Осы Заң білім беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2015 в 23:18, реферат

Описание работы

Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемле-кеттік саясаттың негізгі принциптерін айқын¬дайды және Қазақстан Республикасы азаматта¬рының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұ¬рақты тұратын шетелдіктердің және азамат¬тығы жоқ адамдардың білім алуға конституция¬лық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы.docx

— 103.91 Кб (Скачать файл)

Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.

1-тарау. ЖАЛПЫ  ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда  пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) адъюнктура – әскери  оқу орындарында жоғары білікті  ғылыми-педагогтік кадрлар даярлау  нысаны;

2) академия – мамандықтардың  бір-екі топтары бойынша жоғары  және жоғары оқу орны-нан кейінгі  білім берудің кәсіптік оқу  бағдарламаларын іске асыратын, ғылыми-зерттеу қызметін және педагогтік қызметті, кадрлардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыратын оқу орны;

3) атаулы стипендия - тиісті  білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене қатысатын неғұрлым қабілетті білім алушыларды көтермелеу үшін жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия;

4) бакалавр - жоғары білім берудің тиісті білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдар-ға берілетін академиялық дәреже;

5) бейін алды даярлық – білім алушының жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау;

6) бейінді оқыту – білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру;

7) “Болашақ” халықаралық стипендиясы – Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік оқу орындарында күндізгі оқыту нысанында оқуы және мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындары ғылыми қызметкер-лерінің әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында, ғылыми орталықтары мен зертхана-ларында тағылымдамадан өтуі үшін тағайындайтын стипендиясы;

8) білім алушыларды аралық  аттестаттау - білім алушылардың  бір оқу пәнін оны зерделеп  бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің  немесе бүкіл көлемінің мазмұнын  меңгеру сапасын бағалау мақсатында  жүргізілетін рәсім;

9) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;

10) білім беру гранты  – кәсіптік білім алуға төлеу  үшін Қазақстан Республикасының  заңнамасымен белгіленген шарттармен  білім алушыға берілетін ақшаның  нысаналы сомасы;

11) білім беру қызметі – білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогтік негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс;

12) білім беру мониторингі - білім беру процестерін жүзеге  асырудың жай-күйін және нәтижелері  мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар контингентін, білім  беру ұйымдары желісін жүйелі  түрде байқау, талдау, бағалау және  болжау;

13) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

14) білім беру сапасын  бағалаудың ұлттық жүйесі –  білім беру сапасының мемлекеттік  жалпыға міндетті білім беру  стандарттарына, жеке адамның, қоғам  мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкестігін белгілеудің институционалдық құрылымдары, рәсімдері, нысандары мен әдістерінің жиынтығы;

15) білім беру туралы  құжаттарды нострификациялау - басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған адамдарға берілген құжаттардың баламалылығын айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;

16) білім беру ұйымдарын аккредиттеу – білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны жетілдірудің тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының олардың белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тану рәсімі;

17) білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттay - білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен жүргізілетін рәсім;

18) гимназия – білім  алушылардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің гуманитарлық бейіндері бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

19)  докторантура - жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарда біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны;

20) доцент, профессор:

тиісті жоғары оқу орны беретін академиялық атақтар;

жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымының өтініші бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган беретін ғылыми атақтар;

21) жалпы білім беретін мектеп – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білімберетін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

22) инновациялық - білім беру консорциумы – жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар мен өндіріс саласында жұмыс істейтін басқа да заңды тұлғалар іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен технологиялық инновациялар негізінде жоғары білікті мамандар даярлау үшін зияткерлік, қаржылық және өзге де ресурстарды біріктіретін, бірлескен қызмет туралы шарт негізіндегі ерікті тең құқықты бірлестік;

23) инновациялық университет  – инновациялық қызметтің толық циклін, іргелі және іздестіру зерттеулерін, қолданбалы зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді жүргізуді және өндіріске ғылыми-зерттеулер нәтижелерін енгізуді іске асыруға қабілетті ғылыми-білім беру кешені;

24) интеграцияланған білім беретін оқу бағдарламалары – білім беру деңгейі мен мазмұнының үздіксіздігін және сабақтастығын ескере отырып әзірленген білім беретін оқу бағдарламалары;

25) институт – мамандықтардың  бір-екі топтары бойынша жоғары  білім берудің кәсіптік оқу  бағдарламаларын іске асыратын, ғылыми және педагогтік қызметті, кадрлардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыратын оқу орны;

26) институционалдық аккредиттеу  – білім беру ұйымының білім  беру бағдарламаларын мәлімделген  мәртебесіне сәйкес сапалы ұсынуы  жөніндегі қызметін бағалау;

27) интернатура – медициналық  жоғары оқу орындарының білім  алушыларын базалық медициналық білім беру шеңберінде бір немесе екі жылдық даярлау нысаны;

28) интернаттық ұйымдар - жатын орны беріле отырып, белгілі  бір санаттағы адамдардың білім алу құқығына мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары;

29) кәсіптік бағдар –  білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру;

30) кәсіптік даярлықты  бағалау - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушыларының кәсіптік даярлығы деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен белгіленген талаптарға сәйкес келу дәрежесін айқындау;

31) кәсіптік лицей – жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті кадрларын даярлау жөнінде техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

32) кәсіптік оқыту –  техникалық, қызмет көрсетуші және  басқарушы еңбек мамандарын кәсіптік  даярлауды, қайта даярлауды және  біліктілігін арттыруды қамтитын  кәсіптік білім беру жүйесінің  бір бөлігі;

33) кешенді тестілеу –  ақпараттық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша  бір мезгілде өткізілетін емтихан  нысаны;

34) клиникалық база – жоғары оқу орнының немесе денсаулық сақтау ұйымының жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарының базасында жұмыс істейтін, материалдық-техникалық базасының жоғары деңгейі болатын, ұйымдық-әдістемелік, оқу, емдеу-диагностикалық және ғылыми-зерттеу жұмысының қазіргі заманғы әдістері негізінде дәрігерлерді, ғылыми кадрларды даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын және медициналық көмектің барлық түрлерін көрсететін клиникасы;

35) колледж – жалпы  орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарлама-ларын іске асыратын оқу орны;

36)  кредиттік оқыту технологиясы – білім алушының және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту;

37) қабылдау квотасы –  І, ІІ топтағы мүгедектер, жеңілдектер  мен кепілдектер бойынша соғысқа  қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне  теңестірілген адамдар, бала кезінен  мүгедектер, мүгедек балалар, ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар  мен Қазақстан Республикасының  азаматтары болып табылмайтын  ұлты қазақ адамдарды, сондай-ақ  жетім балалар мен ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған балаларды  техникалық және кәсіптік, орта  білімнен кейінгі және жоғары  білімберетін білім беру ұйымдарына кабылдау үшін бөлінетін мемлекеттік білім беру тапсырысының, оның ішінде білім беру гранттары көлемінің шекті саны;

38) қашықтықтан білім беру  технологиясы – білім алушы  мен педагог қызметкердің жанама (алыстан ) немесе толық емес жанама  өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық  және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту;

39) қосымша білім беру – білім алушылардың білім алу қажеттерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі;

40) лицей – негізгі орта білім берудің және жалпы орта білім берудің жаратылыстану-ғылыми, физика-математикалық бейіндері бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын білім алушылардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес іске асыратын оқу орны;

41) магистр – жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәреже;

42) мамандандырылған аккредиттеу  – білім беру ұйымы іске  асыратын жекелеген білім беру  бағдарламаларының сапасын бағалау;

43) мемлекеттік аралық  бақылау - оқыту сапасын білім  беру ұйымдарына тәуелсіз бақылаудың  бір түрі;

44) мемлекеттік атаулы стипендия - Қазақстан Республикасының Президенті және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын стипендия;

45) мемлекеттік білім беру тапсырысы – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөнінде, экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету, білікті жұмыс күші мен қоғамның зияткерлік әлеуетін молықтыру үшін білікті қызметкерлер мен мамандарды даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөнінде, сондай-ақ білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөнінде мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсетулер көлемі;

46) оқу бағдарламасы - әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберлік пен дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;

47) оқу жоспары - білім  берудің тиісті деңгейіндегі  оқу пәндерінің (предметтерінің) тізбесі  мен көлемін, оларды зерделеу  тәртібі мен бақылау нысандарын  регламенттейтін құжат;

48) оқу-клиникалық орталығы - медициналық жоғары оқу орнының  қазіргі заманғы аппаратурамен, фантомдармен және муляждармен  жабдықталған және білім алушылардың  және (немесе) медицина қызметкерлерінің  практикалық (клиникалық) машықтарды  меңгеруіне және оларды бақылауға  арналған құрылымдық бөлімшесі;

49) орта білім – азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруі нәтижесінде алатын білімі;

50) педагог қызметкерлерді  аттестаттау - педагог қызметкердің  біліктілік деңгейінің біліктілік  талаптарына сәйкестігін айқындау  мақсатында жүргізілетін рәсім;

51) резидентура – клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білім алу нысаны;

52) рухани (діни) білім беру  ұйымдары - дін қызметшілерін даярлаудың  кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары;

53) стипендия - білім алушыларға олардың тамағына, күнелтуіне және оқу әдебиетін сатып алуына жұмсалатын шығындарды ішінара жабу үшін берілетін ақша сомасы;

54) университет – мамандықтың үш және одан да асатын тобы бойынша (медициналық университет – екі және одан да көп) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын, ғылыми және педагогтік қызметті, кадрлардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыратын және өз қызметі саласында жетекші ғылыми және әдістемелік орталық болып табылатын оқу орны;

55) училище – негізгі  орта, жалпы орта білім берудің  жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және мәдениет пен өнер саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

56) ұлттық бірыңғай тестілеу  – орта білімнен кейінгі немесе  жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтихандарымен біріктірілетін, жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі;

57) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор - тиісті  мамандықтар бойынша докторантураның кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін жоғары академиялық дәрежелер;

Информация о работе Осы Заң білім беру