Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 12:02, лекция
Фармакологияның алдына қойған мақсаттары:
1. Белгілі дәрілік заттарды дұрыс, ағзаға қауыпсіз қолдана білу.
2. Жаңа дәрілік заттарды тауып, оларды дұрыс қолдану.
3. Дәрілік заттардың сапасын дұрыс тексеру.
4. Дәрілік өсімдіктерді дұрыс қолданып, фитотерапиялық анализ жасау.
5. Клиникалық фармакологияны дамыту. Дәрілік заттардың жанама әсерлерін зерттеу.
6. Дәрілік заттардың уытты әсерлерін зерттеу, дозасын дұрыс тағайындау.
Қабылданылуы: апатия, жұмыс істеу қабілеті төмендегенде, депрессия, кішкентай балалардың ойлау қабілеті төмен болса, түнгі энурезде (ұйқтар алдында қабылдайды), ұйқышылдықта.
Кері әсері: ұйқысыздық (сондықтан күндізгі уақытта таңертеңнен түске дейін қабылдайды) тітіркену, бас аурады, жүрек ауырады, қан қысымы жоғарлайды, ауыз қуысы құрғақ болады, психоз көбейеді.
Қабылдауға болмайды: жүрек тамыр дерттерінде, қарт адамдарға психикалық бұршылыста.
Меридил - Meridilum (А); таб 0,01; 1таб күніне 1-2 мезгіл.
Бемитил – (Б): таб 0,125; 0,25; антиоксидантты, антигипоксидантты әсері бар, ауыр жұмыс істеу қабілетін жоғарлатады (актопротекторлық дәрілік зат). Адаптогенді әсер көрсетеді және иммуностимуляторлық әсері бар (иммунитетті көтереді), невроздарда, инфекцияларда, хирургиялық операциялардан кейін, қатты шаршағанда және сынықтарда қолданамыз.
7. Ноотропты дәрілік заттар: пирацетам (ноотропил), аминалон (гаммалон), фенибут, пантогам, пикамилон, пиридитол (пиритинол, энцефабол), ацефен – ми функциясының жоғары инегративті әсерін белсендендіреді, есте сақтау қабілетін жақсартады, мидың істеу қабілетін дұрыстайды және ми әсер ететін кері әсерлерден сақтайды.
Әсер ету механизмі: ноотропты әсер метабалистік әсерлерге байланысты, оны жақсартады және мидағы нейрон аралық қозудың өтуін көбейтеді антигипоксикалық әсер көрсетеді. Психостимуляторлық әсер көрсетпейді.
Қолданылуы: неврология, психотрия, геронтология, педиатрия (мидың жұмыс істеу қабілеті төмен болса, мидағы қан айналы системасы бұзылғанда). Атеросклерозда, инсулттан кейін, бастың ми қабаты зақымдалғанда, интаксикацияда, алькогализмде, детский целебральный паралич және басқада энцефалопатиялық бұршылыстар, мидың еске сақтау қабілетін төмендететін, ойлау қабілетін төментетін, сөйлеу қабілеті төмендеуі мүмкін. Ем ұзақ уақыт қабылданылады, тиімділігі бірден болмайды, ноотропты дәрілік заттар ден саушылығы жақсы адамдарға әсер етпейді.
Кері әсері: аллергиялық реакция, ұқының бұзылуы, диспепсиялық бұршылыстар болуы мүмкін.
Пирацетам – Pyracetamum (Б): таб 0,2; кап 0,4; тамақтан кейін күніне 3мезгіл. Амп 20% ды ерітінді 5мл ден бұлшық етке, көк тамырға күніне 1-2 мезгіл.
8. Жалпы тонизирующие заттар: женьщен настойкасы, элеутерокок сұйық экстрактысы, лимон настойкасы, сұйық левзей экстракты, родиола сұйық экстракты, заманиха настойкасы, стеркулли настойкасы, аралии настойкасы, сапарал, пантокрин, рантарин. Әсер ету механизмі: Бұл препараттар орталық жүйке жүйесіне және жалпы ағзаның тонустық әсер көрсетеді: зат алмасу процесін жақсартады, эндокринді бездердің функциясын, вегетативті инервацияның тонусын (тамыр тонусы төмен болма жоғарлатады және қан қысымды жоғарлатады, жүрек жұмысын жақсартады), жағымсыз жағдайларда жалпы ағзаның қарсы әсерін жақсартады.
Қолданылуы: ойлау және ауыр жұмыс істеу қабілеті төмендесе, инфекциялық дерттерден кейін, ағза қатты жүдесе, неврастенияда, вегетасосудисті дестанияда, гипотензияда.
Қабылдауға болмайды: ұйқысыздықта, гипертонияда, нервтік қозуда.
Кері әсері: жоқ, запас энергияны құртып жібереді.
Настойка женьщеня: Tinctura Ginsengi флакон түрінде 50мл, күніне тамақ алдында 3 мезгіл 25тамшыдан қабылдаймыз.
8. Аналептиктер.
Орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдеріне қоздырғыш әсер көрсетеді. Сопақша мидың әсері мен тыныс алуымен тамыр қозғалтқыш орталығын қуаттандырып көп мөлшерде ОЖЖ нің басқа бөлімдеріне әсер етеді. Наркозда айқын ояту әсеріне ие болады. Наркозға арналған дәрілермен (этимизол, бемегрид) этил спиртімен жедел буланғанда. Созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігі мен жұқпалы аурулардың тыныс алу жеткіліксіздігінде (камфора, сульфоканфокаин, кордиамин) жедел колопста, хирургиялық операциялардың шок жағдайларында (этимизол, цицитон) жаңа туған баланың (этимизол) тыныс алу жеткіліксіздігінде қолданылады. Энтеральтды және парентеральды енгізіледі. Аналептиктірді балаларға абайлап қолдану қажет. Гипоксиялық жағдайда (гипертермиялық әсері) тырысуларға алып келуі мүмкін. Аналептиктірідің ішінде фармакологиялық әсері жағынан спектрі кең этимизол мен камфора болып табылады. Этимизол қабынуға қарсы және аллергияға қарсы әсері бар, ойлау қабілетін жақсартады, гипоксияға қарсы қасиеті бар.
Аналептиктердің дозасын жоғарылатсақ ООЖ-нің кейбір бөлімдерін ынталандырып,тырысулар шақырылады.
Наркотикалық типті ұйықтатын
дәрілермен ауыр түрінде
Камфора әлсіз аналептик болып табылады, кардиотоникалық әсер көрсетеді, бас миының қан тамырларын кеңейтіпқан айналымының ішкі шеңберінің қызметін жеңілдетеді. Ұлпалардағы микроцеркуляцияны жақсартады, қақырық түсіретін, өт айдайтын, терлетін, қабынуға қарсы, тітіркендіретін және иіссіздендіргіш әсері бар. Камфора спирті, камфора майы теріге жағуға арналған қабынуға қарсы және микробқа қарсы әсер көрсетеді. Камфора препаратттары созылмалы жүрек қан тамыр жеткіліксіздігінде, колопста, тыныс алудың тежелуінде, пневманияда қолданылады. Қазіргі кезеңде камфораның суда ерітіндісі сульфаканфокаин (сульфакамфор қышқылы+новокаин) препараты бар.
Coffeinum – natrii bensoas – кофеин натрий бензоаты (Б): 0,1 және 0,2 таб; 10% 1-2мл ерітінді амп 20% 1-2мл ампула түрінде. 1-2 млден тамақ алдында.
Кордиамин – Cordiaminum (Б): 15мл флакон түрінде, 30-40 тамшыдан тәулігіне 2-3рет. 1-2мл амп түрінде шығарылады, 0,5-2мл дейін тамақ алдында бұлшық етке, к/т енгізіледі.
Бемегрид – Bemegridum (Б): 0,5% ды 10мл ерітінді ампула, 1-10мл (70мл дейін) к/т енгіземіз.
Этимизол – Aethimisolum (Б): 0,1таб. – тәулігіне тамақтан соң 3-4 мезгіл, 1% ды және 1,5% ерітінді 3 және 5 мл тәулігіне 4-5мл ден тамақ алдында б/е, 2-3 мл к/т.
Сульфоканфокаин - Sulfocamphocainum (Б): 10% 2 мл ерітн. амп. Түрінде 2мл ден тәулігіне 2-3 мезгіл тері астына к/т енгіземіз.
Камфораның майлы ерітіндісі – Sol. Camphorae oleosa: 20% 1 және 2мл ерітінді, ампула түрінде 1-5 мл ден тәулігіне 1-3 рет, тамақ алдында тағайындаймыз.
Жүрек – қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер
Қан айналымды реттейтін дәрілер медициналық тәжірибеде жүрек жұмысы мен қан тамыры тонусының бұзылуында кеңінен қолданылады. Сондықтан жүрек қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілерді қолданылуына қарай келесі топтарға жіктеледі:
1. Жүрек гликозидтері
Жүрек гликозидтері айқын кардиотоникалық әсері бар, этиологиясы әртүрлі миокард дистрофиясымен байланысты, жүрек қызметінің жеткіліксіздігін емдеуге арналған өсімдіктерден алынған күрделі органикалық қосылыстар. Бұрынғы кезде құрамында жүрек гликозидтері бар өсімдіктерді медицинада жүрек қызметінің жеткіліксіздігін емдеуге қолданған. Олар: оймақгүл (наперстянка), строфант Комбе, меруертгүл (ландыш), жалынгүл (горицвет) және т.б. Жүрек гликозидтерінің молекуласы екі бөлімнен тұрады: қантты (гликонды) және қантсыз (агликонды). Жүрек гликозидтері жүрек таңдамалы әсер ете отырып, миокард жұмысын жақсартып, жіті және созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде белгіленеді. Медициналық тәжірибеде кңінен қолданылатын өсімдіктен алынған жүрек гликозидтері:
Жүрек гликозидтерінің әсер ету механизмі кардиомиоцит мембранасындағы Na, K, _АТФ – азаны (жүрек гликозидтерінің рецепторлары) тежегіш әсерімен байланысты, ол жасуша ішіндегі Na, онымен қоса Са иондарының концентрациясы жоғарылауына алып келеді. Саркоплазмада Сф иондары трапонинді кешенмен байланысып, миокардтың жиырылғыш ақуыздың тежегіш әсерін жояды. Ол актин мен миозиннің бірігуінен пайда болған актиомиозин миофибриллдердің (бұлшық ет талшықша) тез және күшті жиырылуына алып келеді. Жүрек гликозидтері жүрекке таңдамалы әсер көрсетеді.
Фармакологиялық әсері (жүрек гликозидтері жүрекке таңдамалы әсер көрсетеді:
Жүрек гликозидтерінің бір – бірінен айрмашылығы белсенділігіне, әсерінің пайда болу жылдамдығына, әсерінің ұзақтығына және дәрілік заттың фармакокинетикасына байланысты. Мысалы: строфантин мен конвалятоксинді күре тамырға енгізгенде жүрекке әсері 5-10мин, ал целанидте 5-30мин.соң басталады. Дигоксин ішке енгізгенде 30 мин.соң басталады, ал дигитоксин 2 сағ. соң әсер етеді. жүрек гликозидтерінің кардиотоникалық әсерінің ұзақтығы ағзадағы инактивация жылдамдығына олардың плазма ақуызымен байланысуына және ағзадан шығу жылдамдығына байланысты. Строфантин, жалынгүл, меруертгүл препараттары ағзада тәулік бойына шығарылады. Әсері ұзақ - әсіресе дегитокинде 2-3 аптада, ал дигоксин мен целанидте 3-6 күнде ағзадан шығады. Жүрек гликозидтерінің әсері ұзарған сайын көп кумуляцияланады яғни ағзада жиналады. Өте жоғары кумуляцияланатын препарат дигитоксин (160сағ), одан аздау дигоксин және целанид (34-36 сағ), ал строфантин аз кумуляцияланады. Жүрек гликозидтерінің препараттары ағзаның ішкі жыныстарында бірдей сіңбейбі, өте жақсы сіңетін дигитоксин (90-95%), дигоксин мен целанид (20-40%) сіңіріледі, өте нашар
Жүрек гликозидтері созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде, сонымен қатар жүрек қызметінің жеткіліксіздігін алдын алу үшін, жүрекше дірілдегенде қолданылады.
Жүрек гликозидтерін қолдануға болмайды: жүрекше қарынша бөгеттерінде, айқын брадикардияда (жүректің жиырылуы азаяды) және жұқпалы миокардитте, гипокалиемияда, гипркальциемия және калий препараттары мен бірге аса сақтықпен қолданған жөн.
Ұзақ әсер ететін жүрек гликозидтері.
(Созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде қолданылады).
Дигитоксин – Digitoxinum (кардитоксин) (А): 0,0001таб. – ½-1 таб. Тәулігіне 1-2 мезгіл; суппазитори 0,00015, тәулігіне 1-2 рет тік ішекке белгіленеді. әсері 2-4 сағаттан кейін 8-12 сағатқа созылады, 2-3аптадан соң ағзадан шығады.
Кордигит – Cordigitum (Б): 0,0008 таб; 0,0008 және 0,012 суппазиторий. Дигитоксинге қарағанда аз кумуляцияланады.
Дигоксин – Digoxinum (ланикор) (А): 0,00025 таб – 1таб тәулігіне 3-5мезгіл; 0,025% ды 1мл ерітінді. Амп – 10-20мл 0,9% NaCl ерітіндісімен араластырып тәулігіне 1-2мезгіл к/т енгіземіз. Ішке енгізгенде әсері 1сағаттан кейін басталып 6-8 сағ созылады. Ал к/т енгізгенде 20-30мин ішінде әсері басталады 3сағ созылады ағзадан 2-7күнде шығады.
Целанид – Celanidum (ланатозид) (А): 0,00025 таб. – 1таб тәулігіне 2-3мез. 0,05% 10мл ерітіндісі флакон түрінде 10-25тамшыдан тәулігіне 2-4 мезгіл ішке; 0,02% 1мл ерітіндісін ампула түрінде к/т енгіземіз. Дигитоксинге қарағанда әсері тез және қысқа.
Көктемгі жалынгүл шөбі – Herba Adonidis vernalis (Б): 1:30 тұнба (30мл) 1 ас қасықтан тәулігіне 3-4 мезгіл тамақ алдында: адонис-бром – Adonis-brom 1 таб тәулігіне 3 мезгіл. Адонизид – Adonisidum 20-40тамш тәулігіне 2-3 рет, тамақтан 30мин бұрын. Жалынгүл препараты оймақгүл препараттарына қарағанда белсенділігі төмен, аз кумуляцияланады және тыныштандыратын әсері бар.
Тез әсер ететін препараттар
(жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде қолданылады)
Строфантин К – Strophantinum K (А): 0,05% 1мл ерітіндісі амп 10-20мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен араластырып к/т баяу енгізеді әсері 5-10мин басталып 0,5-1,5сағ созылады, ағзадан 1-3 күннің ішінде шығады.
Коргликон – Corgliconum (Б): 0,06% 1мл ерітінді амп – 10-20мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен араластырып к/т баяу енгіземіз. Строфантинге қарағанда әсері тез бірақ қысқа.
Улану: бұл дәрілік заттарды мөлшерінен тыс асырғанда ағза улануы мүмкін.
Белгілері: БРАДИКАРДИЯ, АРИТМИЯ, ҚҰСУ, ЛОҚСУ, Көздің көруінің нашарлауы, сандырақ, галлюценация, тырысулар және ағза қысымының төмендеуі мүмкін. Жүрек қызметі тоқтауынан адам өледі.
Жәрдем: дәрілік заттың берілуі тоқталынады, жүрек гликозидінің антоганисі (унитиол), калий препараттары (калий хлориді к/т; панангин – ішке); антиаретмиялық дәрілік заттар (лидокаин, дифенин, амиодарон және т.б.), брадикардияда – атропин.