Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2015 в 21:19, лекция
Диагностикаға арналған биохимиялық зерттеулердің маңызы, емдеу эффектісін бақлауы мен алдын алуы.
Мақсаты:Клиникалық зертханалық диагностиканың ролі маңызды, өйткені ол жаңа функционалді тестерді, жаңа интегральді биофизикалық әдістерді зерттеуге қолдануына мүмкіндік береді. Студент өзінің кәсіптік білімінде профилактика, ауруды емдеу мен алдын алуды және диагностикалауында тіндермен мушелердегі метаболизмдерінің өзгерістерін білүі қажет.
Оқыту мақсаты: Ауру кезіндегі метаболизмінің өзгерістерін коррекция ету үшін жаңа биохимиялық зерттеулерді диагностикада пайдалануы туралы тусінікті қалыптастыру.
Алмасу процестерініің реттелу және зат алмасу бұзылыстардың биохимиялық механизмдерін, адам ағзасындағы биологиялық сұйықтардың қалыпты және патология жағдайындағы негізгі биохимиялық константаларын, биохимиялық зерттеулердің негізгі әдістерін меңгеру.
30 минут өткен соң тәжірибелік және стандартты сынамаларды бақылау сынамаға қарсы қойып оптикалық тығыздығын өлшейді. Толқын ұзындығы 640нм.
Есептеу:Мына формула бойынша жүргізеді:
СCт - стандартты сынамадағы зәр қышқылының концентрациясы (0,03 ммоль/л);
Ет- тәжірбиелік сынаманың оптикалық тығыздығы;
10- қан сарысуын сұйылту коэфициенті;
Ест-стандартты сынаманың оптикалық тығыздығы;
Норма:Қалыпты жағдайда несеп қышқылы: ерлерде-0,24-0,50 ммоль/л,әйелерде-0,16—0,40 ммоль/л.
Несеп қышқылының мөлшерін анықтаудың клиника-диагностикалық маңызы.
Қандағы несеп қышқылының
мөлшерінің көбейюі: ыдырау процестерінің күйшеюі, несеп
қышқылының сырқа шығарылуының бұзылуына
байланысты патологиялық жағдайларда,
пуринді негіздер алмасуының эндокринді
реттелуінің бұзылуы (екіншілік гиперурикемия),подагра ауруы кезінде
байқалады. Сонымен бірге,несеп қышқылының
қандағы мөлшерінің артуы эндокринді жүйенің қызметі
бұзылған жағдайларда: қантты диабет,
гипопартиреоз, микседема, акромегалия,
зат алмасу бұзылыстары,әсіресе
семіру кезінде, диабеттік кето
ацидоз,аллергия,саркоидоз,
5.Тақырып: Бауырдың патобиохимиясы
2. Сабақтыњ мақсаты: Экологиялық жағдайлардың төмендеуне байланысты баур аурулары жылсайын көбейеде. Сонымен қатар баурдың вирустық аурулардың пайыздығы да артта түсті (гепатит А,В,С,Д,Е т.б.). Болашақ дәрігер үшін бауырдың биологиялық ролін, негізгі метаболикалық процестердің реттелуін, бауырдың қызметінің бұзылуы кезінде биохимиялық әдістердің диагностикалық маңызын білу актуальды.
3. Оқыту мақсаты: Студенттер бауырдың қызметінің бұзылуы кезінде биохимиялық әдістердің диагностикалық маңызын. Метаболизмінің бұзылуының коррекциясы және зерттеулердің нәтижелерін дұрыс диагностикалау, дұрыс емдеу жөнінде білімдерін қалыптастырулары керек.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Бауырдың биологиялық функциялары.
2. Көмірсу, липид, амин қышқылдарының алмасуында бауырдың ролі.
3. Бауырдағы улы заттардың усыздануы (детоксикация), тотығуы.
4.Бауырдың жасушалық жетіспеүшілігінің және баур комасының биохимиялық механизмдері.
5.Билирубин алмасуы
6.Билирубин, өт пигменттерін және т.б. қан мен зәрде анықтаудың диагностикалық маңызы.
7. Бөгде заттардың метаболизмдері (дәрілік препараттардың әсері).
8. Химиялық канцерогенез туралы түсінік.
9. Бауыр қызметінің бұзылуы
кезінде биохимиялық
Өзіндік жұмысқа арналған жаттығулар
1. Гемоглобин, химиялық табиғаты, оның биосинтезі.
2.Обтурациялық (механикалық) сарғаю, пайда болу себептері, клиникалық белгілері.
3.Тікелей және тікелей емес билирубиннің құрылысының және қасиеттерінің ұқсастылығы мен ерекшеліктері.
4. Паренхиматозды сарғыштану, пайда болу себептері, клиникалық белгілері.
5. Коньюгирленген билирубин, химиялық табиғаты.
6.Коньюгирленбеген
Ситуациялық есептер
1. Клиникалық тексеру нәтижесінде А науқастың қанының құрамында ЛДГ1, креатинкиназа, гидроксибутират дегидрогеназаның белсенділігінің жоғарылағаны анықталды. АТС:АЛТ >17 Ал Б науқаста ЛДГ4,5, фруктоза -1 фосфатальдолаза, сорбит дегидрогеназа, глутамат дегидрогеназаның белсенділігінің артқаны байқалды. АСТ:АЛТ<1. Қандай мушенің ауруы туралы айтылып тұр.
2. Науқастың қанының құрамында 0,7 мг% билирубин, нәжісінде стеркобилин, зәрінде стеркобилиногеннің (уробилиноген) ізі анықталды.Ал биллирубин жоқ. Пигментті өзгерістің белгілері бар ма?
3. Өт-тас ауруымен ауырған әйелдің бауыр аймағында ауырсыну сезім пайда болды.Терісі, көз склерасы сарғайған нәжіс түссіз. Зәрі қызыл шайдын түсіндей.
Қай пигменттің өзгерісі байқалады? Сарғаюдың қай типі?
4. Обтурацияның сарғаю кезінде холестерин мен оның фракцияларының және де қан ферменттерінің активтілігін зерттеуге болады ма?
5. Баланың терісі сарғайған, склерасы ақ. Қандағы билирубиннің мөлшері ұлғайған, нәжіс түсі боялған, стеркобилин мөлшері ұлғайған.
Зәрде стеркобилиногенниң ( уробилиноген) мөлшері де ұлғайған, билирубин жоқ.
Эритроциттердің резистенттілігі төмен. Сарғаюдың қай типі туралы сөз болды?
6. Науқастың терісі, склерасы, кілегейі ашық сарғыш.Несеп түсі сыра түстес, нәжіс түсі өзгермеген. Қанда тікелей билирубиннің мөлшері ұлғайған, нәжісте стеркобилиноген қалыпты , зәрде стеркобилиноген мен билирубин бар. Сарғаюдың қай типі?
7. Ауруханаға бауыр ауруымен науқас түсті. Қандағы мочевинаға зерттеу жүргізілді. Бұл анализдің жүргізілуі бауыр ауруының денгейіне баға береді ма?
8. Емдік ашығу 3 күн жүргізілді. Осы уақыттың соңына қарай бауырдағы гликогеннің мөлшері азайды ма, көбейді ма? Неге?
9. Науқасты қаны мен зәрінде индол мөлшері көбейген , ал индикан төмендеген. Бауырдың қай қызметі бұзылған?
10. Науқаста созылмалы гепатит бар. Бұл ауру адам мінезіне әсер етеді ма?
11. Созылмалы бауыр аурулары мен өт шығару жолдарының бұзылыстары бар науқаста жиі остеомиляция ( қаңқа деформациясы мен сүйектің жұмсаруы) кездеседі. Бұл асқынудың механизмін түсіндіріңіз.
12. Қан сары суында жалпы билирубин мөлшері 40мкмоль-л тең. Нәжістің зәрдің түсі өзгермеген. Бұл туралы қандай болжам жасауға болады.
13.Қан сары суында жалпы билирубин саны 25мкмоль/л тең, зәрдің түсі қара-қоңыр, нәжіс түссіз. Бұл жағдай қалай аталады? Қандай патологиялық заттар пайда болуы мүмкін?
14.Қан сары суында жалпы билирубин мөлшері 42 мкмоль/л, тікелей билирубин 18мкмоль/л тең. Ал АТ активтілігі артады. Зәрдің түсі қоңыр нәжістің түсі өзгермеген. Бұл жағдай сарғаюдың қандай түрінде кездеседі? Неге?
15.Қан сары суында және зәрде зәр қышқылының мөлшері жоғарлаған. Қан алмасудың бұзылысы туралы ойлауға болады.
1.Бауырда қан плазмасының белоктарының синтезі.
2.Көмірсу, липид, амин қышқылдарының алмасуында бауырдың ролі.
3.Баурдың жасушалық жетіспеүшілігінің
және баур комасының
4. Бауырдағы гормондардың инактивациясы. (инсулин, стероидты гормондар,
катехоламиндер).
5. Бауырдағы улы заттардың усыздануы. (детоксикация) тотығуы және коньюгациясы.
6. Бөгде заттардың метаболизмдері
(дәрілік препараттардың әсері)
7. Химиялық канцерогенез туралы түсінік.
8.Бауыр қызметінің бұзылуы кезінде биохимиялық әдістердің диагностикалық маңызы.
1.Қанның сарысуындағы билирубин мөлшерін Ендрашек, Клеггорн, Гроф, әдістерімен анықтау.
"Жалпы" билирубин екі түрлі
билирубиннің қосындысынан
1."бос" билирубиннен – ол суда ерімейді. Әрлихтің диазореактивімен реакция бермейді. Билирубинді альбуминдерден бөліп алатын заттарды қосқан кезде ғана реакция бере алады (кофеин реактиві,спирт),сондықтан да бұл реакция “тікелей емес” деп аталатын болғандықтан "бос" билирубин тікелей емес билирубин деп аталады.
2."байланысқан"билирубин немесе билирубин глюкорин - суда ериді, Эрлих диазореактивімен тікелей реакцияға түседі, сондықтан “тікелей” билирубин деп аталады.
Принципі: тікелей билирубин диазореактивпен қосылып қызыл-күлгін түсті комплекс түзеді. Қанның сарысуына кофеин реактивін қосу арқылы “тікелей емес”
билирубинді ерігіш жағдайға келтіріп, диазореактив қосу арқылы “жалпы” билирубин концентрациясын анықтайды. “Жалпы”билирубинмен “тікелей” билирубиннің айырымынан “тікелей емес” билирубиннің концентрациясын есептейді.
Анықтау әдісі: Зерттелетін сарысуды физиологиялық ерітіндімен 2 есе сұйылтады да, 3 пробиркаға келесі ретпен реактивтерді құяды:
Пробиркалар Реактивтер, мл |
1“Жалпы” билирубин |
2“Тікелей” билирубин |
3 Бақылау |
Қан сарысуы |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
Кофеин реактиві |
1,75 |
- |
1,75 |
Физиологиялық ерітінді |
- |
1,75 |
0,25 |
Диазореактив |
0,25 |
0,25 |
- |
Бірінші және екінші пробиркаларды жасыл светофильтрлі ФЭК-те қалындығы 5 мм кюветамен бақылау пробиркасына қарсы қойып колориметрлейді: диазореактивті қосқаннан кейін 5-10 минут өткеннен соң “тікелей” билирубинді, ал 20 минут өткен соң “жалпы” билирубинді анықтайды.
Есептеуді калибрлі қисық сызық арқылы жүргізеді.
Қалыпты жағдайда: "жалпы билирубин"-8-20мкм/л
"тікелей билирубин"-0,86-4,3
"тікелей емес"-1,75-17,1-ге
Билирубинді анықтаудың клиника-диагностикалық маңызы
Гипербилирубинемия- көздің кілегей қабатының, терінің сарғыштануымен анықталады. Қандағы билирубин концентрациясының атруы:эритроциттердің гемолизі күшейгенде (гемолитикалық сарғыштану), бауыр клеткаларының қызметі бұзылғанда (бауырлық сарғыштану), өт қабынан өттің шығуы нашарлағанда (механикалық сарғыштану) байқалады. Әр түрлі сарғыштанулардың дифференциалды диагностикасында қанда жалпы билирубинді ғана емес, оның фракцияларын (тікелей және тікелей емес билирубинді де) анықтау өте маңызды.
2.Хуэрго және Поппер бойынша тимол сынамасы.
Принципі: Бұл әдіс қан сарысуының тимол-вероналды буферімен әрекетесу нәтижесінде ерітіндіні лайлайтын қасиеті бар глобулин тимол-липидті комплекс түзуіне негізделген.
Анықтау әдісі: Екі пробиркаға келесі реактивтерді құяды.
Пробиркалар Реактивтер, мл |
Тәжірибе |
Бақылау |
Тимол-веронал буфері |
0,3 |
- |
Қан сары суы |
0,05 |
- |
Дистилденген су |
- |
3,0 |
Араластырып, 200С-та-30 минут инкубирлейді. |
Тәжірибелік сынаманы бақылау сынамасына қарсы қойып ФЭК-те толқын ұзындығы 600 нм қызыл светофильтрде, фотометрлейді.
Есептеуді калибрлік сызық арқылы жүргізеді. Табылған оптикалық тығыздық көрсеткіштері Shank және Haagland (S-H) лайлану бірлігіне тең.
Норма:-0-4 S-Н бірлігіне тең.
Тимол сынамасы коллоидтық - тұнбалы реакцияларға жатады, көбіне лабораториялық жолмен бауырдың қабыну процестерін дәлелдеу үшін қолданылады.
Тимол сынамасы гепатиттен, нефроздан кейінгі бауыр, әсерісе сарғыштану, циррозда, коллагенозда, малярияда, вирусты инфекцияда ....оң мәнді болады. Механикалық сарғыштануда теріс мәнді болады, егер паренхимиатозды гепатитпен асқынбаса. Сондықтан тимол сынамасын сарғыштанулардың дифференциалдық диагностикасында қолдануға болады.
Инфекциялық гепатитпен ауырған науқастарда,стационарда емделгеннен кейін, 6 ай аралығында тимол сынамасының шамасы жоғары болады.Ал гепатит А-мен ауырған науқастарда алғашқы клиникалық белгілер пайда болғанға дейін тимол сынамасының көрсеткіштері 15-16 тәүлікте көбейе бастайды. Тимол сынамасы "бауырлық АЛТ"ға қарағанда бауырдың қабынуына жылдамырақ (тез көрсетеді) реакция
Индикан.
Индикан(индоксилкүкірт қышқылының калий және натрий тұзы), бауырда индолдың этерификациялануы нәтижесінде түзіледі, индол басқа улы заттар (фенол, крезол,скатол) тәрізді ішектегі белоктардың шіруі нәтижесінде пайда болады.
Индол қақпа венасы арқылы бауырға тасымалданып күкірт және глукурон қышқылымен байланысып залалсыздандырылады.
3.Қанның сарысуындағы және зәрдегі индикан мөлшерін анықтау.
Информация о работе Зертханалық диагностиканың ролі және зерттеу объектілері