Осы Заң білім беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2015 в 23:18, реферат

Описание работы

Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемле-кеттік саясаттың негізгі принциптерін айқын¬дайды және Қазақстан Республикасы азаматта¬рының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұ¬рақты тұратын шетелдіктердің және азамат¬тығы жоқ адамдардың білім алуға конституция¬лық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы.docx

— 103.91 Кб (Скачать файл)

30) ведомостволық бағынысты  ұйымдарды белгіленген тәртіппен  бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды  жүзеге асырады;

31) ведомстволық бағыныстағы  білім беру мекемелерінің жарғыларын  бекітеді;

32) білім беру ұйымдарында  меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының және нормативтік құқықтық актілерінің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдардағы бюджеттік және қаржылық тәртіптің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асырады;

33) Қазақстан Республикасының  Президенті лауазымға тағайындайтын  және лауазымнан босататын жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарының басшыларын қоспағанда, ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. Білім беретін ведомстволық бағыныстағы ұйым басшысының орынбасарларын және бас бухгалтерін тағайындауға келісім береді;

34) педагог қызметкерлер  мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;

35) мемлекеттік мекеме  ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік орта білім беретін ұйымдардың басшыларын конкурстық тағайындау ережелерін бекітеді;

36) жоғары оқу орындарының  профессор-оқытушылар құрамы мен  ғылыми қызметкерлерін лауазымдарға  конкурстық тағайындау ережелерін  бекітеді;

37) педагог қызметкерлерді  аттестаттау ережелерін бекітеді;

38) педагог кадрларды қайта  даярлау мен олардың біліктілігін  арттыруды ұйымдастырады;

39) салалық көтермелеу  жүйесін әзірлейді және бекітеді;

40) шетелдік әріптестермен  келіссөздер жүргізеді және өз  құзыреті шегінде білім беру  саласында, сондай-ақ ғылыми қызметте  халықаралық шарттарға (келісімдерге) және бағдарламаларға қол қояды; білім беру ұйымдары жүзеге  асыратын халықаралық ынтымақтастық  ұйымдарының ережелерін белгілейді  және осы жұмысты үйлестіреді;

41) шетелге оқытуға жіберу  тәртібін белгілейді;

42) білім беру ұйымдарын  мемлекеттік аттестаттауды және  аккредиттеуді ұйымдастыру және  оларды жүргізу жөніндегі нормативтік  құқықтық актілерді бекітеді.

43) жоғары оқу орнынан  кейінгі білімі бар, сондай-ақ  республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;

44) Қазақстан Республикасының  білім беру саласындағы заңнамасының  анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамалар береді

6-бап. Білім беру  саласындағы жергілікті өкілді  және атқарушы органдардың құзыреті

1. Жергілікті өкілді органдар:

1) тиісті әкімшілік-аумақтық  бірлік аумағындағы жергілікті  атқарушы органдар ұсынған білім  беруді дамыту бағдарламаларын  бекітеді, олардың орындалуы туралы  есептерді тыңдайды;

2) білім алушылардың қоғамдық  көлікте жеңілдікпен жол жүруі  туралы шешім қабылдайды.

2. Облыстың жергілікті  атқарушы органы:

1) білім беруді дамыту  бағдарламаларын әзірлейді және  мәслихаттың бекітуіне енгізеді;

2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім  беруді қамтамасыз етеді;

3) балаларды арнайы жалпы  білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етеді;

4) мамандандырылған білім  беру ұйымдарында дарынды балаларды  оқытуды қамтамасыз етеді;

5) білім туралы мемлекеттік  үлгідегі құжаттардың бланкілеріне  тапсырыс беруді және негізгі  орта, жалпы орта білім берудің  жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

6) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім  берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, мамандандырылған және арнайы  жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;

7) білім беру қызметін  лицензиялауды, сондай-ақ техникалық  және кәсіптік, орта білімнен  кейінгі білім берудің оқу  бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған  және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт бойынша қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларды мемлекеттік аттестаттаудан өткізуді ұйымдастырады;

8) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі  бар мамандарды даярлауға арналған  мемлекеттік білім беру тапсырысын  бекітеді;

9) білім алушылардың ұлттық  бірыңғай тестілеуге қатысуын  ұйымдастырады;

10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім  берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған  жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

11) әлеуметтік қорғалмаған  білім алушыларға және күнкөрісі  төмен отбасылардан шыққан білім  алушыларға жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджеттік қаражаттың бір процентінен кем емес мөлшерде қаржылық және материалдық жәрдем көрсетуге қаражат бағыттайды;

12) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім  берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған  жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді;

13) облыс ауқымында мектеп  олимпиадаларын өткізуді қамтамасыз  етеді;

14) спорт бойынша балаларға  қосымша білім беруді қамтамасыз  етеді;

15) бюджет қаражаты есебінен  қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

16) балалар мен жасөспірімдердің  психикалық денсаулығын тексеруді  және халыққа психологиялық-медициналық-педагогтік  консультациялық көмек көрсетуді  қамтамасыз етеді;

17) дамуында проблемалары  бар балалар мен жасөспірімдерді  оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді  қамтамасыз етеді;

18) жетім балаларды, ата-аналарының  қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды міндетті жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

19) Қазақстан Республикасының  заңнамасында көзделген тәртіппен  білім алушылардың жекелеген  санаттарын тегін және жеңілдікпен  тамақтандыруды ұйымдастырады;

20) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім  берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын  іске асыратын білім беру ұйымдарын  мемлекеттік білім беру тапсырысының  негізінде бітірген адамдарды  жұмысқа орналастыруды қамтамасыз  етеді;

21) білім алушылардың қоғамдық  көлікте жеңілдікпен жол жүруі  туралы мәслихатқа ұсыныс енгізеді;

22) білім беру саласындағы  уәкілетті органмен келісім бойынша  облыстық білім департаменінің  бірінші басшысын тағайындайды.

3. Республикалық маңызы  бар қаланың және астананың  жергілікті атқарушы органы:

1) білім беруді дамыту  бағдарламаларын әзірлейді және  мәслихаттың бекітуіне енгізеді;

2) мектеп жасына дейінгі  және мектеп жасындағы балаларды  есепке алуды, оларды міндетті  орта білім алғанға дейін оқытуды  ұйымдастырады;

3) кешкі (ауысымды) оқыту  нысанын және интернат үлгісіндегі  ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы  орта білім беруді қоса алғанда, міндетті жалпы орта білім  беруді ұйымдастырады және қамтамасыз  етеді;

4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім  алуды қамтамасыз етеді;

5) мектепке дейінгі тәрбие  мен оқытудың, бастауыш, негізгі  орта және жалпы орта, техникалық  және кәсіптік, орта білімнен  кейінгі білім берудің, балаларға  қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;

6) білім беру қызметін  лицензиялауды, сондай-ақ мектепке  дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта  білімнен кейінгі білім берудің, балаларға қосымша білім берудің  білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларды, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізуді ұйымдастырады;

7) мектепке дейінгі тәрбие  мен оқытуға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

8) білім алушылардың ұлттық  бірыңғай тестілеуге қатысуын  ұйымдастырады;

9) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы  білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;

10) балаларға арналған  қосымша білім беруді қамтамасыз  етеді;

11) әлеуметтік қорғалмаған  білім алушыларға және күнкөрісі  төмен отбасылардан шыққан білім  алушыларға жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджеттік қаражаттың бір процентінен кем емес мөлшерде қаржылық және материалдық жәрдем көрсетуге қаражат бағыттайды;

12) мемлекеттік білім беру  ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің  түзеу мекемелеріндегі білім  беру ұйымдарын қоспағанда) және  мектепке дейінгі тәрбие және  оқыту ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

13) арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастырады;

14) дарынды балаларды мамандандырылған  білім беру ұйымдарында оқытуды  қамтамасыз етеді;

15) республикалық маңызы  бар қаланың, астананың ауқымында  мектеп олимпиадаларын өткізуді  қамтамасыз етеді;

16) балалар мен жасөспірімдердің  психикалық денсаулығын тексеруді  және халыққа психологиялық-медициналық-педагогтік  консультациялық көмек көрсетуді  қамтамасыз етеді;

17) дамуында проблемалары  бар балалар мен жасөспірімдерді  оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді  қамтамасыз етеді;

18) кадрларды қайта даярлауды  және бюджет қаражаты есебінен  қаржыландырылатын мемлекеттік  мекемелер қызметкерлерінің біліктілігін  арттыруды қамтамасыз етеді;

19) жетім балаларды, ата-аналарының  қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды міндетті жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

20) мектепке дейінгі білім  беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан  Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

21) Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген тәртіппен  білім алушылар мен тәрбиеленушілердің  жекелеген санаттарын тегін және  жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

22) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім  берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын  іске асыратын білім беру ұйымдарын  мемлекеттік білім беру тапсырысының  негізінде бітірген адамдарды  жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

23) білім алушылардың қоғамдық  көлікте жеңілдікпен жол жүруі  туралы мәслихатқа ұсыныс енгізеді;

24) мектепке дейінгі тәрбие  және оқыту ұйымдарына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

25) білім беру саласындағы  уәкілетті органмен келісім бойынша  білім департаменттерінің бірінші  басшыларын тағайындайды.

4. Ауданның (облыстық маңызы  бар қаланың) жергілікті атқарушы  органы:

1) білім беруді дамыту  бағдарламаларын іске асырады;

2) кешкі (ауысымды) оқу нысанын  және интернат үлгісіндегі ұйымдар  арқылы ұсынылатын жалпы орта  білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта  білім беруді қамтамасыз етеді;

3) білім алушылардың ұлттық  бірыңғай тестілеуге қатысуын  ұйымдастырады;

4) мектеп жасына дейінгі  және мектеп жасындағы балаларды  есепке алуды, оларды міндетті  орта білім алғанға дейін оқытуды  ұйымдастырады;

5) арнайы және мамандандырылған  жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;

Информация о работе Осы Заң білім беру