Жалпы рецептура

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 12:02, лекция

Описание работы

Фармакологияның алдына қойған мақсаттары:
1. Белгілі дәрілік заттарды дұрыс, ағзаға қауыпсіз қолдана білу.
2. Жаңа дәрілік заттарды тауып, оларды дұрыс қолдану.
3. Дәрілік заттардың сапасын дұрыс тексеру.
4. Дәрілік өсімдіктерді дұрыс қолданып, фитотерапиялық анализ жасау.
5. Клиникалық фармакологияны дамыту. Дәрілік заттардың жанама әсерлерін зерттеу.
6. Дәрілік заттардың уытты әсерлерін зерттеу, дозасын дұрыс тағайындау.

Файлы: 1 файл

фармакол. каз.лек.docx

— 321.97 Кб (Скачать файл)

1.Атерогенді  липопротеиндердің түзілуін тежейтін  дәрілер.

2Катаболизмді  және холестериннің шығарылуын  күшейтетін дәрілер.

Гиполипидемиялық дәрілер жүректің ишемиялық ауруларында,аорта,ми тамырларының атеросклерозында қолданылады.Бұл дәрілерді үздіксіз ,ұзақ уақыт бойы қабылдау қажет.

1.Атерогенді  липопротеиндердің түзілуін тежейтін дәрілер:

а)Статиндер:ловастатин(мевакор),симвастатин(зокор),аторвастатин(липримар)- бауырдағы холестериннің синтезін таңдамалы тежейтін,тиімділігі жоғары препараттар.Статиндерді тәулігіне 1 рет,ұйықтар алдында белгілейді,себебі бауырдағы холестериннің басым бөлігінің синтезі түнде жүреді.

Симвастатин-Simvastatinum (Б) :0,005;0,02 және 0,04 таб. Шығарылып,1таб.кешке қабылдау үшін тағайындалады.

б)Фибраттар:клофибрат(мисклерон),фенофибрат,гемфиброзил-бауырдағы липопротеинлипазаны белсендіреді,статиндерге қарағанда улы болып келеді.

Гемфиброзил-Gemfibrozilum 0.3 капс.;0,45 таб.-күніне 2 рет таңғы немесе кешкі  астан 30 мин.бұрын немесе кешке 1 рет белгіленеді.

В)Никотин қышқылы(үлкен мөлшерде)

Г)Пробукол(липомал)-ағзадағы  липидтердің синтезіне және таралуына әсер етіп,қан сарысуындағы тығыздығы жоғары липопротеиндердің, триглицеридтердің, жалпы холестериннің деңгейін төмендетеді.

2. Катаболизмді  және холестериннің шығарылуын  күшейтетін дәрілер.

а)Өт қышқылдарының секвестранттары (ағылш. sequestrate-кетіру):

Холестирамин (холестан),холестипол(холестид)-АІЖ-да сіңірілмейді,өт қышқылдарымен кешен түзіп олардың қанға қайта сіңірілуіне кедергі жасайды.Ол холестериннің және өт қышқылының сіңірілуін баяулатады.

б)Бескрахмалды полисахаридтер: хьюар шайыры (гуарем) -асқазанда ісініп тағамдық холестериндердің және өт қышқылының сіңірілуіне бөгет жасайды. Әсері әлсіз.

Полиспонин(жапон диоскореясы тамырлары мен тамыр сабағының препараттары) және трибуспонин ( теміртікен шөбінің препараты). Атеросклероздың кешенді емінде сонмен қатар эссенциальды фосфолипидтер (эссенциале, липостабил) және антиоксидант препараттары (токоферол ацетаты, аскорбин қышқылы) қолданылады.

5. Несеп айдаушы дәрілер (диуретиктер)

    Несеп айдаушы дәрілер негізінен  ағзадан артық мөлшердегі суды  шығарады, электролиттердің (Na+ және CI+) реабсрбциясын (қайта сіңіруі) төмендетіп, әр түрлі жағдайлардан пайда болған ісінулерді басу, АҚ-н төмендету үшін тағайындалады.

Негізгі қолдану көрсеткіштері: артериялық гипертония кезінде АҚ-ы төмендету үшін (басқа гипотензивті дәрілермен), өкпе ісінуінде, ми ісінуінде, химиялық заттармен уланғанда форсирленген диурез үшін. Диуретиктер несеп түзілудің барлық кезеңдеріне әсер етеді: фильтрацияға, секрецияға және түтікше реабсорбциясына. Оларға қышқыл негіздік тепе-теңдік сақтап тұру үшін бүйрек қызметін реттеп, ағзаны ксенобиотиктерден тазартып тұрады. 

I Тиазидті және тиазид тәрізді диуретиктер: дихлотиазид (гипотиазид, гидрохлортиазид, эсидрекс), циклометиазид,клопамид (бринальдикс), оксодалин (хлорталидон), идапамид (арифон, индап). Бұл диуретиктердің әсері орташа, тәуілігіне 1 рет ( таңертен) ішіне қабылдайды. Негізгі әсері нефрон түтікшелерінің дистальды және проксимальды бөлігінде натрий, калий, хлор және судың реабсорбциясын тежеп, ағзадан шығуын күшейтеді. Гипертониялық ауруларда, жүрек, бауыр және бүйрек қызметнің жетіліксіздігінен пайда болған ісінулерде, жүктіліктің токсикозында ( нефропатия, ісіну, эклампсия) және етеккір алдындағы жағдайларда қолданылады. Жанама әсері: диспепсия; гипокалиемия (алдын алу үшін калий хлоридін, «Аспаркам», панангин, құрамында калий бар диета: картоп, сәбіз, өрік, жүзім, түйе бұршақ, бұршақ, түйілген тары, сұлы жармасы және де дихлотиазидтердің калий сақтағыш диуретиктермен бірге қолдану қажет ); гипохлоремиялық алкалоз; гипомагниемия және гиперкальциемия; гипергликемия; гиперуркемия(подагранның күшеюі) байқалуы мүмкін. Ауыр бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде, айқын бауыр зақымдалуында, қант диабетінің және подаграның ауыр түрінде қолдануға болмайды. 

Dichlothiasidum –дихлотиазид (Б): 0,025 және 0,1 таб. таңертен ас алдында белгіленеді. Әсері 1-2 сғ. басталып, 10-12 сағ.созылады. 3-4 күн үзілістен кейін 3-5-7  күндік ем тағайындалады. Карбоангидраза тежеуші әсеріне байланысты гидрокарбонаттың да  реабсорбциясын төмендетеді. Калий иондарының секрециясы жоғарылайды. Магний иондарының экскрециясы бұзылады. Осы құбылыстар несеппен натрий, хлор, калий, магний иондарының және гидрокарбонатттардың ағзадан шығуына алып келеді.

  Колпамид және оксодолин әсері ұзақ, циклометиазид дихлотиазидке қарағанда белсенділігі жоғары. Индапамид қан тамырларды кеңейтіп, гипертониялық ауруларда қолданылады. Антиагреганттық әсері бар.

II. «Шумақты» диуретиктер: фуросемид (лазикс), этакрин қышқылы (урегит), торасемид (унат), буфенокс (буметанид), пиретанид (ареликс). Бұл препараттар ацидоз бен алкалозда күшті әсер ететін несеп айдайтын дәрілер. Олар Генле шумағының жоғары бөлек аумағында натрий, хлор және судың реабсорбциясын (қайта сіңірілуін) тежейді. Ми, өкпе ісінуінде; гипертониялық ауруларда және гипертониялық кризде; жедел улануда; жіті созылмалы бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде; эклампсияда.

Жанама әсері: диспепсия, гипокалемия, гипомагнемия, гипохлориемия алкалоз, гипотензия, бас айналу, әлсіздік, аллергиялық реакциялар және есту қабілетінің бұзылуы байқалады. Бауыр комасында, гипокалемия, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінің терминальды кезеңінде, несеп шығару жолдарының механикалық бітелуінде және жүктіліктің бірінші жартысында қолдануға болмайды.

Фуросемид – Furosemidum (Б): 0,02 және 0,04 таб шығарылып, таңертең белгіленеді, әсері 20-30 мин. Соң басталып 3-4 сағ созылады; 1% 2 мл еріт. Амп шығарылып, б/е; 2-3 мл тәулігіне 1-2 рет к/т баяу ағынмен енгізіледі, әсері 3-4 мин кейін басталып 2-3 сағ созылады.

Этакрин қышқылы - Acidum etacrynicum (Б): 0,05таб таңертең астан кейін, 0,05 амп қолданар алдында ерітеді. әсері 30-40 мин соң басталып, 6-8 сағ созылады.

III. Карбоангидраза ингибиторлары: диакарб (ацетазоламид) – нефронның проксимальды түтікшелеріндегі карбоангидраза ферментінің белсенділігін таңдамалы тежеп, көмір қышқылының түзілуінің азаюы мен бүйрек түтікшелерінің эпителийінде натрий мен бикарбонат реабсорбциясын төмендеуіне және олардың несеппен шығарылуын күшеюіне алып келеді. Көз ішілік және бас сүйек ішілік қысымын төмендетеді. Диурездік әсері әлсіз. өкпе-жүрек қызметінің жеткіліксіздігінен пайда болған ісінулерде, глаукомада, энцефалопатияда және эпилепсияда қолданылады.

Жанама әсері: гипокалемия, гипохлоремиялық ацидоз және гиперкальциурия байқалуы мүмкін. Ацидозға бейімділкте, жедел бауыр мен бүйрек ауруларында, қант диабетінде, уремияда және жүктіліктің алғашқы 3 айында қолдануға болмайды.

Диакарб: 0,25 таб – 1 таб тәулігіне 1-3 рет тағайындалады.

IV. Калий сақтаушы диуретиктер: спиронолактон (верошпирон, альдактон), калий канкреонаты (сольдактон), триамтерен (птерофен), амилорид. Бұл препараттар минералокортикоидты гормон альдостеронның антагонисті және калий сақтағыш әсер көрсетеді. Диурездік әсері әлсіз. Гипокалемияны және метаболиттік алкалозды басу үшін басқа диуретиктермен бірге қолданылады.

Жанама әсері: гиперкалиемия, диспепсия және бас ауруы байқалады.

Спиронолактон – Spironolactonum (Б): 0,025 және 0,05 таб шығарылады, әсері 1-2 күнде басталып, 2-3 күнге созылады.

Калий канкреонаты – к/т енгізіледі.

Триамтерен және амилорид «калий, магний сақтаушы» диуретик болып табылады.

Триамтерен – Triamterenum (Б): 0,05 капс – тәулігіне 1-2 рет таңғы және түскі астан соң белгіленеді.

Амилорид - Amiloridum: 0,005 таб – 1-4 таб таңертең белгіңленеді.

V. Осмостық диуретиктер: маннит (маннитол), мочевина – судың реабсорбциясын төмендетіп, қанның осмостық қысымын жоғарлатады. Қышқыл негіздік тепе-теңдікке әсер етпейді. Медициналық тәжірибеде негізінен маннит қолданылады. Манниттің мочевинадан айырмашылығы жасуша мембраналары мен ұлпа кедергілерінен (мысалы, гематоэнцефальды кедергіден) өтпейді. Ми, өкпе, көмекей ісінуінде, химиялық заттармен улануда және дегидратациялық (суды азайту) дәрілік зат ретінде (кейде глаукомада) қолданылады.

Жанама әсері: бас ауруы, лоқсу, құсу, жалпы әлсіздік, шөлдеу, теріге тигенде некроз пайда болуы мүмкін. Айқын бүйрек, бауыр және жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде қолдануға болмайды.

Маннит – 30,0 флаконда және 15% 200 және 400 мл флаконда – к/т тамшылатып енгізіледі.

Қиыстырылған несеп айдаушы дәрілер: «Триампур» «дихлотиазид, триамтерен) таб.; «Модуретик», «Тиалорид», «Гемопрес» (дихлотиазид, амилорид) таб; «Фурезис» (фуросемид, триамтерен) таб.

Өсімдік текті дәрілік препараттары: арша (можжевельник) жемісінің тұнбасы, аюқұлақ (толокнянка) жапырағының қайнатпасы, дала қырықбуын (хвощ полевой) шөбінің қайнатпасы, ортосифон (бүйрек шайы) жапырағының тұнбасы, бүлдірген (брусника) жапырағының қайнатпасы, қайың (березовые почки) бүршігінің тұнбасы – құрамындағы илік заттар. Фенолгликозидтер, сапониндері антисептикалық, әлсіз несеп айдаушы және қабынуға қарсы әсер етеді.

Несеп конкременттерін жоятын дәрілері.

Бұл дәрілерді бүйрек тас ауруларын емдеу үшін қолданылады. Қышқылды ортада ураттар, сульфаниламидтер, оксалаттар, ал сілтілік ортада фосфаттар, карбонаттар түзіледі. Несеп шығару жолдарында тұздардың көбейіп, тұнбалануынан бітелуіне алып келеді.

Несептің рН-н өзгерту үшін қолданылатын дәрілер:

а) Қышқылдандыратындар (фосфатты және карбонатты тастарда): аммоний хлориді, сұйытылған хлорлы сутек қышқылы, аскорбин қышқылы және метионин.

б) Сілтілендіретіндер (оксалатты – уратты тастарда): солимок (уралит, солуран), блемарен, магурлит, оксалит С – құрамында лимон қышқылы және үшіншілік алмасқан калий және нартий цитраттары бар. Дәрілерді нұсқауына сәйкес ұзақ қабылдау қажет.

Өсімдіктекті препараттар спазмолитикалық, қабынуға қарсы және несеп айдаушы әсері бар. Оларға: пинабин, ависан, уролесан, олиметин, цистенал, цистон, фитолизин, леспенефрил, «Марелин» таб, құстаран (горца птичьего) шөбі жатады.

Подаграны емдеуде қолданылатын дәрілер.

Подагра – несеп қышқылы секрециясын төмендетуінен және пуринді алмасу бұзылуынан туатын созылмалы ауру. Ураттар шеміршектің, қан тамырлардың, несеп жолдарының және басқа да ұлпалардың синовиальды қабықшаларында бөлініп, тірек-қимыл аппаратының (подагралық артритте) қабыну өзгерістеріне және несеп шығару жолдарында уратты тастардың түзілуіне алып келеді.

        1. Подаграны емдеу үшін қолданылады:

а) Уриколитикалық дәрілер: аллопуринол (милурит), «Алломарон» таб, калий оротаты – ағзада зәр қышқылының түзілуін тежейді.

Аллопуринол – Allopurinolum (Б): 0,1 таб түрінде шығарылып, 1-3 таб тәулігіне 2-3 рет тамақтан соң белгіленеді.

б) Урикозуриялық дәрілер: этамид, уродан, антуран, бензбромарон – ураттардың несеппен шығуын жеңілдетеді.

Этамид - Aethamidum (Б): 0,35 таб түрінде шығарылып, 1-2 таб, тәулігіне 4 рет белгіленеді.

11. Подаграның  жедел ұстамасын басу үшін  стероидты емес қабынуға қарсы  дәрілер және колихицин қолданылады.

Колхицин - Colchicinum (А): 0,0005 драже түрінде шығарылып, 1-2 дражеден тәулігіне 3-6 рет белгіленеді. Колхицин тамаша лапыз өсімдігінің (безвременник великолепный) алкалоиды болып табылады.

6. Тыныс алу жүйесіне әсер ететін дәрілер

Жіктелуі:

      1 Тыныс алу стимуляторлары

  1. Жөтелді басатын дәрілер
  2. Қақырық түсіретін дәрілер
  3. Бронхолитиктер
  4. Өкпе ісінуінде қолданылатын дәрілер

Тыныс алу стимуляторы (тыныс алу аналептиктер)

Тыныс алу орталығын белсендіретін дәрілер.

Бұл препараттар сопақша ми орталықтарын және бас миының қыртысы астындағы түзілулерін белсендендіреді.:

Тынысты рефлекторлы түрде қуаттандыратын дәрілер: Н - холеномиметиктер. Бұл топтағы дәрілер стенокаротинді зонадағы Н – холенорецепторларды қуаттандырып одан афферентті импульстардың сопақша миға түсуін және тыныс алу орталығының белсенділігін жоғарлатады.

Аралас әсерлі дәрілер: бұлардың әсері рефлекторланған және орталықтандырылған болып келеді. Бұл топтағы дәрілердің орталыққа әсері каротитті шумақтағы хеморецепторлеріне қуаттандырушы әсерімен толықтырылады.

Этимизол

Кофеин натрий

бензоаты

Камфора (немесе оны сульфокамфокаин), Бемегрид.

Цититон

Лобелин гидрохлориді

Кордиамин,

Карбоген

(5%СО2+95%О2) Көмірқышқыл – тыныс алудың физиологиялық стимуляторы


 

  

Тыныс алу орталығын қуаттандыратын дәрілік заттар - наркотикалық анальгетиктер, көміртегі тотығы мен жеңіл уланғанда және жаңа туған нәресте асфиксиясында, наркоздан кейінгі кезеңдегіөкпеге дем берудің қажетті деңгейін қалпына келтіру үшін қолданылады. Тынысты қуаттандыратын дәрілердің әсері қысқа, ал қайта қабылдағанда тыныс алу қызметінің төмендеуі мен қалтыраулар тудыруына байланысты аз қолданылады, сондықтан гипоксиялық жағдайларда жасанды дем беруге қолданылады.

Информация о работе Жалпы рецептура