Зертханалық диагностиканың ролі және зерттеу объектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2015 в 21:19, лекция

Описание работы

Диагностикаға арналған биохимиялық зерттеулердің маңызы, емдеу эффектісін бақлауы мен алдын алуы.
Мақсаты:Клиникалық зертханалық диагностиканың ролі маңызды, өйткені ол жаңа функционалді тестерді, жаңа интегральді биофизикалық әдістерді зерттеуге қолдануына мүмкіндік береді. Студент өзінің кәсіптік білімінде профилактика, ауруды емдеу мен алдын алуды және диагностикалауында тіндермен мушелердегі метаболизмдерінің өзгерістерін білүі қажет.
Оқыту мақсаты: Ауру кезіндегі метаболизмінің өзгерістерін коррекция ету үшін жаңа биохимиялық зерттеулерді диагностикада пайдалануы туралы тусінікті қалыптастыру.
Алмасу процестерініің реттелу және зат алмасу бұзылыстардың биохимиялық механизмдерін, адам ағзасындағы биологиялық сұйықтардың қалыпты және патология жағдайындағы негізгі биохимиялық константаларын, биохимиялық зерттеулердің негізгі әдістерін меңгеру.

Файлы: 1 файл

Лаборат. диагн. пособие.doc

— 359.00 Кб (Скачать файл)

Х  =    (E2 – E1) ´11,65

            мұндағы, 11,65  -   г/л-ге  келтіру коэффициенті.

Норма: 3,6-6,5 г/л

Клиника-диагностикалық маңызы: ЛП мөлшерінің көбеюі липидтердің алмасуының  бұзылуында  (атеросклероз, қантты диабет) байқалады және бауыр қызметінің көрсеткіші болып табылады.

 

 

Жалпы липидтер мен олардың фракцияларын зерттеу әдістері.

Қанның сарысуындағы жалпы липидтердің сандық мөлшерін анықтау  әдістерінің  ішінде мынандай келесі топтарды атап көрсетуге болады:

Гравиметриялық  әдіс - белгілі  бір көлемде  биологиялық сұйықтықтан және  тіндік гомогенаттан  алынған липид  сынамаларының белгілі бір массасын анықтаудан  тұрады.

Тотығу әдістері - калийдің дихроматымен, хром  қышқылымен және басқа тотықтырғыштармен липидтерді тотықтырып,тәжірибені титриметриялық және колориметриялық    әдістермен  аяқтайды.

Қан сарысуының липидтерінің қара суданда таңдамалы боялу қасиеттеріне негізделген әдістер (немесе липидтерге ұқсастық көрсететін басқа ерітінділермен).

Турбидиметриялық  әдістер –  стандартты және тәжірибелік сынамалардың лайлану  деңгейлерін салыстыруға негізделген.

Түсті реакцияларға негізделген әдістер -  бұл реакцияларда құрамында ванилин, фосфор және күкірт қышқылы (сульфо – фосфованилин реактиві)  бар   реактивпен қанықпаған  липидтердің ыдырау  өнімдерінің әрекеттесуі нәтижесінде  түс  қалыптасады.  Құрамында қанықпаған липидтер  және көрсетілген реагент  бар  қоспаны қыздырғанда  бірден  екі  процесс жүреді:  ванилиннің ОН-тобы  орналасқан жерімен фосфор  қышқылымен  эстерификациясы  және қанықпаған  липидтердің  күкірт  қышқылымен әрекеттесуінен  карбон анионының   түзілуі. Әрі қарай ванилин фосфатының активтенген  карбонил тобымен карбон  ионы  әрекеттесіп  нәтижесінде боялған комплекс  түзеді.

Қан сарысуындағы жалпы липидтердің концентрациясын сульфофосфованилиндік әдіспен  анықтауда қолданылатың реагенттердің жинағын “Мерк”,  “Пох”,  “Лахема”,  НТК, “Анализ-Х”  фирмалары жеткізеді.

Плазманың  “жалпы липидтерін”  құрайтын  заттар:   бейтарап  майлар (триацилглицеридтер), олардың негізгі өкілдерінің фосфорланған туындылары (фосфолипидтер); бос және  эфирленген  холестерол,   гликолипидтер, бос май қышқылдары (БМҚ).

 

2.Жалпы холестеролды  анықтау әдістері.

Холестерол (холестерин) – бұл екіншілік бір атомды ароматты спирт. Ол барлық тіндерде және адам организміндегі  сұйықтықтарда   кездеседі, бос  және күрделі эфир  түрінде –күрделі эфирлері холестеролдың спирт тобының май қышқылдарымен байланысуы (көбіне қанықпаған,  мысалы линол)  нәтижесінде  түзіледі.

Организмде холестерол  екі күйде :  құрылымдық, плазма мембранасының құрамында бос холестерол түрінде және метаболитикалық активті күйде кездеседі. Холестеринді  негізінен қан плазмасының липопротеиндерінде, бүйрек үсті бездерінің  қыртысты қабатында, өкпенің суфрактантында анықтауға болады.  Холестериннің жалпы  мөлшерінің 90%-ы организмнің тіндерінде  және 10%-ы  тін  сұйықтықтарында (оның ішінде 8%  қанда)   болады. Организмдегі   холестериннің негізгі мөлшері  (65%) жүйке жүйесінде, дәнекер тіндерінде және бұлшық етте жиналады.

Липопротеинтердің  құрамындағы  холестерол  өт қышқылдарының,  стероидты  гормондардың, Д3  витаминінің биосинтезіне,  жаңа плазмалық  мембрананы  құрайтын жасушаларды  түзуге қолданылады.

Қан  плазмасындағы  холестерол  ТТЛП және ӨТТЛП құрамында   кездеседі. Оның 60% - 70%-ы күрделі эфир  түрінде, ал 30% – 40%-ы бос холестерол түрінде болады.

Жалпы  холестеролды анықтау әдістері:

  1. Химиялық  (тікілей және жанама, колориметриялық, турбидиметриялық,  титриметриялық, гравиметриялық, флюориметриялық әдіспен аяқталады);
  2. Физика-химиялық (хроматографиялық,поляриметриялық);
  3. Ферменттік (энзимдік)  болып бөлінеді.

Холестерол  мөлшерін   ²колориметриялық ² әдіс арқылы анықтаудың негізіне келесі  реакциялар  жатады:

  1. Либерман – Бурхард  реакциясы холестерол  сірке   ангидридімен,  сірке   және концентрлі   күкірт  қышқылдарымен  әрекеттесіп  ерітіндіні  изумруд  жасыл түске  бояйды.
  2. Калиани – Златкис- Зак  реакциясы, холестеролға  темір   хлориді,   сірке және күкірт қышқылы  әсер еткенде қызыл түсті комплекс  түзіледі.

Хроматографиялық  әдістер - холестеролды  анықтау  жұқа қабатты  және газды-сұйықты   хромотография арқылы іске асады.

Полярографиялық әдістер - холестеролоксидаза және холестеролэстераза ферменттерінің қатысуымен жалпы және бос холестеролдың  мөлшерін анықтауға мүмкіндік  береді.

Қан сарысуында (плазмада) холестеролды зерттеудің клиника-диагностикалық маңызы:Қан сарысуындағы  ХС-ң  мөлшерін зерттеу нақты ауру туралы  диагностикалық  мәлімет   бермейді, тек организмдегі липидтер алмасуының патологиясын көрсетеді.

Гиперхолестеринемия. Гиперлипопротеинемияның ІІа, ІІб, ІІІ атерогенді түрінде жалпы холестеролдың мөлшері жоғарылайды. Дислипротеинемияның  (ДЛП) І, ІV, V  түрлерінде ХС-нық деңгейінің мөлшері көтерілмейді.

Гиперхолестеринемия  -  коронарлы атеросклероз тудыратын  фактор, ол  көптеген эпидемиологиялық және клиникалық зерттеулер нәтижесінде гиперхолестеролемияның   коронарлы атеросклерозбен  байланысты болатындығын, жүректің ишемиялық ауруы мен  миокард инфарктісінің жиі кездесуімен дәлелденген.

Холестеролдың ең жоғарғы мөлшері ЛП-ң алмасуының генетикалық бұзылысында байқалады.

Көптеген патологиялық жағдайларда екіншілік гиперхолестеролемия дамиды. Ол   келесі ауруларда: бауыр ауруларында, бүйректің зақымдануында, ұйқы безінің және простатаның  қатерлі ісігінде, подагра, ЖИА, жедел миокард инфаркті, гипертониялық аурулар, эндокриндік бұзылыстарда (соматотропиннің оқшауланған жетіспеушілігінде, гипертиреозда, қантты диабетте, кастрацияда), созылмалы маскүнемдікте, гликогеноздың І  түрінде, семіруде (50-80%), В витаминдерінің авитаминозында байқалады.

Қантты диабетте және липоидты нефроз кезінде холестеролдың  қандағы мөлшері   өте  жоғары болады  (26 мМоль/л және одан жоғары).

Гипохолестеролемия. Қандағы ХС деңгейінің төмендеуі келесі  ауруларда: дұрыс тамақтанбағанда (аштықта), мальабсорбция синдромымен ауыратындарда, орталық жүйке  жүйесінің зақымдануы, ақыл есінің жетіспеуінде, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жетіспеушілігінде, кахексияда (рак), гипертиреозда, жедел инфекциялық ауруларда (сүзек), жедел панкреатитте, жұмсақ тіндердегі жедел іріңді қабыну процесстерінде, қалтырау кезінде, бейспецификалық пневмония, тыныс алу  мүшелерінің саркоидозы, бронхитте, анемияда (пернициозды, мегалобласты, сидеробласты және т.б.), гемолитикалық сарғыштануда, жедел гепатитте, бауырдың қатерлі ісігінде, басқа ісік ауруларында (ішек ісігі), ревматизмде, альфа-  липопротеин жетіспеуінде  байқалады (танжер ауруы).

Гипохолестеролемия – тиімді гиполипидемиялық терапия жүргізген кезде дамиды.

Гипохолестеролемия – тәжді жүрек қан тамырларының  атеросклеротикалық қабынуының алдын алады, сонымен қатар онкологиялық патологияның пайда болуына жағдай жасайды. (немесе оның  дамуын жалғастырады).

Белок алмасуын зерттеу.

1. Жалпы белок   мөлшерін анықтау  әдістері:

  1. Азотометриялық - аммиакты NH3 бөлу  арқылы белоктардың бұзылуына негізделген. Аммиак  HN3 мөлшері титрлеу немесе колориметрлеу арқылы анықталады.
  2. Рефрактометриялық - сыну көрсеткішін анықтауға негізделген
  3. Гравиметриялық - белоктарды тұнбаға  түсіріп,кептіріп  содан соң олардың салмағын  өлшеу арқылы.
  4. Аталған әдістердің бәрі қиын немесе дәл емес
  5. Колориметриялық - бұл әдіс қарапайым, бірақ бұл әдістін жетіспеушілігі  тек арнайы бір белокқа ғана қолдануға болмайды
  6. Нефелометриялық және поляриметриялық - бұл әдістердің арнайылығы  төмен
  7. Спектрофотометриялық - белоктардың  арнайы толқын  ұзындығы бар  күн  сәулесін сіңіру қасиетіне негізделген. Жетіспеушілігі-4-ші әдістегідей
  8. Флюориметриялық - жоғары сезімтал әдіс, белок немесе полипептид структураларына флюрогенді белгі  енгізіледі  (флюоресценцияға қабілеті бар)
  9. Полярографиялық микроәдіс - өте жоғары сезімталдың көрсетеді
  10. Атомдық – абсорбциялық спектрофотометрия - бұл  әдіс  те  жоғары сезімтал, белокты түсті және лай ерітінділерден анықтау мүмкінігі бар.

Негізгі  пайданылатын әдіс-колориметриялық биурет әдісі.

2. Қан плазмасындағы белоктардың спектрін  зерттеу

Ең көп таралған  тәсілдер:

  1. Бейтарап  тұздармен тұнбаға  түсіру
  2. Электрофорездік  фракциялау (электрофорез  арқылы бояу)
  3. Иммунологиялық әдістер
  4. Иммуноэлектрофорез
  5. Седиментациялық әдістер
  6. Белоктрады  мұздатылған этанолмен тұнбаға  түсіру
  7. Хромотография (ионалмасыу)
  8. Гель арқылы сүзу.

 

2. Қан сарысуындағы жалпы  белоктын мөлшерін биурет (Кингслей-Витксельбаум) әдісімен  анықтау

Принципі:  қан  сарысуының белоктары мыс сульфатымен сілтілік ортада күлгін түсті комплекс түзуіне негізделген (Биурет реакциясы)

Анықтау  әдісі: төменде  көрсетілген ретпен неактивтерді екі пробиркаға   құяды.

                   Пробиркалар

 

Реактивтер (мл)

Тәжірибе

 

Бақылау

Қан  сарысуы

0,1

-

0,9% NaCl ертіндісі

-

0,1

Биурет  реактиві

5,0

5,0


 

Көпірмейтіндей  етіп араластырып,  бөлме температурасында  30 минутқа қалдырады.

30 минут өткен соң ФЭК-де қалындығы  1 см кювета да (жасыл  светофильтр),  бақылау сынамасына қарсы  қойып  тәжірибелік (Ех) ерітіндінің  оптикалық  тығыздығын анықтайды.

Есептеу: калибрленген қисық арқылы жүргізіледі.

Қалыпты жағдайда: жалпы белоктардың мөлшері 65-85 г/л.

Клиника-диагностикалық маңызы:

Жалпы  белоктың абсолюттік  мөлшерінің  төмендеуі  (абсолюттік гипопротеинемия) байқалады:

1)  Ашығу кезінде тағам  арқылы  жеткіліксіз  түсуі, тағамды жеткіліксіз  қабылдау, күйік,  ісікке   байланысты өңештің тарылуы, ішек қабарғасындағы ұзақ қабыну процестеріне байланысты белоктың қорытылуы мен  сіңірілуінің нашарлануынан АҚЖ   қызметінің бұзылуы. 2)  Бауырда белоктардың синтезінің  бұзылуы. Бауырда белок  синтезінің  төмендеуі паренхимадоздық гипатитпен,   бауыр церрозымен, ұзақ іріндеу процестеріне байланасты   интоксикациялармен, катерлі ісік  ауруларымен, тиреотоксикозбен, кейбір химиялық заттардың  әсерімен байланысты.  Перитонит аурумен ауыратын ауруларда гипопротеинемия үнемі-гипоальбуминемиямен, ал гиперпротеинемия – гиперглобулинемиямен байланысты. 3) Көп энергияны керек ететін пластикалық қорлардың жетіспеуінен организмде белоктардың көп мөлшерде ыдырауы жүреді, мысалы:  күйік аурулары,  қатерлі ісіктер, гиперкортизолемия салдарынан эндокринді тепе-тендіктің бұзылуы, гипертиреоидизм және ішек өткізгіштігінің  нашарлауында. 4) Нефротикалық синдром кезінде (нефрроз, амилоидоз) жедел және созылмалы қан кетулер салдарынан зәрмен белоктың  кетуінде, 5)Капиллярлардың өткізгіштігі  жоғарылаған кезде белоктардың басқа тіндерге ауысуы, экссудаттардың  серозды қуыстарға, ішек қуысына жиналуы  т.б. 6) Де-фектопротеинемияда - өте сирек кездесетін жағдай, тұқымқуалаушылық өзгерістерде қандағы белоксинтезінің бұзылуы (анальбуминемия,  агаммоглобулинемия, Вильсон ауруы  кезінде   -  церулопзаминнің жоқтығы).

Салыстырмалы гиперпротеинемия  - қан  кеткенде, анурияда ісіктер  қайтқанда, гидремияда.

Абсолютті геперпротеинемия (белок  мөлшерінің  көбеюі) - сирек   кездеседі, әсіресе,  миелом ауруы және макроглобулинемияда (патологиялық парапротеиндердің белоктардың пайда болуы себебінен,  РЭЖ-ң токсикалық және  жұқпалы заттармен уланған  кезінде).

Салыстармалы гиперпротеинемия - қанның қоюлануы кезінде сұйықтықты көп жоғалтатын (дегидратациялық, перфузиялық  іш  өтулер, тершендік,  полиурия, тоқтаусыз  құсу, ауыр күйіктер, қантсыз  диабет, респираторлы  ацидозда) аурулар  кезінде кездеседі.

Несеп қышқылы (2,6,8-триоксипурин)-күрделі  белоктар-нулкеопротеидтердің   құрамына кіретін пуринді негіздердің алмасуының  соңғы өнімі болып табылады.Аденозиннің дезаминденуі кезінде түзілген гипоксантин ксантинге айналады,ал касантин ксантиноксидазаның   қатысуымен  несеп қышқылына тотығады.

Несеп  қышқылына сапалық реакция- мукерсид  сынамасы,ол пурпур қышқылының қызыл түсті аммоний тұзы-мукерсид түзілуіне негізделген.

 

3. Қанның сарысуындағы несеп қышқылының  мөлшерін ²Биоконт несеп қышқылы² реактивтер жинағын  пайдалану   арқылы колориметриялық әдіспен анықтау.

Пинципі: Несеп  қышқылы  фосфорлы-вольфрамды реактивті көгілдір түсті қосылысқа  дейін  тотықсыздындырады.

Анықтау әдісі:

1.Центрифугат  алу.

Центрифугалық пробиркаға 4 мл дистильденген су,0,5мл  қан сарысуы,0,25 мл Н2SО4 (0,35ммоль/л) ертіндісін құяды. Жақсылап араластырған соң 0,25 мл вольфрам қышқылды натрий (0,35ммоль/л)  ертіндісін қосады (0,35ммоль/л), тағыда араластырылып, 5 минут өткен соң минутына 3000  айналым  жылдамдықпен 10 минут центрифугалайды.

 

Үш пробиркаға  келесі ретпен реактивтерді құяды:

                            Пробиркалар

 

Реактивтер (мл)

 

Тәжірибе

Стандарт

Бақылау

Центрифугат

2,0

-

-

Несеп  қышқылының  стандартты ертіндісі

(0,03мм/л)

-

2,0

-

Дистилденген су

-

-

2,0

Nа2СО3   ерітіндісі

1,0

1,0

1,0

Фосфорлы-вольфрам реактиві

 

0,6

 

0,6

0,6

араластыру

Информация о работе Зертханалық диагностиканың ролі және зерттеу объектілері