Осы Заң білім беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2015 в 23:18, реферат

Описание работы

Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемле-кеттік саясаттың негізгі принциптерін айқын¬дайды және Қазақстан Республикасы азаматта¬рының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұ¬рақты тұратын шетелдіктердің және азамат¬тығы жоқ адамдардың білім алуға конституция¬лық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы.docx

— 103.91 Кб (Скачать файл)

2. Мемлекеттік білім беру  ұйымдарын қаржыландыру білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен белгіленген талаптар және Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалатын нормалар негізінде бюджеттік қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік білім беру  мекемелерін бюджеттік қаражаттар  есебінен қаржыландыру мекемелердің  мемлекеттік жалпыға міндетті  білім беру стандарттарына сәйкес ұсталуын және функцияларды орындауын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік білім беру мекемелеріне жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін конкурстық негізде грант берілуі мүмкін.

4. Мемлекеттік білім беру  кәсіпорындарын, басқа да ұйымдық-құқықтық  нысандағы білім беру ұйымдарын қаржыландыру мемлекеттік білім тапсырысы негізінде жүзеге асырылады.

5. Білікті жұмысшылар  мен мамандарды даярлауға, біліктілігін  арттыруға және қайта даярлауға  мемлекеттік білім беру тапсырысы:

1) мамандарды даярлау  бағыттарын;

2) оқыту нысандары бойынша  мемлекеттік білім беру тапсырысының  көлемін (орындар, гранттар санын);

3) бір маманды оқытуға  жұмсалатын шығыстардың орташа кұнын қамтуға тиіс.

Мемлекеттік білім беру мекемелерінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және білім беру ұйымының атауы көрсетіледі.

Мемлекеттік білім беру тапсырысына сонымен қатар Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттармен көзделген оқу орындарында мамандарды даярлау, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды оқыту енеді.

6. Мектепке дейінгі тәрбие  мен оқыту ұйымдарында орналастырылатын  мемлекеттік білім беру тапсырысы  тәрбиеленушілер санын және бір  тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың  орташа құнын қамтуға тиіс.

7. Білім беру жүйесін  оқу-әдістемелік қамтамасыз ету  бойынша мемлекеттік білім беру  тапсырысын ұстауға қойылатын  талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

8. Жоғары білім беруді  қаржыландыруға мемлекеттік білім беру тапсырысы білім беру гранттары түрінде мамандыққа, оқу орнының түрі мен мәртебесіне қарай саралана отырып орналастырылады.

Орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының өтемді білім беру қызметтерін көрсету шарты бойынша бір білім алушыға жұмсалатын шығындары білім беру грантының мөлшерінен кем болмайды.

 

63-бап. Білім беру  ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы

1. Білім алушылар мен  тәрбиеленушілерге білім беру  ұйымдары бюджет қаражаттары  есебінен көрсететін білім беру  қызметтері тегін ұсынылады.

2. Мемлекеттік білім беру  мекемелеріне білім алушылар  мен тәрбиеленушілерге мемлекеттік  жалпыға міндетті білім беру  стандарттары шеңберінде ақылы  негізде білім беру қызметтерін  көрсетуге тыйым салынады.

Өнер мамандығы бойынша жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ бұқаралық кәсіптердің қызметкерлерін даярлау жөніндегі кәсіптік оқытудың оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру мекемелері бюджеттік қаражаттар есебінен көрсетілетін білім беру қызметтерінің көлемдерінен тыс ақылы негізде білім беру қызметтерін ұсынуға құқылы.

3. Мемлекеттік білім беру  мекемелері білім берудің мемлекеттік  жалпы білім беру стандарттарының талаптарынан тыс ақылы негізде мынадай:

1) қосымша білім беру  бағдарламаларын (балалар және жасөспірімдер  шығармашылығын, спорт, мәдениет және  өнер саласындағы бейімділіктер  мен қызығушылықтарды дамыту, мамандардың  біліктілігін арттыру) іске асыру;

2) оқу жоспары мен бағдарламалары  бойынша бөлінген оқу уақытынан  тыс пәндер (сабақтар және сабақтардың  циклдері) бойынша жекелеген білім  алушылармен қосымша сабақтар  ұйымдастыру;

3) пәндер (сабақтар және  сабақтардың циклдері) бойынша білім  алушылармен ғылым негіздерін  тереңдетіп оқып үйренуді ұйымдастыру;

4) білім алушылар мен  тәрбиеленушілер, педагог қызметкерлер  мен ересек жұртшылық арасында  әр түрлі: спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ  оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу  мен өткізу жөніндегі іс-шаралар  ұйымдастыру және өткізу;

5) музыка аспаптарын пайдалануға  беру және Интернет-байланыстың  қосымша қызметтерін ұсыну;

6) жазғы демалысты ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, білім беру ұйымында өткізілетін  түрлі іс-шараларға қатысушылардың  тамақтануын қамтамасыз ету;

7) энергия қондырғылары  мен қазандықтар беретін жылу энергиясын жіберу;

8) кәсіптік оқытуды ұйымдастыру (техникалық және қызмет көрсетуші  еңбек мамандарын қайта даярлау  және олардың біліктілігін арттыру);

9) оқу-өндірістік шеберханалардың, оқу шаруашылықтарының, оқу-тәжірибе  учаскелерінің өнімдерін өндіру  мен өткізуді ұйымдастыру бойынша  тауарларды (жұмыстарды, қызметтер  көрсетуді) беруге құқылы.

4. Мемлекеттік білім беру  мекемелері ақылы негізде ұсынатын  тауарларға (жұмыстарға және қызметтер  көрсетуге) бағалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілуге жатады.

5. Жеке меншік білім  беру ұйымдары ақылы негізде  тауарларды (жұмыстарды және қызметтер  көрсетуді) өткізуден, оның ішінде  мемлекеттік жалпыға міндетті  білім беру стандарттарының шеңберінде  оқытудан түскен кірістерді, құрылтайшылардың қаражаттарын және заңнамамен тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздерін дербес пайдаланады.

6. Ақылы негізде қызметтер  көрсететін білім беру ұйымдарының  және білім алушының (тәрбиеленушінің), оның ата-анасының немесе өзге да заңды өкілдердің өзара қатынастары шартпен реттеледі. Ақылы негізде тауарлар (жұмыстар және қызметтер көрсету) ұсынуға арналған үлгілік шарттың нысанын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

Білім алушы шарт жасасу кезінде бүкіл оқу кезеңіне шығыстарды бір мезгілде төлеген жағдайда төлем сомасы оқу мерзімі аяқталғанға дейін өзгермейтін болады.

Оқуға төлемді кезең-кезеңмен төлеген ретте төлем сомасы жалақының ұлғаюы жағдайында және инфляция индексі ескеріле отырып, жылына бір реттен жиі емес өзгертілуі мүмкін.

64-бап. Білім беру  ұйымдарының материалдық-техникалық  базасын дамыту

1. Мемлекеттік білім беру  ұйымдарының материалдық-техникалық  базасын жасау және дамыту  бюджет қаражаттары, ақылы негізде  көрсетілетін қызметтерден түскен  кірістер, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

2. Білім беру ұйымдарының  Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалатын тәртіппен мүліктерге иелік ету және пайдалану құқығы бар. Білім беру ұйымының мемлекеттік мүлкі алып қойылуға немесе білім беру ұйымының негізгі міндеттеріне қайшы келетін мақсаттарда пайдаланылуға тиіс емес.

3. Білім беру ұйымдарын  жекешелендіру Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес және білім  беру саласындағы уәкілетті органмен  келісім бойынша жүзеге асырылады.  

 

10-тарау. БІЛІМ  БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ҚЫЗМЕТ

65-бап. Халықаралық  ынтымақтастық және сыртқы экономикалық  қызмет

1. Қазақстан Республикасының  білім беру саласындағы халықаралық  ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының  заңнамасы және Қазақстан Республикасының  халықаралық шарттары негізінде  жүзеге асырылады.

2. Білім беру ұйымының  білім беру саласындағы уәкілетті  органмен келісім бойынша өз  жұмысының ерекшеліктеріне сәйкес  шетелдік білім беру, ғылым және  мәдениет ұйымдарымен, халықаралық  ұйымдармен және қорлармен тікелей  байланыстар орнатуға, ынтымақтастық  туралы екі жақты және көп  жақты шарттар жасасуға, студенттер, магистранттар, докторанттар, педагог  және ғылыми қызметкерлер алмасудың  халықаралық бағдарламаларына қатысуға, білім беру саласындағы халықаралық  үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) кіруге құқығы бар.

Әскери оқу орындарының халықаралық шарттар мен келісімшарттарға сәйкес шетелдік азаматтардың қатарынан мамандар даярлауды жүзеге асыруға құқығы бар.

Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында және білім беру ұйымдарының жарғысында айқындалған тәртіппен сыртқы экономикалық қызметпен айналысуға құқылы.

3. Қазақстан Республикасы  білім беру ұйымдарының халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

4. Қазақстан Республикасында  халықаралық және шетелдік оқу  орындарын және (немесе) олардың  филиалдарын құру халықаралық  шарттардың негізінде немесе  Қазақстан Республикасы Үкіметінің  шешімі бойынша жүзеге асырылады.

5. Халықаралық оқу орындарының  және Қазақстан Республикасының  аумағында басқа мемлекеттер  немесе олардың заңды және  жеке тұлғалары құратын оқу  орындарының, олардың филиалдарының  білім беру қызметін лицензиялау, сондай-ақ оларды мемлекеттік  аттестаттау мен аккредиттеу, егер  Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

66-бап. Шет елдегі қазақ диаспорасының білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру

1. Қазақстан Республикасының  азаматтары болып табылмайтын  ұлты қазақ адамдардың Қазақстан  Республикасында білім алуға  құқығы бар.

2. Мемлекет шет елдегі  қазақ диаспорасының білім алу  қажеттіліктерін қанағаттандыруға  жәрдемдеседі.

3. Шет елдегі қазақ  диаспорасы үшін білім беру  ұйымдарын құру және оған қаржылық-материалдық  көмек көрсету халықаралық шарттарда  белгіленген тәртіппен жүзеге  асырылады. 

 

11-тарау. ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ  ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ

67-бап. Қазақстан  Республикасының білім беру саласындағы  заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады. 

 

12-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ  ЕРЕЖЕЛЕР

68-бап. Осы Заңның  қолданысқа енгізілуі

1. Осы Заң, 2008 жылғы 1 қаңтардан  бастап қолданысқа енгізілетін 8-баптың 2-тармағының екінші бөлігін, 52-баптың 6-тармағының екінші абзацын, 7-тармағы 1) тармақшасының екінші және бесінші  абзацтарын, 8-тармағының 2), 3) тармақшаларын  және 53-баптың 3-тармағының 1), 3) тармақшаларын  қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған  күнінен бастап күнтізбелік он  күн өткеннен кейін қолданысқа  енгізіледі.

2. Білім беру ұйымдарына  осы Заң қолданысқа енгізілгенге  дейін оқуға түскен адамдар  оқуға түскен кезде қолданыста  болған білім беру бағдарламалары  бойынша оқуын бітіріп, оларға  білім туралы белгіленген үлгідегі  құжат беріледі.

3. “Білім туралы” 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы  Заңының (Қазақстан Республикасы  Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 13, 429-құжат; № 23, 927-құжат; 2001ж., № 13-14, 173-құжат; № 24, 338-құжат; 2004 ж., № 18, 111-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 71-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат) күші жойылды деп танылсын. 

 

 

  

 

 


Информация о работе Осы Заң білім беру