Зертханалық диагностиканың ролі және зерттеу объектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2015 в 21:19, лекция

Описание работы

Диагностикаға арналған биохимиялық зерттеулердің маңызы, емдеу эффектісін бақлауы мен алдын алуы.
Мақсаты:Клиникалық зертханалық диагностиканың ролі маңызды, өйткені ол жаңа функционалді тестерді, жаңа интегральді биофизикалық әдістерді зерттеуге қолдануына мүмкіндік береді. Студент өзінің кәсіптік білімінде профилактика, ауруды емдеу мен алдын алуды және диагностикалауында тіндермен мушелердегі метаболизмдерінің өзгерістерін білүі қажет.
Оқыту мақсаты: Ауру кезіндегі метаболизмінің өзгерістерін коррекция ету үшін жаңа биохимиялық зерттеулерді диагностикада пайдалануы туралы тусінікті қалыптастыру.
Алмасу процестерініің реттелу және зат алмасу бұзылыстардың биохимиялық механизмдерін, адам ағзасындағы биологиялық сұйықтардың қалыпты және патология жағдайындағы негізгі биохимиялық константаларын, биохимиялық зерттеулердің негізгі әдістерін меңгеру.

Файлы: 1 файл

Лаборат. диагн. пособие.doc

— 359.00 Кб (Скачать файл)

Пробиркалар

Реактивтер (мл)

1 тәжірибе

2 стандарт

3 бақылау

Қан сарысуы

0,01

-

-

Глюкозаның станд. ерітіндісі (9 ммоль/л)

-

0,01

-

Дистилденген су

-

-

0,01

Глюкозды реактив

3,0

3,0

3,0


Араластырып, қараңғыда 60 минут бөлме температурасында инкубациялайды. ФЭК-те жасыл түсті фильтрде қалыңдығы 1 см. кюветте бақылауға қарсы оптикалық тығыздығын өлшейді.

Есептеу:

Х – қан сарысуындағы глюкоза мөлшері

Ест – стандартты сынама экстинкциясы

Ех- тәжірибелі сынама экстинкциясы

10 – сұйылту

Қалыпты жағдайда қандағы глюкоза мөлшері: 3,4 – 6,0 ммоль/л.

Глюкозаны калибрлі қисық түрінде есептеуге болады.

2.Қан  сарысуындағы глюкоза мөлшерін  ортотолиуидинді әдіспен анықтау.

Принципі: Бұл әдіс глюкозаны қышқыл ортада ортотолуидинмен қыздырғанда көкшіл-жасыл түсті қосылыс түзуіне негізделген. Қан құрамындағы глюкоза мөлшерін бояудың интенсивтілігіне қарап анықтайды.

Анықтау әдісі:

1.Белоксыз фильтрат алу. Пробиркаға 0,9мл 5% ТХУ ерітіндісін  құяды және оған микропипеткамен  саусақтан алынған қаннан 0,1мл  тамызады. Пробиркадағы сұйықтықты жақсылап араластырып, сумен ылғандандырылған қағаз фильтр арқылы сүзеді. Белоктар фильтрде қалады, ал глюкоза фильтратта болады, (3000 айн/мин  10мин центрифугалауға болады)  жұмысқа тұнба үстіндегі сұйықтық алынады.

2.Түсті реакция: 3 пробиркаға келесі үлгі бойынша реактивтер құйылады.

 

Пробиркалар

Реактивтер (мл)

1 тәжірибе

2 стандарт

3 бақылау

Белоксыз фильтрат

0,5 мл

-

-

Глюкозаның станд. ерітіндісі (9 ммоль/л)

-

-

0,5 мл

5% ТХУ

-

0,5 мл

-

Сірке қышқылындағы ортотолуидин

2,0 мл

2,0 мл

2,0 мл


Пробиркаларды тығынмен тығындап жабады, фольгаға орап 8 минутқа қайнап жатқан су моншасына салып қояды. 20қС-қа дейін суық суда суытады. Кюветтің қалыңдығы 0,5см бақылауға қарсы қызыл түсті фильтрлі ФЭК-ке 1-ші және 2-ші пробиркаларды  фотометрлейді. Бояу қанық емес(тұрақсыз) , сондықтан суытқаннан кейін 30мин өткен соң өлшеу керек.

Есептеу:

Х –зерттелетін қандағы глюкоза мөлшері (ммоль/л)

Ех- тәжірибелік сынаманың экстинкциясы

Ест- стандартты сынама экстинкциясы

Сст- глюкоза ерітіндісінің стандартты концентрациясы ммоль/л ,/ 9мМ/л –гі.

Қалыпты жағдайда қандағы глюкоза мөлшері; 3,4-6,0 мМоль/л

    Глюкоза мөлшерін  анықтаудың клинико-диагностикалық  маңызы.

  Қан, зәр құрамындағы глюкоза мөлшерін анықтау гипер-, гипогликемия немесе глюкозурия екенін анықтаудың клинико-диагностикада маңызы зор. Гипергликемия физиологиялық (алиментарлы) және патологиялық болып бөлінеді. Алиментарлы гипергликемия қанға көп мөлшерде глюкозаның түсуінен байқалады. (Мысалы: қантты көп мөлшерде қолданғанда) .

Патологиялық гипергликемия қантты диабет,гипертиреоз,акромегалия, бүйрек үсті бездердің гиперфункциясы немесе ісігі, стресс және  ми зақымданған кезде байқалуы мүмкін .Алиментарлы гипогликемия- ашыққан кезде, дене жұмысымен көп айналысқанда, ал патологиялық гипогликемия - гиперинсулинизм, ащы ішекте глюкозаның сіңірілуінің жеткіліксіздігі, аддисонды аурулар кезінде байқалады.

Гипогликемия жағдайының дифференциалды диагностикасы үшін глюкозаға толерантты сынақнама жүргізеді.

3. Көмірсуларға толерантты сынақнама.

Глюкозаға толерантты сынаманың (ГТС)  қарапайым нұсқасы. Қантты диабетке толығымен көз жеткізу үшін сынама алады, тексерілуші   75-100гр көмірсумен (немесе 75гр глюкоза)тамақтанғаннан кейін, 2 сағаттан кейін қандағы глюкоза мөлшерін анықтайды. Ферментативті әдіспен  анықталған қан сарысуындағы глюкоза мөлшері 6,7 ммоль/л-ден аспау керек, асып кеткен болса, науқас қантты диабетпен ауырады деген пікірге келеді.

Глюкозаға  біріншілік сынама . 3 күн бойы науқас құрамында көмірсулардың мөлшері 1,75г/кг, бірақ белок және майлар аз  диетада болады. Глюкозаға біріншілік  сынама жүргізу үшін құрамында 75гр глюкозасы бар ерітіндіні ішкізеді  (оны 200мл жылы,қайнатылған суға немесе шайға араластырып 5минутта ішу керек).

Глюкозаны ішпей тұрып саусақтан қан алады, содан кейін глюкоза қабылданғаннан соң 1-2 сағаттан кейін  тағы қан алады.

       Біріншілік глюкозаны пайдалана  отырып көмірсулар алмасуын зерттеудің  клиникалық маңызы.

Қантты диабетте, гипофиздің алдыңғы бөлігінің, қалқанша безі, бүйрек үсті безінің қыртысты және милы қабатының гиперфункциясы ,ОЖЖ зақымдалуы, вегетативті нерв жүйесінің бұзылыстары, инфекциялық және қабыну процестерінде(тиф,дифтерия,сепсис, дизентерия,бронхопневмония, ревматизм) , жүкті әйелдердің токсикозы(және басқалардың) , анемия, панкреатит кезінде қисық сызықтың баяу жоғары көтерілетінін байқалады және оның біртіндеп бастапқы қалпына қайта келуі байқалады (диабетикалық қисық сызық гипогликемияның төмендеу фазасының сынақнамасы жүргізу кезінде көрінбейтінімен сипатталады).Әдетте  науқастарды  глюкозаға тексерген кезде глюкозаның зәрге өтуі байқалады. 

 

20

 

 

17

 

 

14

 

 

11

 

 

 

8

 

 

5

 

2

 

 

    Глюкоза

    Per os

       

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

 

 

         

 

 

         

 

   2

         

  

 

1

         

 

 

         

 

      0                    30                  60                     90                   120               150   

Уақыт , мин

 

Кейбір патологиялық жағдайлардағы 1-ік глюкозаның гликемиялық қисық сызығы:1-қалыпты жағдай; 2- диабет кезінде.

 

4. Қан  сарысуындағы белокпен байланысқан гексоз мөлшерін орцин   реактиві бойынша анықтау

Принципі:  Гликопротеиндер құрамындағы гексозға байланысты 96%-тік спирт әсерінен қан сарысуында тұнбаға түседі. Гидролиз әсерінен босап шыққан гексоздар орцин реактивімен байланысып, ерітіндіні қызғылт түске бояйды, бояу интенсивтілігі гексоз мөлшеріне пропорционал келеді.

Анықтау әдісі:

1.Центрифугат (фильтрат) алу. 1мл қан сарысуына 5,0мл этанол  қосады, пробиркадағы сұйықтықты  араластырып, 15минут центрифугалайды(3000айн/мин), тұнба үстіндегі сұйықтықты төгіп тастайды, содан кейін пробиркадағы тұнбаны фильтр қағазына құяды(30-60сек-қа).

2.Түсті реакция. Тұнбаны 5мл этил спиртімен қайта өңдейді, центрифугалайды, тұнбаның бетіндегі  сұйықтықты төгеді. Белок  тұнбасын 1мл күйдіргіш натрий ерітіндісімен  ерітеді, оған 8,5мл орцин реактивін құяды, айналдыра араластырады, сөйтіп 15минутқа 80оС-та қайнап жатқан су моншасына салып қояды(сынамаға күн сәулесі түспеу керек). Содан кейін 5мин мұзды суда суытады. Бақылау сынамасын 0,1мл-ге 0,1н күйдіргіш натрий ерітіндісін және 8,5мл орцин реактивін қосу арқылы дайындайды. Сөйтіп оны өңдейді(тәжірибелік сияқты), яғни, су моншасында қайнатады. Стандартты сынаманы да тәжірибелік сияқты өңдейді, бірақ сарысу орнына 1,0мл стандартты ерітінді алынады.

Пробиркалар

Реактивтер(мл)

1

тәжірибе

2

бақылау

3

стандарт

Тәжірибелік сынама тұнбасы

+

-

-

Станд.сынама тұнбасы(гексоз еріт-сі 1г/л) 

-

-

+

NaOH 0,1н

1,0 мл

0,1 мл

1,0 мл

Орцин реактиві

8,5 мл

8,5 мл

8,5 мл


Пробиркаларды араластырып, су моншасында 80оС температурада 15 минут инкубациялайды. Пробиркаларды суытады. Сынамаларды, кювет қалындығы 10 мм бақылауға қарсы, ФЭК – те жасыл түсті фильтрде (500-560 нм.) фотометриялайды. Есептеуді калибрлі график немесе формула бойынша жүргізеді:

 Қалыпты жағдай: 1,05- 1,15г/л.

 Қан сарысуында гексо , гликопротеиндер мен гликозаминдер мөлшерін анықтаудың клинико-диагностикалық маңызы.

Гликопротейндердің концентратциясының жоғарылауы патологияға жауап реакциясы ретінде, әдетте қабыну немесе деструктивті процесстер, ішкі мүшелердің әр түрлі ақауларында: холецистит, плеврит, пневмония, өкпе туберкулезі, ревматизм, гломерулонефрит, қантты диабет, миакард инфаркты, подагра, ісік, сонымен қатар жедел және созылмалы лейкоз, линфо саркома, аппендицит, миеломды ауруда күшейеді. Белоктармен байланысқан гексоз концентратциясын зерттеу науқастың ауруының өту барысын, қолданып жатқан емнің эффективтілігін анықтауға мүмкіндік береді.

 

4.Тақырып: Липидтер мен ақуыздардың алмасуы. Зат алмасу бұзылыстарың механизмдері. Қан акуыздарының спектрін және липидтердің тотыққан онімдерін зерттеу әдістері, диагностикалық маңызы.

2. Мақсаты: Студенттер ас қорыту жолында липидтердің, ақуыздардың қорытылуы, ішекте липидтердің гидролиз өнімдерінің сіңірілуі, әр түрлі органдардың липид алмасуындағы  ролі туралы білім алулары тиіс.

  Студенттер, қандай жағымсыз жағдайлар майлардың сіңірілүіне тікелей әсер етуін  және қандай жағдайлар себебі болуы, әкелеуі мысалы әртурлі тері аурулардың дамыуының, майлардың ферменттік ыдырауның бұзылуы, көмірсулар мен ақуыздардың ыдырауна теріс әсер етіуі, майдың тасмалдануы мен қаннан ткәнге аусуының бұзылуы, майлардың аралық алмасуының бұзылуы жөніндегі білімін қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаты: Асқазан-ішек трактісінің функциясы бұзылу кезінде түзілген аурулар - өте көп таралған патология болып табылады. Сол себепті липидтердің, ақуыздардың қорытылу, сіңірілу процесстерінің бұзылуына және белоктардың шіру процесстерін медицинада зерттеу үлкен актуальды проблема болып табылады. Май  мен ақуыздар алмасудың бұзылуының биохимиялық көрсеткіштерін әртурлі әдістермен зертеу, анықтау,  пайда болған ауруларды дұрыс диагностикалау, емдеуге эффектівтік жолдарды табу т.б туралы терең меңгерулері қажет.

4. Тақырыптың негізгі  сұрақтары:

1. Зат алмасудың (липидтердің, ақуыздардың ) бұзылыстарының себептеріне байланысты олардың диагностикалық маңызы. 

2. Қанның липидтері, олардың  анықтамасы.  Гипо-, гиперлипидемиямия  аурулары.

3.Холестерин биосинтезі, реттелуі. Жалпы холестеринді анықтау  әдістері.                                    Гиперхолестеринемия.

4.Липидтер алмасуының  бұзылыуын анықтауда биохимиялық  әдістермен қанды зерттеу (жалпы  липид,этерификацияланбаған май  қышқылдары, ХСН, ТАГ, ФЛ, липопротеидтер  ЛПЛ-аза және ЛХАТ активтілігі).

5. Семірудің биохимиялық  механизмдері, дамыуның факторлары.

6. Ақуыздар алмасудың сонғы өнімдерінің түзіліу мен шығарылыуының бұзылыстары болуы себептері.

7.Қанның  ақуыздары құрылымының  өзгерістері. Гипо- гиперпротеинемия.

8. Азотты балансының бұзылысы, диагностикасы. Ақуыздар ашығу.

9.Ағзадағы аммиактың түзіліунің  бұзылыстары, зертханалық диагностикасы.

10.Аминқышқылдардың жасуша  ішілік метаболизмі.рының механизмдері. Қандай ауруларға әкеледі, аурулардың  диагностикалау маңызы.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:  шағын топтар, есептеді шығару, жұптасып жұмыс істеу.

Липидтер алмасуын зерттеу.

Жануар организмінің негізгі липидтері-триацилглицериндер (ТАГ), фосфолипидтер (ФЛ), холестеридтер. ТАГ – глицерин мен үш май  қышқылдары қалдықтарының күрделі эфирі. ТАГ  негізінен энергетикалық роль атқарады. Липидтер организмге тағам майларымен түседі,  бауыр мен май тіндерінде синтезделуі мүмкін, май тіндерінде қор ретінде жиналып қажет жағдайда ыдырайды мысалы, аштық  кезінде.

ФЛ және  холестерин -  жасуша мембранасының құрылымдық элементтері, сонымен қатар холестериннен стероидты гормондар, өт қышқылдары, Д витаминдері синтезделінеді. 

Қан плазмасында липидтер негізінен май қышқылдары, триацилглицерин, холестерин, фосфолипидтер түрінде болады. Олардың қандағы жалпы мөлшері: 4-8 г/л.

Липидтер суда ерімейтіндіктен қанда белокты комплекстер – липопротеидтер (ЛП) түрінде тасымалданады, ал БМҚ альбуминдерге адсорбцияланады.

1.Қан  сарысуындағы  b – ЛП-дің мөлшерін  Бурнештейн  және  Самайдың турбидиметриялық  әдісімен анықтау.

Принципі: Қан сарысуына  гепаринді қосқан кезде, ол қан сарысуының b-ЛП-мен  комплекс түзеді, бұл комплекс   CaCl2 мен  әрекеттесіп  тұнбаға түседі.

Анықтау  әдісі:  2 мл 0,025 М  CaCl2 ерітіндісі   бар қалыңдығы 0,5 см  ФЭК кюветасына,  пипетканы кюветадағы  ерітіндімен бірнеше рет шайқағаннан  кейін, 0,2  мл  қан сарысуы қосылады. Араластырып, ФЭК-де қызыл светофильтрді суға қарсы қойып,  ерітіндінің  экстинкциясын  (Е1)  өлшейді. Содан  кейін, пипетканы  бірнеше  рет шайған  соң 0.04 мл 1%-дық (1000 бірлік 1 мл) гепарин ерітіндісін қосады. Дәл 4 минуттан кейін тағы да ерітіндінің оптикалық тығыздығын (Е2)  өлшейді.

Есептеу:  b-ЛП-ң  мөлшерін (г/л) мына формуламен есептейді:

Информация о работе Зертханалық диагностиканың ролі және зерттеу объектілері