Кондитерлік өнімдер технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Мая 2013 в 21:23, дипломная работа

Описание работы

Кондитер өнімдері – әдетте, құрамында қанты көп тағамдық өнімдер. Кондитер өнімдерінің жүздеген түрлері бар. Технологиясына және оған жұмсалатын шикізат түріне қарай негізгі екі топқа (қантты және ұнды) бөлуге болады. Қантты түріне карамель, кәмпит, шоколад, жеміс-жидекті кондитер өнімдері жатады. Ұннан жасалатын кондитер өнімдеріне печенье, пряник, торт, кекс, орама (рулет), вафли, т.б. енеді. Қазіргі жағдайларда қоғамдық тамақтану біртіндеп индустрияландыру жолына өтуде.

Содержание работы

КІРІСПЕ
1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Қанттан жасалған кондитер өнімдері
1.1.1 Карамель өндіру технологиясы
1.1.2 Алуа өндіру технологиясы
1.2. Ұннан жасалған кондитер өнімдері
1.2.1 Қантты печеньені сұлы ұнынан дайындау
1.3. Ұлттық кондитерлік тағамдарды дайындау
1.4. Шығыстың тәтті тағамдары
1.5. Салқын тәтті тағамдар
1.6. Кондитер өнімдерінің құрамындағы қоспалар
1.6.1 Табиғи және биологиялық белсенді қоспалар
1.6.2 Кондитер өнімдеріне қосылатын дәмдеуіштер
1.7. Қазақстандағы кондитерлік өнімдер шығаратын ірі кәсіпорындар
1.7.1 «Рахат» АҚ
1.7.2 «Қарағанды конфеттері» АҚ
1.8. Шығыс Қазақстан облысындағы кондитер өнімдері нарығының сипаттамасы
1.9. Кондитерлік өнімдерді өндіру процесінде пайдаланылатын қосымша құралдар
1.9.1 Ғимараттар мен құрылыстар
1.9.2 Жабдық және инвентарь (техника)
Зерттеу нәтижелері.
Қорытындылар мен ұсыныстар
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

кондитерлік тағамдар.doc

— 2.68 Мб (Скачать файл)

1978-1979 жылдары  цехтардың жұмыскерлеріне арналған  асхана, дәрігерлік санитарлық бөлім,  кеңейтілген тұрмыстық орынжайлары бар әкімшілік-тұрмыстық корпустың құрылысы жүреді. 1992 жылы мемлекеттік кәсіпорын «Рахат» акционерлік қоғамы болып қайта құрылып, «Рахат» сауда белгісі болып тіркеледі. 2001 жылы Шымкент қаласында еншілес кәсіпорын ашылып, алғашқы өнімдері өндіріле бастайды. 2007-2009 жылдары Кельн қаласындағы (Германия) ISM кондитер және бисквит өнімдерінің Халықаралық арнайы көрмесіне қатысады.

«Рахат» АҚ-нда 3500-ге тарта адам жұмыс істейді. Өндірістік қуат Алматы және Шымкент қалаларындағы  екі алаңда шоғырланған. Өндірістің жан-жақтылық сипаты, оның ауқымы мен  какао бұршақтарын қайта өңдеу бойынша дербес желінің болуы компания үшін отандық өндірушілер арасында кондитерлік өнімдердің кең сұрыпталымын иеленуге мүмкіндік береді. Бүгінде «Рахат» АҚ-ның сұрыпталым қоржыны 10 түрлі топқа жататын алуан түрлі кондитерлік өнімнің 250-ден аса атауымен толыққан.

Кәсіпорында бірыңғай жауапкершілік пен сапаны бақылаудың кешенді жүйесіне негізделген  ішкі сапалық жүйе ұйымдастырылып, іске асырылуда. Бұл жүйе өндірістің әр сатысында шикізат пен өнім сапасын бақылайды. Кәсіпорында  ҚР ИСО 9001 - 2001 СТ стандартына сәйкес сертификатталған сапа менеджменті жүйесі енгізілген және іске қосылған.

Экспортталуы

Фабрика өнімдерi отандық нарықтағыдай жақын және алыс шет елдер нарығында да белгілі. «Рахат» АҚ өз өнімін ішкі нарықта  жоғары деңгейде жеткілікті ету саясатын жүзеге асырады. «Рахат» АҚ сату ауқымы бүкіл Қазақстанды қамтиды, компанияның 14 облыс орталығын қосқанда 18 қалада өнім тарату жүйесі бар. Алматы қаласы бойынша өнім ірі көтермемен сатып алушылар арқылы, сонымен бірге фирмалық бөлшек сауда дүкендері арқылы таратылады.

Республиканың басқа аймақтарына «Рахат» АҚ өнімін жеткізу фирмалық сапалы өнім сатуды жүзеге асыратын дистрибьюторлық  желі (еншілес кәсіпорындар) құрумен  қамтамасыз етіледі. Осылайша «Рахат»  АҚ-ның сату ауқымы бүкіл Қазақстанды  және компанияның еншілес сауда ұйымы бар көрші Қырғызстанды қамтиды. Өнімді сыртқа шығару жоғары бәсекелестік жоқ және саяси-экономикалық жағдайлар ішкі саудаға кедергі келтірмейтін орталық-азия өңірлеріндегі елдермен (Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан) жүргізіледі. ТМД-ның басқа республикалары және алыс шет елдер тарапынан «Рахат» АҚ өніміне деген қызығушылыққа байланысты келешекте компания өндіріс көлемін арттыруды және экспорт көлемін ұлғайту жолымен өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Әр түрлі  гастрономиялық дәстүрлері бар елдердің халқы «Рахат» АҚ кондитерлік  өнімдерінің тұтыну сипаттамасының тартымдылығын мойындауда. Бүгінгі күні Акционерлік Қоғам өзінің өнімдерін ТМД елдеріне, жақын және алыс шетелдерге экспортқа шығарады.

 

 

 

1.7.2 "ҚАРАҒАНДЫ КОНФЕТТЕРІ" ААҚ

 
"Қарағанды Конфеттері" ААҚ  – даңқы тек Қазақстанға ғана  емес, басқа да елдерге кеңінен танымал.

Фабриканың  тарихи 1956 жылдың қараша айынан басталады, бірақ-та 1941 жылы Қарағандыға кондитерлік  өнімдерді шығаруға Астраханнан  арналған эшелон қондырғылармен келген кезінен басталатын да тарихи бар. 
Қарағанды конфеттері әрқашан да өзінің сапасымен әйгілі. Өкінішке орай СССР-дың ыдырауымен, Ресеймен және тағы басқа елдермен экономикалық байланыстың үзілуінен, оның жұмысы да ақсады. 
Мемлекеттен 85% фабриканың акциясын сатып алған ағылшын компаниясы "Ю-Ай-Джи" 1996 жылдың мамыр айынан фабриканы басқара бастағанда фабрика жаңаша дамуға мүмкіндік алды. 
"Қарағанды Конфеттері" ААҚ – Қазақстанда бүгінгі күнде тағам өнімдері өндірісінде алдағы кәсіпорындардың бірі. Фабрика кондитерлік өнімдердің 247 түрін шығарады. Фабрикада бір жылда – 12 000 тонна өнім шығарылады. 
1996 жылдан бастап жаңа цехтар салынды. Жаңа техналогиямен шоколадты конфеттер өндiретiн жаңа шоколадты-бисквит цехы жұмыс iстейдi, бұнда "Лиса Алиса (Түлкі Алиса)", "Артемон", "Буратино", вафли, торттардың 10-нан астам түрлерi өндiрiледi. 
"Қарағанды Конфеттері" ААҚ – түрлі халықаралық көрмелердің тұрақты қатысушысы. 2003 жылдың тамыз айында Мәскеу қаласында "Қазақстанның Ресейдегi күндерi" бағдарламасының шеңберiндегi көрмеге кондитерлiк фабрика қатысты. 2004 жылдың сәуiр айында Германияда өткен "Hannover-Messe 2004" халықаралық көрмеде Қазақстанның үздiк кәсiпорындарының құрамында. Фабриканың өзінің аккредитті сынақ орталығы бар, ол өздеріне сертификаты сынақтан кондитер өнімдері мен шикізаттарды сертификациялық сынақтан өткізулеріне мүмкіндік береді. 
"Қарағанды Конфеттері" АҚ өзінің өнімдерін Қазақстанның барлық жерлерінде, өзінің дербес ұсынушылары, дүкендері, 12 қалалардағы қоймалары арқылы және Ресей мен Германияда таратады.

 

 

 

 

 

 

1.8. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КОНДИТЕР ӨНІМДЕРІ НАРЫҒЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысы толық азық-түлік тәуелсіздігін  иелене алмайды, бірақ облыста өмірлік  маңызды тағам өнімдерін өндіру үшін жеткілікті биоклиматтық және өндірістік  әлеует бар.

Соңғы жылдардың көрсеткіштеріне сүйенсек, 2011 жылдың  қаңтар-желтоқсанында облыста қолданыстағы бағамен 55,3 млрд. теңгенің тамақ өнімі, 1,5 млрд. теңгенің сусыны  өндірілген. 2010 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда, тамақ өнімдері өндірісіндегі нақты көлем индексі 120,2%,  ал сусындар өндірісінде - 95,5% құрады.

Шығыс Қазақстан облыстық Статистика департаментінің деректеріне сүйенсек, облыстың  республикадағы тамақ өндірісі өнімдерінің  көлеміндегі үлесі 8,2%-ға, сусындар -  1,1%-ға бағаланады. Өнеркәсіп өндірісінің  облыстық көлемінде  салалар үлесі тиісінше 8,9 және  0,2% құрады.

Тамақ өнімдері өндірісі бойынша  экономикалық қызмет түрлерінің көбінде  өндіріс  көлемінің өскені байқалады.

Балықты қайта өңдеу мен консервілеуде, нан-тоқаш және ұннан жасалған өнімдер  өндірісінде,  өзге де  тамақ өнімдерінде  өнім көлемінің төмендегені байқалды.

Тамақ өнімдері мен сусындар шығаратын  кәсіпорындарда  2010 жылғы  қаңтар-желтоқсанда  5891 адам немесе  барлық өнеркәсіп  өндірісінде жұмыс істейтіндер  санының  әрбір он үшінші адамы  жұмыспен қамтамасыз етілді.

Тамақ өнімдері өндірісінде  орташа айлық  жалақы  39268 теңге немесе 2009 жылғы  қаңтар-желтоқсандағы деңгейге қарағанда 111,2% мөлшерінде қалыптасты.

 

 

8.1-сурет - Шығыс Қазақстан облысында қолданыстағы баға бойынша нан-тоқаш және ұннан жасалған өнімдер өндірісінің көлемі, млн. тг.

 

 

            

 

Суретте көрсетілгендей, ШҚО бойынша нан-тоқаш және ұннан жасалған өнімдер өндірісінің көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 230,5 млн. теңгеге төмендеді.

 

8.2-сурет - Шығыс Қазақстан облысындағы  заттай  түрінде кептірілген нан және печенье,                       ұзақ сақталатын кондитер және тәтті нан өндірісі, тонна

 

 

              

 

Суретте көрсетілгендей, ШҚО-да кептірілген нан және печенье, ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитер өнімдері мен  тәтті нандар өндірісі бойынша аздап төмендеу байқалады.  Мысалы, 2010 жылы  Шығыс Қазақстан облысында 2 158 тонна кептірілген нан  мен печенье шығарылды, бұл 2009 жылғыдан 396 тоннаға кем.

 

8.3-кесте - 2011 жылғы  қазандағы  Шығыс Қазақстан облысы бойынша  кептірілген нан мен печенье  өндіретін  кәсіпорындар бағасының индексі, %

 

2011 жылғы қазан

2011 жылғы қыркүйек

2010 жылғы желтоқсан 

Кептірілген нан және печенье өндірісі, ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитер өнімдері өндірісі

102,3

114,0


                

 

8.3-кестеде Шығыс Қазақстан облысының супермаркеттеріндегі  негізгі өндірушілердің кепкен нан өндіру өнімдері бағасының салыстырмалы кестесі келтірілген.

 

8.4-кесте - Шығыс Қазақстан облысының супермаркеттеріндегі негізгі  өндірушілердің кепкен нан өндіру өнімдері бағасының салыстырмалы кестесі

Өнімнің атауы

Өндірушінің атауы

Орау, грамм

Бағасы, 1 қорабына теңгемен

Бағасы, 1 кг үшін  теңгемен

Кептірілген нан

Караганда Нан

300

119 - 139

397 –  463

Приправыч

200

119 - 125

595 –  625

Цесна

800

185-190

231 –  238

Сушкалар

Караганда Нан

400

129-155

323 –  388

500

389-395

778 –  790

Аксай Нан

400

165-169

413 –  423

Цесна

400

165-167

413 –  418

Қоспасыз  печенье

 

 

Уральские кондитеры

1 000

395-619

395-619

Баян - Сулу

1 000

279-325

279-325

Фламинго

1 000

469-470

469-470

Золотой ключик

650

665-669

1 023 – 1 029

750

665-669

887 –  892

400

105 - 119

263 –  298

700

215

307

Рахат

185

65-67

351 –  362

270

139-140

515 –  519

350

139-155

397 –  443

1 000

320-349

320-349

Бидай Нан

300

199-200

663 - 667

Конти

1 000

355-357

355-357

Ламзурь

1 000

359-362

359-362

Сладкая сказка

1 000

599-604

599-604

Султан

80

39-40

488 –  500

175

79-80

451 –  457

240

239-242

996 –  1 008

300

135-145

40 –  483

Roshen

1 000

579-580

579-580

Twix

200

399-402

1 995 – 2 010

Twixels

125

285-290

2 280 – 2 320

250

530-535

2 120 – 2 140

Қоспасы бар печенье

Choco Boy

100

345-347

3 450 – 3 470

Choco - Pie

168

269-270

1 601 – 1 607

336

499-500

1 485 -  1488

Wolf

500

545-547

1 090 – 1 094

«АВК»

1 000

519-579

519-579

Саратов

1 000

599-600

599-600

Сладкая сказка

1 000

425-428

425-428

Сладко

135

75-78

555 –  578

Хамле

85

55-57

647 –  671

170

95-98

559 –  576

190

85-86

447 –  453

200

95-98

475 - 490


 

Ақпарат көзі: Компаниялар  сайты

 

Кесте қорытындылары бойынша  мынадай  қорытынды шығаруға болады:

- Кептірілген  нанның бағасы  (әр түрлі қалталау)  мынадай  диапазонда ұсынылған - 119 – 190 теңге;

- Сушкалардың  бағасы  (әр түрлі қалталау)  – 129 – 395 теңге;

- Қоспасы  жоқ печеньенің бағасы (әр түрлі  қалталау)  – 39 – 669 теңге;

- Қоспасы  бар печеньенің бағасы (әр түрлі  қалталау)  – 55 – 428 теңге.

 

 

 

8.5-кесте - Шығыс Қазақстан облысында нан пісіру  өнімдерін  шығаратын кәсіпорындардың тізімі

Компаниялардың  атауы

Қала, кент

Белоусовка нан зауыты

Белоусовка кенті

Шығыс Қазақстан ұн тарту-жемазық комбинаты  АҚАО Восточно-Казахстанский мукомольно-комбикормовый комбинат

Семей қаласы

'БАРС' компаниясы

Өскемен қаласы

Колос

Өскемен қаласы

«Бейкер» ЖШС

Өскемен қаласы

  «Бек» ЖШС

Семей қаласы

«Брик» ЖШС

Өскемен қаласы

«Вегас» ЖШС

Өскемен қаласы

«Рамко  Трейдинг Компани» ЖШС

Семей қаласы

«Саламин» ЖШС

Өскемен қаласы

'Жолдас' ЖШС

Семей қаласы

Common Market

Өскемен қаласы

"АЙДАР"  №2 НАН ЗАУЫТЫ

Семей қаласы

"АККОРД-ВКО" ЖШС

Өскемен қаласы

"АЛТЫН-ДЭН  и Ко" ЖШС

Семей қаласы

"АРНА" САУДА-ӨНДІРІСТІК БІРЛЕСТІГІ ФИРМАСЫ

Өскемен қаласы

"БУХТАРМА" КӘСІПОРНЫ

Өскемен қаласы

"ДЮКАС" ААҚ

Өскемен қаласы

"КУРМАН" САУДА-ӨНДІРІСТІК БІРЛЕСТІГІ (ЖШС)

Өскемен қаласы

ЖШС

Өскемен қаласы

№3 НАН ЗАУЫТЫ (ЖШС)

Өскемен қаласы

Аккорд

Өскемен қаласы

Ладога  и К

Өскемен қаласы

Мельзавод Защита

Өскемен қаласы


 

1.9. КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ӨНДІРУ ПРОЦЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ҚОСЫМША ҚҰРАЛДАР

1.9.1 ҒИМАРАТТАР МЕН ҚҰРЫЛЫСТАР

 

Кондитерлік өнімдерді өндіруге арналған цехты аумағы шамамен 60 шаршы метр бос жалдамалы орынжайда орналастыру дұрыс болады. Өндіру процесінің ерекшелігін ескере отырып  орын-жай өртке қарсы қауіпсіздік жүйесімен жабдықталатын болады. Орын-жай   тікелей кондитер цехын, қойманы және  сауда залын орналастыру үшін  ортасы бөлінген үш бөлмеден тұрады.

Информация о работе Кондитерлік өнімдер технологиясы