Осы Заң білім беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2015 в 23:18, реферат

Описание работы

Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемле-кеттік саясаттың негізгі принциптерін айқын¬дайды және Қазақстан Республикасы азаматта¬рының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұ¬рақты тұратын шетелдіктердің және азамат¬тығы жоқ адамдардың білім алуға конституция¬лық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы.docx

— 103.91 Кб (Скачать файл)

6) білім беру қызметін  лицензиялауды, сондай-ақ мектепке  дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта  білім берудің (арнайы және мамандандырылған  жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын (спорт бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім беру бағдарламаларын қоспағанда) іске асыратын заңды тұлғаларды мемлекеттік аттестаттаудан өткізуді ұйымдастырады;

7) бастауыш, негізгі орта  және жалпы орта білім берудің  жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

8) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы  орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;

9) балаларға қосымша білім  беруді қамтамасыз етеді;

10) аудан (қала) ауқымында  мектеп олимпиадаларын өткізуді ұйымдастырады;

11) әлеуметтік қорғалмаған  білім алушыларға және күнкөрісі  төмен отбасылардан шыққан білім  алушыларға жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджеттік қаражаттың бір процентінен кем емес мөлшерде қаржылық және материалдық жәрдем көрсетуге қаражат бағыттайды;

12) жетім балаларды, ата-аналарының  қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды міндетті жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

13) мектепке дейінгі білім  беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан  Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

14) Қазақстан Республикасының  заңнамасында көзделген тәртіппен  білім алушылар мен тәрбиеленушілердің  жекелеген санаттарын тегін және  жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

15) білім беру ұйымдарында  оқу бітірген адамдарды жұмысқа  орналастыруға жәрдемдеседі;

16) ауылдық жердегі білім  беру ұйымдарына жұмыс істеуге  келген жас мамандарды тұрғын  үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз  етуге жәрдемдеседі;

17) білім алушылардың қоғамдық  көлікте жеңілдікпен жол жүруі  туралы мәслихатқа ұсыныс енгізеді

18) мектепке дейінгі тәрбие  және оқыту ұйымдарына және  отбасыларына қажетті әдістемелік  және консультациялық көмек көрсетеді;

19) білім беру саласындағы  уәкілетті органмен келісім бойынша  аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің  бірінші басшыларын тағайындайды.

5. Қаладағы ауданның, облыстық, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі:

1) мектеп жасына дейінгі  және мектеп жасындағы балаларды  есепке алуды ұйымдастырады;

2) мектепке дейінгі тәрбие  мен оқытуды қамтамасыз етеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады.

Кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі елді мекенде мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды таяудағы мектепке дейін және кері қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастырады.

7-бап. Білім беру  жүйесін басқару органдарын ақпараттық  қамтамасыз ету

1. Білім беру жүйесін  басқару органдарын толық, дұрыс, салыстырмалы ақпаратпен уақтылы  қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан  Республикасында білім беруді тиімді басқарудың мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылады және жұмыс істейді.

2. Білім берудің бірыңғай  ақпараттық жүйесі білім беру  мониторингінің деректерін, оның  ішінде ведомстволық статистикалық  байқауларды және білім беру  саласындағы уәкілетті орган, жергілікті  атқарушы органдар, білім беру  ұйымдары өз міндеттерін жүзеге  асыру кезінде алған өзге де  деректерді қамтиды.

8-бап. Білім беру  саласындағы мемлекеттік кепілдіктер

1. Мемлекет білім алу  құқығын білім беру жүйесін  дамыту, оның жұмыс істеуінің  құқықтық негізін жетілдіру және  Қазақстан Республикасының Конституциясына  сәйкес білім алу үшін қажетті  әлеуметтік-экономикалық жағдайлар  жасау арқылы қамтамасыз етеді.

Білім беру сапасын мемлекеттік бақылау білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін жасау және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекет Қазақстан Республикасы азаматтарының тегін мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуын, сондай-ақ егер азамат осы деңгейлердің әрқайсысында бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейлердің әрқайсысында бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқық беріледі.

Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары  және жоғары оқу орнынан кейінгі  білім алуға қолжетімділікті  қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік  емес білім беру кредиттерін  дамыту үшін жағдайлар жасалады.

Мемлекет екінші деңгейдегі банктер беретін білім беру кредиттерінің кепілдік жүйесін құру және білім беру кредиттері бойынша талап ету құқықтарын иелену арқылы екінші деңгейдегі банктерді қайта қаржыландыру жөнінде шаралар қабылдайды.

4. Мемлекет әлеуметтік  көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы  азаматтарын олардың білім алуы  кезеңінде қаржылау шығыстарын  толық немесе ішінара өтейді.

Әлеуметтік көмек көрсетілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының санатына:

1) жетім балалар, ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған балалар;

2) даму мүмкіндіктері  шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;

3) көп балалы отбасылардың  балалары;

4) Қазақстан Республикасының  заңдарымен айқындалатын азаматтардың  өзге де санаттары жатады.

Әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін және беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

5. Денсаулық жағдайына  қарай ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдарға бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе емдеу ұйымдарында тегін жеке оқыту ұйымдастырылады.

6. Мемлекет даму мүмкіндіктері  шектеулі азаматтардың білім  алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне  және әлеуметтік бейімделуіне  жағдай жасауды қамтамасыз етеді.

7. Мемлекет тұрғындар  саны аз елді мекендерде тұратын  балалардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алу құқықтарын  қамтамасыз ету үшін шағын  жинақты мектептер мен интернат  ұйымдарының жұмыс істеуіне кепілдік береді.

8. Мемлекет Қазақстан  Республикасының дарынды азаматтарының  элитарық білім, оның ішінде шетелде  білім алуына қажетті жағдай  жасайды.

9-бап. Оқыту және  тәрбиелеу тілі

1. Білім беру ұйымдарындағы  тіл саясаты Қазақстан Республикасының  Конституциясына және Қазақстан  Республикасының тіл туралы заңнамасына  сәйкес жүзеге асырылады.

2. Меншік нысандарына  қарамастан барлық білім беру  ұйымдары білім алушылардың мемлекеттік  тіл ретінде қазақ тілін білуін, сондай-ақ білім берудің тиісті  деңгейінің мемлекеттік жалпыға  міндетті стандартына сәйкес  орыс тілін және шет тілдерінің  біреуін оқып-үйренуін қамтамасыз  етуге тиіс.

3. Ана тілінде білім  алу құқығы тиісті білім беру  ұйымдарының мүмкіндіктері болған  жағдайда сыныптар, топтар құрумен, сондай-ақ олардың жұмыс істеуіне  жағдай жасаумен қамтамасыз етіледі.

4. Мемлекеттік тіл және  орыс тілі бірыңғай ұлттық  тестілеу бағдарламасына енгізілетін  міндетті пәндер болып табылады.

3-тарау. БІЛІМ  БЕРУ ЖҮЙЕСІ

10-бап. Білім беру  жүйесі ұғымы

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын:

1) білім беру деңгейінің  сабақтастығын қамтамасыз ететін  мемлекеттік жалпыға міндетті  білім беру стандарттарының және  білім беретін оқу бағдарламаларының;

2) меншік нысандарына, үлгілері  мен түрлеріне қарамастан, білім  беру бағдарламаларын іске асыратын  білім беру ұйымдарының;

3) білім беруді басқару  органдары және тиісті инфрақұрылымдар, оның ішінде білім сапасы мониторингін  жүзеге асыратын ғылыми және  оқу-әдістемелік қамтамасыз ету  ұйымдарының жиынтығын білдіреді.

11-бап. Білім беру  жүйесінің міндеттері

1. Білім беру жүйесінің  міндеттері:

1) ұлттық және жалпы  адамзаттық құндылықтар, ғылым мен  практика жетістіктері негізінде  жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға  және кәсіптік шыңдауға бағытталған  сапалы білім алу үшін қажетті  жағдайлар жасау.

2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін  дамыту, адамгершілік пен салауатты  өмір салтының берік негіздерін  қалыптастыру, даралықты дамыту  үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін  байыту;

3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына  сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді  құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

4) белсенді азаматтық  ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық  және мәдени өміріне қатысу  қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

5) отандық және әлемдік  мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың  басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін  меңгерту;

6) педагог қызметкерлердің  әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;

7) білім беру ұйымдарының  еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру;

8) қоғам мен экономиканың  қажеттеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;

9) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;

10) жалпы оқытудың, жұмыс  орны бойынша оқытудың және  еңбек нарығының қажеттері арасындағы  өзара байланысты қамтамасыз  ететін және әркімге өзінің  білімге негізделген жеке әлеуетін  қоғамда барынша пайдалануға  көмектесетін оқыту жүйесін өмір  бойы дамыту;

11) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциясы;  

12) білім алушылардың кәсіптік  бағдарлануын қамтамасыз ету;

13) жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді өзара іс-қимыл арқылы техникалық және кәсіптік білім берудің озық қарқынмен дамытылуын қамтамасыз ету болып табылады.

12-бап. Білім беру  деңгейлері

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім беру деңгейлерін:

1) мектепке дейінгі тәрбие  мен оқытуды;

2) бастауыш білім беруді;

3) негізгі орта білім  беруді;

4) орта білім беруді (жалпы  орта білім беруді, техникалық  және кәсіптік білім беруді);

5) орта білімнен кейінгі  білім беруді;

6) жоғары білім беруді;

7) жоғары оқу орнынан  кейінгі білім беруді қамтиды.  

4-тарау. БІЛІМ  БЕРУ МАЗМҰНЫ

13-бап. Білім беру  мазмұнының ұғымы

Білім беру мазмұны – жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені).

Білім беру мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленетін білімберетін оқу бағдарламаларымен айқындалады.

14-бап. Білім беретін оқу бағдарламалары

1. Білім беретін оқу бағдарламалары мазмұны мен бағыттарына (міндеттеріне) қатысты:

1) жалпы білім беретін (үлгілік, жұмыстық);

2) кәсіптік (үлгілік, жұмыстық);

3) қосымша болып бөлінеді.

Үлгілік жалпы білім беретін және кәсіптік оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес әзірленеді.

Жұмыстық жалпы білім беретін және кәсіптік оқу бағдарламалары тиісті үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді.

2. Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жеке адамның жалпы мәдениетін қалыптастырудың, жеке адамды қоғамдағы өмірге бейімдеудің міндеттерін шешуге, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдау мен меңгеру үшін негіз жасауға бағытталған.

Информация о работе Осы Заң білім беру