Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 12:02, лекция
Фармакологияның алдына қойған мақсаттары:
1. Белгілі дәрілік заттарды дұрыс, ағзаға қауыпсіз қолдана білу.
2. Жаңа дәрілік заттарды тауып, оларды дұрыс қолдану.
3. Дәрілік заттардың сапасын дұрыс тексеру.
4. Дәрілік өсімдіктерді дұрыс қолданып, фитотерапиялық анализ жасау.
5. Клиникалық фармакологияны дамыту. Дәрілік заттардың жанама әсерлерін зерттеу.
6. Дәрілік заттардың уытты әсерлерін зерттеу, дозасын дұрыс тағайындау.
Морфин опиа алкалойды болып табылады, опиада 20дан астам алкалойд бар. Негізі опий мак гүлінің шырынынан алынады.
Морфиннің фармакологиялық тиімділігі әр түрлі.
а) ауыру сезімінің орталығын тежейді, жөтелдің және тыныс алу орталығын да тежейді. Морфин ұйқтатқыш және седативті әсер көрсетіп эйфория шақырады. Жылу реттеу орталығын тежейді, дене температурасы төмен түседі.
б) ынталандырады: көздің қозғалыс нервісінің орталығын ынталандырып миоз (көздің қарашығының тарылуы) шақырады. Құсық орталығын ынталандырып құсық шақырады.
Наркотикалық анальгетиктердің қолданылуы: қатты күйіктерде, шоктарда, операциядан кейінгі кездерде, қатерлі ісіктерде, инфаркт миакардада, бауыр, бүйрек, ішек шаншуларында және т.б. кезеңдерде қолданамыз.
Кері әсері: тыныс алу орталығын тежейді, брадикардия шақырады, құсық, жүрек айниды, іш қатады.
Қабылдауға болмайды: 3 жасқа дейінгі балаларға және жасы үлкен қарттарға. Ми зақымдалғанда және диагноз әлі дұрыс қойылмаған кезде қабылдауға болмайды.
Басқа да наркотикалық анальгетиктердің ерекшеліктері
Омнопон – новогаленді препарат, құрамында 50% морфині бар, анальгетикалық әсері төмен, құрамындағы папавирин алкалойды жұмсақ бұлшық еттердің спазмасын босатады сондықтан оны бауыр, бүйрек, ішек шаншуларында қолданамыз. Спазмалитиктермен (атропин, папавирин, но – шпа) бірге қосып қолдануға болады.
Промедол – морфинге қарағанда әлсіз, тыныс алу орталығын аз тежейді, зәр шығаратын жолдардың бұлшықеттерін босатады, асқазан ішек жолдары, қынаптағы жұмсақ бұлшықеттерді де босатады бірақ тонусын жоғарлатады, қынаптың жиырылуын күшейтеді. Сондықтан жүкті әйелдер қабылдағанда тез босанады. Ал морфиннің өзі қынаптың жұмсақ бұлшық еттерін босатады туу процесін ұзартады және нәрестенің тыныс алуын қиындатады.
Фентанил – морфинге қарағанда 100-150 есе күштірек бірақ әсер етуі қысқа 30 минут. Нейролептанальдық жағдайларда және болевой шокта қолданылады, морфинге қарағанда тыныс алу орталығын қатты тежейді.
Пентазоцин, буторфанол, трамадол – тыныс алу орталығын тежемейді және бейімдеушілікті аз шақырады.
Просидол – морфинге қарағанда күші аз, жұмсақ бұлшық еттерді (қуықтың және ішектің) босатады.
Трамадол – әсер ету механизмі аралас келеді. Себебі ол опиотты және опиотты емес анальгетик болып келеді. Нерв синомстарының сератин және норадреналиннің нейроналдық байланысына әсер етеді. Тыныс алу орталығына аз әсер етеді, асқазан ішек жолдарына жақсы әсер етеді. Дәрілік бейімдеушілігі аз әсер етуі 3-5 сағатқа созылады, өткір ауыру сезімдеріде және созылмалы, орташа созылмалы дерттерде қолданылады.
Наркотикалық анальгетиктермен қатты уыттанғанда адам есінен таниды, тыныс алуы қиындайды, қан қысымы төмендейді, миоз және дене температурасыда төмендейді. Балаларда тырысу пайда болады, өлім тыныс алу орталығының параличінен болады.
Көмек: асқазан жуу 0,05% калий перманганатымен ерітіндісімен бірнеше рет жуамыз немесе белсендірілген көмірден суспензия дайындап жуамыз. Себебі морфин асқазан шырышты қабаттарынан жақсы бөлініп қайтадан қанға сіңеді. Ішке белсендірілген көмір және тұз ерітінділерін қабылдаймыз, көк тамырға наркотикалық анальгетиктердің антагонисін налоксон қолданамыз, ол наркотикалық анальгетиктерін опиотты рецепторлармен байланысуын тежейді немесе опиотты рецепторларға мүлдем байланыстырмайды. Әсер етуі 1-2 сағаттан кейін басталады, 24-48 сағатқа созылады, көбінесе наркоманияға қолданылады, оттегі терапиясы да қолданылуы мүмкін, жасанды өкпе вентиляциясын жасаймыз. Аналептиктер қолданамыз, атропин, диурез шақырамыз, науқастың денесін жылы ұстаймыз, тілінің өңешке кетпеуін қадағалаймыз.
Морфин гидрохлориді – Morphini hydrochloridum (А): таб 0,01 күніне 2-3 мезгіл 1таб. Ампула (шприц-тюба) 1% ды 1мл тері астына енгіземіз. Әсер етуі 3-5 сағат.
Омнопон – Omnoponum (А): амп 1%; 2%; 1мл ден тері астына.
Промедол – Promedolum (А): таб 0,025; амп 1%; 2%; 1мл тері асты, көк тамыр, бұлшық ет.
Фентанил – Phentanylum (А): амп 0,005% 2 және 5 мл ерітінді. Бұлшық ет көк тамыр.
Пентазоцин – Pentazocinum (А): таб 0,05, амп 3% ерітінді 1мл, көк тамыр, бұлшық ет, тері асты.
Буторфанол – Butorfanolum (А): амп 0,2% ды ерітінді 1мл, в/в, в/м.
Бупренорфин – Buprenorphinum (А): таб 0,0002 – ішке және тіл астына, амп 0,03% ды ерітінді 1мл в/м, в/в.
Трамадол – Tramadolum (А): кап 0,05, тәулігіне 3-4 мезгіл ( 8 мезгілге дейін болады). Свечи 0,1, амп 5% ды ерітінді 1 және 2 мл в/м, в/в.
2. Наркотикалық емес анальгетиктер
Наркотикалық емес анальгетиктер ауырып тұрған сезімді басады, көтерілген дене температурасын түсіреді, қабынуға қарсы әсер етеді.
Қолданылуы: оларды қабыну кезінде болатын ауырып тұрған сезімді алып тастау үшін қолданамыз: невралгияда, радикулитте, тіс, бас, буын бұлшық еттердің ауырғанда, ревматизмде, СЫНЫҚТАРДА ҚОЛДАНБАЙМЫЗ. Наркотикалық емес анальгетиктер жоғары дене температурасын түсіру үшін қолданылады. Наркотикалық анальгетиктерге қарағанда олар ұйқтатын және седативті әсері жоқ тыныс алу және жөтелу орталығын тежемейді, эйфария шақырмайды, дәрілік бейімдеушілігі жоқ.
Анальгетиктердің әсер ету механизмі: циклооксигеназдың ферментінің ингибиторы (тежегіш).
Дененің жоғары температурасын төмендетуі: дене температурасының реттегіш орталығын сезімталдығын төмендетеді.
Қабынуға қарсы әсері: простагландин медиаторының бөлінуін азайтады.
Классификациясы:
а) анальгетиктер – антипиретиктер (анальгетикалық және дене температурасын төмендететін дәрілік заттар).
Кері әсері: диспепсия, жүрек айниды, құсық болады, асқазанда ауру сезімі пайда болады, асқазан ішек жолдарынан қан ағуы мүмкін, аллергиялық реакциялар, бронхоспазм, бас айналады, есту қабілеті төмендейді, құлақта шу пайда болады, қанның ұюы төмендейді. Ацетилсалицил қышқылынан дайындалатын препараттар: тромбо АСС, аспирин-кардио, 0,05; 0,1г болып келеді, тез еритін таб түрінде «Асперин С», «АЦЦ+С-Меркле», «Форталгин С», «Алка-Зельтцер».
Инекцияға арналған дәрілік заттар: ацеоизин (аспизоль), флакон 1мл ден 5мл инекцияға арналған сумен араластырып в/в, в/м – тамшылатып натрий хлорид немесе глюкоза ерітінділерін 200мл көлемде қосып енгіземіз, натрий салицилаты: амп 10% ерітінді 5 және 10мл болады в/в. Қосылып келетін препараттар: «Асфен», «Аскофен», «Кофицил», «Цитрамон», «Седальгин», «Олдон», «Ацифеин», «Миронал», «Томапирин», «Ринг N».
2. Пиразолон туындылары: антипирин, амидопирин, анальгин.
Анальгин – Analginum (Б): таб 0,5; амп 50% ды ерітінді 1 және 2мл ден в/м, в/в. Анальгин ауырып тұрған сезімді алып тастайды, қабынуға қарсы әсер етеді, дене температурасын түсіреді.
Кері әсері:
қанның ұюын тежейді (лейкопения, гранулоцитопения,
агранулоцитоз), аллергиялық реакциялар,
ісінулер. Анальгиннен дайындалатын препараттар:
баралгин, максиган, спазган, спазмалгон,
триган – таб және амп түрінде 5мл – в/м,
в/в, құрамдары (анальгин+миотропты спазмалитик+М
холиноблокатор) бұл препараттар анальгетикалық,
спазмалитикалық әсер көрсетіп бүйрек,
бауыр, ішек шаншуларында, панкриатитте
қабыладанады. Темпалгин (анальгин+темпидин-
Тетралгин,
пенталгин – анальгетик ретінде қолданылады.
Андипал (анальгин+дибазол+папаверин+
3. Пара-аминофенол туындылары: парацетамол (панадол, ацетаминофен, эффералган, тайленол, калпол) – анальгетикалық және дене температурасын төмендеткіш қасиеті бар, қабынуға қарсы әсер етпейді.
Кері әсері: нефротоксинді және гепатотоксинді қанның түзілуі бұзылады, аллергиялық реакциялар болады, кішкентай балалар жиі салицилаттарды қабылдап папацетамолды аз қабылдағанның өзінде Рейе синдромы өте ауыр түрінде болады: бүйректің дистрофиясы (асқынған майлы, ми, бауыр) көбінесе өліммен аяқталынады.
Папацетамол – Paracetemolum (Б): таб 0,5; 0,2: свечи 0,25; 0,5. солпадеин (парацетамол+кодеин+кофеин); таб «Дарвал», «Панадол-экстра» (парацетамол+кофеин), «Колдрекс», «Фервекс», «Тера-Флю», «Ибуклин», «Ринза» және т.б.
б) Стероидты емес қабынуға қарсы әсер ететін дәрілік заттар. (қабынуға қарсы әсері жоғарылау тағы да дене температурасын төмендетеді және ауырып тұрған сезімді алып тастайды).
Қабылданылуы: ревматизмде, ревматоидты артритте, полиартитте, миокардитте, радикулитте, Бехтерева дертінде, артрозда, невралгияда, миозитте, флебитте, подаграда.
Бутадион – Butadionum (Б): таб 0,15; күніне 3-4 мезгіл тамақпен бірге немесе тамақтан кейін 1 таб. мазь түрінде 5% ды 20 мл.
Реопирин (бутодион+амидопирин) синонимі Пирабутол таб және амп 5мл бұлшық етке.
Кеторол – Ketorol: таб 0,01 күніне 4-6 мезгіл 1-2 таб, амп 3% ды ерітінді 1мл ден в/м, в/в.
Диклофенак – натрий (ортофен, вольтарен) Diclofenac – natrium (Б): таб 0,025; 0,05: 1-2 таб күніне 2-3 мезгіл тамақпен бірге немесе тамақтан кейін, амп 2,5% ерітінді 3мл в/м. Уыттығы төмен сондықтан терапевтік әсер етуі кең қабынуға қарсы дәрілік зат ретінде жиі қолданады.
Ибупрофен (бруфен, нурофен) – Ibuprofenum (Б): таб 0,2; 0,4. фенил пропион қышқылының туындылары болып келеді, белсенділіг жағынан бутадинға жақын уыттығы төмен, асқазан ішек жолдарының шырышты қабаттарын тітіркендірмейді. Басқа дәрілік заттармен қорсылып келген препараттары: «ибуклин», «новиган».
Напроксен (напросин) – Naproxenum (Б): таб 0,25 таңертең және кешке 1 таб. әсер етуі басқаларына қарағанда ұзақ бірақ қабынуға қарсы әсері төмен, уыттығы аз.
Кетопрофен (кетонал) – Ketoprophenum (Б): капс 0,05 тамақпен бірге күніне 3мезгіл, таб 0,2 таңертең тамақпен бірге немесе тамақтан кейін күніне 1таб, бірден жұту керек ащты болады, свечи 0,1, амп 10% ды ерітінді 1мл в/м, ибупрофенге әсер етуі және құрылымы ұқсас.
Окскам туындылары: пироксикам (фелден) – әсер етуі ұзақ тәулігіне мезгіл қолданамыз.
Лорноксикам (ксефокам) – анальгетикалық әсер етуі жоғары операциядан кейінгі кезеңдегі ауырып тұрған сезімді және ісік дертіндегі сезімдерді алып тастайды.
Мелоксикам (мовалис) – қабыну очагын бұзады қайшы әсері аз целекоксиб, нимесулид (месулид, нимесил, нимулид) – сульфонаниламидтердің туындысы терапевтік дозалары асқазан ішек жолдарына әсер етпейді, тробоцидтердің агрегациясына өзгеріс енгізбейді.
Қабылдауға болмайды: он екі елі ішек және асқазан ойық жараларында асқазан мен ішектен қан аққанда, бауыр. Бүйрек функциясы бұзылса, бронхоспазмде («аспирин» астмасы туу мүмкін) лактация, лейкопения, жүктілікте, кішкентай балаларға байқап қабылдаумыз керек.
7. Психотропты дәрілік заттар.
Психотропты дәрілер адамның психикасы мен эмоциясына, көңіл-күйіне, мінез құлқына және ойлау қабілетіне таңдамалы әсер етеді.
Психотропты дәрілдердің жіктелуі:
1. Нейролептиктер (психозға қарсы дәрілер): қабылдауды және ойлау қабілетін қалыпты жағдайға келтіріп, психикалық қозуды (сандырақ, елестеу, қорқыныш, озбырлық (агрессивтілік) басатын дәрі-дәрмектер тобы. Бұл топ препараттардың көбісінің айрықша тыныштандыратын қасиеті бар. Нейролептиктердің жіктелуі: