Осы Заң білім беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2015 в 23:18, реферат

Описание работы

Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемле-кеттік саясаттың негізгі принциптерін айқын¬дайды және Қазақстан Республикасы азаматта¬рының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұ¬рақты тұратын шетелдіктердің және азамат¬тығы жоқ адамдардың білім алуға конституция¬лық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы.docx

— 103.91 Кб (Скачать файл)

30-бап. Мектепке  дейінгі тәрбие мен оқыту

1. Бір жастан бес жасқа  дейінгі балаларды мектепке дейінгі  тәрбиелеу отбасында және (немесе) мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге  асырылады.

2. Жергілікті атқарушы  органдар отбасына және мектепке  дейінгі ұйымдарға қажетті әдістемелік  және консультациялық көмек ұйымдастырады.

3. Мектепке дейінгі оқыту  балаларды мектепте оқуға бес  жастан бастап мектепалды даярлық  түрінде жүзеге асырылады.

Мектепалды даярлық міндетті және отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің және гимназиялардың мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы мектепалды даярлық тегін болып табылады.

31-бап. Бастауыш, негізгі  орта және жалпы орта білім  беру

1. 1-сыныпқа оқуға балалар  алты жастан қабылданады.

2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы  білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беретін ұйымдардың негізгі түрлері мектеп, гимназия, лицей, бейіндік мектеп болып табылады.

3. Он алты жасқа дейінгі  балаларды орта білім беретін мемлекеттік ұйымдардан шығаруға құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымдарының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымы мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі.

Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қорғаншы және қамқоршы ұйымдардың келісімімен қабылданады.

32-бап. Техникалық  және кәсіптік білім беру

1. Техникалық және кәсіптік  білім беру негізгі орта және (немесе) жалпы орта білім беру  базасында кәсіптік лицейлерде, училищелерде, колледждерде және  жоғары техникалық мектептерде  жүзеге асырылады.

Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардағы оқу процесі оқу-өндірістік шеберханаларында, оқу шаруашылықтары мен оқу полигондарында өндірістік оқыту шеберінің басшылығымен орындалатын теориялық сабақтарды және өндірістік оқытуды қамтиды.

2. Кәсіптік оқыту тікелей  өндірісте, оқу-өндірістік комбинаттарында, оқу орталықтарында, курстарда, білім  беру қызметін жүзеге асыру  құқығына Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген тәртіппен  берілген лицензиясы бар болған  кезде және жұмысшылар даярлауды  жүзеге асыратын заңды тұлғалардың  оқу-өндірістік құрылымдарында жүзеге  асырылуы мүмкін.

33-бап. Орта білімнен  кейінгі білім беру

Орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары негізгі түрі колледж болып табылатын білім беру ұйымдарында іске асырылады.

Орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша мамандарды даярлау, тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін гуманитарлық мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.  

34-бап. Жоғары техникалық  мектептер

Жоғары техникалық мектептер техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі интеграцияланған білімберетін оқу бағдарламаларын іске асырады.

35-бап. Жоғары білім  беру

1. Жоғары білімді жалпы  орта немесе техникалық және  кәсіптік немесе орта білімнен  кейінгі білімі бар азаматтар  алады. Азаматтың конкурстық негізде  тегін жоғары білім алуға құқығы  бар.

2. Жоғары білім берудің  кәсіптік оқу бағдарламалары негізгі түрлері университет, академия, институт және оларға теңестірілгендер (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) болып табылатын жоғары оқу орындарында іске асырылады.

Инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізетін университеттер инновациялық университеттер болып табылады.

Жоғары оқу орындарының филиалдары, лицензиялануға жататын білім беру қызметінің кіші түрлерін қоспағанда, білім беру қызметін жүзеге асыруға құқылы.

3. Жоғары білім берудің  кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан табысты өткен білім алушыға біліктілік және (немесе) “бакалавр” академиялық дәрежесі беріледі.

4. Білім беру бағдарламаларын  іске асыру және ғылыми-қолданбалы  зерттеулерді жүргізу үшін жоғары  оқу орындары инновациялық-білім  беру консорциумын құруға және (немесе) оған кіруге құқылы.

36-бап. Жоғары оқу  орнынан кейінгі білім беру

1. Жоғары оқу орнынан  кейінгі білімді жоғары білімі  бар азаматтар алады.

2. Ғылыми және педагог  кадрларды даярлау жоғары оқу  орындарының және ғылыми ұйымдардың  магистратурасы мен докторантурасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген тәртіппен  жыл сайын бекітілетін мамандықтар  тізбесіне сәйкес күндізгі оқыту  нысаны бойынша шет елдердің  жоғары оқу орындарына “Болашақ”  халықаралық стипендиясының стипендиаттарын оқуға жіберу арқылы жүзеге асырылады.

Әскери мамандықтар бойынша магистратураның кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыру әскери жоғары оқу орындарының адьюнктурасында жүзеге асырылады.

3. Кадрларды магистратурада  даярлау жоғары білім берудің  кәсіптік оқу бағдарламалары  негізінде:

1) екі жылдық оқу мерзімімен  ғылыми және педагогтік;

2) кемінде бір жыл оқыту  мерзімімен бейіндік болып екі  бағытта жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан табысты өткен және магистрлік диссертациясын көпшілік алдында қорғаған білім алушыға тиісті мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесі беріледі.

4. Докторантурада магистратураның  кәсіптік оқу бағдарламалары  негізінде кемінде үш жыл оқу  мерзімімен философия докторлары (PhD) мен бейіні бойынша докторлар  даярлау жүзеге асырылады.

5. Жоғары оқу орнынан  кейінгі медициналық және фармацевтік  білім беру резидентураны, магистратура  мен докторантураны қамтиды.

Резидентурада мамандануына қарай оқыту ұзақтығы екі жылдан төрт жылға дейін клиникалық мамандықтар бойынша тереңдетіле даярлау жүзеге асырылады. Резидентура туралы ережені денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

37-бап. Қосымша  білім беру

1. Білім алушылар мен  тәрбиеленушілерге қосымша білім  беру, түрлерін білім беру саласындағы  уәкілетті орган айқындайтын  қосымша білім беру ұйымдарында  жүзеге асырылады. 

Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушыларға білім беру қызметтерін көрсетуді бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары шарттық негізде береді.

2. Кадрлардың біліктілігін  арттыру және қайта даярлау  қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда, өндірісте және мемлекеттік ғылым ұйымдары мен жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлерінің “Болашақ” халықаралық стипендиясы бойынша әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында, ғылыми орталықтары мен зертханаларында ғылыми тағылымдамадан өтуі кезінде жүзеге асырылады.

3. Білім беру ұйымдарының  педагог және ғылыми қызметкерлерінің  біліктілігін арттыру бес жылда  кемінде бір рет жүзеге асырылады.

38-бап. Білім алушылардың  кәсіптік практикасы

1. Білім алушылардың кәсіптік  практикасы мамандар даярлайтын  кәсіптік оқу бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады.

Кәсіптік практика тиісті ұйымдарда жүргізіледі және оқыту процесінде алған білімдерді бекітуге, практикалық дағдыларды игеруге және озық тәжірибені меңгеруге бағытталған.

2. Кәсіптік практиканың  түрлері, мерзімдері мен мазмұны  жұмыстық оқу бағдарламаларымен  және жұмыстық оқу жоспарларымен  айқындалады.

3. Кәсіптік практиканы  өткізу үшін білім беру ұйымдары  шарттық негізде практиканың  базасы ретінде ұйымдары айқындайды, олармен практиканы өткізудің  келісілген бағдарламалары мен  күнтізбелік кестелерін бекітеді.

Шарттарда білім беру ұйымының, практиканың базасы болып табылатын ұйымдардың және білім алушылардың міндеттері мен жауаптылықтары айқындалады.

4. Кәсіптік практикаға  кететін шығындар білім беру  ұйымдарында және практиканың  базасы болып табылатын ұйымдарда  көзделеді және жасасылған шарттармен  айқындалады.

5. Практиканың базалары  болып табылатын ұйымдармен шарттар  білім алушылардың кәсіптік практикасын  өткізуге арналған шарттардың  үлгілік нысаны негізінде жасасылады.

39-бап. Білім беру  туралы құжаттар

1. Лицензиясы бар, мемлекеттік  аттестаттаудан өткен және негізгі  орта, жалпы орта, техникалык және  кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі  білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қорытынды аттестаттаудан өткен азаматтарға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар береді.

Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

2. Білім туралы мемлекеттік  үлгідегі құжаттың болуы келесі  деңгейдегі білім беру ұйымдарында  білім алуды жалғастыру үшін  қажетті талап болып табылады.

3. Білім алуды аяқтамаған  не қорытынды аттестаттаудан  өтпеген азаматтарға белгіленген  үлгідегі анықтама беріледі.

4. Шетелдік білім беру  ұйымдары берген білім туралы  құжаттар Қазақстан Республикасының  аумағында халықаралық шарттар (келісімдер) негізінде танылады.

Халықаралық шарттар (келісімдер) болмаған кезде азаматтардың шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарын нострификациялау және оларға тиісті куәліктерді беру білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. 

 

6-тарау. БІЛІМ  БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ

40-бап. Білім беру  ұйымдары

1. Бір немесе бірнеше  білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын және (немесе) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді асырау мен тәрбиелеуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар білім беру ұйымдары болып табылады.

Білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар (құрылтайшылар) құрады.

Білім беру ұйымдарының қызметі тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелерімен және солардың негізінде әзірленген жарғылармен реттеледі.

2. Білім беру ұйымдарында  білім беру қызметін жүргізу  құқығы лицензия алған кезден  бастап туындайды және соттың  лицензиядан айыру туралы шешімі  заңды күшіне енген немесе  Қазақстан Республикасының заңдарында  белгіленген тәртіппен лицензия  жарамсыз деп танылған сәттен  бастап тоқтатылады.

3. Білім беру ұйымының  мәртебесін (үлгісін, түрін) оның құрылтайшылары  айқындайды және осы Заңның  талаптары, білім беру қызметін  лицензиялау кезіндегі біліктілік  талаптары, тиісті үлгідегі білім  беру ұйымдары қызметінің үлгілік  ережелері ескеріле отырып, оның  жарғыларында көрсетіледі.

4. Білім беру ұйымдары үлгілері мен түрлерінің номенклатурасын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

5. Медициналық білім беру  ұйымдары қаржыландырылуы Қазақстан  Республикасының заңнамасында тыйым  салынбаған көздерден жүзеге  асырылатын клиникалық базасы  бар болған кезде ғана жұмыс  істеуі мүмкін.

Клиникалық базалар туралы ережені денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

41-бап. Білім беру  ұйымының жарғысы

1. Білім беру ұйымының  жарғысы Қазақстан Республикасының  азаматтық заңнамасында көзделген  талаптардан басқа, мыналарды:

1) іске асырылатын білім беретін оқу бағдарламаларының тізбесін;

2) білім беру ұйымдарына  қабылдау тәртібін;

3) білім беру процесін  ұйымдастыру тәртібін (оның ішінде  оқыту және тәрбиелеу тілін (тілдерін), білім алушылардың, тәрбиеленушілердің  сабақ режимін);

4) білімдерді ағымдағы  бақылау, білім алушыларды аралық  және қорытынды аттестаттау жүйесін, оларды өткізудің нысандарын  және тәртібін;

5) ақылы қызмет көрсетудің  тізбесін және тәртібін;

6) білім беру ұйымының  білім алушылармен, тәрбиеленушілермен  және (немесе) олардың ата-аналарымен  және өзге де заңды өкілдерімен  қатынастарын ресімдеу тәртібін  қамтуға тиіс.

2. Білім беру ұйымының  жарғысында оның қызметіне қатысты  және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер қамтылуы мүмкін.

3. Білім беру ұйымының  жарғысы Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген тәртіппен  бекітіледі.

42-бап. Білім беру  ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру  және тарату

1. Білім беру ұйымдарын  құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Білім беру ұйымы  лицензиясынан айырылған немесе  таратылған жағдайда оның құрылтайшысы (құрылтайшылары) білім алушыларды  оқуын жалғастыру үшін басқа  білім беру ұйымдарына ауыстыруға  шаралар қолданады.

43-бап. Білім беру  ұйымдарының құзыреті

1. Білім беру ұйымдары  Қазақстан Республикасының заңнамасында, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдарының қызметі туралы үлгілік ережелер мен білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген шектерде оқу және тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болады.

2. Білім беру ұйымдары  өз қызметін жария түрде жүзеге  асырады, жұртшылықты оқу, ғылыми-зерттеу  және қаржы қызметі туралы  хабардар етеді.

3. Білім беру ұйымдарының  құзыретіне мынадай функциялар:

1) ішкі тәртіп ережелерін  әзірлеу және бекіту;

Информация о работе Осы Заң білім беру