Жалпы рецептура

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 12:02, лекция

Описание работы

Фармакологияның алдына қойған мақсаттары:
1. Белгілі дәрілік заттарды дұрыс, ағзаға қауыпсіз қолдана білу.
2. Жаңа дәрілік заттарды тауып, оларды дұрыс қолдану.
3. Дәрілік заттардың сапасын дұрыс тексеру.
4. Дәрілік өсімдіктерді дұрыс қолданып, фитотерапиялық анализ жасау.
5. Клиникалық фармакологияны дамыту. Дәрілік заттардың жанама әсерлерін зерттеу.
6. Дәрілік заттардың уытты әсерлерін зерттеу, дозасын дұрыс тағайындау.

Файлы: 1 файл

фармакол. каз.лек.docx

— 321.97 Кб (Скачать файл)

Әсері айрықша байқалады. ету механизмі әртүрлі: дофаминолитикалық, серотонинолитикалық, α-адренолитикалық, М-холинолитикалық әсер етеді.

Фармакологиялық әсері:

        1. Психозға қарсы (сандырақ, елестеуді басады) – аминазинде, трифтазинде, левомепромазинде, этаперазинде, галоперидолда, хлорпротиксенде айрықша байқалады.
        2. Транквилизаторлық (тыныштандырып, қорқыныш және үрейді басады) аминазинде, тизерцинде, галоперидолда, дроперидолда айрықша байқалады.
        3. құсыққа қарсы әсері - галоперидолда, дроперидолда, этаперазинде, сульпиридте айрықша байқалады.
        4. Гипотермиялық (жылу бөлінуін күшейтіп, жылу өнімін төмендетіп жасанды гипотермия тудырады) әсер көрсетеді.
        5. Бұлшық ет босаңсытады.
        6. Наркотикалық, ұйқытататын және анальгетикалық дәрілердің әсерін күшейтеді.
        7. Антигистаминдік әсер көрсетеді.
        8. Гипотензивті (α-адренорецепторды тежегіш әсерімен байланысты) әсер – аминазинде, дроперидолда айрықша байқалады.
        9. Дәрілік паркинсонизм тудырады: көбінесе -  галоперидолда, трифтазинде, аминазинде: сирек – хлорпротиксенде, клозапинде, сульпиридте байқалады. Осы жағдайды алдын алу үшін паркинсонизмге қарсы дәрілік заттарды (циклодол және т.б.) белгілейді.

Шизофренияда, психозда, тоқтаусыз құсуда (сәулесоқпен емдеуде, цитостактиктермен емдеуде, ми ісігінде, наркозан кейін, жүктілікті), ықылықта, гипертониялық кризде, нейролептанальгезияда және операциядан алдын қолданылады.

Жанама әсері: экстрапирамидті бұзылыстар (дәрілік паркинсонизм), артериялық гипотензия және коллапсқа алып келуі мүмкін, тахикардия, М – холинотежегіш әсерлер (ауыз қуысының құрғауы, көз қарашығының кеңеюі, глаукома, атониялық іш қату, қуық сфинктерінің дисфункциясы), бауыр қызметінің бұзылуы, қан жүйесінің бұзылуы (гемолитикалық анемия, клозапин қабылдағанда – агранулоцитоз байқалады), гипофиздің тропты гормонның секрециясының өзгеруінен (кортико -, сомато және лактотропты) эндокринді бұзылыстырға алып келуі мүмкін, аллергиялық реакциялар, күн сәулесіне тері сезімталдығының жоғарлауы, ұрықтың жатырішілік дамуының бұзылуы (терогенді әсер) және депрессия байқалады. Аминазин тітіркендіргіш әсер көрсетеді (флебит, инфильтрат). Бауыр, бүйрек зақымдалуында, тробоэмболияда және гипотонияда қолдануға болмайды.

Аминазин – Aminazinum (Б): 0,025; 0,05; 0,1 драже. -1-2 дражеден тамақтан соң тәулігіне 1-3 рет; 2,5% -1;2;5; және 10мл амп. (1-5 мл+2-5 мл 0,25-0,5% новокаин еріт ерітіп б/е тәулігіне 3 реттен көп емес, 2-3 мл 0,25-0,5% немесе 40% глюкоза еріт к/т – баяу енгізіледі.

Трифтазин – Triftazinum (Б): 0,005 және 0,01 таб – 1 таб тамақтан соң тәулігіне 2-4 рет; 0,2% 1 мл еріт амп. Шығарылып, 0,5-1 мл тәулігіне 2-4 рет б/е енгізіледі.

Этаперазин – Aethaperazinum (Б): 0,004-0,006 және 0,01 таб 1 таб тамақтан соң тәулігіне 3-4 рет енгізіледі.

Галоперидол – Haloperidolum (Б): 0,0015 және 0,005 таб, - 1таб тамақтан бұрын тәулігіне 2-5 рет; 0,2% 10мл еріт. Флаконда шығарылып, 10-15 тамшыдан тамақтан соң тәулігіне 2-5 рет; 0,5% 1 мл еріт. Амп шығарылып, 0,4-1мл тәулігіне 2-3 рет б/е енгізіледі.

Дроперидол – Droperidolum (Б): 0,25% 5 және 10 мл еріт. Амп шығарылып, 1-2 мл б/е және к/т енгізіледі.

Хлорпротиксен – Chlorothixenum (Б): 0,015 және 0,05 таб 1 таб тамақтан бұрын тәулігіне 2-4 рет; 2,5% 1 мл еріт. амп – 1-2 мл б/е енгізіледі.

Азалептин – Azaleptinum (Б): 0,025 және 0,1 таб – 1таб тамақтан соң тәулігіне 2-3 рет; лепонекс – 2,5% 2 мл еріт амп –б/е енгізіледі.

Сульпирид – Sulpiridum (Б) таб. 0,05;0,1 және 0,2 - 1таб. күніне 1-4 мезгіл; амп. 5% ерітінді 2мл – бұлшық етке 1-3мезгіл. Құсыққа қарсы әсер ететіндігінен және асқазан шырышты қабатына «ципопротекторлы» әсер ету себебінен және нерв системасын реттеуші болғандықтан онекі елі ішектің және асқазан ойық жараларында қолданылады.

2. Траквилизаторлар(анксиолитиктер) – жүйке тозуында (невроз) және невроз тәрізді бұзылыстарда байқалатын, бұлар психотропты дәрілік заттар, қорқынышты, үрейді, эмоциялық қысылуды, мазасыздықты, невтік бұршылуды алып тастайды. Нейролептиктерге қарағанда антипсихотропты әсер көрсетпейді.

Классификациясы:

1. Бензодеазепин  туындылары: диазепам (седуксен, сибазон, реланиум, валиум), феназепам, хлордиазепоксид (хлозепид, элениум, либриум), нозепам (оксазепам, тазепам), лоразепам, альпразолам (альпракс, ксанакс) медазепам (мезапам, рудотель, нобриум), тофизопам (грандаксин).

2. Басқа  топқа жататын дәрілік заттардың  туындылары:мепротан (мепробамат), амизил, оксилидин, мебикар, триоксазин.

Негізгі фармакологиялық тиімділігі:

- Транквилизациялаушы (анксиолитикалы - үрейге қарсы):феназепам, диазепам, лоразепам, хлордиазепоксид, мепробамат, амизилде.

- Ұқтатқыш.

- Тырырсуға  қарсы.

- Бұлшық  еттерді босатады.

- Транквилизаторлаушы  әсерлері наркотикалық, ұқтатқыш  және анальгетикалық әсерлерді  күшейтеді.

Әсер ету механизмі:бензодиазепин туындылары бензодиазепин рецепторларын қоздырады, орталық жүйке жүйесіндегі процестерді тежейді.

Қабылданылуы: невроздарда, соматикалық дерттерде (гипертоникалық, ишемиялық жүрек дерті, он екі елі ішек және асқазан ойық жараларында, экзема, нейродермит, вегетососусты дистония).

Кері әсері: эйфория шақырады, дәрілік бейімдеушілік, ұзақ уақыт қабылдар алып тастасақ абстиненетті синдром (ұйқысыздық, бұршылу, құсық, жүрек айну) жүрек дірілдеуі пайда болады.

Транквилизаторлар есте сақтау қабілетін төмендетеді, ұйқышылдық пайда болады, депрессия, бұлшық еттер әлсіз болады.

Қабылдауға болмайды: көлік жүргізгенде, ой жұмысымен айналысатын адамдарға. Бензодиазепин өткір бауыр бүйрек дерттерінде, жүктілікте.

Қабылдауға болмайды: емделіп жатқанда, құрамында спирті бар ішімдікті қабылдауға болмиайды.

Сибазон – Sibazonum (Б) 0,005 күніне 1-3 таб 1-2 мезгіл амп. 0,5% еріт 2 мл в/м 2-4 мл-н, в/в 4-6 мл баяу (10-20 мл. 40% глюкоза ерітіндісін араластырып ерітеміз.

Феназепам – Phenazepamum (Б) 0,005 және 0,001 гр 1 таб күніне 2-3 мезгіл.

Хлордиазепоксид – Chlordiazepoxidum (Б): таб 0,005 күніне 1-2 таб 1-4 мезгіл.

Күндізгі уақытта қабылдауға болатын транвелизаторлар.

Мезапам, Грандаксин, Оксилидин, Мебикар, Триоксазин бір қалыпты белсенді әсері бар. Транквелизаторлар ұйқышылдық шақырмайды тырысуға қарсы және бұлшық еттерді босатады, жұмыс істеу қабілетін төмендетпейді.

Мезапам – Mezapamum (Б)таб 0,01гр 1 таб күніне 2-3 мезгіл.

Грандаксин – Grandaxinum (Б)таб 0,05 1 таб күніне 1-3 мезгіл.

Мебикар – Mebicarum (Б): таб 0,3гр 1 таб күніне 2-3 мезгіл.

3. Седативті әсер ететін дәрілік заттар. (тыныштандыратын)

Қоздырғыштықтық тітіркендіргіш әсерлерді басады, транвелизаторларға қарағанда бірқалыпты, ұйқышылдықты шақырмайды, бұлшық еттерді босатады, жұмыс істеу қабілетін төмендетпейді. Транквелизаторларға қарағанда қорқыныш үрейді алып тастамайды. Дәрілік бейімдеушілік болмайды, ұйқыға әсер етіп бірақ адамның өзінің ұйықтар кезін жақсартады. Оның тереңдігін көбейтеді, тиімділігін жоғарлатады.

а) Бром препараты, Na бромиді, калий бромиді, бром камфора, бромидтер бас миындағы процестерді тежейді, қоздырғыштық және тежегіштік процестердің тепе-теңдігін шақырады, әсіресе ОЖЖ-н қозғанда.

б) Дәрілік өсімдік препараттары: валериана, бессмертник, пустырник, пассифлора, пиона, ново-пассит.

  Валериана препараты тыныштандырғыш әсерден басқа спазмолитикалық әсер көрсетіп жүрек тамырлар системасындағы неврозда және асқазан ішек жолдарының спазмасында қолданамыз. өсімдіктің седативті әсерлері жеңіл невроздарда, невростенияда, жоғары тітіркену кезінде вегатоневроздарда (гипертония, жүрек тамыр системасының неврозы, асқазан ішек жолдарының спазмасы және т.б.) ұйқысыздықта өсімдік препараты жақсы ағзада жақсы қабылданады. Амбулатор практикада жиі қолданылады әсіресе ересек адамда.

Кері әсері: бромидті ұзақ қабылдағанда кумуляция шақырады. Бромизм апатия (адамның ештеңеге көңіл күй бөлмейді, жан-жағынжа не болып жатқаны бәрі бір), мидың сақтау қабілеті төмендейді, шырышты қабаттар қабынады (канюктевит, жөтел, іш, өт, бронхит, грипп) теріде бөртпе пайда болады. Осы кезде бромид препаратын бірден алып тастау керек. Натрий хлорид пен бірге суды көп қабылдаймыз. (20 күнге дейін)

Натрий бромиді

Калий бромиді – Kalii Bromidum: 1-з% ерітінділер микстура құрамына кіріп ішке қабылданылады.

Бромкамфора – Bromcamphora: таб 0,15 және 0,25 1-2 таб күніне 1-3 мезгіл.

Настойка валерианы – Tincturae Valerianae : флакон 30 мл 20-30 тамшы

Экстракт валерианы: таб 0,02 гр 1-2 таб күніне 3-4 мезгіл.

Настойка пустырника: флакон 25 мл 30-50 тамшы дейін күніне 3-4 мезгіл.

Қосылып келген препараттар: карболал, Волокордин, валокормид, волосидан, персен, корвалол.

Корвалол – Corvalolum:флакон 15 мл күніне 2-3 мезігіл 15-40 тамшы. Карболол седативті, спазмолиткалық және тамырларды кеңейтетін әсер көрсетеді.

4. Антидепрессанттар

Антидепрессанттар (тимолептиктер): ниаламид (нуредел), имипрамин (имизин, мелипрамин), амитрептелин (триптизол), флуоксетин (прозак), пиразидол.

Антидепрессанттар депрессияның симптомдарын алып тастайды: апатия, психиканың бұзылыстары, көңіл күй төмен болады, негізі соматикалық дерттер пайда болуы мүмкін. Антидепрессанттар ден саушылығы түзу адамға әсер етпейді. Депрессияның болу формасына қарап әр түрлі препараттар қолданамыз. Мыс: астеникалық жағдайларда ынталандыратын қасиеті бар антидепрессанттар қолданамыз. Егер депрессия үрей шақырса онда психоседативті әсері бар антидепрессанттар қолданамыз.

Ниаламид – моноаминаоксидазаның (МАО), қайрымсыз және таңдамалы емес ингибиторы болып саналады. Ағзада серотиннің жиналуына норадреналин мен дофаминнің нерв жүйесінің аяғында жиналуында және оларды синаптикалық саңлаудан көп мөлшерде шығып орталық жүйке жүйесінде және басқа органдарда жиналуына әкеледі. Осы себептерден бұл дәрілік заттың кері әсері көп болып саналады.

Ниаламид – психостимуляторлық әсер көрсетеді. Егер МАО ингибиторымен ем жасасақ онад рационнан бірнеше тағамдарды алып тастауымыз керек: сыр, сливки, кофе, пиво, вино, копченности, печень птиц, арахис, банан, гарох.

Терамин бұл тағамдардың құрамында кездеседі де тераминді синдром шақырады. Гипертензивті криз болуы мүмкін.

Пиразидол – Pyrazidolum (Б): таб 0,025; 0,05, 1-2 таб күніне 2 мезгіл. МАО-ның А типті қайрымды ингибиторы болып саналады, орталық жүйке жүйесін реттейді, үрей, қорқыныш болған кезед седативті әсер етеді, ал ынталанған (адам шошаңдап кеткен кезде) кезде онда ол тежегіш әсер көрсетеді. 

Имипрамин – Imipraminum, Imizinum (Б): таб 0,025; 1-2 таб тамақтан кейін күніне 4 мезгіл, амп 1,25%-ды ерітінді 2мл, бұлшық етке 2мл ден күніне 1-3 мезгіл. Трициклдік антидепрессант болып табылады, селективті емес әсері бар, норадреналин, дофанин, серотониннің ұстап алуын блокироват етеді, синаптикалық саңылауда олардың көбеюіне әкеліп соғады, психостимуляторлық әсер көрсетеді.

Амитритилин – Amitriptylinum (Б): таб 0,025; амп 1%-ды ерітінді 2мл-ден бұлшық етке, көк тамырға. әсер ету механизмі имизимға ұқсайды, жоғары тиімді седативті әсер көрсетеді.

Флуоксетин – Fluoxetinum (Б): капсула 0,02 – 1 капсуладан  күніне таңертең бір мезгіл. Селективті әсер көрсетеді, сератиннің нерв жүйелерінің аяғындағы ұсталынып алынуын тежейді. Норадреналин мен дофаниннің ұсталынып алынуына аз әсер етеді, психостимуляторлық әсер көрсетеді.

Кері әсерлері: бұл препараттардың әсерлері холеноблокаторлармен әсерлері өте ұқсас психикалық күйзеліс қан қысымының өзгеруі, диспепсикалық бұзылыстар, гепатотоксикалық әсерлер және аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Қабылдауға болмайды: бауыр, бүйрек дерттерінде, қан системасы өзгерсе, атеросклерозда (күре тамырлардың кірлеуі), диабет, жүкті болғанда.

5. Нормотимикалық (нормотимические) дәрілік заттары: (лития препараттары).

 Литий карбонаты және литий оксибураты – алдын алу шараларында және маниакальды жағдайларда (маникально – депрессивті, шизоаффективті және органикалық аффективті психозда).

Әсер ету механизмі: лития натрий ионының антоганисі болып саналады яғни нерв клеткасының мембранасынан натрий ионының өтуін бұзады. Бұл бір қалыпты жағдай жасап адамның бұршылуын тоқтатады және орталық жүйке жүйесіндегі нейромедиаторлардың процестеріне әсер етеді. 

Лития карбонаты – Lithii Carbonas таб 0,3 ішке, тамақтан кейін 2-3 мезгіл қабылдаймыз. Литий оксибураты ішке және бұлшық етке қолданамыз. Негізі ұзақ әсер ететін дәрілік препараттар бар микалит және контемнол.

Кері әсері: қолдың саусақтары дірілдейді, бұлшық еттері әлсіз болады, диспепсия, шөл, жүрек ритмі бұзылады. Терапевтік әсері аз, лития препараттары дозаны дәл беруді талғайды.

Қабылдауға болмайды: бүйрек, жүрек дерттерінде, жүкті болғанда, қалқанша без дертінде.

 

6. Психостимуляторлар – кофеин, феномин (амфетамин), меридил (центедрин), сиднокарб (мезокарб), сиднофен, бемитил (бемиктор). Психостимуляторлар орталық жүйке жүйесін ынталандырады, ой жұмысын жақсартып, ауыр жұмыс істеу қабілетін де көтереді. Көңіл күйді жақсартады, тітіркендіргіш әсерлерді алмауға ынталандырады, тамақ ішуді және ұйқтауды азайтады бірақ ой және ауыр жұмыс біздің ағзамыздағы резервтерді азайтады. Психостимуляторларды жиі ұзақ қолдансақ психикалық нерв жүйесі тозады. Бір рет қабылдағанның өзінде дем алған дұрыс дәрілік бейімдеушілік пайда болады (әсіресе фенаминнен) сондықтан бұл дәрілік заттарды тек қана рецепт арқылы қолданып қабылдағанда сақ болуымыз керек. Фенамин сыртқы симпатомимикалық әсер көрсетіп: қан қысымын көтереді, тахикардия шақырады жүректің жиырылуы күшейеді, көздің қарасы кейеді, бронхтың бұлшық еттері босайды. Меридиламин сиднокардта бұл әсер аз мөлшерде. Сиднофен антидепрессивті әсер көрсетіп психостимуляторлық әсері аз. Кофеинде психостимуляторлық әсері жоғары бірақ аналептикалық әсер көрсетеді. Психостимуляторлар (сиднгокард, сиднофен, меридил).

Информация о работе Жалпы рецептура