Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2015 в 16:09, научная работа
Зерттеудің міндеттері:
1. Химия саласындағы көрнекі ғалымдардың шығармашылық биографиясына шолу жасау.
2. Мектеп курсында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін ғалымдардың шығармашылық биографиясын көрнекілік ретінде пайдаланып оқытудың формаларын, әдіс тәсілдерін іріктеу.
3. Экспериментке байланысты сауалнама, сұхбат, сыныптан тыс жұмыстарын, сабақ жоспарларын әзірлеу және эксперимент өткізу.
4. Эксперимент нәтижелерін педагогикалық статистика тәсілдерімен өңдеу.
Кіріспе...........................................................................................................................4
1 Ғалымдардың еңбектерін оқып үйренудің оқу-танымдық мәні
1.1 Химик ғалымдардың еңбектерінің мектеп химия курсындағы орны, тәрбиелік мәні..............................................................................................................6
1.2 Химия ғылымының дамуына үлес қосқан әлемге әйгілі ғалымдардың биографиясы мен еңбектері........................................................................................8
1.3 Қазақстандық химик ғалымдар..........................................................................18
2 Химик ғалымдардың еңбектерін оқу үрдісінде пайдалану әдістемесі
2.1 Сабақтан тыс жұмыстарда ғалымдардың шығармашылық биографиясын пайдалану...................................................................................................................31
2.2 Жаңа материалдарды оқып үйрену сабақтарында ғалымдардың еңбектерін пайдалану ерекшеліктері..........................................................................................36
3 Химияны оқытуда химик ғалымдардың еңбектерін пайдалану әдістемесі және оның тиімділігіне сараптама
3.1 Химик ғалымдардың биографиялық шығармашылығын пайдалану әдістемесі....................................................................................................................38
3.2 Ғалымдардың шығармашылық биографиясын оқыту арқылы оқушыларды еңбекке және ғылымға баулу және білім, білік дағдыларын саралау.................51
Қорытынды.................................................................................................................57
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................
Мазмұны |
Кіріспе....................... |
1 Ғалымдардың еңбектерін
оқып үйренудің оқу-танымдық |
1.1 Химик ғалымдардың |
1.2 Химия ғылымының дамуына
үлес қосқан әлемге әйгілі
ғалымдардың биографиясы мен
еңбектері..................... |
1.3 Қазақстандық химик
ғалымдар...................... |
2 Химик ғалымдардың еңбектерін
оқу үрдісінде пайдалану |
2.1 Сабақтан тыс жұмыстарда
ғалымдардың шығармашылық |
2.2 Жаңа материалдарды
оқып үйрену сабақтарында |
3 Химияны оқытуда химик
ғалымдардың еңбектерін |
3.1 Химик ғалымдардың биографиялық
шығармашылығын пайдалану әдістемесі.................... |
3.2 Ғалымдардың шығармашылық
биографиясын оқыту арқылы |
Қорытынды..................... |
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................ |
Қосымшалар.................... |
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Көрнекілік ретінде оқушыларға ғалымдардың шығармашылықтарын таныстыру пәнге деген қызығушылықтарын арттыру құралы болып табылады. Химия саласындағы отандық ғалымдардың еңбектерін танытады, олардың еңбектерін салыстыруға, талдауға, білімін жаңа қосымша ақпарат арқылы толықтыруға мүмкіндік береді. Білім алушы жұмыстың өзіне тән әдістері мен тәсілдерін қолдануға мүмкіндік алады.
Химия ғалымдарының еңбектері осы заман талабына сай, орта мектептерде білім беру жүйесін одан әрі дамыуға, әлемдік стандартқа сай мамандарды дайындау мақсатында оқушылардың химия мамандығына деген қызығушылықтарын арттыруға оқу құралы ретінде пайдаланылады. Химияда ғылыми жұмыстардың алға жылжуы тікелей білікті ғалымдарға байланысты. Оқушыларға ғалымдардың еңбектері мен жетістіктерін айту арқылы оларға ғылым туралы жаңа ой салынады. Білім алушыға отандық ғалымдар еңбектері мен қиыншылықтары жайлы жаңаша осы ғасыр ақпараттарын жеткізіп, оны ары қарай дамытуға мүмкіндік беріледі. Оқушылар енді отандық ғылымға көңіл бөледі. Осындай ғылыми жаңалықтарды сәт сағаты соққан осы кезде көп ұзатпай, ырғалып-жырғалмай, жеделдетіп игеру керек. Оқушыларға индустриялы-инновациялық даму бағдарламасы химия өнеркәсібін дамыту деген түсінік беріледі. Қазақстандық ғалымдардың еңбектері оқытылады. Ғалымдар жайлы, Қазақстанда қолданылатын химиялық технологиялар жайлы ақпарат тереңдетіледі.
Ғалымдардың шығармашылық биографиясын оқытуды көрнекілік ретінде қолданып оқушыларды химия өнеркәсібіне баулиды, пәнге деген, болашақта химия маманы болуға қызығушылықты арттырады.
Зерттеудің мақсаты: Оқушыларға ғалымдардың шығармашылық биографиясын оқыту арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, Отандық химия ғалымдары жайлы білімдерін тереңдету.
Зерттеудің міндеттері:
1. Химия саласындағы көрнекі ғалымдардың шығармашылық биографиясына шолу жасау.
2. Мектеп курсында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін ғалымдардың шығармашылық биографиясын көрнекілік ретінде пайдаланып оқытудың формаларын, әдіс тәсілдерін іріктеу.
3. Экспериментке байланысты сауалнама, сұхбат, сыныптан тыс жұмыстарын, сабақ жоспарларын әзірлеу және эксперимент өткізу.
4. Эксперимент нәтижелерін педагогикалық статистика тәсілдерімен өңдеу.
Зерттеу нысаны: 8, 9, 10, 11- сыныптарда химияны оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: 8, 9, 10, 11- сыныптарда жалпы химияны оқыту үрдісі.
1 Ғалымдардың еңбектерін оқып үйренудің оқу-танымдық мәні
1.1 Химик ғалымдардың еңбектерінің мектеп химия курсындағы орны, тәрбиелік мәні
Білім берудегі негізгі талап – жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, халықтық педагогикамен ұштастыру және оқушыларды өздігінен жұмыс істей алатын шығармашыл деңгейге жеткізу. Дегенімен соңғы көздері мектеп оқушыларының сабаққа деген қызығуымен мен белсенділігі әр түрлі себептерге байланысты бірнеше төмендеп барады. Қазіргі мектеп бәсекеге қабілетті және құзіретті тұлғаны қалыптастыру үшін оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру ордасы болу қажет. Біздің алдымызда жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан тұр, яғни біз білім беру жүйесін әлемдік деңгейге көтеруіміз қажет. Елбасының білім беру жүйесіне жасап отырған нақты қамқорлығы өз кезегінде бізге нақты міндеттерді де жүктейді. Білім мен технология дәуірінде өркениетті елдердің білім беру үрдісіндегі алдыңғы қатарлы, озық әдістемені өзімізге тәжірибеге енгізу, халықаралық оқу стандартына сай оқыту үрдісін дамыту қазіргі мақсатымыз болып отыр [1].
Химия пәнін оқыту үдерісін жетілдіру оқушыларды еңбекке және ғылымға баулуға негізделген. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын көрнекі ғалымдардың шығармашылық биографиясы арқылы оятату:
-таным үрдісіндегі
-өздігінен ізденушілік әрекет жасауға ынтасы;
-оқу-танымдық қызметтегі негізгі түйінді мәселені анықтау білігі;
-игерілген білімді талдай білуі;
-өз іс-әрекетін бақылау,
бағалау көрсеткіштерінде беріледі.
Әр сабақта оқушылардың қызығушылықтарын
арттыру үшін көрнекілік құралдары қолданылады.
Олар оқушыларға жаңа ақпаратты тереңірек
игеруге, есте сақтауға мүмкіндік береді.
Химия сабағында ғалымдардың шығармашылық
биографиясын көрнекілік ретінде қолдана
аламыз. Осы арқылы оқушыларды еңбекке,
ғылымға баулимыз және пәнге деген қызығушылықтарын
арттырамыз. Химия да басқа ғылымдар тәрізді
адамзат қоғамының материалдық мұқтажынан
туған. Химия ғылымында әрбір тәсілдің,
заңның, жаңалықтың ашушы ғалымдары мен
еңбектері болады. Көрнекі ғалымдардың
шығармашылық биографиясы арқылы оқушыларды
еңбекке және ғылымға баулу жоғары деңгейдегі
танымдық міндеттерді өздігінен шешуде
ұтымды жолдарды қолдана білуімен, жаңаны
білуге деген қызығушылығының жоғары
болуымен және өз іс-әрекетін бақылап,
бағалай білуімен сипатталады. Және де
оқушы танымдық іс-әрекет деңгейін өздігінен
орындауды оқытушының көмегін қажет етуімен
сипатталады, тапсырманы қайталаумен
шектеліп, оқытушының көмегімен орындайды
[2].
Оқушының ойлау қабілетінің даму жолдарының алғы шарттарының бірі-оқушыны пәнге деген қызығушылығын анықтау, тәрбиелеу, жетілдіру, оның бойындағы ерекеше қасиеттерін көрсетуге, дамытуға мүмкіндік көрсету. Осы қағиданың негізінде ерекше қабілеті бар балалар ізденіс жұмыстарына белсене қатысып тартылады [3].
Оқушылардың пәнге деген терең қызығушылығын көрнекі ғалымдардың биографиясы мен шығармашылықтары арқылы ояту үшін, олардың жас және жеке бас ерекшеліктерін есепке ала отырып, жалпы белсенділігін, дербестігін, жеке ынтасы мен шығармашылығын дамытуға жағдай жасайтын және қосымша құралдарды іздестіру қажет. Бұл бағыт тануға, жаңалыққа, тереңірек және толық білуге деген ұмытылыспен сипатталады. Оқушыларда пәнге деген қызығушылығының болуы-олардың сабақта белсенді, білімінің сапалы болуына, оқуға жағымды түрткісін қалыптастыруға, оқыту үдерісінің тиімділігін арттыруда, белсенді өміршең позицияны ұстауға мүмкіндік береді [4].
1.2 Химия ғылымының дамуына үлес қосқан әлемге әйгілі ғалымдардың биографиясы мен еңбектері
Жалпы химия ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар саны аз емес. Ерте кезде Аристотель ілімі үстем болды. Аристотель б.з.б 384-322. Осы кезде алхимия екі бағытта дамыды: Европада Гебер атымен белгілі араб ғалымы, дәрігер, математика, алхимия, философия т.б. ілім салаларынан жазған көп ғылыми еңбектері бар. Көптеген шығармаларының ішінде алхимия жөніндегі кітаптары көбірек пайдаланылған. Жабир ибн Хаиян өз заманында әр түрлі заттарды алу және тазарту тәсілдерін толық жазған: еру, кристалдану, айдау, сұйылмай булану т.б., сонымен қатар көптеген хим.препараттар алу әдісін, матаны бояуды т.б. түсіндірді. Алхимиядан - химияға Парацельс - (1493 - 1541 жж.) әйгілі алхимик, ятрохимия негізін қалаушы. Оның шын есімі - Теофраст Бомбаст фон Гогонгейм. Парацельс Швейцарияда туған. 30 жасында дәрігер лауазымын иеленіп, медицина мен фармакология жайлы көптеген мақалалар жазған. Соңғы күндерін Зальцбургта кедейлікпен, аштықпен өткізген. Оның жаңалықтарына көптеген бәсеклестері қарсы тұрды. Оның өмірі жайлы мәліметттер аз. Парацальс ғылым тарихына ятрохимияның (ятрохимия) негізін қалаушы ретінде кірді.
Роберт Бойль (1627 жыл, 25 қаңтар Лисмор дүниеге келіп, Ирландия - 1691 жыл 30 желтоқсанда дүниеден өтті) - ағылшын физигі, әрі химигі. Роберт Бойль ғылыми қызметi физика мен химия салаларына байланысты эксперименталдық әдiстерге негiзделген және атомистикалық теорияны дамытты. 1660 ж. ол газ қысымының көлемге тәуелдiлiгiн анықтайтын заң тапты. 1654 ж. ғылымға денелер құрамының анализi деген ұғым енгiздi. Бойльдiң бiр кiтабы «Химик - скептик» деп аталған.
1697 ж. неміс химигі Г.Э. Шталь (1659 - 1734) флогистон теориясын ұсынды. Флогистон (грекше phlogіstos — жанғыш) деген мағынаны береді. Шталь флогистон оңай тұтанатын заттарда (май, көмір, күкірт, т.б.) көп болады, ал металл өртелгенде флогистон жоғалып қақ, топыраққа айналады деген тұжырым жасады [5].
А.Л. Лавуазье (1743 - 1794) - француз химигі. Ол жаратылыстану пәндерін, химия, физиканы өз бетінше үйренген. Ол химиялық өзгерістерді зерттеуге сандық, әсіресе, дәл өлшеу әдістерін кең қолданды. Ол флогистон теориясын зерттеуді жалғастырып оның қате теория екендігін дәлелдеген. Лавуазье 1778 жылы оттегін ашып, оның атын қойып және оттектің жану процессіндегі ролін айқындаған. 1783 жылы Сутегін ашып, 1787жылы кремнийді болжамдаған. Қазіргі метрикалық жүйенің негізін салып және сол кездегі химиялық номенклатураның реформасын жасаған. 1777жылы күкүрттің тек қана химиялық қосылыстарының құрамында емес, жеке элемент ретінде табиғатта болатынын дәлелдеген. Ғалым массаның сақталу заңын ашқан [6].
Дмитрий Иванович Менделеев (1834-1907) 1834 ж. 27-январь (8-февраль) күні Сибирьдің бас қаласы - Тобольскіде гимназия директоры Иван Павлович Менделеевтің семьясында он жетінші кенже бала болып дүниеге келді. Д.И. Менделеев академик Ф.Ф. Брандың басшылығымен 1854 ж. "Адам-табиғат денелерінің бірі", "Петербург губерниясының кемірушілері туралы" деген зерттеулерін жүргізді. Бұл зертеулер ХІХ ғасырдың ортасында биологияда жүйелеп жіктеу мен сипаттап жазу проблемалары негізінде жүзеге асты. Д.И. Менделеев жалпы химия кафедрасын басқарды, осы кезде студенттерге арнап "Химия негіздері" деген кітабын жазуға кірісті [7].
Менделеев өмірінің соңғы жылдарында көп еңбектеніп, өзінің бұрынғы кітаптарың өңдеп, қайта жазды, философиялық еңбектер жазумен айналысып, "Өсиетті ойлар", "Эфир туралы" (1903) деген еңбектерін жазады. 1906 жылы Д.И. Менделеев өзінің аса үлкен көлімде еңбегі "Россияны тануға" деген кітабын жазумен айналысты. Ол 1907 жылғы 20-январь (2-февраль) күні сағат 5-тен 20 минут мәңгілікке көз жұмды. 1911 жылы Петербургте Д.И. Менделеевке арнап музей ұйымдастырлды. 1954 ж. Д.И. Менделеевтің толық академиялық жинағы 26 том болып басылып шықты. Әлі де әртүрлі ғылым саласынан айтқан идеялары мен еңбектері зерттелуде. Д.И. Менделеев - шын мәнінде аса дарынды үлкен энциклопедияшы ғалым [8].
Орыстың данышпан ғалымы Михаил Васильевич Ломоносов 1711 жылдың 8(19)-ноябрінде солтүстік Двина өзенінің бойындағы Холмогор қаласына таяу жердегі Мишананск (қазіргі Архангельскі облысы, Ломоносов селосы) деген шағын селода балықшының семьясында туды. Әкесі Василий Дорофеевич кедей балықшы болған.
М.В. Ломоносов өзі құрған лабораториясында алынған нәтижелерге сүйене отырып, 1756 жылы академияның конференциясында (Материя мен салмақтың ара қатынасы жайлы) деген баяндамасында және 1760 ж Дененің қаттылығы және сұйықтығы туралы толғау деген еңбектерінде ағылшын ғалымы Р.Броильдың (Отты материясының) негізсіздігін дәлелдеп берді. 1760 жылы шыққан "Денелердің қаттылығы мен сұйықтығы жайлы ойлар" деген еңбегінде массаның сақталу заңын қайтадан тереңірек қарап оны энергияның сақталу заңымен байланыстырды [9].
М.В. Ломоносов ашқан ортақ заң бірі ретінде "Энергия сақталу заңын " неміс дәрігері Р.Майер 1842 жылы нақтылы дәлелдеп берді. Орыстың ұлы ғалымы Ломоносов денелердің қасиеттерін зерттей отырып, газдардың серпінділік, үйкеліс кезіндегі денелердің қызуы сияқты, т.б. қасиеттердің ақиқат себептерін тапты.
М.В. Ломоносов 1762 жылдан бастап салқын тиіп қатты аурды ақыры 1765 жылы 4 (15) апрель күні ұлы ғалым 54 жасында дүние салды. Оның денесі Ленеградтағы Александр Невский зиратына жерленді. Қазыр Ломоносовтың ғылыми творчествасын мен өмір жолы совет және шетел ғалымдарының зерттеу объектісіне айналуды. Ғылым академиясының табиғаттану және техника институтінің жанынын Ломоносов музейі ашылды (Ленинград). Ломоносов атындағы стипендиялар да бар. Мұның өзі ұлы орыс ғалымына жасалған үлкен құрмет, оның еңбегіне жасалған теңдесі жоқ баға [10].
Александр Михайлович Бутлеров 1828 жылы 25 августа Қазан губерниясы, Чистополь атты шағын қалада, Кутузов армиясының отставкадағы полковник Михайл Васильевич Бутлеровтың семьясында туды. Атақты орыс қолбасшысы Александр Невскийдің құрметіне балаға Александр деген ат берілді. 1852 жылы А.М. Бутлеров К.К. Клаустың берген тақырыбы бойынша өзінің орындаған эксперименттік жұмысы "Осмий қышқылының органикалық заттарға тотықтырғыш әсері туралы" деген еңбегін бастырып шығарды.