Жалпы рецептура

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 12:02, лекция

Описание работы

Фармакологияның алдына қойған мақсаттары:
1. Белгілі дәрілік заттарды дұрыс, ағзаға қауыпсіз қолдана білу.
2. Жаңа дәрілік заттарды тауып, оларды дұрыс қолдану.
3. Дәрілік заттардың сапасын дұрыс тексеру.
4. Дәрілік өсімдіктерді дұрыс қолданып, фитотерапиялық анализ жасау.
5. Клиникалық фармакологияны дамыту. Дәрілік заттардың жанама әсерлерін зерттеу.
6. Дәрілік заттардың уытты әсерлерін зерттеу, дозасын дұрыс тағайындау.

Файлы: 1 файл

фармакол. каз.лек.docx

— 321.97 Кб (Скачать файл)

Алкоголизді емдеу: арнайы нарко деспансерде емдік жұмыстар жүргізіледі, детоксикалық терапия және фармакотерапия – психотерапия жүргізіледі. Дәрілік заттар науқасты алкоголизмнен шығуы үшін қолданылады.

Тетурам (антабус, дисульфирам) – Teturamum (Б): таб 0,15 және 0,25. тетурам спирттің тотығуын ацетальдегидрат кезеңінде яғни сірке қышқылы болғанда және одан ары көмір қышқыл газымен суға айналдырады. Ацеталь дегидрат ағзада көп жиналып тахикардия, қан қысымының төмендеуін, қылқыну, бастың ауыруын, тоңу, көп терлеу, бұлшық еттерідің ауыруы, тырысы, өлімнен қорқу сезеімдерін тудырады. Тетуран мен емдеу дәрігердің қадағалауымен жүргізіледі.

Қабылдауға болмайды: жүрек тамыр системасындағы дерттерде, бауыр, бүйрек, қант диабеті, туберкулез, психикалық дерттер және т.б. тетуранмен қоса науқасқа 20-30мл арақ беріледі дәрілік заттың дозасын әр науқасқа әр түрлі арналады. Тетурам қолданған кезде науқас арақ ішуді қояды. Имплонтациялық таблетка эспераль оны организмге енгізіп 1 жылға дейін қабылдайды.

Апоморфин гидрохлоиді – құсық шақыратын препарат алкоголизді емдегенде құсық шақыру үшін қолданады.

3. Ұйықтататын дәрілер

Ұйқының 2 кезеңі болады: жылдам басталатын ұйқы және баяу басталатын ұйқы.

Баяу басталатын ұйқыда ағзада зат алмасу, бездің секрециясы, биологиялық белсенді заттардың бөлінуі, артериялық қан қысымының төмендеуі байқалады. Бұл саты ұйқының 75% құрайды.

Жедел ұйқы кезеңінде адам түс көреді, ол қайталанып отырып, ұйқының 25% құрайды. Ұйқы процесіне холинергиялық және ГАМК-қ жүйе әсер етеді.

Соңғы жылдары эндогенді заттар табылған – ол гипногенді, ұйықтататын әсері бар ағзадағы пептидтер. Ол пептидтер ұйқы механизмін ашуға және жаңа ұйықтататын дәрілер іздестіруге мүмкіндік беріп отыр. Соңғы жылдары өмір қарқынының тездетуімен, стресс жиілігінің жоғарылауымен байланысты ұйқы бұзылыстары жиілеп кетті. Ұйқысыздық әртүрлі психикалық ауруларды, невроздарды шақыруы мүмкін. Сол себептен ұйқысыздық жағдайда ұйқының тәртібін бұзбау үшін күндізгі ұйқыдан бас тартып және кешке ұйықтар алдында серуендеу, т.б. тыныш ұйықтауға жағдай жасау қажет. Егер де бұл тәсіл болмаған жағдайда, ұйқы бұзылысын реттеу үшін ұйықтататын дәрілер қолданылады. Ұйықтататын дәрілер ретінде әртүрлі фармакологиялық топтағы препараттарды қолданады.

 

Ұйықтататын дәрілердің жіктелуі:

Барбитур қышқылының туындылары

Бензодиазепин туындылары

Басқа да химиялық қосылысты дәрілер

Фенобарбитал

(люминал), этаминал-натрий (нембутал)

Эстимал (амитал)

Циклобарбитал

(фенодорм)

Циклобарбитал+диазепам

(«Реладорм»)

Нитразепам (радедорм, эуноктин, берлидорм).

Флунитразепам

(рогипнол, сомнубене).

Триазолам (хальцион).

Мидазолам (дормикум, флормидал).

Флуразепам (далмадори)

Лоразепам (толид)

Темазепам (ленал)

Зопиклон (имован)

Золпидем (ивадал)

Доксиламин

(донормил)

Бромизовал

Метаквалон

Геминейрин

(хлометиазол)

Хлоралгидрат

Натрий оксибутираты

Фенибут


Ұйықтататын дәрілерге қойылатын талаптар: тиімді, жағымсыз иісі мен дәмінің болмауы және ұйқы сатысының ұзактығына әсер етуі, ағзада жиналмауы, мүшелер мен жүйелерге кері әсер етпеуі, үйренгіштік және тератогенді әсер шақырмауы қажет. Классикалық ұйықтататын дәрілер (барбитураттар, кейбір алифатты қосылыстар) ОЖЖ-нің таңдамалы әсерінің жоқтығына байланысты наркотикалық типті заттарға жатады.

Орташа мөлшерде – ұйықтататын, ал үлкен мөлшерде – наркотикалық әсер көрсетеді. Наркотикалық кеңдігінің аз болуына байланысты оларды наркоз үшін қолданбайды. Қазіргі кезде ұйықтататын әсері бар препараттардың ішінде негізінен психотропты дәрілірге дәрілерге жататын бензодиазепин қатарындағы ансиолитиктерді белгілейді. Ұйықтататын дәрілер ОЖЖ-ң әртүрлі түзілулердегі нейронаралық түзілулерге тежегіш әсер көрсетеді.

Әсер ету механизмі: Ұйықтататын дәрілік заттар ҰДЗ ОЖЖ-ң табиғи тежеуші гаммо-амино май қышқылы медиаторының тежейтін әсерінің күшеюімен байланысты. Ұйықтататын дәрілік заттар ретикулярлы формациядан бас миының қыртысын өтіп жатқан белсенді импульстарды әлсіздендіреді. Ұйқы келу процесі бұзылуында әсері қысқа дәрілер белгіленеді. Ұйқы келу процесі бұзылуынан басқа, ұйқы шала және ол жиі оянып, қорқынышты түс көруде әсері ұзақ ұйықтататын дәрілер белгіленеді. Егер ұйқы тез оянумен өтетін жағдайда, оянған кезде әсері қысқа немесе ұйықтар алдында әсер ұзақ дәрілер белгіленеді. Фармакологиялық әсері – аз мөлшерде тыныштандыратын, ал орташа мөлшерде ұйықтататын, тырысуға қарсы, ансиолитикалық және бұлшық етті босаңсытатын әсер көрсетеді.

Фенобарбитал – Phenobarbitalum (Б): 0,05 және 0,1 таб шығарылып, 1-2 таб. тағайындалады. Әсері 6-8сағ созылады. Фенобарбитал тырысуға қарсы және эпилепсияға қарсы қолданылады.

Этаминал – натрий: ұнтақ; ұйықтардан 0,1-0,2 таб 30 мин алдын қабылдау қажет. Әсері 4-6 сағатқа созылады. 5% 5-10мл еріт к/т енгізіледі.

Эстимал – Aesthimalum (Б) -0,1-0,2 таб ұйықтардан 15-30мин алдын қабылдайды. әсері 6-8 сағ созылады.

Циклобарбитал – 0,1-0,2 таб, («Реладорм» таб) – этаминал – натрийге ұқсас.

Нитразепам – Nitrazepamum (Б): 0,005 және 0,01 таб шығарылып, ұйықтардан 30 мин бұрын қабылдайды. әсері 6-8 сағатқа созылады.

Флунитразепам (рогипнол) - әсері нитразепамға ұқсас 0,002 таб, 0,002 құрғақ зат + 1мл еріткіші бар амп шығарылады.

Триазолам (0,00025 және 0,005 таб) және мидазолам (0,015 таб, 0,5% 3 мл ерітінді ампулада) - әсері қысқа 10-20 минуттан кейін басталып 2-3 сағатқа созылады.

Зопиклон – Zopiklon 0,0075 таб шығарылып, ұйықтар алдында алдында 1 таб ұсынылады. Әсері 20-30мин басталып 6 сағ созылады.

Золпидем - әсері қысқа (2-3 сағ).

Метаквалон - әсері 6-8 сағ.

Жанама әсері: күндіз ұйқының келуі, әлсіздік, атаксия, жүру бағдарының бұзылуы, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі, материалды кумуляция (барбитураттарға тән қасиет, әсіресе фенобарбиталда) байқалуы мүмкін. Дәріні доғарғанда абстиненция, ұйқы мен көру қабілетінің бұзылуы, тырысу мен ортостатикалық гипотензия байқалады. Сондықтан ұйықтататын дәрілерді 4 аптадан артық қабылдауға болмайды. Препаратты абайлап, мөлшерін азайтып доғару қажет. Басқа да жанама әсерлері: диспепсия (жүрек айну, ауыз қуысына металл дәмінің келуі) және аллергиялық реакциялар. Бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуында, (әсіресе жүктіліктің алғашқы 3 айыйнда), көлік жүргізушілеріне және жылдам қимыл қажет ететін қызметкерлерге қолдануға болмайды. Ұйықтатын дәрілермен бірге алкогольды сусындар қолдануға болмайды. Ұйықтататын дәрілермен анальгетиктерді, наркотикалық дәрі – дәрмектерді, нейролиптиктерге, транквилизаторларды бірге қолданғанда синергизм байқалады.

Ұйықтататын дәрілермен жедел улану. Абайсызда, әдейі немесе қате артық мөлшерлеуде улануларға алып келеді.

Белгілері: ұйқы келуі, апатия, миоз, брадикардия; әрі қарай коматозды жағдай: естүссіздік, рефлекстің және тыныс алудың тежелуі, АҚ-ң төмендеуі, ауырған жерін сезбеу, дене қызуының төмендеуі, қаңқа бұлшық еттерінің босаңсуы, қан айналымының бұзылуы және тыныс алу салдануынан өлімге алып келуі мүмкін.

Жәрдем: асқазанды шаю, гемодиализ, гемосорбция және перитонеальды диализ жасау қажет. Барбитураттармен жеңіл уланғанда күре тамырға оның антогонисттері темегрид (0,5% -10мл ерітінді ампулада), флюманезил, оттегімен емдеу, пневманияның алдына алу үшін антибиотиктер; инфузиялық терапия – полиглюкин, витаминдер.

4. Эпилепсияға қарсы әсер ететін дәрілік заттар.

Эпилепсияға қарсы әсер ететін дәрілік заттарды талманың күшін жиі болмауын қадағалау үшін қолданамыз. Дертті мүлдем емдеуге мүмкін емес. Эпилепсияның бірнеше формасы бар:

  1. Үлкен талма (Grand mal) тырсулар, естің жоғалуымен болады бірнеше минуттан кейін адам ұйықтап қалады.
  2. Кіші талмалар (Petit mal) тез уақытта (бірнеше секундта) адам естен танады, бет бұлшық еттері тырысуы мүмкін.
  3. Психомоторлы автоматизмдер – адам талады, есінен танады, кей кезде өзінің істеп жатқан ісіне жауап бере алмайды. Көліктерге отырып басқа жақтарға кетіп қалуы мүмкін.

Дәрілік препараттарды осы эпилепсияның формасына қарап қолданамыз. Әр науқасқа дозасы сайланады.

  1. Үлкен талма және психомоторлы ұстамаларда қолданылатын дәрілік заттар: фенобарбитал, бензонал, гексамидин, дифенин (фенитоин), карбамазипин (финлепсин, тегретол), хлоракон.
  2. Кіші талмаларда қолданылатын дәрілік заттар: этосуксимид (суксилеп), триметин (триметадион).
  3. Әр түрлі ұстамаларға қолданылатын дәрілік заттар: (көбінесе эпилепсия ұстамалары 3 формасы араласып келеді, осы кезде қолданылатын дәрілік заттар). Вальпроат натрий (конвулекс, депакин, ацедипрол), вальпроат кальций (конвульсофин), клоназепан (антелепсин).

Әсер ету механизмі: эпилепсияға қарсы әсер ететін дәрілік заттардың әсері патологиялық жағдайда эпилептоген орталығындағы нейрондардың белсендігін басу немесе олардың басқа ми бөлімдеріне өтуін тежеу. Бірден емдік дозасын алып тастасақ немесе азайтып тастасақ дерт ынталанып кетуі мүмкін. Сондықтан емдік дозаны біртіндеп азайтамыз.

Кері әсері: ұйқышылдық, бас ауырады, мидың сақтау қабілеті төмендейді, депрессия, аллергиялық реакция, диспепсия. Дифенин препараты гиперплазия (ауыздың шырышты қабаттарының асқынуы) шақырады.

Қабылдауға болмайды: жүрек жетіспеушілігінде, бауыр, бүйрек функциялары бұзылғанда, жүкті болғанда, бала емізгенде, қан айналым системасы бұзылғанда.

 

Гексамидин Hexamidinum. (Б): таблетка 0,125-0,25 ½ – 2 таблеткадан күніне 1-2 мезгіл.

Дифенин – Dipheninum (Б): таблетка 0,117 – күніне 3 мезгіл 1-3 таблеткадан.

Карбамазепин – Carbamazepinum (Б): таб 0,1; 0,2; 0,4 күніне 1-3 мезгіл тамақпен бірге немесе тамақтан кейін 1-2 таблеткадан.

Этосуксимид – Ethosuximidum (Б): капсула 0,25 күніне тамақпен бірге 3-4 мезгіл 1 капсуладан.

Натрия вальпроат – Natrii valproas (Б): таб 0,3; 0,5 күніне 1-3 мезгіл 1-2 таб.

5.Паркинсонизмге қарсы әсер ететін дәрілік заттар.

Пракинсон дерті қозғалуы, адамның қозғалысы тырысулар арқылы жүреді, тершең келеді, тез ашуланшақ болады.

  1. Антихоленергиялық препараттар: циклодол (паркопан), трипериден (норакин), тропацин, бипериден (акинетон), десетимид (тремблекс) – ұзақ әсер ететін препараттар. Орталық холеноблокаторлық әсері бар шеткі холенорецепторларға әсер етеді. Паркенсонизмнің болуын азайтады, дозасын көтерген жағдайда кері әсері болады. 

Циклодол – Cyclodolum (А): таб 0,001; 0,002; 0,005 0,5 және 1 таб тамақтан кейін күніне 3 мезгіл.

  1. Дофаминергиялық препараттар: леводопа орталық жүйке жүйесінде дофаминнің синтезделуін жоғарлатады. Депренил (селегилин), бромокриптин (парлодел), мидантан (амантадин), глудантан. Орталық дофамино миметикалық әсер көрсетеді яғни экстрапиромидті системада дофамин нейрондарын көбейтеді және нейрондардың депосынан (нейрондардың жиналатын жері) оның бөлуін ынталандырады. Дофамиенгиялық рецепторлардың дофаминге сезімталдығын жоғарлатады.

Қолданылуы: паркинсон ауруында, парезде (жартылай салдану), акромегалия, лактацияны басу үшін, сонымен қатар вирустық ауруларды басу үшін.

Кері әсері: тәбет төмендейді, құсық пайда болады, ұйқысызды, психикалық бұршылу және т.б. аралас келген препараттардың кері әсері аз.

Леводопа – Levodopum (Б): капс (таб) 0,25; 0,5 күніне тамақпен бірге немесе тамақтан кейін 1-4 капс (таб) қолданамыз.

Мидантан – Midantanum (Б): таб 0,1 күніне 2-4 мезгіл тамақтан кейін 1 таб.

Депренил - Deprenyl (Б): таб 0,005 күніне 1-2 мезгіл 1-2 таб.

6. Анальгетиктер

Ауырып тұрған сезімді алып тастайтын дәрілік заттар (болеутоляющие).

Оларды анальгетиктер дейміз – резорбтивті әсер етіп таңдамалы ауырып тұрған сезімді алып тастайды. Орталық жүйке жүйесіне кері әсері жоқ. ауыру синдромымен көптеген аурулар жүреді. Ол табиғи химиялық, механикалық, биологиялық күшті тітікендіргіштердің әсерінен пайда болады. Сондықтан ауырсынудың этиологиясы мен патогенезіне байланысты анальгетиктер тобына жататын дәрілердің көмегімен ауырсынуды төмендетуге немесе толық басуға мүмкіндік береді. Анальгетиктердің әсерінен ОЖЖ-нің координацияланған қозғалғыш қызметі мен естің, сезмтал мүшелерінің қызметінің сақталуымен реакциялар таңдамалы тежеледі. әсер ету механизміне байланысты 2 топқа бөлінеді:

  • Наркотикалық
  • Бейнаркотикалық (наркотикалық емес)

Наркотикалық анальгетиктер

Наркотикалық (опиотты) анальгетиктер морфин препараттары және оның синтетикалық ауыстырушылары. Олар ауырып тұрған сезімді басады. Наркотикалық анальгетиктер эйфория (адам өзін жақсы сезінеді) шақырады және дәрілік бейімдеушілік болады. Наркомания тудырады.

Абстиненттік синдром осы препараттарды бірден қолданудан алып тастағанда туады: қорқыныш, үрей, галюценация. Ұйқысықздық, тахикардия, қан қысымының өзгеруі біресе жоғарлайды немесе төмендейді, құсық, кей кезде өлімге дейін апарады.

Әсер ету механизмі: эндогенді нейро пиптидтердің әсер етуін ынталандырады. Оларды опиотты рецепторлармен біріктіріп анальгетикалық әсер көрсетеді. Орталық жүйке жүйесіндегі рецепторларды және шеткі тіндердің импулстарын берілуін бұзады.  Сөйтіп ауырып тұрған сезімді басады.

Классификациясы:

  1. Алкалоидты опиоттар: морфин, морфилонг, омнопон
  2. Ситетикалық морфиндер: промедол, фентанил, суфентанил, пентазоцин (фортрал, лексир), буторфанол (бефорал, морадол, стадол), бупренорфин (норфин, темгезик), нальбуфин (нубаин), трамадол (трамал), пиритрамид (дипидолор), эстоцин, тилидин, просидол.
  3. Наркотикалық анальгетиктердің антагонистері: налорфин, налоксон, налтрексон.

Информация о работе Жалпы рецептура