Химияны оқытуда химик ғалымдардың еңбектерін пайдалану әдістемесі және оның тиімділігіне сараптама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2015 в 16:09, научная работа

Описание работы

Зерттеудің міндеттері:
1. Химия саласындағы көрнекі ғалымдардың шығармашылық биографиясына шолу жасау.
2. Мектеп курсында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін ғалымдардың шығармашылық биографиясын көрнекілік ретінде пайдаланып оқытудың формаларын, әдіс тәсілдерін іріктеу.
3. Экспериментке байланысты сауалнама, сұхбат, сыныптан тыс жұмыстарын, сабақ жоспарларын әзірлеу және эксперимент өткізу.
4. Эксперимент нәтижелерін педагогикалық статистика тәсілдерімен өңдеу.

Содержание работы

Кіріспе...........................................................................................................................4
1 Ғалымдардың еңбектерін оқып үйренудің оқу-танымдық мәні
1.1 Химик ғалымдардың еңбектерінің мектеп химия курсындағы орны, тәрбиелік мәні..............................................................................................................6
1.2 Химия ғылымының дамуына үлес қосқан әлемге әйгілі ғалымдардың биографиясы мен еңбектері........................................................................................8
1.3 Қазақстандық химик ғалымдар..........................................................................18
2 Химик ғалымдардың еңбектерін оқу үрдісінде пайдалану әдістемесі
2.1 Сабақтан тыс жұмыстарда ғалымдардың шығармашылық биографиясын пайдалану...................................................................................................................31
2.2 Жаңа материалдарды оқып үйрену сабақтарында ғалымдардың еңбектерін пайдалану ерекшеліктері..........................................................................................36
3 Химияны оқытуда химик ғалымдардың еңбектерін пайдалану әдістемесі және оның тиімділігіне сараптама
3.1 Химик ғалымдардың биографиялық шығармашылығын пайдалану әдістемесі....................................................................................................................38
3.2 Ғалымдардың шығармашылық биографиясын оқыту арқылы оқушыларды еңбекке және ғылымға баулу және білім, білік дағдыларын саралау.................51
Қорытынды.................................................................................................................57
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................

Файлы: 1 файл

диплом кзо оригинал.docx

— 1.35 Мб (Скачать файл)

Тәрбиелік:  Оқушыларды басқа бейметалдарға қарағанда галогендердің басты ерекшелігін ажырата алуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақ  әдісі : Баяндау, сұрақ- жауап.

Көрнекілік: Интерактивті тақта, тақырыптық слайд, таратпа материалдар.

Сабақ жоспары: 

1. Ұйымдастыру. (амандасу, түгендеу) 2 минут

2. Өткен тақырыпқа пысықтау  сұрақтары.  8 минут

3. Ойын барысы.  22 минут                                                                

4. Бекіту. 5 минут

5. Қорытынды.  3 минут

6. Бағалау . 3 минут

7. Үйге тапсырма. 2 минут

1. Өткен тақырыпқа пысықтау  сұрақтары: 

Натрийдің ең маңызды қосылыстарын атап беріңдер. Бұл заттар қайда қолданылады?

Натрий хлоридін калий хлоридінен қалай айыруға болады?

NaCl қайда қолданылады? Маңызы  неде?

  Ойын барысы:

I. Кезең

Өткен тақырыпқа қайталау сұрақтары қойылғаннан кейін, сынып оқушылары үш топқа бөлінеді. Әрбір топқа жетекші сайланады, жетекшілер тақтаға шығып, жасырын тұрған топ аттарын таңдайды, соған сәйкес әрбір топ өздерінің  атаулары бойынша түсініктеме беріп, таныстыруы тиіс (ашылуы, алынуы, қолданылуы, маңызды қосылыстары).

Мысалы:

Йод. Мені 1811 жылы француз фабриканты  химик-технолог Бернер Куртуа ашты. Атым грекше иодус- күлгін, қара көк деген мағына береді. Минералдарым лаутарит (СаІО3) және дицеит 7Са(ІО3)2·8СаСrO4, тұздарым  иодидтер аз мөлшерде гидросферада - теңіз суында,  скважиналанған мұнай суларында кездесемін. Теңіз орман - жапырағы деп аталатын ламинария балдырының құрамында 0,1-0,6 %-мын. сондықтан құрамында йоды бар асты пайдаланыңыздар. Менен медицинада дәрілер даярлайды, тамақ өнеркәсібінде, фото, кино ісінде, лабораториялық реактив ретінде де қолданыламын.

Фтор. Мені 1886 ж. Анри Муассан ашты. Мен бүлдіргіш элементпін, қ.ж. солғын сары түсті бейметалмын. Өткір иісті улы газбын. Қосылыстарымда бір валенттімін, өте белсендімін, қалыпты температурада көптеген элементтермен әрекеттесемін. Менімен жанасқан кезде натрий, кальций, кремний, күкірт, фосфор мына тұрған галогендер: бром мен йод та жанады, ал су айырылады. Мені органикалық қосылыстар синтездеуде, шыны өңдеуде, ағашты шіруден сақтауда, т.б. мақсаттарда да қолданылады. Өсімдіктер мен жануарлар, адам өмірінде де елеулі рөл атқарамын. Ауыз суда мен жетіспесем тістеріңіз ауыратын болады. Мен адамзатқа қажетті элементпін.

Бром.  Мені 1826 жылы француз ғалымы Ж. Балар ашқан. Иісім сасық болғандықтан менен бәрі қашады. Мен қалыпты жағдайда өткір иісті қызыл-қоңыр түсті ауыр сұйықтықпын, ауада тез буланып, сары қоңыр бу түземін. Судағы ерітіндім бром суы деп аталады. Менің қосылыстарым өнеркәсіпте сурет, кино материалдарын жасауда, медицинада дәрі-дәрмектер алуда, іштен жанатын двигательдердің (автокөлік, авиация) бензин сапасын жақсартып, этилдеуде қолданыламын.

II. Кезең

Үш топқа «Ойлан, тап!» атты 3 сұрақ беріледі:

1. Жеңіл 1 ұпайлық; 2. Орташа 2 ұпайлық; 3. Қиынырақ 3 ұпайлық.

III. Кезең

Әрбір топқа галогендер тақырыбы бойынша сөзжұмбақтар  беріледі. Тез шешкен топқа жоғары ұпай берілсе, ал кейін шешкен топтарға тиісті ұпай сандары беріледі.

1. Заттар және олардың  бір – біріне айналуы туралы ғылым. 1 ұпай

2. Орыс химиясының атасы. 1 ұпай

3. Тіз бекті реакцияны шығарған химик. 2 ұпай

4. Гипстен күкірт өндірген химик. 2 ұпай

5. Химия ғылымының тарихында  ұлы алтын заң ашқан ғалым. 2 ұпай

6. Химияның құрылыс теориясын  ашқан органик – химик. 2 ұпай

Шешуі:

1. Химия.  2. Зинин.  3. Семенов.  4. Бародин.   5. Менделеев.  6. Бутлеров

Күмістей ақшыл, женіл металл. 1 ұпай

Мемлекет атымен аталатын элемент. 1 ұпай

Магнитті қасиеті бар металл. 1 ұпай

Сілтілік металл. 1 ұпай

Бағалы металл. 1 ұпай

Радоиактивті металл. 1 ұпай

Ең ауыр металл. 1 ұпай

Оқтың құрамына кіретін металл. 1 ұпай

Шешуі:

1. Магний. 2. Германий. 3. Темір. 4. Натрий. 5. Алтын. 6. Радий.  7. Қалайы. 8. Қорғасын.

1. Бірінші дүниежүзілік соғыста хлорды тұншықтырғыш  улы зат ретінде қолданған мемлекет. 2 ұпай

2. Тез ыдырап кететін тұрақсыз радиоактивті элемент. 2 ұпай

3. 1774 жылы швед оқымыстысы К. Шееле алған элемент  (сарғылт жасыл түсті, тұншықтырғыш , улы газ). 2 ұпай

4. Тоңазытқыш сұйықтар фреондар алуға жұмсалатын элемент. 2 ұпай

5. Йодты 1811 жылы қай ғалым  ашты. 2 ұпай

6. 1886 жылы фторды ашқан химик. 2 ұпй

7.  Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл. 3 ұпай

8.  Ауада түтінденетін концентрлі ерітінді. 3 ұпай

9. Жүйкені жайландыратын, дәрі- дәрмек құрамына кіретін элемент. 3 ұпай

Шешуі:

1. Германия       2. Астат         3.  Хлор         4. Фтор         5. Бернер              6. Муассан 7. Йод      8. Хлорсутек            9. Бром

Сабақты бекіту:  Әрбір оқушыға «Галогендер және олардың қосылыстары» бойынша тест жұмыстары беріледі. (таратпа материалдар арқылы)

1. Галогеналкандардың бастапқы  мүшелері қандай болады?

А) газ                            Б) сұйық зат               В) қатты зат

2. Хлороформның формуласы  қандай?

А) CH2Cl2                   Б) CCl4                        В) CH3Cl

3. Бензол хлормен әрекеттескенде  қандай өнім түзіледі?

А) хлорбензол           Б) хлорметан              В) хлорфенол

4. Гербицидтер дегеніміз  не?

А) өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден қорғайтын заттар

Б) арамшөптермен күресте қолданылатын заттар

В) саңырауқұлақ ауруларымен күресетін заттар

5. Йодты 1811 жылы қай ғалым  ашты?

А) Бернер              Б) Ломоносов                     В) Вюрц

6. Вюрц реакциясы нәтижесінде  қандай өнім алуға болады?

А) алкандардың гомологтарын

Б) алкендердің  гомологтарын

В) алкиндердің  гомологтарын

7. Галогеналкилдер  қандай  реакцияларға түсе алады?

А) орынбасу, айрылу, циклдену

Б) қосылу, айрылу, алмасу

В) полимерлену, орынбасу, қосылу

8. Муассан қай галогенді ашты?

А) фтор              Б) хлор                       В) астат

Қорытынды (ауызша оқушылармен сабақта пысықтау)

1.Галогендердің  тотықтырғыштық  қасиеті топ бойынша қалай  өзгереді?

2. Галогендер қосылыстарында  қандай  тотығу дәрежесін көрсетеді?

3. Галогендердің  салыстырмалы  электртерістілігі топ байынша қалай өзгереді?

Бағалау. Топ бойынша ұпайларын есептеу арқылы бағалау.

Үйге тапсырма:

Галогендер мен олардың қосылыстарының физикалық және химиялық қасиеттеріне ВЕНН диаграммасын жасап келу.

 

Сабақ жоспары

Сыныбы: 8

Сабақтың тақыры: «Сутек. Сутектің табиғатта таралуы және алынуы»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға суттек туралы жалпы сипаттама беру, жер бетіндегі ең маңызды қосылыстардың бірі екенін айта отырып, физикалық қасиеті және сутекті алудың бірнеше тәсілдерімен таныстыру.

Міндеттері:

Білімділік: Жаңа ұғымдарға тоқталу. Оқыту кезінде қойылған талаптарды орындау үшін білімді одан әрі қарай дамыту.

Дамытушылық: Оқушыларды саналы ойлау мен тәжірибелік жағынан дамуын жетілдіру. Өзі бақылаған тәжірибеден дұрыс қорытынды жасап, реакция теңдеуін жазып, типін анықтай білуі үйрету.

Тәрбиелік: Жүйелі ойланып, саналы түрде жауап беру үшін химия тілінде сөйлей білуге тәрбиелеу. Шығармашылық деңгейлерін дамыту.

Сабақтың түрі: Бақылау, зерттеу және сұрақ – жауап түрінде.

Керекті реактивтер мен құралдар: Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі, тұрғы, сынауық, тұз қышқылы, мырыш түйіршігі, стақандағы су, Кипп аппараты.

Қолданылған материалдар: Видео көрсетілімдер, слайдтар.

Сабақ жоспары: 

1. Ұйымдастыру. (амандасу, түгендеу) 2 минут

2. Өткен тақырыпқа пысықтау  сұрақтары.  8 минут

3. Жаңа сабақ.  22 минут                                                                

4. Бекіту. 5 минут

5. Қорытынды.  3 минут

6. Бағалау. 3 минут

7. Үйге тапсырма. 2 минут

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру: Оқушыларды  түгелдеу, жоқ оқушыларды журналға  белгілеу)

2. Пысықтау сұрақтары: (үй тапсырмасын сұрау)

- Оттектің жалпы сипаттамасы; Оттектің физикалық қасиетін  сипатта; Оксидтер дегеніміз не; Оттектің химиялық қасиеттерін  сипаттап, тиісті реакция теңдеулерін  жазып көрсетіңдер; Оттектің қолданылуы /O2/, табиғаттағы айналымын айтып беріңдер; Оттектің түр өзгер өзгерісін ата; Жану реакциясы дегеніміз не; Термохимиялық теңдеу дегеніміз не; Түрлерін ата.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Таңбасы - Н /оқылады аш деп/

Салыстырмалы атомдық массасы - 1, 008 жуықтап алғанда 1 тең

Жай зат күйінде - Н2

Сутектің судағы массалық үлесі - 11%

Жер қыртысында сутектің массалық үлесі - 1%

Сутекті ашқан ғалымды тауып ата?

Жауабы: Сутекті 1776 жылы ағылшын ғалымы Г.Кавиндиш алды, сутекке жай зат екенін анықтап оған «гидрогениум» деп ат берген француз ғалымы А.Лавуазье болды.

Жер бетінде сутек көп қолданылатындықтан, оны алудың түрлі тәсілдері бар. Өнеркәсіпте сутекті алудың негізгі әдісі - суды тұрақты электр тогының көмегімен айыру болып табылады.

2H2O =2H2+O2

Метанның су буымен әрекеттесуі. Бұл реакция өте жоғары температурада жүреді.

CH4+2H2O=CO2+4H2 -165кДж

Бұл процесте бірден таза сутек бөлінбейді, оның көмірқышқыл газбен қоспасы алынады.

Ал зертханада сутекті белсенді металдардан: магний, мырыш, темірді сұйытылған тұз HCl немесе күкірт H2SO4 қышқылымен әрекеттестіріп алуға болады.

Сынауыққа бірненше мырыш түйіршігін салып оған сұйытылған тұз немесе күкірт қышқылын құяды, төмендегідей реакция теңдеуін көрсетеді:

Zn+2HCl=ZnCl2+H2

Zn+H2SO4=ZnSO4+H2

Сынауыққа ақ сұр түсті металл күйіндегі натрий немесе кальций 1 - 2 түйіршігін салып оған су құйғанда реакция шабытты жүреді.

Ca+2H2O=Ca(OH)2+H2

2Na+2H2O=2NaOH+H2

Сынауыққа жинап алған сутектің тазалығын тексеру үшін жанып тұрған спиртшамына апарса, таза сутек шабытты түрде реакцияға түсіп, «па» деген дыбыс шығарады. Егер сынауықта сутекпен бірге оттектің не ауаның қоспасы болса, ащы ысқырған дыбыс шығады.

Зертханада сутек алу үшін арнайы аппарат қолданылады, ол аппаратты Кипп аппараты деп атайды. Кипп аппараты екі бөліктен тұрады. Ол ұзын тұмсықты үлкен құйғыдан және бір - бірімен қатынасып тұратын шар мен жарты шардан құралған. Оның жоғарғы бөлігінің төменгі жарты шармен жалғасатын жерінде арнайы қышқылға төзімді кеуек сақиналар болады.. Төменгі жағы шүмекпен жалғасқан.

І - топ

1. Массасы 4г кальций сумен  әректтескенде неше грамм сутек  газы бөлінетінін есептеңдер.

2. Реакция теңдеуін аяқтаңдар:

Fe+H2SO4=

ІІ - топ

1. Массасы 2, 4 г магний  суытылған тұз қышқылымен әрекеттескенде  қанша грамм магний хлориді  түзілетінін есептеңдер

2. Реакция теңдеуін аяқтаңдар:

Al+HCl=

ІІІ - топ

1. Мөлшері 0, 1 моль алюминий  қанша моль тұз қышқылымен  әрекеттесетінін есептеңдер.

2. Реакция теңдеуін аяқтаңдар:

Ba+H2O=

Бекіту сұрақтары:

- Сутекке жалпы сипаттама

- Сутектің табиғатта қалай таралған екен?

- Сутекті алғаш зерттеген ғалымдар?

- Сутекті қалай алдық?

- Сутекті алатын аппарат қалай аталады?

Қорытындылау: Сонымен сутектің жер бетіндегі ең маңызды қосылысы – су. Оны бірнеше тәсілдермен алуға болады екен. Оған өздеріңіз көз жеткіздіңіздер. Біз сутек газын белсенді металдармен қышқылдарды әрекеттестіру арқылы алдық. Сонымен бірге бірнеше жаңа ұғымдармен таныстық. /кипп аппараты, гидроксидтер/

Үйге тапсырма: § 30. Қосымша жұмыс дәптерінен ІІІ тарау, 4, 5, 6. Ережелер жаттау.

Бағалау:/сабаққа қатысқан оқушылар бағаланады/

Сабақ жоспары

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: «Тұздар. Тұздардың жіктелуі, алынуы, қасиеттері»

Міндеттері:           

Білімділігі:  Оқушыларға тұздардың құрамы туралы мағұлмат бере отырып, зертханалық жұмыстар арқылы негізгі ұғымдарды қалыптастыру.

Дамытушылығы: Өз бетінше дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушыларға өз бетінше әрекет етудің әдістері мен дағдыларын меңгерту, ақыл-ой қабілетін жетілдіру.

Тәрбиелілігі: Тұздар өндірісінің ел экономикасының өркендеуіне әсері,экономикалық жане экогиялық тәрбие беруі.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі: Интерактивті диалог,тәжірибе көрсету, тақырыптық слайд.

Сабақ жоспары: 

1. Ұйымдастыру. (амандасу, түгендеу) 2 минут

Информация о работе Химияны оқытуда химик ғалымдардың еңбектерін пайдалану әдістемесі және оның тиімділігіне сараптама