Жалпы рецептура

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 12:02, лекция

Описание работы

Фармакологияның алдына қойған мақсаттары:
1. Белгілі дәрілік заттарды дұрыс, ағзаға қауыпсіз қолдана білу.
2. Жаңа дәрілік заттарды тауып, оларды дұрыс қолдану.
3. Дәрілік заттардың сапасын дұрыс тексеру.
4. Дәрілік өсімдіктерді дұрыс қолданып, фитотерапиялық анализ жасау.
5. Клиникалық фармакологияны дамыту. Дәрілік заттардың жанама әсерлерін зерттеу.
6. Дәрілік заттардың уытты әсерлерін зерттеу, дозасын дұрыс тағайындау.

Файлы: 1 файл

фармакол. каз.лек.docx

— 321.97 Кб (Скачать файл)
    1. Жөтелді басатын дәрілер.

Жөтелді басатын дәрілердің жіктелуі

Орталыққа әсер ететін дәрілер: (сопақша мида орналасқан жөтел орталығының негізгі түйіндерін тежейді)

Әсері шеткерлік дәрілер: (жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарына жансыздандырғыш. Бронхолитикалық және қабынуға қарсы әсері мен байланысты).

а) наркотикалық препараттар: кодеин (метилморфин),

Этилморфин (дионин)

б) бейнаркотикалық препараттар: Глауцин гидрохлориді (глаувент),

 Тусурекс (окселадин, пакселадин).

Либексин,

Битиодин,

 Бутамират цитраты (синекод).


Жөтелді басатын дәрілер созылмалы және жіті бронхитте, жөтелді басу немесе төмендету үшін, демікпе жағдайда, бронхо пневманияда қолданылады. Жөтелді басатын дәрілер: жөтелді толық басу үшін емес, ауырсыну, ұйқысыздық, қан кету мен бронхоспазм тудыратын жөтелді басу үшін белгілейді.

Орталыққа әсер ететін дәрілер медицина практикасында кеңінен қолданылады.

Наркотикалық жөтелге қарсы дәрілердің (кодеин, этилморфин) жөтелге қарсы және әлсіз ауырған жерді басатын әсерлері бар.

Жанама әсері: тыныс алу орталығын тежейді, тыныс алу көлемін төмендетеді, бронх тонусын төмендетеді, жыбырлатқыш эпителий белсенділігінің төмендетеді, ұйқы келу, іш қату және дәріге тәуелділік (құмарлық, нашақорлық) пайда болады. Кодеин мен этилморфинді 2 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Ал бейнаркотикалық анальгетиктерде мұндай жанама әсерлер байқалмайды.

Кодеин фосфаты – Codeini phosphas (Б): 0,01-0,02ГР ұнтақ түрінде қолданылады кодеин көптеген препараттар құрамына кіреді Бехтерев мекстурансының құрамына кіреді (жалын гүл шөбінің тұнбасы, натрий бромиді+кодеин); «Кодтерпин» Таб түрінде (кодеин+қақырық түсіретін терпин гидраты және т.б. дәрілер).

Этилморфин гидрохлориді морфиннің синтетикалық препараты. Жөтел орталығын таңдамалы тежеп, дәріге тәуелділік тудырмайды, бейнаркотикалық анальгетиктер: глауцин гидрохлориді және тусупрекс. Глауцин өсімдіктерден алынады да жасалынады. Ал тусупрекс синтетикалық жолмен алынады. Глауциннің жанама әсері: бас айналу мүмкін, жүрек айниуы мүмкін.

Глауцин гидрохлориді -  Glaucini hydrochloridum (Б): 0,05 таб – 1 таб. Тәулігіне 3-4 рет белгіленеді.

Тусупрекс – Tusuprex 0,01 және 0,02гр. күніне 1-2 таб тәулігіне 3-4 рет белгіленеді.

Әсері шеткерлік жөтелге қарсы дәрілерге либексин жатады, ол орталық жүйке жүйесіне әсер етпейді, дәріге тәуелділік тудырмайды. Сондықтан бейнаркотикалық  препараттарға жатады.

Либексин –  Libexinum (Б): 0,1гр таб түрінде 1таб күніне 2-4 мезгіл.

Қосылып келетін препарттар ішінде:

Бронхолитин – broncholytinum (Б): 125 мл флаконда (глауцин гидрохлориді+эфедрин гидрохлориді+шалфей майы+лимон қышқылы) – 1 ас қасықтан тәулігіне 3-4рет белгіленеді.

Стоптусин – Stoptussin (бутамират цитраты + гуафензин) – 10 мл флаконда, 30-40 тамшыдан 100 мл сұйықтықпен (су, шай және т.б.) күніне 3 рет тамақтан соң белгіленеді.

3. Қақырық түсіретін дәрілер.

Бұл дәрілер бронх шырышының секрециясын күшейтіп,  қақырықтың жөтелмен бөлінуін жеңілдетеді. Қақырық түсіретін дәрілер жыбырлатқыш эпителий белсенділігі мен бронх бұлшық етінің жиырылуын күшейтіп, қақырықтың түсуіне алып келеді. Қақырық көбірек, сұйығырақ  болып қабынған шырышты бүркеп, сыртқы тітіркендіргіштен қорғайды да, ол қабыну процесінің төмендеуіне алып келеді.

Қақырық түсіретін дәрілер қабынумен жүретін бронх-өкпе ауруларын, бронхиалды обструкция синдромын кешенді емдеу үшін қолданылады.

Қақырық түсіретін дәрілерді өкпе туберкулезінің ашық түрінде, өкпеден қан кетуде, ОЖЖ-ң, жүрек қан тамыр жүйесінің (органикалық) ауруларында, асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруларында қолдануға болмайды.

Термопсис шөбі – Herba Thermopsidis (Б): 0,5-200мл тұнбасы – 1ас қасықтан тәулігіне 3-4 рет тамақтан бұрын белгіленеді.

Мүсәтір өніс тамшысы – Liquor Ammonii anisatus: 25 мл флаконда – 10-15 тамшыдан тәулігіне 3-4 рет  белгіленеді.

Кристалды трипсин – Trypsinum crystallisatum: 0,01 құрғақ зат флаконда 2-3мл 0,9% NaCl еріт. Ерітіп, ингаляциялау үшін белгіленеді.

Ацетилцисеин - Acetylcystenium(Б) 20% 5 мл және 10 мл еріт. Амп – 2-5 мл-ден 3-4 рет ингаляция үшін (15-20 мин); жай инстиляция түрінде трахеяға 1 мл ден әр сағ сайын; 0,1 таб және 0,2 капс. – 2 таб (1 капс) тәулігіне 2-3 рет; 10% 2 және 3 мл еріт амп шығарылып б/е; 5% 10 мл еріт амп – тәулігіне 2 рет к/т тағайындалады.

Амброксол гидрохлориді – Ambroxoli hydrochloridum: 0,03 таб – 1 таб тәулігіне 2 рет тамақтан соң; ингаляцияға арналған еріт. Түрінде шығарылады.

Бромгексин – Bromhexinum 0,008 таб – 1 таб күніне 2-3 рет тағайындалады.

Қақырық түсіретін дәрілердің жіктелуі.

Қақырық түсіретін дәрілер / Муколитиктер

Әсері рефлекторлы

Бұл дәрілердің құрамында алколоидтар мен бірге өсімдік сапониндері бар. Дәрілерді ішке қабылдағанда асқазан рецепторларының тітіркенуін шақырады. Бұл кезде рефлекторлы түрде бронх бездерінің секрециясы жоғарлайды, жыбырлағыш эпителийлердің белсенділігі жоғарлайды да, бронх бұлшық еттерінің жиырылуы күшейеді. Қақырық көбірек, сұйығырақ болып, тұқырланып жөтел мен бөлінуі жеңілденеді. Тамақтан ½ сағ. бұрын белгіленеді.

Термопсистің тамыры

(тұнба, құрғақ сығынды)

Дәрілік жалбыз тікеннің тамыры (тұнба, сығынды, мукалтин препараты)

Мия тамыры (сығынды, кеуде элексирі, Доктор Мом)

Киікоттың тамыры (қайнатпа)

Өгейшөптің жапырағы (тұнба)

Терпингидрат

Натрий бензоаты

Тікелей әсерлі (резорбтивті)

Тікелей әсер ететін препараттар ішекте сіңіріліп, бронх шырышында белсенді бөлініп, бронх бездеріне тікелей әсер етіп және олардың секрециясын күшейтеді. Ол қақырықтың сұйғырақ болып жөтелмен бөлінуін күшейтеді.

Na(K) I

NaHCO3

Аммоний хлориді

Кәдімгі әніс жемісі

(тұнба, әніс майы, тамшысы)

Тасшөп (тұнба, сұйық сығынды, пертуссин препараты)

Аңдыз тамыры мен тамырсабағы (қайнатпа)

Жұпаргүл шөбі (тұнба)

Қарағайдың бүршігі (қайнатпа)

Бұл препараттардың протеолитикалық әсері бар (қақырықтың, ақуыз бен басқа да молекулаларын ыдыратып және оның тұтқырлығын төмендетеді (сұйғырақ)). Интратрахеальды енгізгенде (ингаляциялық) бронхтың дренажды қызметін күшейтіп, қабынуға қарсы әсер көрсетеді.

а) ферментті препараттары:

Кристаллды трипсин

Кристаллды химотрисин

Рибонуклеза

Дезоксирибонуклеаза

б) синтетикалық препараттар:

Ацетилцистеин (мукосольвин)

Амброксол гидрохлориді

(амбробене, ласольван)

Бромгексин (сольвин)


 

4. Бронхолитикалық дәрілер.

Бронхты кеңейтетін дәрілер (бронхолитиктерге) бронх демікпесінде кешенді емнің компоненттерінің бірі, бронхоспазмды басу және алдын алу үшін қолданылатын дәрілер болып саналады. Бронх демікпесінің ұстамасын басу және жүйелі терапиясында қолданылады.

Бронхолитикалық дәрілердің жіктелуі:

«Шеткерлі жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер» тақырыбына қараңыз

Әсері миотропты спазмолитиктер

β-адреноми

метиктер

α және β адреномиметиктер

Симпато -

миметиктер

М – холино

блокаторлар

 

Изадрин

Орципреналин

(астмопент)

Сальбутамол

(вентолин)

Фенотерол

(беротек)

Тербуталин

(бриканил)

Адреналин

Гидрохлориді

Эфедрин

гидрохлориді

Атропин

Метацин

Селективті:

Ипратропинум

бромиді

(атровент)

Окситропинум бромиді

Тровентол

 

Бұл препараттар бұлшық еттерін босаңсытады.

Теофиллин

Эуфиллин

Ұзақ әсерлі:

Теопек

Теотард

Теобиолонг

Эуфилонг

Бұл екі препараттың кемшілігі кардиоқуаттандырғыш (тахикардия) және гипертензивті әсері (АҚ↑) бар, адреналиннің әсері күшті және тез, бірақ қысқа, ал эфедринде – ұзағырақ, бірақ ОЖЖ-н қоздырып, дәріге тәуелділік тудырады.


 

Миотропты әсерлі спазмолитиктерге (метилсантиндер): теофиллин, эуфиллин (80% теофиллиннен және 20% этилендиаминнен тұрады) жатады. Бронх тонусын төмендетіп қана қоймай, жүрек, бүйрек, бас миының қан тамырларын кеңейтіп, АҚ-н төмендетеді, кіші қан айналымының шеңберңн жақсыртып, диурезді жоғарлатады. әсері ұзақ препараттары бронх спазмын алдын алу үшін қолданылады.

Жанама әсері: теофиллин препаратын қабылдағанда асқазанның шырышты қабықшасының тітіркенуі, эпигастрий аумағының ауырсынулары, лоқсу, құсу, диспепсия, бас ауруы мен бас айналу, қозғыштық және ұйқысызды, жүрек қызметінің күшеюінен жүректің оттегіне қажеттілігінің жоғарлайды, тахикардия және аритмия (әсіресе к/т енгізгенде) байқалуы мүмкін. АҚ бірден төмендеуіне, стенокардияда, жүрек ырғағының бұзылуы, жүктілікте және эпилепсияда қолдануға болмайды.

Эуфиллин – Euphyllinum (аминофиллин, диафиллин) (Б): 0,1 және 0,15 таб. – 1 таб. тәулігіне 2-4 рет тамақтан соң; 0,36 супп. Түрінде шығарылады. 1 супп. Тәулігіне 2-4 рет тік ішекке; 24% 1 мл ерті. Амп – тәулігіне 3 рет б/е; 24% 10мл+0,9% NaCl еріт ағынмен немесе тамшылатып к/т енгізіледі.

Бронх демікпесімен ауыратын науқастарды емдеуде тек бронхолитиктер ғана емес, сонымен қатар басқа топ препараттары да белгіленеді. Олар:

1) Mес жасушаларынан медиаторлардың бөлініп шығуына кедергі жасаушы дәрілер: кромолин натрий (интал), неодокромил натрий (тайлед); кетотифен (астафен, задитен). Бронхоспазм ұстамаларын тек алдын алу үшін ғана қолданылады.

Кромолин – натрий – Cromolin sodium: 0,02 капс – арнайы ингалятор «спингалер» көмегімен ингаляциялау қажет.

Недокромил – натрий – Nedocromil sodium: ингалятор түрінде шығады.

Кетотифен (Б): 0,001 капс және таб – 1 капс немесе таб күніне 2 рет қолданылады.

  1. Глюкокортикоидты препараттар – қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және иммунодепрессивті әсер көрсетеді. Бронхиальды обструкция синдромында спазмолитикалық, ісінулерге қарсы әсері бар, адреномиметиктер. М – холиноблокаторлар және метилсантиндер әсер етпегенде бронхты кеңейтетін әсері бар.

Глюкокортикоидты гормонға тәуелді бронх демікпесінде (ингаляция) және демікпе жағдайында да (к/т) қолданылады.

Ингаляциялық глюкокортикоидтарға (бронх демікпесін емдеу үшін қолданылады) беклометазон дипропионаты (бекотид, бекломет, беклокорт); будесонид (пульмикорт); флунизолид (ингакорт) жатады.

Қиыстырылған (аралас келген) препараттар: «Беродуал» (фенотерол+атровент) аэрозолі, «Дитек» (фенотерол+кромолин-натрий) аэрозолі.

  1. Лейкотриенді рецепторлардың блокаторлары: зафилукаст (аколит), монтелукаст (сингуляр) – бронхспазмды басып, тамыр өткізгіштігі мен ісінуді басып, бронхиола секретінің бөлінуін төмендетеді. Ингаляциялық глюкокортикоидтармен β – адреномиметиктермен бірге және әсіресе аспиринді бронх демікпесінде қолданылады. Зафирлукасты науқас мезгілмен тәулігіне 2 рет қабылдау қажет. Ұзақ қабылдағанда тиімділігі төмендемейді. Монтелукасты тәулігіне 1 рет қабылдайды. Зиулетон - лейкотриен синтезін тежейтін препарат болып табылады.
    1. Өкпе ісінуінде қолданылатын дәрілер.

Өкпе ісінуі жүрек қан - тамыр жүйесінің аурулары кезінде химиялық заттармен өкпенің зақымдалуы кезінде, бірқатар жұқпалы аурулар кезінде, бүйрек, бауыр патологиясында, ми ісігінде пайда болуы мүмкін.

Келесі топ препараттары қолданылады:

      1. Көбікті басатын дәрілер (этил спиртінің буын оттегімен араластырып дем алады).
      2. Наркотикалық анальгетиктер: морфин, фентанил, таламонал (фентанил дроперидолмен) – шеткерлік артериямен күре тамырларды кеңейтіп, қан айналымының кіші шеңберінде іркіліп қалуын азайтып, артериялық қысымын төмендетеді.
      3. Дегидратациялық (сусыздандыратын) дәрілер: маннит, мочевина – судың ісінген ұлпалардан тамырларға өтуін қамтамасыз етіп, несеп айдаушы әсері бар. Күре тамырға енгізіледі.
      4. Несеп айдаушы дәрілер: фуросемид, этакрин қышқылы – айналымдағы қан көлемін төмендетіп, гипотензивті әсер етеді.
      5. Гипотензивті дәрілер – артериялық, веналық қысымын төмендетеді. Ганглиоблокаторлар: бензогексоний, пентамин; әсері миотропты гипотензивті дәрі натрий нитропруссиді.
      6. Егер өкпе ісігі жүреу қызметінің жеткіліксіздігімен байланысты болса (қарсы көрсеткіштері болмаған жағдайда), онда әсері тез жүрек гликозидтерін белгілейді: строфантин, коргликон.
      7. Глюкокортикоидтар – қабынуға қарсы, иммунодепрессивті әсері бар, преднизолон күре тамырға енгізіледі.

  Миометрияға әсер ететін дәрілер

Миометрияның тонусы мен секреторлы белсенділігін нейрогуморальды механизмдер реттейді. Миометрияда М-холинорецепторлар, α және β2 – адренорецепторлар орналасқан. Миометрияның секреторлы белсенділігіне сонымен қатар эстроген (әйел жыныс гормоны), окситоцин (гипофиздің артқы бөлігінің гормоны) және простагландин қуаттандырғыш әсер көрсетеді. Миометриияның жиырылғыштық қызметін фармакологиялық тұрғыда реттеу жатырға нейрогенді немесе гуморальды әсер ететін түрі өзгерген эндогенді заттар мен препараттар қолдануға негізделеді.

Миометрияның тонусы мен секреторлы белсенділігіне әсер ететін дәрілер бірнеше топтарға жіктеледі:

        1. миометрияның жиырылу белсенділігін қуаттандыратын дәрілер (Утеростимуляторлар)

миометрия – жатырдың бұлшық етті жүйесі. Миометрияның ырғақты жиырылуын күшейтетін дәрілер тек клиникалық жағдайда босану ағынын жеңілдетеді.

Окситоцин тобының препараттары: окситоцин (синтоцинон), метилокситоцин, дезаминоокситоцин (сандопарт), питуитрин, гифотоцин (питуитрин М).

Окситоцин – миометрияның ырғақты жиырылуын тудыратын гипофиздің артқы бөлігінің (синтетикалық препараттарда осындай атауға ие) гормоны. Окситоцин миометрия мембранасының жасушаларына калий иондарының өткізгіштігін жоғарлата отырып, әсер потенциалын азайтып, қозуды күшейтеді. Окситоцинге жатыр жүктіліктің соңғы айларында әсіресе босану кезінде күшейтеді. Окситоцин мерзімінен бұрын су кеткенде тиімді. Миометрияда окситоциннің әсерінен эстрогенді гормондар күшейтеді. Окситоцин сүт безінің секрециясын жоғарлатады. Босануды (толғақты) шақыру және қуаттандыруда (к/т (мин 8-40 тамшыға дейін), босанғаннан кейінгі жатырдан гипотониялық қан кетуді тоқтату үшін қолданылады. Жамбас пен ұрықтың (іштегі бала) өлшемі сәйкес келмеуінде, ұрықтың көлденең және қиғаш орналасуында, жатырдың жыртылу қауіпінде, кесар тілігінен кейінгі жатыр тыртығында қолдануға болмайды.

Информация о работе Жалпы рецептура