаннан кейінгі күйі, жалынан кейінгі күйі (күлі), жану уақыты, түсі және еріген формасы, жанған иісі, түрі және қалдық түсі арқылы анықталады.
Микроскопиялық әдіс. Жандыру әдісінен кейін талшықтың нақты көрсеткішін беретін әдіс – ол микроскопиялық әдіс, яғни жарықтың көмегімен талшықтың құрылымын анықтайтын, өлшеп, суретін салып немесе суретке түсіріп беретін әдіс.
Микрохимиялық әдіс. Бұл әдіс талшықтың сыртқы келбетінің өзгеруіне негізделген. Микрохимиялық әдіс қышқылдың, сілтінің, көбінесе үлгілерді пробиркаға салу және реагенттермен жұмыс жасауға негізделген. Бұл әдістермен жұмыс жасағанда зерттеудің соңын күту қажет.
Бұл жұмыста жандыру және микроскопиялық және микрохимиялық әдіс пайдаланылады.
Аралас мақта тоқыма жаймалардың басқа талшықтары мақтадан алынған немесе мақтадан иірілген жіптен жасалынады. Олардың құрамында кәдімгі вискоза және модифизикалық талшықтар және жіптер, капронды, ацетатты, лавсанды және нитронды талшықтар болуы мүмкін. Талшықтардың құрамын анықтау дайындалған үлгілердің микроскопиялығын, сипатын белгілеуден басталады. Одан кейін реагенттерді қолдану арқылы зерттеуді жүргізеді.
Көбінесе тоқыма жаймалардың
талшықтың құрамын анықтау
1.6.2 Бұйымды құрайтын жіптің сызықтық тығыздығын анықтау әдісі
Жіптің сызықтық тығыздығы, Т текс деп массасының ұзындыққа қатынасын айтады және төмендегі формуламен есептейді:
m-жіп салмағы,, г
L- жіптің ұзындығы, км.
Қабатталған және ширатылған жіптердің сызықтық тығыздығын қорытындылайтын (R) сызықтық тығыздық деп аталады. Сызықтық тығыздықты және қорытындылайтын сызықтық тығыздықты номинальды, нақтылы, кондиционды деп бөледі.
Номиналды сызықтық тығыздық ТН өндіруге жоспарланған, жалғыз жіптің сызықтық тығыздығы.
Қорытындылайтын номинальды сызықтық тығыздық RH жіптерді ширату үшін ширатуды есептей отырып анықталған, өндіруге қажетті қабатталған жіптердің сызықтық тығыздығы.
Нақтылы (нәтижелі) сызықтық тығыздықты TФ (RФ) тәжірибе арқылы анықтайды.
Сызытық тығыздық тоқыма жіптерінің құрылым сипаттамасына байланысты.
Тігін жібінің диаметрі d, мм есептеу мына формуламен жүргізіледі:
- жіптің орташа тығыздығы, мг/мм3.
Т – жіптің сызықтық тығыздығы, Т;
Трикотажда ілмек құралатын жіптер кесіндісі қалындықпен сипатталынады . Жіптің қалыңдығын еркін жағдайда және қатты қысылған түрдегі деп бөледі.
Бірінші жағдайда жіптің қалындығын есептелген диаметрге теңейді.
dе = 0, 0357
екінші жағдайда – шартты диаметрге
dш = 0, 0357
мұндағы: Т – жіптің сызықтық тығыздығы, текс;
d – жіптің көлемдік массасы, г/см3 ;
N – жіптің нөмері, мм/мг ;
j - жіптің заттық тығыздығы , г/см3 .
Көп қолданылатын текстильді жіптердің тығыздығы мен көлемдік массасының мағынасы 1 – кестеде көрсетілген.
Трикотаждың ілмек құрылымының еркін қалыптағы өлшемдерін есептелген кезде әдетте А өлшемі бойынша өлшенген ілмектегі жіптің орташа қалыңдығы өлшемін пайдаланады.
Жіптің орташа калыңдығын мына формула бойынша анықтауға болады.
d = F @ (dе +dш) / 2 ()
Ілмектегі жіптің ұзындығы, l , мм, трикотаждың бір ілмегіне келетін жіптің ұзындығы болып табылады.
Кесте 1.6.3 Текстиль жіптерінің заттық тығыздығы мен көлемдік массасы
№ |
Жіптер мен иірімжіп |
Жіптер мен иірімжіптердің заттық тығыздығы j , г/см3 |
Жіптер мен иірімжіптердің көлемдік массасы d , г/см3 |
1 |
Мақта иірімжібі |
1,52 |
0,75 – 0,85 |
Трикотаж жаймаларының технологиялық параметрлерін жобалауБіртегіс өрімі
1. Ілмектегі жіптін ұзындығы:
l = 78,58 ´ 2 / Nс+ p F+100 ´ 2/ Nр
2. 100мм келетін ілмек қатарының саны:
Nс = 100/А
А – ілмек қадамы, мм
3. 100 мм келетін ілмек бағаншаларының саны:
Nр =100/ В
В – ілмек бағаншаларының биіктігі, мм
Мақта және жасанды жіптен өңдірілген тоқыма үшін: А = 4F , мм
4. Тығыздықтар қатынас коэффициенті : С = 0,865
С = В/А
5. Тоқыманың беттік тығыздығы, г/м2
r = 10-4 Nс Nр l Т
6. Жіптің қалындығы, мм
F =
7. Тігінен тоқылған трикотаждың кішіреюі
У = l /А
Әртүрлі текстиль жіптеріне арналған l коэффициентінің мәндері:Орташа сызықтың тығыздықты мақта мата үшін – 1,25
1.6.4 Трикотаж жаймасының бояуға тұрақтылығын анықтау әдісі
Үйкеліске бояу тұрақтылығы (ГОСТ 9733.27-83). Сынақ ЦНИИшелка (сурет 1.6.4) құрылғысында жүргізіледі. Боялған материалдан қарапайым үлгіні 180х80 мм өлшемде кесіп алады және 2 ші столшаға 5 сақина арқылы бекітеді. Боялмаған мақта матасы екі құрама үлгіні 50х50 мм өлшемде кесіп алады: біреуі құрғақ үйкелісте бояу тұрақтылығын анықтау үшін, екіншісі, дымқыл үйкелісте бояу тұрақтылығын анықтау үшін алынады. Құрама үлгіні 3 резиналы пробкаға бекітеді және 4 сақинамен қысады. Салмақты басы арқылы құрама үлгіні 2ші столшаға түсіреді. Мұнда жалпы қысым 1 даН құрайды. 1ші қолша көмегімен столша 100 мм арақашықтықта 10 рет екі бағытта қозғалтады. Біріншіде құрғақ матаны сынайды. Екіншіде матаны дистиллденген сумен дымқылдайды.Материалдың бояу тұрақтылығын сұр эталон шкаласы бастапқы және боялған соңғы үлгі бойынша анықтайды.
Сурет 1.6.4 Үйкеліске бояу тұрақтылығын анықтайтын ЦНИИшелка аспабы
Химиялық тазалауға бояудың тұрақтылығын сынау. Мұны уайт спиртті ертіндіді 25±2оС температурада үзіліссіз 30 минут және периодты әр бір 2 минут үлгіні ыдыс қабырғасыны қысады. Сынақ аяқталған соң үлгіні кептіреді, тігісін алады. Материалдың бояу тұрақтылығын сұр эталон шкаласы бастапқы және боялған соңғы үлгі бойынша анықтайды.
Информация о работе Балалар іш – киімдік бұйымдар ассортименті және сапасын эксперттік бағалау