Химияны оқытуда химик ғалымдардың еңбектерін пайдалану әдістемесі және оның тиімділігіне сараптама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2015 в 16:09, научная работа

Описание работы

Зерттеудің міндеттері:
1. Химия саласындағы көрнекі ғалымдардың шығармашылық биографиясына шолу жасау.
2. Мектеп курсында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін ғалымдардың шығармашылық биографиясын көрнекілік ретінде пайдаланып оқытудың формаларын, әдіс тәсілдерін іріктеу.
3. Экспериментке байланысты сауалнама, сұхбат, сыныптан тыс жұмыстарын, сабақ жоспарларын әзірлеу және эксперимент өткізу.
4. Эксперимент нәтижелерін педагогикалық статистика тәсілдерімен өңдеу.

Содержание работы

Кіріспе...........................................................................................................................4
1 Ғалымдардың еңбектерін оқып үйренудің оқу-танымдық мәні
1.1 Химик ғалымдардың еңбектерінің мектеп химия курсындағы орны, тәрбиелік мәні..............................................................................................................6
1.2 Химия ғылымының дамуына үлес қосқан әлемге әйгілі ғалымдардың биографиясы мен еңбектері........................................................................................8
1.3 Қазақстандық химик ғалымдар..........................................................................18
2 Химик ғалымдардың еңбектерін оқу үрдісінде пайдалану әдістемесі
2.1 Сабақтан тыс жұмыстарда ғалымдардың шығармашылық биографиясын пайдалану...................................................................................................................31
2.2 Жаңа материалдарды оқып үйрену сабақтарында ғалымдардың еңбектерін пайдалану ерекшеліктері..........................................................................................36
3 Химияны оқытуда химик ғалымдардың еңбектерін пайдалану әдістемесі және оның тиімділігіне сараптама
3.1 Химик ғалымдардың биографиялық шығармашылығын пайдалану әдістемесі....................................................................................................................38
3.2 Ғалымдардың шығармашылық биографиясын оқыту арқылы оқушыларды еңбекке және ғылымға баулу және білім, білік дағдыларын саралау.................51
Қорытынды.................................................................................................................57
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................

Файлы: 1 файл

диплом кзо оригинал.docx

— 1.35 Мб (Скачать файл)

Михаил Ильич Усанович - Қазақстан Ғылым академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы болған, дүние жүзіне белгілі ғалым. 1938 жылы М.И. Усановичтің ұсынысы қабылданып, «Қышқылдар мен негіздердің теориясы» ғылымға енді. Оның негізгі ғылыми жұмыстары ерітінділер теориясына арналды.

Михаил Тихонович Козловский - аналитикалық химия саласында еңбек еткен әйгілі ғалым, ол аса таза металдар алуда үлкен үлес қоскан химия ғылымдарының докторы, «Амальгама химиясы мен амальгамды металлургия» бойынша ғылыми жаңа бағытта зерттеулер жасап, оның негізін қалады [21].

Сокольский Дмитрий Владимирович - Қазақстандағы катализ мектебінің негізін салушы әйгілі химик, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, «Социалистік Еңбек Ері». Ол катализдік гидрлеу теориясын, өршіткілерді, тотығу процесін зерттеудің электрлік-химиялық әдісін ұсынды: іштен жанатын қозғалтқыштардан шығатын газдардың толық жануына қажетті өршіткілер тапты. Д.В. Сокольскийдің шәкірттері - қазақ қыздары                  Г.Д. Закүнбаева және Ш.Б. Батталовалар да химия ғылымының докторлары, әйгілі химиктер.

Закүнбаева Гаухар Дәуленқызы - Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген ғылым қайраткері, органикалық катализ және электрохимия институтын басқарған. Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі VIII топ элементтерінің адсорбциялық қасиеттерін толық зерттеп, соның нәтижесінде ацетилен және оның туындыларын гидролиздеу үшін жоғары белсенді және талғамды ершіткілер алды.

Ал Шарбан Батталқызы Батталова Қазақстан Ғылым академиясының академигі, ол мұнай өнімдерін өңдеуге қажетті әр түрлі өршіткілер тауып, олар халық шаруашылығында пайдаланылуда, әр түрлі шикізат қорларын ашуға мүмкіндік туғызды.

Сонгина Ольга Альфредовна еңбектері негізінен Қазақстанның түсті және сирек кездесетін элементтерін тазартып жіктеуде электрохимиялық  әдістерді қолдануға арналған. Ұзақ жылдар бойы ҚазМҰУ-да (1950-1989) шәкірттерге сабак берумен айналысты [22].

Көрнекті химиктердің бір тобы: Е.Н. Әзірбаев, Н.К. Надиров,                Б.А. Жүбанов, С.Р. Рафиков, A.Ш. Шәріпқанов, Т.К. Шомбалов, Е.Е. Ерғожин көмірсутектерді зерттеді.

Сағид Рауфұлы Рафиков - Қазақстанда жоғары молекулалық қосылыстар химиясының негізін қалаған академик, химия ғылымдарының докторы,        Б.А. Жұбановпен бірге қызмет атқаратын башқұрт ғалымы.

Болат Ахметұлы Жұбанов - Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Нью-Йорк Ғылым академиясының мүшесі, химия ғылымдарының докторы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстандағы тұңғыш үлкен молекулалы химия кафедрасын ұйымдастырушы, сол салада жаңа полимерлер синтездеген дүние жүзіне әйгілі ғалым. Оның алған жаңа заттары медицинада дәрі-дәрмек ретінде әр түрлі ауруларды (туберкулез, жүрек ауруы, ісік, т. б.) емдеуге қолданылуда.

Ал ҚР еңбегі сіңген ғылым кайраткері, химия ғылымдарының докторы Тайыр Көшекұлы Шомбалов зерттеулерінің нөтижесінде көптеген өсімдіктердің химиялық кұрамы анықталып, олардан медицина мен халық шаруашылығына аса қажетті заттарды алудың әдістері іс жүзінде пайдалануға ұсынылды. Осыған орай соңғы кезде жастар да өсімдік құрылысының химиясын зерттеумен шұғылданып, олардың дәрілік қасиеттерін анықтауға ден қоюда.

Ал Қазақстанда мұнай өнімдерін өңдеу, мұнайды крекингілеу мәселесінде Надир Каримұлы Надировтың сіңірген еңбегі зор. Н.К. Надиров - Қазақстан Ғылым академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, Қазақ   ССР-і Мемлекеттік сыйлығының иегері. Батыс Қазақстанда мұнай фракцияларын өзгертіп, мұнай әнімдерін жаңарту, крекингіні кешенді зерттеу Н.К. Надиров еңбектерінің негізгі бағыты болып саналады [23].

Қ.А. Жұбанов – катализ және химиялық технология салаларындағы белгілі ғалым, ол ғылымды маңызы өте зор еңбектерімен байытқан. Оның жетекшілігімен 7 ғылым докторы, 28 ғылым кандидаты дайындалған. Ол 375 ғылыми мақала, 7 монография, 20 оқу құралын жазған. Ғылыми жұмыстарының нәтижесі бойынша өнертабысқа 60 авторлық куәлігі және  ГФР, АҚШ, Англия, Франция елдерінің 8 патенті бар. Ол Қазақстанда станционарлық катализаторлар қатысында органикалық және бейорганикалық заттарды үздіксіз өңдеудің жаңа бағыттарына негіз салды. Қ.А. Жұбанов - «Көмірді, оның өнімдерін, газды терең өңдеудің ғылыми негізі, шикі және жасанды мұнайды дайындау, мұнай бергіштігін арттыру» деп аталатын фундаменталды зерттеу бағытының жетекшісі. Оның жетекшілігімен май, жуғыш заттар, изопрен, бутил спирті, отын элементтері, фотопленкаға арналған бояғыщ заттар, тоқымы өнімдері, қағаз, флотореагенттер, метил спирті, тұрақтандырылған каучуктер өндірісіне арналған 17 өнеркәсіптік құрылғы салынған. Қ.А. Жұбанов әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Ғылыми Кеңесі мен Координациялық Кеңесінің мүшесі. «В.И. Лениннің 150 жылдық мерейтойына арналған ерен еңбегі үшін» медалімен, КСРО деңгейіндегі көрменің ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен, «Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған. ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «ҚазССР еңбек сіңірген өнертапқышы», «КСРО өнертапқышы» сынды атақтарға ие [24].

Көрнекті ғалым, химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның академигі, Ұлттық инженерлік академияның, Халықаралық инженерлік академияның және басқа да бірнеше халықаралық академиялардың академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еренғайып Шайқұтдіновтің есімі отандастарымызға жақсы таныс. Солтүстік Қазақстан облысында жұмысшы отбасында дүние есігін ашқан Еренғайып Мәлікұлының балалық шағы Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарымен тұспа-тұс келді. Б.Жұбанов пен Е.Шайқұтдіновтің жетекшілігімен полимерлер химиясының маңызды салаларында: полимерлену, поликонденсация, полимерлерді химиялық түрлендіру, полимерлердің ерітінділерімен зерттеулер жүргізу бастама алды, бұл кафедра түлектері – болашақ мамандардың кең ауқымды ғылыми көзқарасының қалыптасуына жағдай жасады. Аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі ретінде Е.Шайқұтдінов бар күш-жігерін Қазақстанда жас полимерлер ғылымы бойынша кадрлар даярлауға және дамытуға арнады.

Ол қарапайым винил эфирлерін радикалды сополимерлеу саласында алғашқы зерттеулер жүргізді. Шәкірттерімен осы процестерді басқарудың тиімді әдістерін ашты, физика-химиялық қасиеттері құнды жаңа функционалды полимерлер алды. Қазіргі уақытта Е.Шайқұтдінов ашқан қарапайым винил эфирлерінің радикалды сополимерлену кинетикасын басқару әдістерін ғалымдар толық мойындады. Ғалымның айтарлықтай ғылыми жетістіктеріне полимерлі гидрогельдер алуын жатқызуға болады. Олар алдын ала жасалған бағдарламаға сәйкес сыртқы ортаның параметрлерінің өзгерістеріне бейімделе алатын «ақылды» материалдарға жатады. Мұндай полимерлі заттар медицинада, электроника мен робототехникада сенсор ретінде пайдалану үшін қолданылады.

Е.Шайқұтдінов «Құрмет», «Парасат» және «Барыс» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері», «Астана» медальдарымен, «Ыбырай Алтынсарин» медалімен, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың және Ресей Президенті Д.Медведевтің алғыс хаттарымен марапатталды. 1991 жылы оған «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері» атағы берілді [25].

Профессор А. Баешовтың негізгі ғылым бағыты – тұрақты және жиілігі    50 Гц өндірістік айнымалы токпен поляризацияланған қатты және ұнтақты электродтарда жүретін электрохимиялық процесстерді зерттеу. Қатты, газ және сұйық түріндегі өндіріс қалдықтарын залалсыздандыру және олардан пайдалы заттарды бөліп алу, өте майда металл ұнтақтарының түзілу механизмін зерттеу. А.Баешовтың бірнеше ғылыми жұмыстарының нәтижелері өндіріске еңгізілген. Мысалы, Балхаш тау-кен комбинатында электролиз ерітіндісін мышьяк (V) және сурьма (V) иондарынан тазалау әдісі, 1973 жылы өндіріске енгізіліп елімізге көп мөлшерде экономикалық пайда әкелді. Жамбыл фосфор заводында, фосфор шламындағы фосфор мөлшерін анықтаудың қарапайым, экономикалық тиімді қауіпсіз әдісі 1985 жылдан бастап қолданылып келеді.

А.Баешовтың ғылыми жетекшілігімен бүгінгі күнге дейін 100-ден астам дипломдық және магистрлік ғылыми жұмыстар, 37 кандидаттық, 2 докторлық диссертация қорғалды. Бір шәкірті Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ал үшеуі Республикалық жас ғылымдар конкурсына қатысып, үздік жас ғалымдарға беретін Д.А. Қонаев атындағы сыйлықтың лауреаты атағына ие болды.

2008 жылдан бастап Алматы  қаласындағы Органикалық катализ  және электрохимия институтындағы  докторлық атақ беретін диссертациялық  кеңестің төрағасының орынбасары.

Жұбайы Баешова Ажар Коспанқызы – техника ғылымдарының докторы, профессор, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры.

Химия ғылымдарының докторы Д.Ю. Корулькин антивирусты, противовосполительный, жарақатты жандандыру, иммундыықпалдаушы әсерлерге ие жоғары сапалы 4 отандық фитопрепараттардың авторы. Қазіргі таңда оның клиникалық зерттеулердің барлық сатыларынан өткен және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медицинада қолдануға рұқсатын алған 2 препараты бар [26].

Химия ғылымдарының кандидаты  А.Н. Сұлтанова ғылыми-зерттеу жұмыстары өсімдікті шикізаттардан жаңа биологиялық активті заттарды табуға, ол қосылыстарды бөліп алып шығарудың тиімді әдістерін жасақтау, эугалофитті өсімдіктердің химиялық және биологиялық қасиеттерін зерттеу және осы биологиялық активті заттардың негізінде жоғары эффективті жаңа отандық дәрілік препаратты жасау секілді бағыттарды қамтитын қолданбалы ғылыми-зерттеулерді жүргізумен байланысты.

Химия ғылымдарының кандидаты Б.К. Есқалиева табиғи қосылыстар химимясы облысында жаңа және жоғары бәсекелестікке ие отандақ дәрілік заттардың өндірісін ұйымдастыруға негіз болатын биологиялық активті заттарды жасақтаумен айналысуда. Химиялық физика және жоғары  молекулалы қосылыстар химиясы кафедрасының жас ғалымдары көмірсутектерді  өндірілуі, тасымалданылуы, жану процесінде пайда болатын экологиялық проблемаларды шешумен және полимерлерді, полимерлі гидрогелдерді синтездеумен және поликомплекстердің негізінде стимулсезімтал композиттердің қасиеттерін зерттеумен айналысуда.

Химия ғылымдарының кандидаты Е.Қ. Оңғарбаев Батыс Қазақстан өңірінде мұнайды өндіру және тасымалдау кезінде қордаланған мұнай тастандыларының физика-химиялық қасиеттері тұңғыш рет  зерттеді. ОЛ кафедраның қызметкерлерімен бірлесе отырып тастандылардан көмірсутекті заттарды жаңа термиялық тәсілмен бөліп алудың әдісін жасақтады. Мұнайдың қатты қалдықты қоспаларынан афпльтобетондарды өндірудің жаңа тәсілі ұсынылды. Мұнай шайырларын кешенді өңдеу арқылы (шламдарынан) мұнайлы битум, асфальтобетонды қоспаларды, кокс, керамзит және тағы басқа өнімдерді өндірудің жаңа ғылыми нәтижелері алынды. Өзен мұнай кен орнының тастандыларынан асфальтабетонды қоспаларды алудың тәжірибелік-өндірістік қондырғысын сынақтан өткізген.

Химия ғылымдарының кандидаты Р.А. Мангазбаева зерттеу жұмыстары целлюлозаның суда ерігіш бірталай туындыларының поликарбон қышқылдарымен әректеттесуінің макромолекулярлыаралық әсерлесулердің іргелі заңдылықтарын, сыртқы ортаның факторларының олардың комплекс түзу қабілеттіліктеріне әсер етуін анықтауға және поликомплекстердің негізінде стимулсезгіш композиттерді түзуге бағытталған.

Химия ғылымдарының кандидаты Н.А. Воробьева (Фефелова) табиғаты әр-түрлі макрошыжырларының гидрофильді-гидрофобты балансы тәртіпке келтірілетін акриловый мономерлі  2-метакрилоилоксиэтилтриметиламмоний хлоридті жаңа катионды сополимерлерді түзумен айналысуда. Ол бұл жаңа катионды сополимерлердің физика-химиялық қасиеттерін зерттеумен және олардың асқазандық муцинмен және полиакрилды қышқылдармен  комплекстүзулерінің негізгі заңдылықтарын анықтаумен, олардың биоүйлесімділіктерін бағалаумен  және мукоадгезивтік және антимикробты қасиетерін зерттеумен айналысуды.

Химия ғылымдарының кандидаты Ғ.С. Ермұхаметова полиэлектролитті гелдерді электр өрісінде зерттеу жұмыстарын жүргіуде. Ол полимерлі гидрогелдерді синтездеп және толық сипаттамасын зерттеп шықты [27].

Н.Н. Бекетов - орыс физик-химигі, Санкт-Петербург ҒА академигі (1886ж), Қазан униветситетін 1848 жылы бітірген. 1849-1853 медицина-хирургиялық академияның Н.Н. Зининнің лабораториясында, 1854-1855 жылдары Санкт - Петербург университетінде, 1855 жылдан бастап Харьков университетінде, 1886 жылдан бастап Перетбург ҒА химия лабораториясында жұмыс істеді. Физикалық химияның негізін салушылардың бірі. Н.Н. Зинимен бірге органикалық қосылыстарды жоғары температура жағдайында зерттеген. 1852 жылы бензурен мен ацетуренді синтездеген. Реакцияның бағыты реагенттердің күйімен сыртқы жағдайларына тәуелділігі туралы бірқатар теориялық жобалар ұсынған. Оқушылармен бірге өзі ұйымдастырған термохимиялық зертханасында зерттеулер жүргізген: сілтілі металдардың оксидтері мен хлоридтерінің түзілу жылуларын анықтаған, ең алғаш сілтілі металдардың сусыз оксидтерін алған. Алюминотермияның негізін салушы. 1865 жылы физикалық химия бойынша лекциялардың алғашқы курсын оқып, практика ұйымдастырған. 1864 жылы оның ұсынысы бойынша Харьков униветситетінде физика-химиялық бөлім құрылған. Орыс физика-химиялық қоғамының Президенті (1889-1890, 1896-1897, 1900-1903, 1911 жылдары) [28].

Жалпы Қазақстандық химик ғалымдардың биографиясы мен еңбектері мектеп курсындағы бағдарлама бойынша оқытылуы жайлы 1.3.1-ші кестеде толығырақ көрсетілген. Төменде көрсетілген тақырыптарда аталған ғалымдардың шығармашылық биографиясы, тақырыпқа сай ашқан жаңалықтары оқытылады.

1.3.1 кесте ─ Қазақстандық химик ғалымдардың еңбектерін мектеп бағдарламасында қарастырылуы

Бағдарлама бойынша химик ғалымдардың еңбектерінің қарастырылуы

Тақырыбы

Сыныбы

1

Ж. Пруст

Құрам тұрақтылық заңы

8

2

И. Рихтер, Дж. Дальтон

Эквиваленттер заңы

8

3

А. Авагадро

Авогадро заңы

8

4

Ж.Л. Гей-Люссак

Газдардың көлемдік қатынас заңы

 

5

Г.Н. Льюис, В. Коссель

Химиялық байланыс: коваленттік байланыс, иондық байланыс

8

6

А. Вернер

Кешенді қосылыстар

9

7

А.. Лавуазье, П.С. Лаплас, Р. Гесс

Термохимия және оның заңдары

8

8

Б.Ле Шателье

Ле-Шателье принципі

9

9

Г.Н. Льюис, М.И. Усанович

Қышқылдар мен   негіздердің теориясы.

8

10

М. Фарадей

Электролиз заңдары

9

11

К. Кавендиш, А. Лавуазье

Сутек және оның қосылыстары

8

12

Г. Дэви

Натрий және калий

10

13

Г. Дэви

Магний және кальций

10

14

Берцелиус

Кремний

10

15

К. Шееле

Азот

8

16

Х. Бранд

Фосфор

8

17

К. Шееле, Дж. Пристли

Оттек

8

18

А. Муассан

Фтор

8

19

Дж. Рэлей

Инертті газдар

8

20

Л. Воклен

Хром

10

21

И.Я. Берцелиус

Органендер

9

22

А.М. Бутлеров

А.М.Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясы

9-11

23

Вюрц, О. Фишер, Г. Тропш,       Н.Н. Семенов

Алкандар

9

Информация о работе Химияны оқытуда химик ғалымдардың еңбектерін пайдалану әдістемесі және оның тиімділігіне сараптама