Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2015 в 16:09, научная работа
Зерттеудің міндеттері:
1. Химия саласындағы көрнекі ғалымдардың шығармашылық биографиясына шолу жасау.
2. Мектеп курсында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін ғалымдардың шығармашылық биографиясын көрнекілік ретінде пайдаланып оқытудың формаларын, әдіс тәсілдерін іріктеу.
3. Экспериментке байланысты сауалнама, сұхбат, сыныптан тыс жұмыстарын, сабақ жоспарларын әзірлеу және эксперимент өткізу.
4. Эксперимент нәтижелерін педагогикалық статистика тәсілдерімен өңдеу.
Кіріспе...........................................................................................................................4
1 Ғалымдардың еңбектерін оқып үйренудің оқу-танымдық мәні
1.1 Химик ғалымдардың еңбектерінің мектеп химия курсындағы орны, тәрбиелік мәні..............................................................................................................6
1.2 Химия ғылымының дамуына үлес қосқан әлемге әйгілі ғалымдардың биографиясы мен еңбектері........................................................................................8
1.3 Қазақстандық химик ғалымдар..........................................................................18
2 Химик ғалымдардың еңбектерін оқу үрдісінде пайдалану әдістемесі
2.1 Сабақтан тыс жұмыстарда ғалымдардың шығармашылық биографиясын пайдалану...................................................................................................................31
2.2 Жаңа материалдарды оқып үйрену сабақтарында ғалымдардың еңбектерін пайдалану ерекшеліктері..........................................................................................36
3 Химияны оқытуда химик ғалымдардың еңбектерін пайдалану әдістемесі және оның тиімділігіне сараптама
3.1 Химик ғалымдардың биографиялық шығармашылығын пайдалану әдістемесі....................................................................................................................38
3.2 Ғалымдардың шығармашылық биографиясын оқыту арқылы оқушыларды еңбекке және ғылымға баулу және білім, білік дағдыларын саралау.................51
Қорытынды.................................................................................................................57
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................
1.3.1 кесте жалғасы
24 |
Вагнер |
Алкендер |
9 |
25 |
М. Фарадей, А. Кекуле |
Арендер |
9-11 |
26 |
А. Нобель |
Глицерин |
9-11 |
27 |
К. Шмидт |
Көмірсулар |
9-11 |
28 |
Зинин |
Аминдер |
9-11 |
29 |
Ч. Гудьяр |
Каучук |
11 |
Және де басқа да ғалымдардың қазіргі уақытта қарастырып жатқан еңбектерін мектеп курсында пайдалану жайлы 1.3.2-ші кестеде берілген. Бұндағы ғалымдардың еңбектерін сәйкесінше сыныптарда қосымшаақпарат ретінде оқытуға болады. Осындай ақпаратты оқушылар ала отыра қазіргі уақыттағы болып жатқан ашылулар мен жаңалықтарды біліп отырады. Оқушының танымдық білімдері кеңейеді.
1.3.2 кесте ─ Қазақстандық химик ғалымдардың еңбектерін мектеп курсындағы сыныптарда пайдалану
№ |
Химик ғалым |
Еңбектерінің шығармашылық бағыттары |
Сынып |
1 |
Б.А. Бірімжанов |
Тұз түзілу теориясының,« Жалпы химия» окулығының авторы. |
8-11 |
2 |
Ә.Б. Бектұров |
Фосфатты шикізаттарды өңдеудің қышқылдық, термиялық, сондай-ақ, фторсызданған малазықтық фосфат өндірудің циклондық әдістерін тауып, өндіріске енгізді, Қаратау фосфоритінен минералдық тыңайтқыштар өндіру әдістерін жүйеледі. |
9 |
3 |
Ә.Р. Әміреұлы |
Бірінші рет алифатты йодты қосылыстардың және теломерлену реакцияларын жүйелі және жан-жақты зерттеді және олардың негізінде алу жолы қиын йодалифатты қосылыстарды синтездеудің жаңа тиімді әдістерін ойлап тапты. Йодты органикалық заттардың бос радикалды реакцияларын
жүргізу үшін темірдің |
11 |
1.3.2 кесте жалғасы
4 |
М.И. Усанович |
«Қышқылдар мен негіздердің теориясы» ғылымға енді. Оның негізгі ғылыми жұмыстары ерітінділер теориясына арналды. |
8 |
5 |
М.Т. Козловский |
Амальгама химиясы мен амальгамалық металлургия деген жаңа ғылыми бағыттарды зерттеп, оның негізін қалады. Кейін амальгамалық металлургия әдісі тазалығы жоғары металдар алуға қолданылды. Бұл жұмыстар өндірістік сынақтан өтіп, Шымкент қорғасын зауытына енгізілді. |
9 |
6 |
С.Д. Владимирович |
Оның басқаруымен күрделі органикалық заттарды (майлар, хош иісті заттар, витаминдер, т.б.) талғамдап гидрлейтін, автокөліктер мен көптеген өнеркәсіпте кеңінен қолданылатын өндірістік катализаторлар жасалды. |
9 |
7 |
З.Г. Дәуленқызы |
Д.И. Менделеевтіңпериодтық
жүйесіндегі VIII топ элементтерінің адсорбциялық қа |
11 |
8 |
Ш.Б. Батталова |
Мұнай өнімдерін өңдеуге қажетті әр түрлі өршіткілер тауып, олар халық шаруашылығында пайдаланылуда, әр түрлі шикізат қорларын ашуға мүмкіндік туғызды. |
11 |
9 |
С.О. Альфредовна |
Еңбектері негізінен Қазақстанның
түсті және сирек
кездесетін элементтерін тазартып жіктеуде электрохимиялық әдіст |
9 |
10 |
С.Р. Рафиков |
Қазақстандажоғары молекулалық |
11 |
11 |
Б.А. Жұбанов |
Жаңа полимерлерді синтездеген. |
11 |
12 |
Т.К. Шомбалов |
Көптеген өсімдіктердің химиялы |
8-11 |
13 |
Н.К. Надиров |
Мұнай фракцияларын өзгертіп, мұнай әнімдерін жаңарту, крекингіні кешенді зерттеу еңбектерінің негізгі бағыты болып саналады. |
11 |
1.3.2 кесте жалғасы
14 |
Қ.А. Жұбанов |
«Көмірді, оның өнімдерін, газды терең өңдеудің ғылыми негізі, шикі және жасанды мұнайды дайындау, мұнай бергіштігін арттыру» деп аталатын фундаменталды зерттеу бағытының жетекшісі. |
11 |
15 |
Е. Шайқұтдінов |
Қарапайым винил эфирлерінің радикалды сополимерлену кинетикасын басқару әдістерін ашты. |
11 |
16 |
А. Баешов |
Балхаш тау-кен комбинатында электролиз ерітіндісін мышьяк (V) және сурьма (V) иондарынан тазалау әдісі, 1973 жылы өндіріске енгізіліп елімізге көп мөлшерде экономикалық пайда әкелді. Жамбыл фосфор заводында, фосфор шламындағы фосфор мөлшерін анықтаудың қарапайым, экономикалық тиімді қауіпсіз әдісі 1985 жылдан бастап қолданылып келеді. |
9 |
17 |
Ғ.С. Ермұхаметова |
Полиэлектролитті гелдерді электр өрісінде зерттеу жұмыстарын жүргіуде. Ол полимерлі гидрогелдерді синтездеп және толық сипаттамасын зерттеп шықты. |
11 |
Қорыта айтқанда химик ғалымдардың, соның ішінде Отандық химик ғалымдардың шығармашылық биографиясын мектеп курсында оқушыларды еңбекке және ғылымға баулу құралы ретінде пайдаланудың маңызы бар. Мектеп бағдарламасында оқытылатын тақырыптарға сай қазіргі заманда да ашылап жатқан жаңалықтар туралы ақпараттарды оқушыларға беруге болады. Бұл әдістемені толықтай 8-11 сыныптар арасында қолдануға болады [29].
2 Химик ғалымдардың еңбекерін оқу үрдісінде пайдалану әдістемесі
2.1 Сабақтан тыс жұмыстарда ғалымдардың шығармашылық биографиясын пайдалану
Оқушылардың химияны оқу барысында еңбекке және ғылымға баулу үшін ойын элементтерін кеңінен пайдалануға болады. Сабақтан тыс жұмыстарда ойын элементтерін пайдалану сабақтың мақсатын түсіндіруге икемділік дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Ғылыми техникалық прогрестің өте шапшаң қарқынмен дамуы ой еңбегін және оқуыту үрдісін сапалы түрде жетілдіріп, күрделі проблеманы шешуді үздіксіз білім берудің жаңат түрлері мен тиімді әдіс-тәсілдерін тауып, оларды іс-тәжірибеге енгізу, оқушыларды өздігінен және шығармашылық оқуға үйретуге талап етіп отыр. Оқушының білімге құштарлығын оятып, белсенді ой-әрекетін жаттықтырып,алған білімді тереңдету мақсатында өз бетінше ізденуін қадағалай отырып, өздік жұмыс жасауға және стандартты емес есептерді шығара білуге баулу керек. Жалпы оқушы сабақтан тыс жұмыстар арқылы шығармашылық қабілетін дамыту үшін тек мектеп проблемасына сүйенбей, қосымша іздену жұмыстарымен айналысу керек.
Оқушының ғылымға және
еңбекке баулу, танымдық қабілеттерін
дамыту мақсатында сабақтан тыс жұмыстар
барысында түрлі танымдық ойын түрлерін
пайдалану және логикалық қызықты есептер
шығарудың тиімділігі зор. Оқушылардың
пәнге, ғылымғы және еңбекке деген қызығушылықтарын
арттыру қазіргі кезде-білім берудің басты
мақсаты. Себебі, қазіргі кезде мемлекетіміздің
экономикалық жағдайын жасайтын химик
мамандар өте аз. Химия мамандары мен ғалымдарын
дайындау Қазақстанның технологиялық
өрлеуіне әсер ететін ең маңызды фактор.
Еліміз технолгогияны ұзақ уақыт шет елдерден
қымбат бағаға сатып алуда. Олар ескісін
бермесе, заманауи жаңа технологиясын
бізге ешқашанда сатпайды. Үкімет соны
түсініп, енді отандық ғылымға көңіл бөліп
отыр. Ал ғылымды дамыту үшін мамандар
дайындау керек. Демек, уақыт өткізбей
осы көпөрістілікті шұғыл игеріп, нақтылы
іске қосатын мамандар даярлауды қолға
алу қажет. Қазақстанның химия өнеркәсібін
дамытып халықаралық базарда бәсекелестікке
ерекше қабілетті өнім шығаратын жағдайға
жеткізу болашақ мамандар қолында. Қазақстанның
ендігі дамуы химия ғылымы арқылы қамтамасыз
етіледі деген мақсат қойылып отыр.
Оқушылардың сабақтан
тыс жұмыстарда танымдық белсенділігін
өзіндік және шығармашылық жұмыстардың
алуан түрлерін пайдалану жолымен де арттыруға
болады [30].
М.М. Мұқанов өзінің «Жас және педагогикалық психология» еңбегінде мектепке тапсырманың балаларға екі түрлі жолмен берлетіні көрсетеді: біріншіден,берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен іздестіреді. Екіншіден, тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді. Оны орындау үшін соның мәтіні беріледі. Осы мәтінге өзгеріс енгізуге рұқсат етілмейді. Сол мәтінге сүйене отырып бала оны жаттап алады. Шығармашылық, ауызша және қызықты тапсырмалар, проблемалық ситуациялар, өзіндік жұмыс, тарихи элементтер мен оқу материалдары дәстүрлі емес нысандардан тұратын сабақтарды ұйымдастырып, өткізу қорытындысымен мынадай тұжырым жасауға болады: Біріншіден, оқуды оқушы үшін тек қызықты ғана емес, сондай-ақ нәтижелі ету үшін мұғалімнің шығармашылық ойын оқытудың тиімді әдістерін, оқушылардың танымдық қызығушылығын артыру тәсілдері мен әдістерін іздестіруге бағыттаған жөн. Екіншіден, егер химияға деген қызығушылықты арттыру тәсілдері мен әдістерінің қалыптасқан жүйесін ұғымды қолданар болсақ, онда балаларда сабаққа деген ұмтылыс артып, химияның ең қызықты пәндерінің бірі екендігі деген түсінігі нығаяды. Осы тәсілдері мен әдістерді қолдану сабаққа өзгерістер енгізуімен қатар, балаларды жүйелі жұмыс істеуге үйретеді және өздерінің тарапынан белсенді іс-әрекетке деген үздіксіз талапты күту ахуалын қалыптастырады [31].
Ең маңыздысы, оқушы ғалымдардың еңбектерімен, өмір баянымен танысып, білімін тереңдете түсуге жағдай жасау болып табылады. Оған тек мұғалімнің де, оқушының да шығармашылық ізденісінің нәтижесінде қол жеткізуге болады. 2.1.1-ші кестеде ғалымдардың шығармашылық биографиясына байланысты өткізуге болатын іс-шаралар көрсетілген [32].
2.1.1 кесте ─ химия ғалымдарының шығармашылық биографиясына байланысты өткізуге болатын сыныптан тыс жұмыстар
Іс-шараладың тақырыбы |
Өткізу сыныптары |
Сыныптан тыс жұмыс түрі |
Химиялық понтамима |
8-10 сыныптар |
Сұхбаттасу мен сауалнама |
Үздік химик |
8-11 сыныптар |
Үйірме |
Менделеевтің туғанына 181 жыл |
8-11 сыныптар |
Химиялық кеш |
ХХІ ғасыр көшбасшысы |
8-9 сыныптар |
Интеллектуалдық ойын |
Жалпы химик ғалымдардың еңбектерін мектеп курсында пайдалану оқушыларды ғылымға және еңбекке баулиды, танымдық қабілеттерін,оқу үрдісіндегі белсенділігін, білімге қызығушылығын, өздігінен ізденушілік әрекет жасауға ынтасын, игерілген білімді талдай білуін, өз іс-әрекетін бақылау, бағалау көрсеткіштерін дамытады.
Осы эксперимент барысында сауалнама мен сұхбаттасу, интеллектуалдық ойын, химиялық кеш мекттеп курсында өткізілді. Тек қарастырылып отырған іс-шаралардан үйірме өткізілмеді, бірақта сыныптан тыс іс-шаралар жайлы әдебиеттерге шолу жасау арқылы қарастырылып талқыланды.
Химия пәнінен «Үздік химик» атты үйірмені Атырау обылысы, Жылой ауданы, Турғызба ауылы, №4 М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің химия пәні мұғалімі Әділова Маңдайлы өз мектебінде өткізген болатын. Үйірме 8-ші сыныптарға арналған. Үйірменің мақсаты - оқушылардың химия пәніне, ғылымына деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық, іздемпаздылық қабілеттерін дамыту және де химия пәнінен білімдерін тереңдету. Бұндай үйірмеге оқушы өз қалауы бойынша қатысады. Үйірмеге қатысу барысында оқушы өздігінен ғылыми жұмыс жазуға және қорғауға бейімделеді. Басқа да шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы логикалық ойлау қабілеттерін тереңдетеді. Жалпы үйірменің жоспырын кесте 2.1.2-ден көруге болады.
2.1.2 кесте Үйірме жоспары
№ |
Өтілетін тақырыптар |
Сағат саны |
Ғалымдар жайлы ақпараттың орны |
1 |
Химия лабораториясы мен кабинетінде жұмыс істеудің қауіпсіздік техникасының ережелері |
1 |
|
2 |
Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіне саяхат ( реферат дайындау) |
1 |
Менделеевтің биографиясы мен шығармашылығы рефератта қарастырылады |
3 |
«Бастапқы химиялық ұғымдар» тақырыбына тест тапсырмалары |
1 |
Ұғымдарды енгізген ғалымдарға тест сұрақтарын құрастырады |
4 |
Косметикалар құрамындағы химиялық заттардың жасөспірімдер ағзасына әсері |
1 |
Химиялық заттарды ашқан ғалымдар жайлы ақпарат айтылады |
5 |
Қазақстандағы металлургия өнеркәсібін дамытудағы академик Қ.И.Сәтбаевтың рөлі.Шикізат көзін нығайтудағы ғалымдардың ұсыныстары |
1 |
Қ.И.Сәтбаевтың биографиясы мен шығармашылғы талқыланады |
6 |
Өндірістегі экологиялық мәселелерді шешу. Күкірттің пайдасы мен зияны туралы |
1 |
Күкіртті ашқан ғалым А.Л. Лавуазье туралы ақпарт беріледі |
7 |
Авогадро саны, Моль, Молярлық массаға есептер шығару |
1 |
А.Авагадро ғалымы |
8 |
«Химиялық реакция типтері» тақырыбына есептер шығару |
1 |
Химия реакция типтерін ашқан ғалымдар жайлы ақпарат |
9 |
Химия тұрмыста |
1 |
|
10 |
Атақты химик ғалымдар |
1 |
Жалпы аатақта және Қазақстандық ғалымдар қарастырылады |
11 |
Сөзтізбелер, ребустар, химиялық ертегілер |
1 |
Жалпы ғалымдарға да байлынысты тапсырмалар жасалады |
12 |
Біз ескермейтін құпия қызықтар(әлемдегі жаңалықтар) |
1 |
Ғалымдардың қызықты ашылулары |
13 |
Атом құрылысы. Атом ядросының құрамы Есеп шығару |
1 |
Атом құралысы ілімін ашқан ғалым жайлы ақпарат |
14 |
Ғажайып- табиғи қара сабын |
1 |
|
15 |
Атырау-мұнайлы өлке(реферат дайындау) |
1 |
Қазіргі таңдағы Қазақстандық химик ғалымдардың ашылулары қарастырылады |