Жалпы рецептура

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 12:02, лекция

Описание работы

Фармакологияның алдына қойған мақсаттары:
1. Белгілі дәрілік заттарды дұрыс, ағзаға қауыпсіз қолдана білу.
2. Жаңа дәрілік заттарды тауып, оларды дұрыс қолдану.
3. Дәрілік заттардың сапасын дұрыс тексеру.
4. Дәрілік өсімдіктерді дұрыс қолданып, фитотерапиялық анализ жасау.
5. Клиникалық фармакологияны дамыту. Дәрілік заттардың жанама әсерлерін зерттеу.
6. Дәрілік заттардың уытты әсерлерін зерттеу, дозасын дұрыс тағайындау.

Файлы: 1 файл

фармакол. каз.лек.docx

— 321.97 Кб (Скачать файл)

Эринит (пентаэритрил тетранитраты) – 0,001 таб ішке белгіленеді, бірақ белсенділігі төмен.

б) β-адреноблокаторлар – жүректің β-адренорецепторларын тежеп адреноргиялық әсерін төмендетеді. Ол жүрек жиырылу жиілігі мен күшінің төмендеуіне, жүрек жұмысын жеңілдете отырып миокардтың оттегіне қажеттілігін төмендеуіне алып келеді. Демек қамтамасыз етуі қажеттілігінің сәйкессіздігін басады. Жүректің ишемиялық ауруларында біріктірлген емдеуінде тағайындалады.

в)кальций арналарының блокаторлары(кальций антагонистері): фенигидин (нифедипин, коринфар)- дигидропиридин туындылары;верапамил(изоптин)-фенилалкиламиннің туындылары;дилтиазем(дильрен)-бензотиазепин туындылары.Бұл препараттар кальций арналары миокард жасушасына кальий иондары енуін бұзып, жүрек жұмысын жеңілдетіп, оттегіге қажеттілігін төмендетеді. Коронарлы қан тамырларды кеңейтіп, қан ағысын күшейтіп, миокардқа оттегінің жеткізілуін жеңілдетеді. Бұл топ препараттарын нитрат препараттары әсер етпеген жағдайда белгіленеді. Верапамил мен дилтиазем жүректің өткізгіштік жүйесіне көбірек әсер етіп, тахиаритмияда қолданылады. Фенигидин жүректің өткізгіштік жүйесіне аз әсер етіп, айқын антиангинальды белсенділік пен гипотензивті әсер көрсетеді, сондықтан стенокардия мен гипертонияны емдеу үшін қолданылады. Гипертониялық кризде сублингвальды (таблетканы тіл астына ұстау қажет) белгіленеді.

Жанама әсері: бас ауруы, рефлекторлы тахикардия, беттің қызаруы және ыстықты сезіну, аяқ қолдың ісінуі және кей жағдайда терінің аллергиялық реакциялары байқалуы мүмкін. Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің ауыр түрінде, синусты түйінінің әлсіз белгісінде (β-адреноблокаторлармен бірге қабылдауға болмайды), айқын гипотензия, жүктілікте және лактацияда қолдануға болмайды.

Фенигидин – Phenihydinum (Б): 0,01 таб (драже) – 1таб тәулігіне 2 рет белгіленеді.

Фенигидин тобының екінші буындағы препараттары: амлодипин (нормодипин, стамло, норваск), исрадипин (ломир), нитрендипин (байпресс), никардипин (локсен), риодипин (форидон) - әсері ұзақ және жанама әсері аз. Кальций антагонистінің жаңа топ препараты жасушаларды тежеу нәтижесінде корнарлық және шеткерлік қан тамырларды кеңейтеді, сонымен қатар ренин мен альдостеронның секрециясын азайтып, адренрниялық белсенділікті төмендетеді. Осыдан мебефрадил кардиомициттердегі L-түтігіне әсер етпейді және миокард жиырылғыштығын өзгертпейді. Жүректің ишемиялық ауруы мен гипертониялық ауруларда тәулігіне 1 рет белгіленеді.

г) Басқа да антиангинальды дәрілер (қосымша):

Әсері миотропты коронарлы артерияларды кеңейтетін дәрілер: дипиридамол (курантил, персантин) коронарлық артериялардың қан айналысының көлемінің жылдамдығын жоғарлатып, миокардтың оттегімен қамтамасыз етілуін жақсартып, қосалқы (коллатеральды) қан айналымды күшейтеді, тромбоциттердің агрегациясын тежеп және миокардта микроциркуляцияны жақсартады. Карбокромен (интенкордин, интенсаин), лидофлазин (клиниум) коронарлық артерияларды кеңейтіп, қан ағысын күшейтеді, қосалқы қан айналымды жақсартады, бірақ әсері төмен болғандықтан негізгі препараттармен бірге қолданылады.

Кардиопротекторлы дәрілер: триметазидин (предутал) – ишемияға миокард жасушаларының тұрақтылығын жоғарлатып, гемодинамикаға (қан айналымға) әсер етпей энергетикалық балансты реттейді.

Миокард инфарктында қолданылатын дәрілер.

Миокард инфарктында ишемияланған аймақта кейіннен тыртыққа айналатын некроз (өлі еттену) пайда болады. Көбінесе миокард инфарктының себебі коронарлық қан тамырлардың атеросклерозы болып табылады. Миокард инфаркты қатты ауырсынуға, аритмияға, қозғыштыққа, қоқыныш сезіміне (өлім), жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігіне, АҚ-ң төмендеуіне және кардиогенде шоққа алып келуі мүмкін. Мұндай жағдайда келесі топтағы препараттар белгіленеді.

  1. Наркотикалық анальгетиктер (морфин, промедол, фентанил) – ауырсыну белгілерін басу үшін, нейролептиктер (дроперидол) немесе транквилизаторлар (седуксен), наркозға арналған дәрілер бірге қолданылады.
    1. Антиаритмиялық дәрілер (лидокаин).
    2. Антикоагулянттар (гепарин) мен антиагрегантты дәрілер (аспирин) тромб түзілуін алдын алу үшін.
    3. Фибринолитикалық дәрілер (стрептокиназа) – жаңа пайда болған тромбты еріту үшін.
    4. Вазопрессорлы дәрілер (метазин, норадреналин).
    5. Нитроглицириннің препараттары (перлинганит, нирмин –к/т).
    6. Оксигенотерапия.
    7. Жүрек гликозидтері (строфантин) – жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде, көбінесе дофамин (АҚсист. 70-100 мм сын. Бағ) немесе добутамин (АҚсис>100 мм сын. бағ) белгіленеді.
    8. β1-адреноблокаторлар (метопролол, атенолол) – жүрек жұмысын жеңілдету үшін және тахикардияда қолданылады.
    9. лазма алмастырушы және тұзды ерітінділер, натрий гидрокарбонаты – қышқыл-негіздік тепе-теңдік реттеу үшін, глюкоза ерітіндісі инсулинмен бірге – жүректі қоректендіру үшін тағайындалады.

Гипотензивті дәрілер.

   Гипотензивті (антигипертензивті) дәрілер артериялық қан қысымын төмендету үшін белгіленеді.Олар көбінесе артериялық гипертензияда қолданылады.Артериялық қысымның деңгейі көптеген факторларға:жүрек жұмысына,шеткерлік қан тамырлардың тонусы мен оның тұтқырлығына,қан айналымының көлеміне,электролиттің құрамы және тұтқырлығына байланысты.Мұның барлығы нейрогуморальды бақылаумен реттелініп отырады.Әсер ету механизміне қарай гипотензивті дәрілерді келесі топтарға жіктейміз:

І.Жүрек-қан тамыр жүйесіне адренергиялық иннервацияның күшін төмендететін дәрілер(антиадренергиялық,нейротропты дәрілер):

a)транквилизаторлар және тыныштандыратын дәрілер;

б)орталыққа әсері нейротропты дәрілер: клофелин (катапресан, гемитон,клонидин),метилдофа(допегит,альдомет),гуанфацин(эстулик)-тамыр қозғалтқыш орталығының α2 –адренорецепторын қоздырып,ОЖЖ-нен симпатикалық импульстің өтуін төмендетеді.Одан вазомоторлы орталығының тежеуінен,артериялық қысымының төмендеуіне алып келеді.

Clophelinum-клофелин (Б):0,000075 және 0,00015 таб.түрінде шығарылып,1 таб.тәулігіне 2-4 рет;0,01% 1 мл еріт.амп.шығарылып,т/а,б/е,10-20 мл 0,9%NaClеріт.(стационарда) к/т,0,125%;0,25% және 0,5% 1,5 мл еріт.тюбик-тамызғыш-глаукомада көз тамырлары түрінде белгіленеді.Клофелиннің күшті гипотензивті әсері бар,мөлшерін жеке таңдайды.ОЖЖ-нің тежегіш әсеріне байланысты,тыныштандыратын,ұйықтататын әсері бар және дене қызуының төмендеуі байқалады.АІЖ-да жақсы сіңіріледі.Әсері 2-4 сағ.басталып,4-6 сағ.созылады.Бүйрекпен шығарылады.Гипертониялық аурулар мен гипертензивті кризде қолданылады.Ішке және парентеральды енгізіледі.Клофелинді ұйқтатытын,психотропты дәрілермен және этил спиртімен бірге абайлап қолдану қажет.

Жанама әсері: ауыз қуысының құрғауы (сілекей безінің секрециясы төмендеуінен), әлсіздік (ОЖЖ-нің тежегіш әсерінен) және іш қатуы байқалады. Клофелин ағзада Naиондарын және суды ұстап қалады, сондықтан диуретиктермен бірге қабылдау қажет. Айқын жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде, бас миындағы қан тамырларының айқын атеросклерозында, артериялық гипотонияда, маскүнемдікте, депрессияда және көлік жүргізушілерге қолдануға болмайды. Препаратты қабылдауды біртіндеп азайту қажет, себебі «доғару белгісі» (синдром отмены) (препаратты бірден доғарғанда АҚ едәуір көтеріліп,гипертензивті криз тудыруы мүмкін) пайда болады.

Methyldopha –метилдофа (Б): 0,25 таб.шығарылып, 1таб. тәулігіне 2-3 рет мөлшерін біртіндеп жоғарылатады, тәулігіне 1,0 белгіленеді, тыныштандырғыш әсері бар. Ішке енгізгенде әсері 4-5 сағ.соң басталып,1 тәулікке дейін созылады. Ауыр жағдайларда к/т енгізіледі.

Жанама әсері: ұйқының келуі,депрессия, ортостатикалық гипотензия, лейкопения және бауыр қызметінің бұзылуы байқалуы мүмкін. Жіті бауыр ауруларында, феохромоцитомада және жүктілікте қолдануға болмайды.

в)әсері шеткерлік нейротропты дәрілер:

1)ганглиоблокаторлар(бензогексрний,пентамин);

2)симпатолитиктер(резерпин,раунатин);

3)α-адреноблокаторлар(празозин,доксазозин,теразозин);

4)β-адреноблокаторлар(атенолол,ацебутолол,метопролол)

ІІ.Әсері миотропты гипотензивті дәрілер(шеткерлік вазодилататорлар).

Бұл препараттар бұлшық ет қабырғасының қан тамырларын босаңсытып,олардың кеңеюіне алып келеді.

а)Кальций арналарының блокаторлары(кальций антагонистері): фенигидин, исрадипин(ломир);фелодипин(плендил)-әсері ұзақ..

б)Калий арналарының күшейткіштері:миноксидил(минона),диазоксид(гиперстат)-тамыр тонусын бір қалыпты ұстап тұру үшін,қан тамырлардың біріңғай салалы бұлшықет жасушаларындағы калий арналарын ашып,жасуша ішіне қан тамыр тонусына қажетті Са² ионының енуін төмендетеді.Артериялық вазодилататор болып табылады.

Миноксидил артериялардың кеңеюіне байланысты,тамырлардың кедергісі азайып,АҚ төмендейді.Негізінен қатерлі гипертензияда ішке қолданылады.АІЖ-да жақсы сіңеді.Әсері 24 сағ.созылады.Бүйрекпен шығады.

Жанама әсері:бетті түк басу,су және Naиондарын ағзада жинақталуынан ісінулерге алып келеді.

Диазоксид –күре тамырларға енгізгенде тез және күшті гипотензивті әсер көрсетеді.Энтеральды енгізгенде АҚ-ң төмендеуі біртіндеп байқалады.Әсері 12-18 сағ.созылады.Гипертензивті кризде қолданылады.

в)Әртүрлі миотропты дәрілер:

Натрий нитропруссиді(нанипрусс)-артерия менн күре тамырларды кеңейтетін,азот тотығына оттекті беруші.Гипертензивті кризде күре тамырларға тамшылатып енгізіледі.Әсерінің ұзақтығы 1-2 мин.,сол себептен оны тамшылатып инфузия түрінде қолданылады.

Жанама әсері :тахикардия,бас ауруы,диспепсиялық жағдайлар байқалады.

   Apressinum-апрессин(гидрализин)(Б):0,01 және 0,025 таб.шығарылып,1 таб.тәулігіне 2-4 рет тамақтан соң белгіленеді.Артериола мен майда артерияларды кеңейтеді.Рефлекторлы тахикардия,ісіну,диспепсия,бас ауру,қызыл жегі синдромы байқалуы мүмкін.

Magnesii sulfas-магний сульфаты. 20-25% 5 және 10 мл еріт.амп.шығарылып,абайлап б/е және к/т енгізеді;себебі тез енгізгенде наркотикалық әсері және тыныс алудың тежелуі байқалуы мүмкін.Негізінен гипертензивті кризде және жүктіліктің нефропатиясында қолданылады.

Dibazolum –дибазол (Б) :0,02 таб.;0,5-1% 1,2 және 5 мл еріт.амп.шығарылады ,б/е және к/т енгізіледі.Әсері орташа.Гипертензивті кризде қолданылады. «Папазол», «Андипал» препараттарының құрамына кіреді.

 ІІІ.Ангиотензинге  айналдырғыш ферменттің(ААФ) ингибиторлары  (тежегіштері)

1.Буыны:каптоприл(капотен);

2.Буыны:эналаприл(ренитек,энам),лизиноприл(привинил,диротон),рамиприл(тритаце),циллазаприл(инхибес),периндоприл(престариум),фозиноприл(моноприл)трандолаприл(гоптен)

Бұл қосылыстар белсенді емес ангиотензин І-ді (ренин ферментінің әсерінен ангиотензиногеннен түзілген)вазобелсенді ангиотензин ІІ-ге (қан тамырлардың тарылтып,сығылуына алып келеді)айналдыратын ферменттің белсенділігін тежейтін препараттар.ААФ-ңингибиторлары артерия менкүре тамырларды кеңейтіп,жүрекке кейінгі күшті (постнагрузка)және жүрекке веноздық қанның қайтуын азайтып,жүрек жұмысын жеңілдетеді,жүрек пен бүйректе қан айналымды жақсартып,жүрек бұлшықетінің гипертрофиясын төмендетеді,диурезді жоғарылатып,артериялық қысымды төмендетеді.Гипертониялық аурудың өте ауыр түрінде,гипертониялық кризде,жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде қолданылады.

Барлық препараттар каптоприлден,лизиноприлден басқасы дәрінің тегі(продәрі)болып табылады.Каптоприлде әсері 1 сағ .басталып,6сағ.созылады,ал қалған препараттарда 2 сағ.басталып,24 сағ.созылады.

Жанама әсері:әлсіздік,бас айналу,құрғақ жөтел және көкірек пен іш қуысы тұсының ауруы(диуретиктерді белгілеу қажет(байқалады.Көбінесе аллергиялық реакциялар капотенде байқалады.

Captopril –каптоприл (Б) :0,025 таб .түрінде шығарылып,1/2 -1 таб-дан тәулігіне 2-3-4 рет тамақ алдында,гипертоникалық кризде 1 таб-дан тіл астына беріледі.

Enalaprili maleas- эналаприл малеаты (Б):0,0025;0,005;0,01 таб.шығарылып,1 таб.тәулігіне 1-2 рет белгіленеді.

IV.Ангиотензин рецепторларының блокаторлары: лозартан(козаар), ирбесартан (апровель), эпросартан (теветен),  валсартан (диован) - ангитензин ІІ-болып табылады. Ангиотензивті рецепторлардың АТ1 түрін тежеп,ангиотензин ІІ-ң барлық әсерін жояды. Ішке тәулігіне 1рет белгіленеді. ААФ ингибиторларына қарағанда жанама әсері өте сирек байқалады.

V. Тұз-су алмасуына әсер ететін дәрілер(несеп айдаушы, диуретиктер, салуретиктер).

Айналымдағы қанның көлемін азайтып,АҚ-ы түсіреді.Несеп айдаушы дәрілер басқа гипотензивті дәрілердің әсерін күшейтеді,сондықтан көбінесе бірге белгілейді.

  Гипертониялық ауруларды қиыстырып  емдеу үшін әсер ету механизмі  әртүрлі фармакологиялық топтардың  препараттары белгіленеді.

   Қиыстырылған препараттары: «Адельфан-эзидрекс», «Алсидрекс-Г», «Трирезид», «Тринитон» таб.(резерпин,дихлотиазид,дигидралазин); «Адельфан-эзидрекс К», «Трирезид К» (сондай-ақ KCl); «Кристепин», «Норматенс» драже (резерпин, клопамид= бринальдикс,дигидроэргокристин) «Энап Х» (эналаприл,дихлотиазид); «Капозаид» (каптоприл,дихлотиазид), «Вскалдикс»(пиндолол+клопамид) және т.б.

Атеросклерозға қарсы дәрілер.

(Гиполипидемиялық  дәрілер)

   Атеросклероз-тамырдың ішкі қабықшасына май тәрізді заттардың жабысып,оның шоғырлануынан пайда болатын ауру.Денеде зат алмасу процесінің бұзылуынан холестерин мөлшерден асып кетеді.Аурудың күйі,қауіптілігі немесе жеңілдігі қандайда тамырдың зақымдалуына байланысты.Аурудың алдын алу әдісіне келесі жатады:еңбек пен тұрмыс тәртібін мұқият сақтау,демалысты дұрыс пайдалану,ұйқыны қандыру,темекі тартпау және майлы тамақтан бас тарту,артық семірмеу және т.б. Гиполипидемиялық дәрілер ұлпа мен қанның құрамындағы жоғары дәрежедегі липидтердің (холестерин мен тирглицирид)мөлшерін төмендетеді.Атеросклерозды және оның асқынуларын емдеу үшін қолданылатын гиполипидиемиялық (антиатеросклеротикалық)дәрілер екі топқа бөлінеді:

Информация о работе Жалпы рецептура