Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 15:34, дипломная работа
Ранжерлік қатардаы объект орны ранг деп аталады. Есептелген ранг мәнінің шкалалық қатары 1-ден Т дейін (Т – бағалатын объект саны) артады.Эксперттік бағалауда әр объектінің ранг суммасы анықталады.
Алынған мәннен жалпы рандерлі қатар тұрғызады. Жалпы экспертті сапалығын бағалауда қаралған объект экспертизасын, коэффициентін, формула бойынша есептелуін қарастырады.
Аннотация
Кіріспе
1. Технологиялық бөлім. Әдеби шолу
1.1. Балалар іш-киім бұйым ассортименті…….............................................................
1.2. Балалар іш-киіміне қойылатын талаптар..............................................................
1.3. Тауар экспертизасы жүргізілген көрсеткіштер...................................................
1.4. Бұйымды дайындау кезіндегі технологиялық режимі.......................................
1.5. Бұйымды өндіру кезінде пайда болатын ақаулар................................................
1.6. Әдістемелік бөлім
1.6.1. Талшық құрамын анықтау әдісі...........................................................................
1.6.2. Бұйымды құрайтын жіптің сызықтық тығыздығын анықтау әдісі..................
1.6.3. Трикотаж жаймасының беттік тығыздығын және отыруын анықтау әдісі....
1.6.4. Трикотаж жаймасының бояуға тұрақтылығын анықтау әдісі...........................
1.6.5. Трикотаж жаймасының жууға тұрақтылығын анықтау әдісі............................
1.6.6. Трикотаж жаймасының ауаөткізгіштігін анықтау әдісі.....................................
1.6.7.Трикотаж бұйымды таңбалау, буып - түю, тасымалдау және сақтау кезінде
қойылатын талаптар.......................................................................................................
1.7. Эксперементальды бөлім.....................................................................................
1.7.1. Талшық құрамын экспертті анықтау……..........................................................
1.7.2. Жіптің сызықтық тығыздығын экспертті түрде анықтау.................................
1.7.3. Трикотаж жаймасының беттік тығыздығын және отыруын экспертті
түрде анықтау................................................................................................................
1.7.4. Трикотаж жаймасының бояуға тұрақтылығын экспертті түрде анықтау......
1.7.5. Трикотаж жаймасының жууға тұрақтылығын экспертті түрде анықтау........
1.7.6. Трикотаж жаймасының ауаөткізгіштігін экспертті түрде анықтау................
1.7.7. Трикотаж бұйымды таңбалау, буып – түю, тасымалдау және сақтау.............
1.8. Рангілеу бағасы........................................................................................................
1.8.1. Таңдалынған бұйымға сипаттама.......................................................................
1.8.2. Тұтынушы сұранысы...........................................................................................
1.8.3. Сарапшы сұранысы..............................................................................................
1.9. Эксперттік бағалау..................................................................................................
2. Еңбекті қорғау бөлімі..............................................................................................
3. Экологиялық бөлім..................................................................................................
3.1. Экологиялық мәселелер.........................................................................................
3.2. Кәсіпорындағы экологиялық мәселелер...............................................................
3.3. Қоршаған ортаға кәсіпорын әсері………………………………………………..
3.4. Су ресурстарының әсері………………………………………………………….
3.5. Ауа ресурстарының әсері………………………………………………………...
3.6. Табиғатты қорғау іс – шаралары...........................................................................
4. Экономикалық бөлім...............................................................................................
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Бояуды ортаға тұрақтылығын сынау (ГОСТ 9733.6-83)
Оны екі тәсілмен жүргізеді.
Бірінші тәсілде сынақ стандар
Екінші тәсіл бойынша 5 г/дм3 қайнатылған тұз және 6см3/дм3 25% тік сулы аммиак ертіндісі 45±2оС температурада қайнатылады, үлгіні салады және осы температурада 30 минут ұстайды. Ертіндіні төкпей 10 рет шыны таяқшамен үлгіні стакан қабырғасына қысады. Үлгіні алып ақырындап 70 см3/дм3 10% сірке қышқылын құяды да үлгіні салады. Осыдан кейін үлгіні 30 минут тағы ұстайды және 10 рет стакан қабырғасына қысып сығады.
Соңында үлгіні тігісімен алып 60оС температурада кептіреді. Материалдың бояу тұрақтылығын сұр эталон шкаласы бастапқы және боялған соңғы үлгі бойынша анықтайды.
Дистиллденген суда бояудың тұрақтылығын сынау (ГОСТ 9733.-83). Комнаталық температурада құрама үлгіні дистиллданған суда дымқылдап алған дұрыс. Одан кейін демалдырмай екі пластинканың арасына салады , кейін үстіне 5±0,05 кг, 115х60 мм өлшемдегі салмақты қояды. Ол рамалы үлгі 37±2оС температураағы термостатқа 4 сағат қойылады. Осыдан кейін үлгіні тігеді, тігіс үлгінің қысқа жағында болуы керек. Ол үлгі 60оС температурада кептіріледі. Материалдың бояу тұрақтылығын сұр эталон шкаласы бастапқы және боялған соңғы үлгі бойынша анықтайды.
Эксплуатациялық жағдайда трикотаж жаймаларын күн сәулесінің, ылғалдың, температураның механикалық күштердің және әр түрлі химиялық реагенттердің, жуудың, химиялық тазартудың, тердің, үтіктеудің, үйкелудің және басқа да әсерлердің көмегімен сынайды. Осы айтылған факторлардың әсерінен боялған жаймада бояу құрамында физико – химиялық ауытқулар пайда болады. Талшық пен жіп арасындағы беріктік байланыс бұзылады.
Үлгіні сынаққа дайындау (ГОСТ 9733.6-83). Сынақтық түріне байланысты келесі үлгілер қолданады:
Сынаққа қолданатын маталар мақ
Егер үлгілер тегіс боялған,
меланж немесе түкті тоқыма
болса, онда қарапайым үлгіні
екі үлгінің арасына
Жууға бояу тұрақтылығын сынау (ГОСТ 9733.4-83). Бұл сынақ механикалық қондырғыда сулы айналмалы білікті банияда жүргізіледі. ГОСТ 9733.6-83 бойынша дайындалған ертінді ыдысқа құйылып, қажетті температураға дейін қыздырады. Механикалық әсерлерді тудыру үшін ыдысқа 6 мм диаметрлі металл шариктері салынады. ГОСТ 9733.4-83 стандарты бойынша текстиль материалдарының және олардық талшықтық құрылымына байланысты сынақ шарттары көрсетілген.
Осы жуудан кейін екі рет дистиллденген сумен жуады және 10 минут ішінде суық ағынды сумен , кейін тігісті сөгіп кептіреді. Материалдың бояу тұрақтылығын сұр эталон шкаласы бастапқы және боялған соңғы үлгі бойынша анықтайды.
1.6.6 Трикотаж жаймасының ауаөткізгіштігін анықтау әдісі
Ауа өткізгіштік бұл – материалдан бұйымның өз бойына ауа өткізу қабілетін айтады. Бұл қасиет талшықтың құрамына тығыздығына және өңделуіне байланысты. Тығыздығы төмен матаның ауа өткізгіштік қасиеті жоғары болады, ал тығыздығы матаның, су жұқтырғыштың сіндірмелері мен өңделген, резеңке араластырып тоқылған маталардың ауа өткізу қасиеті төмен болады. Ауа өткізгіштігіне нақты мінездеме беру үшін оны ауа өткізгіштік коэффицентімен анықталады. Ауа өткізгіштік гигиеналық және жылу сақтағыштық қасиетінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Бұл бұйымға материал таңдауда маңызды роль атқарады. Жаз мезгіліне арналған матаның ауа өткізгіштігі өте жоғарғы болу қажет ол киім ішіндегі ауа қабатының еркін қозғалуын қамтамасыз етеді, ал қыстық киімдер үшін ауа өткізгіштігі төмен материалдар таңдап алынады. Ауа өткізгіштік келесі формуламен анықталады.
Bp=v/( s·r )
Мұндағы: v дегеніміз – ауаның көлемі (дм3)
s – ауа өткен үлгінің ауданы(м2)
r – ауаның үлгіден өткен уақыты(с)
Ауа өткізгіштігін ВПТМ-2, ATL-2 және ОПВ-2 аспабымен анықталады. Ауа өткізгіштік коэффициентін келесі формуламен анықталады.
Вр=10000-Vср/s
Мұндағы: Vср – бір нақты үлгінің ауа шығыны дм3/с
S – сыналған үлгінің ауданы, м2
Ауа өткізгіштік бұл материал мен бұйымның ауа өткізгіштік қасиеті. Оларға нақты мінездеме беру үшін, ауа өткізгіштік коэффициентін анықтайды. Бұл көрсеткішті анықтау үшін, камера 3 ішіндегі үлгіні 1 белгілі бір мөлшерінен, белгілі бір уақыт ішіндегі ауа өткізу көлемін анықтайды.
Разрежение (сурет 13.1) мына формуламен анықталады:
Р=Р1-Р2
Мұндағы: Р1-айналадағы ортаның қысымы
Р2-камерадағы насос пен желдеткіш арқылы пайда болған қалған қысым
Сурет 13.1: Ауа өткізгіштікті анықтайтын принципті сұлбасы
Үлгіден 1 өткен ауа көлемі
счетчиктің көмегімен, ал
Берілген материалдың
немесе бұйымның ауа
Сынақты аспаптарда нақты үлгімен жүргізеді. Олар мынаға 49 (5) тең және нүктелік үлгіні қысқанда 147 Н (15 даН) тең болуы қажет. Аспап құрылғысы ауа өткізгіштің 2,5 бастап, 10750 дм3/(м2с) диапазонында өлшем жүргізуге мүмкіндік береді.
ВПТМ-2 аспабы (Сурет 13.2) 49±0,1 Па болатын разрежение индикаторынан 1 2-класты дифференциалды монометр дәлдігі I, 0-ден 150 мм шығын өлшегіш (Вентури түтікшесі) 8 және 9 қосылғыш ауамен 7, дроссель 10, вентилятордан 11 тұрады.
Аспапқа қосымша ауыспалы алты столдар 5 ауданы бар бір біріне сәйкес 2, 5, 10, 20, 50 немесе 100 см2 саңылаулары және оларға бекітілген алты қысқыш сақиналары 3 бар. Материалдың нақты нүктелік үлгісін немесе бұйымды 6 разрежение 4 камерасына енгізеді.
Алдын ала нақты материал үлгісі алынады. Олар ГОСТ 20566-75 (жасанды былғары және қатырма материалдар үшін), ГОСТ 13587-77 (тоқылмаған кездемелер және жасанды тоқылмаған негізіндегі былғары үшін), ГОСТ 8844-75 (тоқыма кездемелер, тоқыма негізіндегі жасанды былғары және қатырмаланған тоқыма кездемелері үшін). Материалдар үшін әр қиындысын қадағалау нақты үлгіні ені бойынша толық алынады, ал ұзындығы 16 см матаның кез келген жерінен алуға болады. Ал қалған материалдар үшін ұзындығы 30 см. Физикалық және механикалық қасиеттерін анықтау кезінде таңдалып алынған нақты үлгінің ауа өткізгіштігін сынағанда қолдануға болады. Әр нақты үлгіге сынақ шахматтық тәртіппен бес жерде жүргізіледі.
Аспапта жұмыс жүргізу
ВПТМ 2 аспабында (Сурет 13.3) сынақ
келесі түрде жүреді. 4ші штокты
көтеріп, 2 қақпақты ашады және
ауыспалы жұмыс орындығын
Материал үлгісін оң бетімен
қаратып, жұмыс орындығына
Әр мағаналы аударма кестесі арқылы алынған станоктағы үлгінің ауа шығынын (дм3/с) анықтайды. Жұмыс аяқталған соң аспаптағы «тарам» тумблер 8 өшіріледі (қызыл сигнальды шам 7 өшіріледі), крышка 2 камера разрежениені жауып, торамнан аспапты өшіреді. Ауа өткізгішті сынау УПВ-2 аспабында өткізеді.
1.6.7 Дайын бұйымға таңбалану, буып - түю, тасымалдау және сақтау кезінде қойылатын талаптар
Дайын бұйымды таңбалау. Дайын бұйым таңбалану үшін келесілер пайдаланылады:
Бұйым таңбалану үшін, жеке тапсырыспен дайындалған, тауар белгісі бар лента пайдалану қажет және өндіруші өндірістің аты, мекен жайы, бұйымда қалай күту жөніндегі белгілер міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Жүйеленген бұйым бір ғана тауарлық белгімен белгілену керек, ол негізгі бұйымға жапсырылады, бағасы белгісі және бақылаушы лентада немесе бөлек белгісі және бақылаушы лентада, әр бір бұйымда жеке бағасы көрсетілуі керек.
Бұйымды қалай күту жөніндегі белгілер әр –бір бұйымда болуы шарт.
Бұйымды буып – түю. Бұйым жақсы жатқызылуы, престелуі, тіркелуі белгілі бір режимдермен бекітілуі тиіс.
Бұйым оралғанда қағаз пайдаланылуы тиіс, пайдаланылатын ( жекеленген немесе топталған) және тасымалданатын тара.
Пайдаланылатын тареге полиэтиленген пакеттер, целлофан пакеттер немесе қағаз пакеттер және ГОСТ 12301 бойынша картоннан жасалынған қораптар; ГОСТ 12303 бойынша картоннан жасалынған бумалар, яғни тасымалдау және сақталу кезінде тауардың жақсы түрде келуін қамтамасыз ету үшін.
Тасымалдау. Бұйым тасымалдау кезінде сапасының төмендемеуіне әкелуі тиіс. Бұйым тасымалдануы жүк тасымалдау ережесімен толықтай сай болуы керек. Ал қалааралық тасымалдауларда таре немесе контейнерлерде тасымалданады. Бума түрінде тасымалданатын бұйымдар ГОСТ 9078, ГОСТ 21650, ГОСТ 26623 бойынша жүргізіледі. Ал брутта бума өлшемі және салмағы ГОСТ 24597 бойынша сай болуы керек.
Сақталу. Бұйым өндіріс қоймасында 5 0 С – тан төмен емес және 40 0 С – жоғары температурада сақталуы шарт, ауа ылғалдылығы 50 – 70 % және күн сәулесі тікелей түсуінен қорғалу тиіс және атмосфералық әсерлерден аулақ болу керек.
Бұйым, жекеленген және топталған тару орамдарда, бұйымда көрсетілген режиммен сақталынуы шарт.
Еден мен полканың арасы алшақтау болуы керек, ішкі және сыртқы дуал арақашықтығы 0,2м ден кем болмауы тиіс, зиянды приборлар мен бұйымның арасы 1м – ден кем болмауы шарт, стеллаждар мен 0,7м кем болмауы керек.
1.7 Экспериментальды бөлім
1.7.1 Талшық құрамын экспертті анықтау
1.6.1 бөлімде айтылғандай экспертизаны жүргіземіз. Иірімжіптің құрамын анықтау үшін жандыру және микрохимиялық әдістерді пайдалана отырып анықтаймыз.
Жандыру әдісі. Зерттеу үшін бұйымнан бірнеше жіп тарқатып аламыз, жай ораймыз, одан соң бір шетінен пинцетпен қысып ұстап, екінші ұшына көлденеңінен жалынды алып келеміз. Жалынды жақындатқандағы күйі балқымайды және формасын өзгертпеді, жалында балқусыз жана берді. Жалыннан алғаннан кейінгі күйі балқусыз жануын жалғастыра берді. Жалыннан кейінгі күйі күлі ашық сұр түсті саусақпен оңай үгітіледі. Иісі жанған қағаздың иісі.
Микрохимиялық әдіс. ГОСТ 1833-2001 сүйене отырып, келесі зкспертизаны жүргіздік. Бұл әдіс талшықтың сыртқы келбетінің өзгеруіне негізделген. Микрохимиялық әдіс қышқылдың, сілтінің, көбінесе үлгілерді пробиркаға салу және реагенттермен жұмыс жасауға негізделген. Бұл әдістермен жұмыс жасағанда зерттеудің соңын күту қажет. Жұмыстың нәтижесі 3.1 және 3.2 кестеде көрсетілген:
Информация о работе Балалар іш – киімдік бұйымдар ассортименті және сапасын эксперттік бағалау