Зертханалық диагностиканың ролі және зерттеу объектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2015 в 21:19, лекция

Описание работы

Диагностикаға арналған биохимиялық зерттеулердің маңызы, емдеу эффектісін бақлауы мен алдын алуы.
Мақсаты:Клиникалық зертханалық диагностиканың ролі маңызды, өйткені ол жаңа функционалді тестерді, жаңа интегральді биофизикалық әдістерді зерттеуге қолдануына мүмкіндік береді. Студент өзінің кәсіптік білімінде профилактика, ауруды емдеу мен алдын алуды және диагностикалауында тіндермен мушелердегі метаболизмдерінің өзгерістерін білүі қажет.
Оқыту мақсаты: Ауру кезіндегі метаболизмінің өзгерістерін коррекция ету үшін жаңа биохимиялық зерттеулерді диагностикада пайдалануы туралы тусінікті қалыптастыру.
Алмасу процестерініің реттелу және зат алмасу бұзылыстардың биохимиялық механизмдерін, адам ағзасындағы биологиялық сұйықтардың қалыпты және патология жағдайындағы негізгі биохимиялық константаларын, биохимиялық зерттеулердің негізгі әдістерін меңгеру.

Файлы: 1 файл

Лаборат. диагн. пособие.doc

— 359.00 Кб (Скачать файл)

Принципі: Индиканның (индоксилкүкірт қышқылының калий тұзы) (тұз қышқылының  қатысуымен) гидролизіне  негізделген.Нәтижесінде  индоксил мен тимолдың хлорлы темір   арқылы   қызғылт-күлігін түсті  қосылыс-индиголигнонға тотығуы байқалады.

Қанның сарсуындағы индиканды анықтау барысы:

    1. Центрифугат  алу.

1,5мл қан сарысуына1,5мл  үшхлор  сірке қышқылының ерітіндісін қосып,10 минуттан соң центрифигурлейді.Алынған центрифугатты басқа градуирленген пробиркаға құйып 7тамшы тимол  реактиві және центрифугат  мөлшерімен  бірдей  көлемде YOІІES реактивін  қосады.

YOІІES  реактиві 100мл концентрлі  тұз қышқылында  ерітілген 0,5  хлорлы  темірден  тұрады,  тығыздығы-1,19 кг/л  (жаңа дайындалған  ерітінді). Ертіндіні бөлме температурасында 20  минутқа  қалдырады.Содаң соң  тимолиндиголигнонды бөліп  алу үшін  2 мл  хлороформ  қосады.Жақсылап араластырып, 2 сағатқа (дұрысы бір тәулік)  қалдырады.

Индикан мөлшері  жоғары болмаған  жағдайда,  төменгі хлороформды  қабаттың түсін бақылауға мүмкін тумайды.Хлорформның түсі  ашық  күлгін болған жағдайда  индиканның  мөлшері  шамамен 0,22 мг/л (0,88 мкмоль/л)  тең болады.Ерітіндінің түсі  қанық  (ашық күлігін түстен қызыл күлгін түске дейін) болған жағдайда, ерітіндінің түсі түссізденгенше флороформмен сұйылтады. Ол үшін  хлороформдық қабатты кәдімгі пипеткамен алып өлшеуіне (25мл) цилиндрге ауыстырады  да, үстіне таза хлороформ  ерітіндісін  түсі өзгергенше құйады. Әлсіз  боялған ерітіндісі бар пробиркадағы индикан мөлшері-0,88-ді (мкмоль/л)  суыйту санының мөлшеріне  көбейткендегі мөлшерге тең болады.

Есептеу мысалы: Ерітіндіні түссідендіру үшін 9мл  хлороформ ерітіндісі жұмсалады делік. Егер ерітіндінің бастапқы көлемі 2мл болса, онда сұйылту өлшемі:9/2=4,5.Бұл жағдайдағы индикан  мөлшері 3,96мкмоль/л

(0,22 мг/л х 4,5=0,99мг/л)тең  болады.

Қалыпты жағдайда индиканның қандағы мөлшері  0,88 3,20мкмоль/л (0,22-0,80мг/л) дейін болады.

Мкг/л өлшем бірілігін  мкмоль/л-ге ауыстыру үшін 0,04 коэффицентін қолданады.Ол коэффициентті былай шығарып алуға болады:индиканның молекулалық массасы (индоксилкүкірт қышқылының  калий тұзы)205Д: бұл  индиканның  205 мкг-ы (0,25 мг) 1 мкмоль-ға тең  болса, онда 220 мкг/л (0,22мг/л)-0,87 мкмольға  тең."мг/л"-ді "мкмоль/л-ге" ауыстыру  коэфицентін 1 (мкмоль/л)-ді0,25-ке (мг) бөлу арқылы табуға болады.

4.Зәрдегі индикан концентрациясын анықтау әдісі.

20мл зәрді 10 мл сірке  қышқылды  мырыш (100г/л) ерітіндісімен араластырып, аотынан сүзеді 10 мл фильтратқа 1 мл  тимол ерітіндісін және 10 мл OІІE5   реактивін  қосады.15 минут өткен соң  хлороформның бірнеше тамшысын қосып  араластырады. Сапалық  және жартылай  сандық  зерттеулердің нәтижелерін бағалайды.

Қалыпты жағдайда хлороформ  ашық  қызғылт – күлгін  түс береді, индиканурия кезінде бояудың интенсивтілігі қызыл-күлгін түске ауысады.

Қанның сарысуы мен зәрдегі индикан  мөлшерін анықтаудың

клиника-диагностикалық  маңызы.

Гипериндиканемия бүйректін шамасыздығы жаңадан басталған кезде  (қалдық азот  мөлшері  қалыпты болуы мүмкін)байқалады.

Гипериндиканемия көбінесе гломерулонефрит кезінде байқалады.Бұл ауру кезінде  зәрде индиканның және  гиперазотемияның болмауы бүйрек  тінінің функциясының бұзылмағаның білдіреді. Қанда қалдық  азот  мочевина мөлшерінің  төмен болуы деуінен индикан мөлшерінің жоғарылайды. Ол бүйрек жетіспеушілігінің өте төмен деңгейін көрсетеді. Ал мочевина мен қалдық  азот мөлшерінің жоғарылағанда индикан мөлшері төмендейд, бұл жағдайда бүйректе өзгеріс болмайды. Созылмалы  нефрит кезінде қалдық азот деңгейі  жоғарыламаған, бүйректің концентрациялық кызметі бұзылмаған  жағдайда индикан  мөлшері арта  бастайды.Индиканемия көбінесе бүйректің абсолютті  жетіспеушілігі бар науқастарда және  ол гиперазотемияны (уремияны) тудырады

Гипериндиканемия  (гипериндиканурия тәрізді) ағзаларда шіру  прцестері күшейген ішкі  органдар  ауруларында:  грыжа кезінде,іш қату,ішеқ түйілуі  және  басқа  себептерден ішек өткізгіштігінің нашарлауы;  (ішек микрофлорасының  активтенуіне қолайлы жағдай туады), ісік, эмпиэма, бронхоэктаз, абсцесс өкпедегі  іріңді процестер,  туберкүлезді зақымдануда, белоктар көп ыдыраған жағдайда  байқалады.  Асқазанның қатерлі ісігі, гипохлоримия, өт жолдарының бітелуі де  осы  көрініспен  сипатталады.

  

     Тақырып 6: Қанның патобиохимиясы.

2. Сабақтыњ мақсаты: Болашақ дәрігерлер үшін қан плазмасының химиялық құрамын, негізгі биохимиялық константаларын және олардың патологиялық жағдайларда өзгеруін білудің клинико-диагностикалық маңызы өте зор.

3.  Оқыту мақсаты:

Студенттер қан плазмасының химиялық құрамының ( субстраттар, метаболиттер, ферменттер, төменді молекулалық заттар, К, Nа, Са, белоктар, липидтер) анықтау тәсілдері жөнінде білімдерін қалыптастырулары керек. 

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қанның химиялық құрамы  және негізгі биохимиялық көрсеткіштері.

2. Қан плазмасының белоктары, қалыпты мөлшері, патологиялық жағдайлардағы  плазманың белок спектрінің өзгерістері. Қабынудыњ жедел фазасыныњ белоктары, диагностикалық  мањызы.

3. Қанның ферменттері, оларды  анықтаудың диагностикалық маңызы.

4.Қан гемоглобині, гемоглобиннің  физиологиялық, патологиялық туындылары, олардың түзілу себептері сіңіру  спекторлары, анықтаудың әдістері.

5.Гемоглобинопатиялар.

6.Анемиялық гипоксиялардың даму механизмдері.

8. Қанның биохимиялық  көрсеткіштерін анықтаудың диагностикалық  маңызы.

 

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:  шағын топтар, есептеді шығару, жұптасып жұмыс істеу.

 

 

Ситуациялық  есептер

 

1. Науқас  асқорыту және  сіңіру  процестерінің   бұзылыстарының,  асқазан – ішек  жолдарының  ауруларының  себебінен  зардап  шекті.

Қан  сарысуы  мен  оның фракциясындағы  ақуыз  құрамының  өзгерісін  анықтауға  болады ма?

2. Науқаста  ауыр  операциядан  соң  қан  құрамындағы ақуыз 52г/л,  альбумин  33% құрал  отыр. Қандай емдік  шаралар  қолдануға  болады?

3. Науқаста  ісінулер  пайда  болды. Ақуыздың  қай  түрінің  қандағы  концентрациясы  өзгереді? Су  алмасуы  мен  плазмадағы  ақуыздың  арақатынасы қандай?

4. Биохимиялық  лабораториядан  қанның  құрамында  ақуыз  мөлшері  30г/л және 100г/л  болатын 2 анализ әкелінді. Олардың  біріншісі – күйікке  ұшыраған  баладан, ал-2сі гипоацидті  гастрит, панкреатиті бар ер  адамнан  алынды. Бұл  анализдер  кімге  тиесілі ? Неге?

5. Бала  бастан инфекциялық ауруды өткізді. Қанның  белок  фракцияларында  қандай  өзгерістер  күтуге  болады?.

6. Стационарға  активті  стадиясы  бар атеросклерозбен  ауыратын  науқас  түсті. Қандағы  липопротеидтердің  қандай  фракциясында  холестерин  бар?

7. Науқасты тексергенде пациентің қан  сарысуында  С-реактивті  белок  анықталды.Оны  сау  деп  санауға  болады  ма?

8. Клиникаға  жедел  миокард  иннфаркті  бар  деген  күдікпен   науқас  түсті, Қандай  индикаторлық  ферменттерді  зерттеуіміз керек?

9. Науқаста  қан  бойында  қалдық  зат  мөлшері  көбейгені  анықталды. Осыған  қарап  оны  бауыр  ауруына   шалдыққан  деуге  болады  ма?

10. Спорттың жаттығу  дәрежесіне   қан  көрсеткіштерін  зерттеу   арқылы  баға  беруге  болады  ма?

11. Қан сары суында қалдық азоттық саны: 85 ммоль/л; 150 ммоль/л, 100ммоль/л. Бұл жағдайлар қалай аталады? Сіздің қояр диагнозыңыз?

12. Операция алдында науқас адамның қалдық азот мөлшері (50ммоль/л) жоғарылаған. Науқасқа операция жасауға болады ма? Неге?

13. Қан сары суында глюкозаның мөлшері 10 ммоль/л. Бұл қай жағдайда байқалады?

14. Қан сары суында белоктарды фракциялау кезінде, жалпы белок саны өзгермеген, басқа белоктардың проценттік мөлшері: альбуминдер-40%, a-глобулиндер-10%, b-глобулиндер-10%, g-глобулиндер-38%. Бұл жағдайда патологиялық ауытқу бар ма?

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

1. Лейкоциттердің қалыпты  жағдайдағы мөлшері.

2. Қанның құрамында гемоглобиннің  қалыпты мөлшері.

3.Қанның құрамындағы ферменттер.

4. Қанның биохимиялық  көрсеткіштерін анықтаудың диагностикалық  маңызы.

5. Гемоглобиннің құрамы, қасиеті, атқаратын қызметі.

6. Гемоглобинопатиялар.

7. Лейкоздар (түсінік).

 

Қан

Қан - жабысқақ, қою мөлдір емес қызыл түсті  сұйықтық, оның  көмегімен әр түрлі тіндердің, бір бірімен және организімнің қоршаған ортамен байланысы жүреді.

Қан -52-56% плазмадан және 44-48% формалық элементтен тұрады. Плазма 90-91 % судан және 9-10% құрғақ қалдықтан тұрады. Құрғақ қалдық -8-9 % органикалық заттан және1% бейорганикалық заттан турады. Органикалық заттар 7-8% азотты және 1% азоттсыз заттарға бөлінеді.Азотты заттарға белоктар және қалдық азот жатады. Азоттсыз заттарға  көмірсу, липидтер, пигментті заттар т.б. жатады.

Жаңа алынған қан тез ұийды, боялған  іртікте формалық элементтер , ал іртіктің үстінде мөлдір сұйық зат- сары су қалады. Қан  плазмасын алу үшін қанды салқынға қою керек немесе ұйюды тежейтын (антикаогулянттар) қосады. Сонда  формалық элементтер тұнбаға түседі де, ал бетінде мөлдір сарғыш түсті сүйықтық – плазма қалады, сонымен сары су – плазмадан және фиброгеннен тұрады.

Қан ағымымен ағзаның жасушаларына қоректік заттар, молекулярлық өттегі, витамин, гормон және т.б. жеткізіледі, тіннен қанға көптеген зат алмасуға қатысатын заттар түседі. Зат алмасу  бұзылыстары мен бейнеленетін әртүрлі ауруларды қанның химиялық құрамының өзгеруі көрсетеді, сондықтан анализге оңай алынатын сұйықтық - қанның биохимиялық зерттеулерінің диагностикалық маңызы зор. 

 

1.Қан құрамының құрам бөліктеріне сандық әдістер.  

Рефрактометрлік әдіс бойынша қан құрамындағы жалпы

 белокты  анықтау.

Жұмыс принципі:

Рефрактометрлік әдіспен қан сары суындағы жалпы белокты зерттейміз. Бұл метод арқылы белоктың жалпы санын, яғни концентрациясын анықтаймыз. Рефрактометрдің призмасына қан сары суын тамызып, оны қалыпты жағдайда жауып, белоктың тығыздығын өлшейміз. Яғни призмаға сәуле түсу арқылы, белоктың жалпы санын анықтаймыз.

Жұмыстың әдісі:

Жұмыстың алдында приборды “О”-теңдігінде ұстап рефрактометрді дайындаймыз. Содан соң призмаға 1-2 тамшы дистилденген суды тамызып, қақпасын жайлап жауып, сәуле түсіру арқылы судың тығыздығын өлшейміз. Қалыпты жағдайда  судың тығыздығы 1,333. Бұл шкаланы өлшеу арқылы прибор жұмыс істеуге дайын екенін дәлелдейміз. Ары қарай 1-2 тамшы қан сары суын призмаға тамызып, белоктың жалпы санын өлшейміз. Өлшеу жұмысын 3 рет қайталаймыз, содан соң есептеп белоктың жалпы санын анықтаймыз. Содан соң рефрактометрдің призмасын дистилденген сумен тазалап, жауып орнына қоямыз. Жұмыс барысында рефрактометрді жұмыс бағытына лайықтап қоямыз, яғни сәуле түсіп,

 

               2. Пирожүзім қышқылы мөлшерін энзим әдісі бойынша анықтау.

Принципі: Лактатдегидрогеназаның әсерінен ПЖҚ сүт қышқылына тотықсызданады. Бұл кезде тотықсызданған никотинамидадениндинуклеотид (НАД*Н2) тотыққан күйге айналады, бұл ультракүлгін аймақта қоспаның оптикалық тығыздығының өзгеруіне әкеледі. рН 6,9 болған жағдайда НАД*Н2-ң НАД-қа айналуы реакцияның соңына дейін болады және пируват эквимолекулярлы түрде лактатқа айналады. ПЖҚ-ң молі тотықсыздануы үшін НАД*Н2 молі жұмсалады. Егер толқын ұзындығы 340,334,366 нм болған кезде реакцияның оптикалық тығыздығы өзгеруі бойынша қанша НАД*Н2   жұмсалғанын анықтауға болады ,соған байланысты ПЖҚ-ның концентрациясын да білуге болады.

Анықтау әдісі:  Көктамырдан (жгут қолданбай )алынған 0,5 мл қанды 0оС-ке дейін суытылған 1 мл хлорлы қышқыл ерітіндісі бар центрифугалық пробиркаға құяды. 5 минуттан кейін пробирканы 3000айн/мин 10минут центрифугалайды. Кейін 0,6мл центрифугатты 0,4мл ерітіндісі бар 1,1моль/л K2HPO4 пен араластырады. Пробирканы мұз моншасына салып, сонда 10мин ұстайды. Түзілген KCІO4 тұнбасын центрифугалап бөліп тастайды. Бейтараптанған центрифугатты 25оС-ке дейін қыздырады. Содан соң қалыңдығы 10мм қабатты тікбұрышты кварцтенген спектрофотометр кюветасына бірінен соң бірін 0,7 мл бейтараптанған центрифугат, 0,02мл НАДН2 ерітіндісін құйып, 366нм-де реактивтің оптикалық тығыздығын өлшейді. Содан кейін кюветаға 0,02мл ЛДГ ерітіндісін қосып, шыны таяқшамен араластырады да 2минуттан кейін  қайтадан оптикалық тығыздығын өлшейді. ПЖҚ-ң концентрациясын мына формула бойынша есептейді:

    С(мкмоль пируват/л) =(Е1-  Е2)*1525

1525 коэффициенті мына параметрлер  бойынша есептеледі:

6,8-0,147 -ні 1мл-ге қайта санауда  табылған коэффициент

0,74-кюветаға құйылған 1мл ерітінді  көлемін қайта есептеу факторы

303,0-толқын ұзындығы 366 нм болғанда НАД*Н2 үшін молярлы экстинкциясының коэффициенті.

Қалыпты жағдайда ересек адамның қанындағы пирожүзім қышқылының мөлшері : 89,1Ғ6,29 мкмоль/л (0,089ммоль/л)

Қандағы пирожүзім қышқылын зерттеудің клинико-диагностикалық маңызы

  ПЖҚ көмірсулар алмасуының негізгі метаболиттерінің бірі. ПЖҚ мөлшері гипоксиялық жағдайда, ауыр жүрек-қан тамыр, өкпе, кардиореспираторлы жүйелердің жеткіліксіздігі, анемия, қатерлі ісіктер, жедел гепатитте (кеш стадиясында) және т.б. бауыр ауруларында (бауыр цирроз кезінде айқын білінеді), токсикоз, инсулин тәуелді қантты диабет, диабетті кетоацидоз, тыныстық алкалозда (балаларда), уремия, гепатоцеребральды дистрофия, гипофизарлы – адренальды және симпатико – адренальды жүйелердің гиперфункциясы кезінде, сонымен қатар камфора, стрихнин, адреналин енгізгенде, сонымен қатар ауыр дене еңбегі кезінде (0,570ммоль/л), тетания, қалтырау (эпилепсия) кезінде көбейеді. ПЖҚ деңгейінің көбеюіне В1 витаминінің жетіспеушілігі(бери-бери ауруы), аспириннің улы әсері, метаболиттік ацидоз, қорғасын, мышьяк, сурьмамен улану әкеледі. Пирожүзім қышқылының мөлшері жұлын-ми сұйықтықтарда ОЖЖ-ң ауруларында, қабыну процестерде – менингит және ми абцессінде бірден артады. Наркоздың әсерінен қандағы ПЖҚ-ның мөлшері төмендейді. ПЖҚ-ның концентрациясын жоғарылататын барлық факторлар сүт қышқылының деңгейінің көбеюіне әкеледі.

Информация о работе Зертханалық диагностиканың ролі және зерттеу объектілері