Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2015 в 21:19, лекция
Диагностикаға арналған биохимиялық зерттеулердің маңызы, емдеу эффектісін бақлауы мен алдын алуы.
Мақсаты:Клиникалық зертханалық диагностиканың ролі маңызды, өйткені ол жаңа функционалді тестерді, жаңа интегральді биофизикалық әдістерді зерттеуге қолдануына мүмкіндік береді. Студент өзінің кәсіптік білімінде профилактика, ауруды емдеу мен алдын алуды және диагностикалауында тіндермен мушелердегі метаболизмдерінің өзгерістерін білүі қажет.
Оқыту мақсаты: Ауру кезіндегі метаболизмінің өзгерістерін коррекция ету үшін жаңа биохимиялық зерттеулерді диагностикада пайдалануы туралы тусінікті қалыптастыру.
Алмасу процестерініің реттелу және зат алмасу бұзылыстардың биохимиялық механизмдерін, адам ағзасындағы биологиялық сұйықтардың қалыпты және патология жағдайындағы негізгі биохимиялық константаларын, биохимиялық зерттеулердің негізгі әдістерін меңгеру.
Суытып, белок тұнбаға түсу үшiн бөлме температурасында 10 минутқа қалдыру керек.
5-10 минут 3000 айналым/мин центрифугирленедi. Центрифугирленгеннен кейiн 4 пробирка алып, келесi реактивтер құйылады:
Реактивтер |
П р о б и р к а л а р № | |||
Тәжiрибе |
Тексеру |
Стандарт |
Стандарт тексеруге | |
Креатиннiң стандарт ерiтiндiсi |
- |
- |
0,5 |
0,5 |
Центрифугат |
0,5 |
0,5 |
- |
- |
H2O |
3мл |
3мл |
- |
0,5мл |
α нафтол |
1,0 |
1,0 |
1,0 |
1,0 |
Диацетил |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
Жақсы араластырып, қараңғы жерге 30 минутқа қалдырады.
Фотоэлектрокалориметрде
/жасыл фильтр/ қалыңдық қабаты 1см
кюветада ерiтiндiнiң
Есептеу келесi формула бойынша жүргiзiледi :
0,00005Ет/1,2 *2*10000
Х═
Ест*0,5
0,00005- креатиннiң стандартты
Ет – тәжiрибе сынамасының экстинкциясы /оптикалық тығыздығы/
Ест –стандартты сынаманың экстинкциясы
2- 1сағат инкубацияға қайта
1,2-центрифугаға дейінгі
0,5- центрифугат көлемі
10000- 1л қанның сарысуына қайта есептеу коэффициентi.
Қысқартылғаннан кейiн формула мынадай түрге келедi:
Қалыпты жағдайда КФК активтiлiгi 0,3-0,7 ммоль/г/л-ге тең.
Клинико-диагностикалық маңызы: КФК активтілігі инфаркт миокард кезінде( кейбір некроз процестері басталғаннан 3 сағаттан кейін көтеріледі және 24 сағаттан кейін максимумға дейін жетеді) және қаңқа бұлшық еттерінің дистрофиясында , сондай-ақ нерв жүйелеріне зақым келгенде күшейеді.
Каталаза активтілігін анықтау
Принципі: әдіс сутек асқын тотығының молибден тұздарымен тұрақты боялған комплекс түзуіне негізделген.
Анықтау әдісі: Тәжірибе (№1) пробиркасына 2 мл 0,03 % сутек асқын тотығын (Н2О2) құйып оның үстіне 0,1 мл қан сары суын немесе тіннің гомогенатын қосады. (100 мг тінді 1мл 0,05 N. Трис-HCІ буферінде, рН=7,8).
Ал бақылау пробиркасына (№2) 2мл 0,03% Н2О2 ерітіндісін құяды.
10 минут өткеннен кейін екі пробиркаға да 1 мл 4% аммоний молибдатын қосады. Боялған ерітіндіні суға қарсы 410 нм толқын ұзындығында өлшейді.
Есептеу: Қан сарысуындығы каталазаның активтілігін мына формула бойынша есептейді:
Е = (Еб - Ет) х V х К / t (мкат/л)
Еб бақылау сынамасының экстинкциясы.
Ет - тәжірибе сынамасының экстинкциясы.
V – 0,1 мл қанның сарысуы.
t - инкубацияланатын уақыт
К – 22,2 х 103 мм-1 см-1
сутек асқын тотығының экстинкциясының коэффициенті.
Диагностикалық маңызы: Қан сарысуындағы каталазаның қалыпты мөлшері 16,8+6,2 мкат/л.
Каталаза көп мөлшерде бауыр мен эритроциттерде кездеседі. Сондықтан бауыр аурғанда немесе гемолитикалық процестерде каталазаның активтігі біршама артады (15-17 рет). Сонымен қатар ,панкреатитте және ұзын түтікше сүйектері сынған ауруларда қанның сарсуындағы каталазаның активтілігі артады, бұл эритроциттің бұзылып қанға түсіуіне байланысты болуы мүмкін, ал гипоксия жағдайында каталазаның активтілігі төмендейді.
3.Тақырып: Гормондардың реттеуі мен әсер ету механизмдері. Эндокринді бұзылыстарды диагностикалаудың биохимиялық әдістері. Көмірсу алмасуының бұзылыстарын зерттеу әдістері.
1. Мақсаты: Студенттер гормондар, гормондардың әсер етуінің әр-түрлі механизмдерін, нысана клеткалары туралы, рецепторлы аппарат, гормондардың жіктелуі, жалпы қасиеттері туралы өз білімдерін қалыптастырулары тиіс.
2. Оқыту мақсаты: Гормондар іс жүзінде, организмнің барлық органдары мен тканьдердінде биохимиялық реакциялрды тездетеді, белгілі бір деңгейде ұстап отыратын. ішкі секреция бездерінің арнайы клеткаларынан қанға бөлініп, орталықтан басқаруға қабілетті биологиялық активті заттар. Гормондардың қабілетінің бұзылыстары кезінде әр-түрлі патологиялар: мысалы қант диабеті, семіздік т.б. дамуы мүмкін. Сондықтан, гормондардың қалыпты жағдайдағы әсер ету механизмін, биологиялық ролін және ол қасиеттерінің өзгеруі салдарынан әр-түрлі патологиялық жағдайларға алып келу мүмкіндіктерін және диагностикалау әдістерін білу өте маңызды.
3. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Гормондарды анықтау сандық әдістері.
Ішкі секреция бездерінде түзелетін, биологиялық активті заттар гормондар деп аталады.Олар өте аз мөлшелерде қан мен лимфаға бөлініп, барлық органдарға таралады, онда олар күшті, арнайылық, бірақ қысқа әсер етіп зат алмасуына қатынасады. Химиялық табиғаты жағынан гормондар үш негізгі топқа бөлінеді:
табиғаты белоктық; стероидтық; әртүрлі аминқышқылдарынығ туындылары.
Бірінші топқа қалқанша, қалқанша маңы бездерінің, ұйқы безі мен гипофиз және т.б. гормондарын жатқызуға болады. Екінші топқа – бүйрек үсті безінің және жыныс бездердің гормондарын жатқызуға болады. Үшінші топқа - бүйрек үсті безінің милы қабаты мен қалқанша безінің гормондары жатады.
1.Қандағы глюкоза деңгейіне адреналин мен инсулиннің әсері.
Принципі: бұл әдіс динамикада, инсулин мен адреналин гормондарын енгізгенге дейінгі және енгізгеннен кейінгі қандағы глюкозаның мөлшерін анықтауға негізделген.
Анықтау әдісі: тәжірибеге дейін екі қоянның құлақтарының шеткі веналаранан 2 мл қан алынады. Содан кейін бірінші қоянның тері астына немесе тамыр ішіне 1.5 Е/кг дене салмағына байланысты инсулинді енгізіледі. Екінші қоянға - 0,35 мл/кг, дене салмағына байланысты есептеліп адреналинді енгізеді. 30, 60, 90 минут уақыт аралығында қояндардан 0,5 мл қан алады. Глюкозаның концентрациясын: 1) гормонды енгізгенге дейін; 2) енгізігеннен кейін 30 минут өткенде; 3) 60минут өткенде; 4) 90 минут өткенде анықтайды. Глюкозаны ферментативтік, ортотолуидтік әдістермен немесе глюкометрмен анықталады. Глюкозаның стандарттық ерітіндісінде 11,01 мМоль/л глюкоза болады.
Гормон |
Гормонның дозасы |
Гормонды енгізгеннен кейінгі қанды алу уақыты |
Глюкозаның мөлшері, мМоль/л құрамы |
Инсулин |
1,5 Е/кг |
Енгізгенге дейін 30 минут 60 минут 90 минут |
|
Адреналин |
0,35 мл/кг |
Енгізгенге дейін 30 минут 60 минут 90 минут |
Глюкозаның концентрациясын есептеп, нәтижелерін кестеге жазып, график тұрғызады. Абсцисса өсіне уақыты-минута, ордината өсіне - глюкозанның концентрациясын қояды. Гормондардың әсерлерінің айырмашылығын көрсетіп, қорытынды жасайды.
Қандағы глюкоза концентрациясының адреналин мен инсулиннің организмге енгізу уақытына тәуелдігін көрсететін график.
C(мМоль/л)
16,5
15,4
14,3
13,2
12,1
11,0
9,9
8,8
7,7
6,6
5,5
4,4
3,3
2,2
1,1
0
30 60 90
Қанда глюкозаны анықтаудың клинико-диагностикалық маңызы
Глюкозаның қандағы деңгейі маңызды биохимиялық константа болып саналады, себебі ол ми мен басқа тіндердегі нейрогуморальдық реттелу мен глюкозаның деңгейін қамтасыздандыру жағдайын көрсетеді. Қандағы глюкозаның концентрациясының өзгеруіне байланысты көмірсу алмасуының жағдайын, қант диабетінің дамуын, гормоналды препараттар – инсулин, адреналин әсерлерін білуге болады. Инсулин қант диабетінде, ал адреналин- гипогликемиялық жағдайда қолданылады.
Адреналинді енгізгенде қандағы глюкоза деңгейі тез көтеріледі (гипергликемия), себебі адреналин қандағы фосфолипаза ферментінің активтілігін жоғарылатады, ал ол бауырдағы гликогеннің ыдырауын күшейтеді, сөйтіп глюкоза қанға түседі.
Инсулинді енгізгенде глюкозаның деңгейі төмендейді (гипогликемия): себебі:
3. тіндерде глюкозаның жақсы сіңірілуіне көмектеседі;
Көмірсулардың алмасуын зерттеу әдістері.
Глюкоза негізгі моносахарид болып табылады. Глюкоза мүшелер жасушаларында гликоген түрінде қор ретінде жиналады, гликоген қоры шамамен 24 сағатқа жетеді. Глюкоза қанда тұрақты мөлшерде болады / 3,4 – 6,0 ммоль/л /, ал басқа моносахаридтер өте аз мөлшерде кездеседі, сол себепті организмде көмірсулар алмасуы негізінен қан құрамындағы глюкоза мөлшерімен сипатталады. Глюкозаның бұл концентратциясы қатаң түрде бақылауда болады және глюкозаның қанға түсуі мен жасушаларда пайдаланылуына тәуелді. Бақылау инсулин және контринсулярлы гормондар арқылы жүзеге асады.
Қанда глюкоза мөлшерінің көбеюі гипергликемия, ал азаюы гипогликемия деп аталады. Гипергликемия гипогликемия сияқты физиологиялық / алиментарлы/ және патологиялық болады. Гипергликемия кезінде 8,8 ммоль/л жоғары “бүйрек ақауы” / глюкоза зәрде пайда болады, бұл глюкозурия деп аталады. Глюкозурия себептері болуы мүмкін : - бүйрек шегінің жоғарлауы; - тасымалдаушы белоктар функциясының бұзылуы (флоридзин тәрізді кейбір заттар тасымалдаушы белоктардың әсерін таңдаулы түрде ингибирлейді).
Көмірсулардың алмасуын зерттеуге зәрде глюкозаны анықтау , сонымен қатар қан сарысуында пирожүзім қышқылының , лактаттың мөлшерін анықтауы жатады.
Қандағы глюкоза мөлшерін анықтау әдістері:
1.Редуктометриялық әдістер:
Глюкоза альдегид түрінде де кездесуі мүмкін, сондықтан сілтілік ортада ауыр металдардың тұздарын тотықсыздандыра алады.
2.Колориметрлік әдістер:
А. Ферментті емес әдіс боялған қосылыстар түзуге негізделген, яғни, ол глюкозаның кейбір химиялық заттарды тотықсыздандыруға және де олардың белгілі реактивтермен түрлі түсті комплекс беру қасиетіне байланысты. Ол спектрдің көрінетін аймағындағы жарықтың жұтылуына әсер етеді.
Глюкозаның екі валентті мыс иондарын бір валентті иондарға тотықсыздандыру әдісі қан сарысуындағы глюкозаның мөлшерін анықтауда ескі, әрі белгілі әдіс болып табылады. Қыздырған кезде тотықсызданған мыс иондары мыстың тотығын береді, оның мөлшерін әр түрлі реакциялар арқылы анықтап білуге болады.
Б. Ферментті әдіс.
Глюкозаны анықтауда реагенттердің үлкен таңдаулы қоры бар. / Калашников В.С. Анықтама -2000 қарау/
а) Глюкозаны индикаторлы сынақнама /тест/ - сызық арқылы да анықтауға болады, индикаторлы аймаққа бір тамшы қан тамызғаннан кейін боялу басталады, оны сол аймақтың түсті гамма шкаласымен салыстырады, ол жерде сызықтар сақталған. Бұл глюкозаның жартылай сандық мөлшерін анықтау.
б) “Құрғак” химияны пайдаланғанда нәтиженің объективтілігі үшін
“глюкометрлер” қолданады (Әдетте
портативті, көбіне қанның және
зәрдің құрамындағы глюкоза
Әсер ету принципі глюкозоксидаза және пероксидаза ферменттерімен
катализденетін ферментативті реакцияларды қолдануға негізделген.
Қан құрамындағы глюкозаның мөлшерін анықтаудан басқа кейбір патология кезінде басқада биологиялық сұйықтықтарда глюкозаны зерттеуге болады.
1.Қан
сарысуындағы глюкоза мөлшерін
глюкозоксидазды әдісімен
Принципі: Глюкозоксидаза ферментінің әсерінен глюкоза оттегімен тотығып сутек асқын тотығы мен глюконат түзеді. Пайда болған сутек асқын тотығын пероксидазамен катализденетін фенол туындысы 4 – аминофеназонның тотығу реакциясы арқылы анықтайды.
Анықтау әдісі : Анықтауды қан сарысуында, плазмада немесе сұйытылған зәрде жүргізеді (1:10-нан 1:50 дейін) .
Информация о работе Зертханалық диагностиканың ролі және зерттеу объектілері