Химияны оқытуда химик ғалымдардың еңбектерін пайдалану әдістемесі және оның тиімділігіне сараптама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2015 в 16:09, научная работа

Описание работы

Зерттеудің міндеттері:
1. Химия саласындағы көрнекі ғалымдардың шығармашылық биографиясына шолу жасау.
2. Мектеп курсында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін ғалымдардың шығармашылық биографиясын көрнекілік ретінде пайдаланып оқытудың формаларын, әдіс тәсілдерін іріктеу.
3. Экспериментке байланысты сауалнама, сұхбат, сыныптан тыс жұмыстарын, сабақ жоспарларын әзірлеу және эксперимент өткізу.
4. Эксперимент нәтижелерін педагогикалық статистика тәсілдерімен өңдеу.

Содержание работы

Кіріспе...........................................................................................................................4
1 Ғалымдардың еңбектерін оқып үйренудің оқу-танымдық мәні
1.1 Химик ғалымдардың еңбектерінің мектеп химия курсындағы орны, тәрбиелік мәні..............................................................................................................6
1.2 Химия ғылымының дамуына үлес қосқан әлемге әйгілі ғалымдардың биографиясы мен еңбектері........................................................................................8
1.3 Қазақстандық химик ғалымдар..........................................................................18
2 Химик ғалымдардың еңбектерін оқу үрдісінде пайдалану әдістемесі
2.1 Сабақтан тыс жұмыстарда ғалымдардың шығармашылық биографиясын пайдалану...................................................................................................................31
2.2 Жаңа материалдарды оқып үйрену сабақтарында ғалымдардың еңбектерін пайдалану ерекшеліктері..........................................................................................36
3 Химияны оқытуда химик ғалымдардың еңбектерін пайдалану әдістемесі және оның тиімділігіне сараптама
3.1 Химик ғалымдардың биографиялық шығармашылығын пайдалану әдістемесі....................................................................................................................38
3.2 Ғалымдардың шығармашылық биографиясын оқыту арқылы оқушыларды еңбекке және ғылымға баулу және білім, білік дағдыларын саралау.................51
Қорытынды.................................................................................................................57
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................

Файлы: 1 файл

диплом кзо оригинал.docx

— 1.35 Мб (Скачать файл)

Сульфидтік мыс кендерінен пирометаллургиялық, ал оттекті құрамды кендерінен гидрометаллургиялық жолмен алады.

2Cu2S+3O2=2Cu2O+2SO2

4CuO+Cu2S=6Cu+2SO2

CuO+H2SO4=CuSO4+H2O

CuSO4+Fe=Cu+FeSO4

Мыс қызғылт-сары түсті, жұмсақ металл. Ауада жылдым тотығып, ашық қызыл-сары рең береді. Мыс жұқа түрінде көгілдір-жасыл түске ие. Мыс өте жоғары жылу және электр өткізгіштігімен белгілі. Мыстың әртүрлі құймалары белгілі: мырыш пен латун, қола мен қалайы, мельхиормен никель, бабит пен қорғасын және тағы басқа.

Жай заттармен әрекеттесуі

Күрделі заттармен әрекеттесуі:

Мыс концентрленген суық күкірт қышқылымен әрекеттеседі:

Мыс концентрленген азот қышқылымен әрекеттеседі:

Сұйытылған азот қышқылымен әрекеттеседі.:

Мыс патша арағымен әрекеттеседі:

Оттегінің қатысуымен су қосылған тұз қышқылымен әрекеттеседі:

/темір, хром, мырышты оқушылар топпен  қарастырады/

ІV. Сабақты бекіту. / тест тапсырмалары/

Тест тапсырмалары:

1. Мыстың физикалық қасиеті?

А. Сары-қызыл жұмсақ металл +  Б. Сары-қызыл түсті, аморфты.   С.Қызыл түсті, қатты металл.

2. Магнетит, гематит, лимонит, пирит қай металдың минералдарына жатады?

А. Хром  Б. Темір+  С. Мыс

3. Элементтердің периодты  жүйесінің II-тобындағы химиялық  элемент, асыл металдардың бірі?

А. Мыс  Б. Темір  С. Мырыш +

4. Құрамында ...  бар болат  таттанбайды, қажалмайды және үйкеліс  пен қызуға төзімді келеді.

А. Темір  Б. Мырыш  С. Хром+

5. Хромды 1797 жылы  крокоит  минералының құрамынан ашқан  француз химигі?

А.  Л.Н. Воклен +   Б. А. Л. Лавуазье  С. Д.И. Менделеев

6. Мыс патша арағымен  әрекеттеседі:

А. +

Б.

С. +

7. Қай қосылыста металдың  тотығу дәрежесі +3 ке тең?

А. Fe(OH)2  Б. ZnO  С. Cr2O3 +

8. Тотығу дәрежесі тұрақты  +2?

А.  Темір  Б. Хром  С. Мырыш +

9. Темірдің физикалық  қасиеттері?

А. 26 электрон, 26 протон, салыстырмалы атомдық массасы 56, 30 нейтрон, 4 электрондық қабат

Б. Ақ сұр түсті, металдық жылтыры бар, электр тогы мен жылуды жақсы өткізетін, магнитке тартылатын, жұмсақ, созылғыш металл.  +  

С. Алюминийден кейін жер қабатындағы ең кең таралған металл

10. Мыстың табиғатта кездесуі:

А. Тек таза күйінде  Б. Тек қоспа түрінді  С. Қоспа және таза күйінде +

V. Қорытындылау . /сұрақ жауап  арқылы оқушылардан сұрау/

Сұрақтары:

1. Мыстың табиғатта таралуы? 2. Мырыштың алынуы? 3. Хромның физикалық қасиеттері? 4. Темірдің химиялық қасиеттері?

VІ. Бағалау. /тест тапсырмасы, сабаққа қатысуы бойынша бағаланады/ VІІ. Үй тапсырма:

§7.1, 7.2, 7.3, 7.4 оқу, мыс, мырыш, темір, хромның қолданылуына схема жасау.

Сабақ жоспары

Сыныбы: 10

Cабақтытың тақырыбы: «Магний және кальций, олардың  қосылыстары»

Сабақтың мақсаты: Магний және кальций , олардың қосылыстарымен таныстыру, қолданылуы жайлы түсінік беру.

Міндеттері:

Білімділік: Магний және кальций, олардың  қосылыстарының физикалық, химиялық қасиеттері, қолданылатын жерлері туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік: Қоршаған ортаны қорғауға, еңбекке баулу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас.

Көрнекілігі: Тірек – сызба, плакат, видео, слайд, таратпа материалдар.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 6 минут

ІІІ. Жаңа сабақ 22 минут

ІV. Бекіту бөлімі 7 минут

V. Қорытындылау 5 минут

VІ. Бағалау 2 минут

VІІ. Үйге тапсырма 1 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі:   Оқушылармен амандасып, өзімді таныстырып,оларды түгендедеу, оқушыларды 2 топқа парта бойынша бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: ІІ топтың негізгі топша металдарына жалпы сипаттама /карточка сұрақтары арқылы сұрау/. Сұрақтары:

1-Натрийдың периодтық  орны.

2-Натрийдің физикалық  қасиеттері .

3-Натрийдің қосылыстарына  мысал келтір

4 -NaCl→Na→NaOH→NaNO3  мына айналымды жүзеге асырыңдар

1-Калийдің периодтық орны.

2-Калийдің физикалық қасиеттері .

3-Калийдің қосылыстарына  мысал келтір

4 -КCl→К→КOH→КNO3  мына айналымды жүзеге асырыңдар


 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіреру. / оқушыларды 2 топқа бөліп, берілген схеманы орындату, оны қорғау/                             

1 топ: кальций

2 топ: магний

1. Периодтық жүйедегі  орны

2. Физикалық қасиеттері.

 Кальций-күмістей ақ  түсті жеңіл металл.

Оның тығыздығы-1,55 г/см3. Кальций ауамен

әрекеттесуі нәтижесінде түзілген оксид қабықшасымен лезде қапталады,сондықтан оны сілтілік металдар

 сияқты керосин қабатының  астында сақтайды.

Кальций-едәуір қатты металл,балқу t=840 С.

3. Қолданылуы.

Калций инертті газды тазартып болат, никель, мыс, т.б. металдарды балқыту үшін қоспа ретінде

пайдаланылады. Тұрмыста шаруашылыққа, құрылыс материалдары ретінде, медицинада қолданылады.

1. Периодтық жүйедегі  орны.

2. Физикалық қасиеттері.

Магний-ақ түсті металл,ауамен жанасқанда бірден жұқа және тығыз қорғаныш оксид қабықшасымен қапталады,сондықтан да мөлдір емес. Тығыздығы-1,74 г/см3, балқу t=651 С. Ол алюминийден 1,5 есе, мыстан 5 есе жеңіл, сондықтан ол-ерекше маңызды конструкциялық материал. Mg пластикалығы басым, жеңіл созылады және иіледі.

3. Қолданылуы.

Зымырандар мен ядролық реакторлар, қозғағыштар бөлшектері, бензин мен майлар бактары, вагондар, автобустар, жеңіл машиналар корпустары, дөнгелектер, фото - және киноаппараттар және т.б. магний қорытпаларынан жасалынады. Магний болатты қышқылсыздандыру, шойынды модификациялау үшін қолданылып, металлургияда үлкен рөль атқарады. Сонымен қатар, магний тотығы металлургиялық пештер құрылысында қолданылатын оттөзімді материалдар өндірісінде қолданылады.

4. Химиялық қасиеттері

1)Кәдімгі температурада  сілтілік металдар галогендермен  әрекеттеседі:

                                 Mg+Cl2=MgCl2

2)Қыздырғанда кальций  ж/е магний күкіртпен,азотпен  әрекеттеседі:

                                  Ca+S=CaS

                               3Mg+N2=Mg3N2

3)Кальцийді ауада қыздырғанда  жанады:

                                 2Ca+O2=2CaO

4)Сутек ағынында қыздырғанда  кальций гидриді түзіледі:

                                 Ca+H2=CaH2

5)Кальций сумен шабытты  әрекеттесіп,одан сутекті ығыстырып  шығарады:

                           Ca+2HOH=Ca(OH)2+H2      


Зертханалық жұмыс: «Сілтілік және сілтілік жер металдары тұздарының жалынды бояуы» /видеосын көрсету/

 «Әксуын әзірлеу, оның  көміртек (IV) оксидімен әрекеттеуі» /екі топқа жасату/

IV.  Cабақты бекіту: Ойын түрінде 

Ойын аты:      Футбол алаңы

Ойын мақсаты:  Уақытты тиімді пайдаланып,  жаңа сабақты қорытуда  қолданамын.

Ойын түрі:   2 топты сайыстыру

Ойын әдісі:   Сұрақ-жауап

Жалпы ойынға түсініктеме:

 Плакат алып, футбол алаңының схемасын саламыз. 2 топқа бөлеміз, сол бөлінген топтарға ат қоямыз. Қайрат тобы және Жеңіс тобы. Аланның дәл ортасынан бөлінеді. Қайрат тобының қақпа жағына Жеңіс тобының доптарын жіпке тіземіз, тура сол сияқты Жеңіс тобының қақпа жағына да Қайраттың жіпке тізілген түймелерді орналастырамыз. 2 топ бір-біріне гол салу үшін сұраққа жауап береді. Егер сұраққа жауап бермесе, сол түйме бастапқы орнында қалады. 2 топтың оқушыларыда осылай қайталайды. 2 топтың қайсысы жеңгенін білу үшін, қақпадағы түймелерді санаймыз. Егер де тепе-тең болса, 2 топ басшысына сұрақ қойылады. Қай жақтың топ басшысы жауап берсе, сол жактың тобы жеңіске жетеді. Бұл ойында кез-келген пәнге және кез-келген тақырыптарға қолданса болады. Тек қана сұрақтары өзгереді. Бұл ойынның тиімділігі.

  V. Қорытынды:   

1807 ж. калийді, 1808 ж. Хэмфри  Дэви магнеземді электролиздеу  арқылы магнийді ашты. Оқушылар  топпен осы ғалымның аты жөніне  бүгінгі тақырыпқа байланысты  кроссворд құрастырады, топпен шешеді.

VI.   Бағалау.

VIІ .Үйге тапсырма:

§ 5,6. Мынадай айналулардың химиялық теңдеулердің жазып келу .

Ca(OH)2àCaCO3àCa(HCO3)2àCaCO3àCaOàCaC12

Сабақ жоспары

Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: «Металдардың электрохимиялық кернеу қатары және химиялық қасиеттері»

Сабақтың мақсаты: Металдардың электрохимиялық кернеу қатары және химиялық қасиеттері жайлы білім беру.

Білімділік: Жалпы металдар тарауы бойынша халықтық педогогика элементтерін меңгерген білім деңгейлерін анықтау, бекіту, кестені пайдаланып металдардың жай және күрделі заттармен қосылуын теңдеулер арқылы жазу.

Дамытушылық: Химия пәніне қызығушылығын арттыру, ой - өрісін, ізденімпаздығын, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік: Адамгершілік, экологиялық тәрбие беру, кәсіптік бағдар және өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнектілігі: Д.И. Менделеев кестесі, қолдан сызылған кестелер, асықтар, арбалар, сұрақ салынған конверттер, таратпа тапсырмалар, су, «металдар» коллекциясы, тақырыптық слайд материалдары.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Демонстрация, сұрақ - жауап, ойын элементтерін қолдану арқылы сайыс сабағы түрінде ұйымдастырылады.

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру бөлімі 2 минут

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Күнделікті тұрмыста үлкен емен кішіге етене жақын боп кеткен химиялық талшықтан тоқылған мата мен пластмассаның түр - түрінен жасалған бұйымдарды, дәрі - дәрмекті, кір жуғыш ұнтақтармен жердің құнарлылығын сақтайтын тыңайтқыштарды, асыл тастардан, бекзат металдардан әшекейлерді, көз тартар бояуларды, өсімдіктердің зиянкестері мен күресетін гербицидтерді, иісі мұрын жаратын әтірлерді, хош иісті майларды т.б. айта берсек, біздің химия әлемінде өмір сүріп отырғанымызға, химиясыз көп нәрсеге зәру болатынымызға көз жеткізуге болады. Осы жоғарыдағы айтылғандардың ішінен химия ғылымындағы негізгі салалардың бірі – металдар химиясы. Сондықтан металдар тақырыбына байланысты кіріктірілген сұрақтары бар «Алтын сақа» танымдық ойынының жоспарымен танысайық.

Сабақ бірнеше бөлімдерден тұрады:

1. Сараптау ойыны: табалдырық (төрт күймеге төрт оқушыны  сайлау) 2 минут

2. Әудем жер 6 минут

3. Қозы көш 6 минут

4. Беласар 6 минут

5. Жолайрық 6 минут

6. Алтын көмбе 6 минут

7. Қорытынды. 3 минут

8. Үйге тапсырма 2 минут

Металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін қамтитын кіріктірілген сұрақтары бар сабақты «Алтын сақа» ойыны түрінде өткізу үшін бірнеше бөлімдерге бөлдік. Сабақтың табалдырық бөліміндегі төрт күймеге төрт оқушыны сайлау үшін берілетін сұрақтар:

1 топ. Металдардың негізгі  физикалық қасиеттерін атаңдар. (Электр тоғы мен жылуды жақсы  өткізетін, пластикалық қасиеті  жоғары, жылтыр заттар)

2 топ. Металдардың негізгі  химиялық қасиеттері. (Металдардың  көпшілігі химиялық активті элементтер  болғандықтан жай және күрделі  заттармен әрекеттеседі: реакциялары)

3 топ. Кернеу қатары. (Металдардың  электролиттік ерітінділерінің  электродтық потенциалының өсу  реті бойынша орналасу тәртібі. Бұл қатарда металдардың электрон  беру, яғни тотықсыздандырғыш қасиеті  солдан оңға қарай кемиді. Басқаша айтқанда әр металл өзінен кейінгілерін тұздар ерітіндісінен ығыстырып шығарады. Салыстыру үшін қатарға сутек те орналасқан. Активтік қатарда сутекке дейін орналасқан металдар сутекті қышқылдардан ығыстыра алады. Сутектен кейін тұрған мыс, сынап, күміс, платина және алтын қышқыл ерітінділерімен әрекеттеспейді, өйткені сутекті ығыстыра алмайды. Активтік қатарға сүйеніп, металл, тұз және қышқыл ерітінділерінің арасындағы реакциялардың жүру мүмкіндігін алдын-ала болжауға болады. Активтік қатар заңдылығы металды бос күйінде бөліп алуға және оны коррозиядан қорғауға мүмкіндік береді.)

Информация о работе Химияны оқытуда химик ғалымдардың еңбектерін пайдалану әдістемесі және оның тиімділігіне сараптама