Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 12:02, лекция
Фармакологияның алдына қойған мақсаттары:
1. Белгілі дәрілік заттарды дұрыс, ағзаға қауыпсіз қолдана білу.
2. Жаңа дәрілік заттарды тауып, оларды дұрыс қолдану.
3. Дәрілік заттардың сапасын дұрыс тексеру.
4. Дәрілік өсімдіктерді дұрыс қолданып, фитотерапиялық анализ жасау.
5. Клиникалық фармакологияны дамыту. Дәрілік заттардың жанама әсерлерін зерттеу.
6. Дәрілік заттардың уытты әсерлерін зерттеу, дозасын дұрыс тағайындау.
циквалон – қабынуға қарсы:
никодин – микробқа қарсы әсер көрсетеді.
Холесекретиктерді жіті қабынуы мен бауырдың айқын дистрофиялық процестерінде және өт жолдарының тығындалуымен жүретін өт тас ауруларында қолдануға болмайды.
Аллохол – Allocholum: 1 таб тамақтан кейін тәулігіне 3 рет белгіленеді.
Оксафенамид – Oxaphenamidum: 0,25 таб шығарылып 1 таб тамақ алдында тәулігіне 3 мезгіл.
Никодин – 0,5 гр таб, 1 таб тамақ алдында 3 мезгіл.
Холосас – 300 мл флаконда 1шай қасықтан 30 мин тамақ алдында тәулігіне 2-3 мезгіл.
Холагогум – 1-2 капс тамақпен бәрге немесе тамақтан кейін белгіленеді.
б) Өт бөлуін жеңілдедетін дәрілік заттар (холекинетиктер) - өттің ағуын жеңілдетеді.
- өт бөліну жолдарының дискензиясының гипотониялық түрінде өттің ұлтабарға өтуін жақсартатын, өт қуығының тонусын жоғарлататын Одди свинктерін босаңсытатын препараттар: магний сульфаты, ксилит, сорбит, маннит, зәйтүн немесе күнбағыс майы қолданылады.
Әсер ету механизмі: ұлтабардың рецепторларының тітіркенуімен байланысты,магний сульфаты өт түтігіне спазмалитикалық әсер көрсетеді осы топ препараттары өт түтігіне әсер етіп өт қалтасының атониясында, дисенезияларында, созылмалы холециститте, гипотитте қолданылады. Бұларды бауыр мен асқазанның жедел қабыну ауруларында, өт-тас ауруларында қолдануға болмайды.
Магний сульфаты – Magnesii sulfas: ұнтақ түрінде, 1 ас қасықтан 25% 50мл жылытылған ерітінді тағайындалынады.
-өт бөліну
жолдарының дискенизиясының
Холелитолитикалық дәрілер - өт қалтасындағы тастарды ерітеді: хенодезоксихол қышқылы (хенофальк, хенодиол), урсодезоксихол қышқылы (урсофальк, урсосан) – 0,25 капс. Тек қана түнде қабылдау қажет, себебі өт холестеринмен түнде қанығады, ал бұл препараттар бауырда холестерин синтезін бұзып, холестеринді тастардың біртіндеп еруіне алып келеді. Препараттарды ұзақ 6 айдан 3 жылға дейін қабылдау қажет.
Гепетопротекторлар (бауырды сақтандыру дәрісі) – бауыр жасушаларына қорғаныш әсер көрсетіп, қайта қалпына келуіне мүмкіндік жасайды, жағымсыз әсерлерге тұрақтылығын күшейтеді. Олар созылмалы гепотитте, бауыр дестрофиясында, цейрозында, бауырдың улы заттар мен зақымдалуында қолданылады.
Эссенциал – (құрамында фосфолипидтер, В6,В12, В5, РР витаминдер).
Бұл препарат зат алмасу белсенділігі бұзылған бауырды жоғары энергетикалық «эссенциалды» фосфолипидтердің сіңірілуіне дайын жоғары мөлшерде қамтамасыз етеді.
Қолданылуы: бауырдың май басқан дегенерациясы, созылмалы гипотит, цирроз, бауыр жасушасы некроз, бауыр комасы, команың алдын алу, бауырдың уытты зақымдануы, жүктілік кезінде уланулар, операция алдындағы және кейін емдеу, псориаз.
2 капсуладан тәулігіне 3 мезгіл тамақпен бірге қолдануға болады. 10мл амп түрінде 10-20мл 5% глюкоза ерітіндісімен 200-500мл көлемінде к/т тамшылатып тәулігіне 2-3 мезгіл енгіземіз.
6. Іш жүргізетін дәрілер
а) Ішектің барлық бөлімдеріне әсер ететін іш жүргізетін дәрілер. Тұзды іш жүргізетін дәрілер (ішектің осмыстық қысымын жоғарлатады): магний сульфаты, натрий сульфаты, табиғи карловар тұзы.
Әсер ету механизмі: бұл препараттар асқазан ішек жолдарында нашар сіңіріліп ішектің осмыстық қысымын жоғарлатып судың сіңірілуін төмендетеді. Ішек құрамының көлемі жоғарлайды, ол рецепторлардың тітіркенуіне және ішектің толқи жыиырылуының күшеюіне алып келеді. Препаратты 1-2 стакан сумен қабылдаған жөн. әсері 2-4 сағаттан соң басталады. Жіті іш қатуда, жедел улануда және кейбір құрттарға қарсы дәрілермен емделуге бірге қолданылады.
Жанама әсері: магний иондары резорбтивті әсер көрсетуі мүмкін. әсіресе бауыр жеткіліксіздігінде және ОЖЖ-ң, жүрек жұмысының тежелуін шақыруы мүмкін, ал балаларда ағзаның сусыздануына алып келеді. Тұзды іш жүргізетін дәрілерді әрдайым қолдануға болмайды, себебі олар құнарлы заттардың сіңірілуін бұзады. Балалардың жүрек және бүйрек жеткіліксіздігінде абайлап қолданған жөн.
Магний сульфаты – Magnesii sulfas: ұнтақ түрінде, 10-30гр аш қарынға 1-2 стакан сумен қабылдаған жөн.
Натрий сульфаты – Natrii sulfas (кастор майы) ұнтақ түрінде дәл мс сияқты қолданылады.
Касторовое масло (майсана майы) – үпілмәлік (клещевина) тұқымынан алынған препарат.
Әсер ету мехнизмі: кастор майы ұлтабарда рицинол қышқылы түзілуі арқылы ыдырайды. Ол ішектің рецепторларын тітікендіреді, толқи жиырылу қызметін күшейтеді. Судың және электролиттердің сіңірілуін тоқтатады. әсері 2-6 сағаттан соң басталады, жіті іш қатуда, ренгалогиялық зерттеулерге, науқасты дайындар алдында қолданылады.
Жанама әсері: жатыр бұлшық етінің рефлекторлы жиырылуында (бұрын босануды қуаттандыру үшіне қолданған) жиі қолдануға болмайды себебі астың қорытуын бұзады. Жүктілікте майда еритін заттармен ( бензол, фосфат және т.б) уланғанда қолдануға болмайды. Себебі кастор майы уытты заттардың сіңуін жақсартады.
Кастор майы – Oleum Ricini: 1,0 капс түрінде шығарылады, 15-30 капс болады. 30 мл флаконда 1-2 ас қасықтан ішуге белгіленеді.
Осмыстық іш өткізетін дәрілер: форлакс, лактулоза («Нормазе», «Порталак»), маннит және сорбит жатады. Бұл препараттар ішектің осмыстық қысымын жоғарлатып созылмалы іш қатуда қолданылады.
б) Тоқ ішекке әсер ететін дәрілер. Әсер ету механизмі: тоқ ішекке электролиттер мен сулардың сіңіріліуін төмендетіп, тоқ ішек рецепторларын қоздырады, ал аш ішекке әсер етпейді де қоректі заттардың қорытылуы мен сіңуін бұзбайды. Әсері 8-10 сағаттан соң байқалады, көбігнесе таңертең немесе түнде тағайындалады. Созылмалы іш қатуда қолданылады.
Жанама әсері: үйренгіштік тудырады, сондықтан препарттарды кезектестіру қажет. Ұзақ қолданғанда – гипокалиемия, антраценгликозидтер, шырышты қабықшаның түпті тік ішектің бұлшық ет қабықшасының зақымдалуын, бауыр қызметінің бұзылуын, ал синтетикалық іш жүргізетін дәрілер – аллергиялық реакциялар шақыруы мүмкін. Ішектің түйілуінде, іш теспесі синдромында қолдануға болмайды.
Бисакодил – Bisacodilum: 0,005 таб түрінде, 1-3 таб түнге (немесе шайнамай таңғы астан 30 мин бұрын) белгіленеді.
Guttalax – гутталакс: 10 мл флаконда түрінде, 5-10 тамшыдан таңертең немесе ұйықтар алдында.
в) Ішек құрамының көлемін үлкейтетін дәрілер (толықтырғыштар), (ішек рецепторларын механикалық тітіркендіреді).
Бұл заттар сіңірілмейді, суды сіңіріп, ісініп, механикалық әлсіздендіретін әсер көрсетеді: ламинария (теңіз қырық қабаты), ламинарид, агар (гемицеллюлоза), кебектер, жолжелкен (подорожник) препараттары: натур -* кер, натурилакс, мукофальк.
г) Нәжісті жұмсартатын дәрілер. Оларға: вазелин майы, бадам майы, глицерин (суппозиторий) жатады.
Прокинетиктер – гипотонияда және ішек атониясында қолданылатын, ішектің тонусын және толқи жиырылу қызметін қалпына келтіретін дәрілер: М – холиномиметиктер (ацеклидин), антихолинэстеразды дәрілер (прозерин), метоклопрамид (церукал) және оның 2-буының аналогтары: мотилиум (домперидон) және цизаприд.
Ішектің толқи жиырылуы қызметін әлсірететін дәрілерге - әсері миотропты спазмолитиктер (папаверин, но-шпа), М-холиноблокаторлар (атропин, платифиллин), ішектің біріңғай салалы бұлшық еттерінің ауырсынуымен өтетін түйілуінде (ішек шаншуларында) қолданылады.
Папаверин гидрохлориді - Papaverini hydrochloridum (Б): 0,04 таб – 1-2 таб тәулігіне 3-5 рет; 0,02 супп: 2% 2 мл еріт амп шығарылып т/а, б/е, к/т енгізіледі.
Но-шпа – Nospanum (Б): 0,04 таб – 1-2 таб тәулігіне 2-3 рет; 2% 2 мл еріт амп – т/а, б/е, к/т енгізіледі.
Диареяға қарсы дәрілер (іш өтуге қарсы): лоперамид (имодиум) – ішектің опионды рецепторларымен байланысып, ішектің толқи жиырылу қызметін тежеп, сфинктер тонусын жоғарлатады, сұйықтардың сіңірілуін күшейтеді. Жұқпалы диареяда міндетті түрде химиотерапевтикалық дәрілермен қиыстырылып белгіленеді. Ішектің қабыну ауруларында бырыстырғыш дәрілер (емен қабығының қайнатпасы (кора дуба), мойыл жеміс (черемуха) және т.б.) тағайындалады.
Сіңіргіш дәрілерде (белсендірілген көмір, смекта, аттапульгит = реабан) диареяға қарсы әсер көрсетеді. Ішек микрофлорасын қалпына келтіру үшін (ішек қуысындағы ішек флорасын, рН-ты және су-электролиттік тепе-теңдігін қалпына келтіретін, сонымен бірге ішек қабығының эпителиалдық жасушалардың синтезін ширататын препараттар) микроб қоспалары бір қалыпты температура да сақталынады (Бифидум бактерин, Колибактерин, Лактобактерин, Бификол, Бактисубтил, Линекс, Хилак-форте) тағайындалынады.
Шеткерлік жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілік
Шеткерлік жүйке жүйесі жүйкелерден және ганглийлерден тұрады. Ол афференттік және эфферентті болып бөлінеді. Мүшелер мен ұлпалардан ОЖЖ-не қозуды өткізетін жүйке талшықтарын афферентті ал, ОЖЖ-нен мүшелер мен ұлпаларға қозуды өткізетін жүйке талшықтарын эфферентті деп атайды.
А. Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер
Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілерге: жергілікті анстетіктер, бырыстырғыш, бүркеуші, сіңіргіш және тітіркендіргіш дәрілер жатады.
1. Жергілікті анестетиктер афферентті жүйке ұштарының қозғыштығы мен жүйке талшықтарына импульстарының өтуін таңдамалы және қайтымды түрде тежеп, сезімталдықтың барлық түрлерінің жойылуына (ауырсыну сезімінің) байланысты жергілікті жансыздандырады. Анестезия дегеніміз жансыздану деген мағынаны білдіреді. Анестезияның әсер ету механизмі жасуша мембраналарының ішкі жағынан натрий өзекшелерінің тежелуімен байланысты. Ол әсер потенциалының пайда болуын азайтып, импульстің өтуін нашарлатады. Барлық жергілікті анестетиктер (суда ерімейтін анестезиннен басқа) өндірісте тұз қышқылының судағы ерітіндісі түрінде шығарылады. Жергілікті анастетиктерді анестезиялардың барлық түрінде қолданады.
Анестезия түрлері: беткейлі, өткізгіштік, жұлын, инфильтрациялық (егу) анестезиялары.
а) беткейлі (терминальды) анестезияда кокаин (Оңтүстік Америка өсімдігі алколоидынан ең алғаш анестетигі, улылығы мен дәріге тәуелділік – кокаинизм тудыруына байланысты қолданылуы шектеулі), дикаин (тетракаин), анестезин (бензокаин), пиромекаин (букмекаин) қолданылады. Беткейлі анестезия оториноларингологияда, офтальмологияда, урологияда, стоматологияда, қышқыма, жара, күйік және т.б. тері қабатының анастезиясы үшін кеңінен қолданылады. Анестетиктерді беткейлі қабатқа ерітінді және жағылма түрінде тағайындайды. Ішек түйілуінде және тік ішектің ауруларында (жарылуда, қышыну, геморрой) суппозиторий түрінде (анестезин, новокаин) белгіленеді. Асқазан ауруларында (құсу және жүрек айнуымен жүретін гастритте, жара ауруларында) ішке (анестезин) белгіленеді. Осы препраттардың ішінде анестезин суда ерімейді тек майда, спиртте ериді, сондықтан ұнтақ, жағылма, таблетка түрінде ғана шығарылады.
б) өткізгіштік, жұлынды және инфильтрациялық анестезияларда: новокаин (прокаин), лидокаин (ксикаин, ксилокаи н), тримекаин, бупивикаин (маркаин, карбостезин), артикаин (ультракаин), прилокаин (цитанест), бензофурокаин қолданылады. Бұл анестезия үшін ерітінділер міндетті түрде залалсыздандырылған (стерильденген) болуы тиіс. Бұл препараттар улы және әсері өте қысқа болып келеді. Сондықтан улылығын төмендетіп, әсерін ұзарту үшін 5-10 мл препарат ерітіндісіне 1-2 тамшы 0,1 % адреналин гидрохлоридін (қан тамырларды тарылтатын қасиеті бар) қосу қажет.
Өткізгіштік анестезия стоматологияда, хирургияда, терапевтикалық тәжірибедегі невралгияда қолданылады. Анестетиктерді жүйке жолына (жүйке талшықтарының барлық сезімталдықтары жойылады) енгізеді. Көбінесе 1-2% ерітінділері қолданылады.