Инвестицияның мәні мен жіктелемі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 07:34, лекция

Описание работы

“Инвестиция” сөзі латынша “іnvectіre” қазақ тіліне аударғанда қаражат салу, жұмсау дегенді білдіреді. “Инвестиция” сөзі отандық экономикамыз үшін біршама жаңа термин.
Шет елдік инвестицияға байланысты заңда инвестицияға мынадай түсінік берілген: “Инвестициялау – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объкетілеріне салынатын мүліктік және интелектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, соның ішінде :
- жылжитын және жылжымайтын мүліктер мен мүліктік құқық, ұстау құқығы, өңдеусіз стауға арналған тауарлардан басқалары;
- акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың өзгеде нысандары;
- облигациялар және басқа да борыштық міндеттемелер;
- инвестицияларға байланысты келісім-шарттар бойынша орындалуға тиісті қызметтер, тауарлар, ақшалай сомаларды талап етулер;
- интелектуалдық қызметтің нәтижелеріне деген құқықтар, оған жататындар: авторлық құқық, патент, тауар белгісі, өнеркәсіп үлгісі, технологиялық процестер, нау-хау, нормативтік-техникалық, сәулеттік, констукторлық және технологиялық жобалық құжаттар;
- лицензия немесе мемлекеттік органдардан берілетін басқа да нысандардағы кәсіпкерлік қызмет түрін жүзеге асыруға арналған кез келген құқықтар ”.

Файлы: 1 файл

ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ КАРЖЫЛАНДРУ ЖӘНЕ НЕСЕЛЕу-11.doc

— 445.50 Кб (Скачать файл)

ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДРУ ЖӘНЕ НЕСЕЛЕ

ПӘҢІ БОЙЫҢША ДӘРІСТЕРІ КЕШЕНІ

1-дәрiс. Инвестицияның мәні мен жіктелемі

“Инвестиция” сөзі латынша “іnvectіre” қазақ тіліне аударғанда қаражат салу, жұмсау дегенді білдіреді. “Инвестиция” сөзі отандық экономикамыз үшін біршама жаңа термин.

Шет елдік инвестицияға байланысты заңда инвестицияға мынадай түсінік берілген: “Инвестициялау – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объкетілеріне салынатын мүліктік және интелектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, соның ішінде :

  • жылжитын және жылжымайтын мүліктер мен мүліктік құқық, ұстау құқығы, өңдеусіз стауға арналған тауарлардан басқалары;
  • акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың өзгеде нысандары;
  • облигациялар және басқа да борыштық міндеттемелер;
  • инвестицияларға байланысты келісім-шарттар бойынша орындалуға тиісті қызметтер, тауарлар, ақшалай сомаларды талап етулер;
  • интелектуалдық қызметтің нәтижелеріне деген құқықтар, оған жататындар: авторлық құқық, патент, тауар белгісі, өнеркәсіп үлгісі, технологиялық процестер, нау-хау, нормативтік-техникалық, сәулеттік, констукторлық және технологиялық жобалық құжаттар;
  • лицензия немесе мемлекеттік органдардан берілетін басқа да нысандардағы кәсіпкерлік қызмет түрін жүзеге асыруға арналған кез келген құқықтар ”.

Инвестицияның төмендегідей типтері болады:

1) Портфельдік (қаржылық) инвестициялар, мемлекеттік, муниципальдық өзін-өзі басқару органдардың корпоративтік компаниялардың шығарған акцияларына, облигацияларына және басқа да бағалы қағаздарына жұмсаған ақша қаражаттары. 

 Портфельдік инвестицияны жүзеге асыру барысында инвестор пайыз немесе дивиденд түрінде табыс алады және өтімді резервтерін қалыптастырады. Портфельдік инвестицияны уақытша бос ақша қаражаты бар банктер, инвестициялық компаниялар және фирмалар жүзеге асырады.

2) Нақты капитал (капитал  жасайтын) инвестициялар – материалдық өндіріске материалдық-заттай қызмет түрлерін ұзақ мерзімді қаражат салу немесе басқаша айтқанда, жұмыс жасап отырған кәсіпорындарды қайта құру және техникалық жағынан қайта қаруландыруға, жаңа кәсіпорындар салуға жұмсалған инвестициялар. Бұл жерде инвестор-кәсіпорын өзінің капиталын, соның ішінде негізгі өндірістік қорларын ұлғайту мақсатында жұмыс жасайды.

3) Материалдық емес активтерге  салынған инвестициялар – кәсіпорынға, жобаларға және қандай да бір істі бастауға қажет құқықтарға, лицензияларға, ноу-хау, мүлікке және басқа да ғылыми-техникалық өнімдер нысанындағы ақшалай емес инвестициялар. 

Нау-хау – патенттелмеген өндірісті ұйымдастыруға қажетті өндірістік тәжірибелер мен ілімдерді техникалық құжаттар түрінде көрсететін техникалық, технологиялық, коммерциялық және басқа да білімдердің жиынтығы.

Инвестиция экономикалық категория ретінде экономикада бірқатар қызмет атқарады. Инвестицияның қызметінсіз кез келген мемлекеттің тұрақты дамуы мүмкін емес. Инвестицияның атқаратын қызметтерін екі деңгейде бөліп қарауға болады:

І. Макродеңгейде атқаратын қызметтері, оған мыналар жатады:

  • ұлғаймалы ұдайы өндіріс саясатын жүзеге асыру;
  • ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету;
  • отандық өнімдердің сапасын жақсартып, олардың бәсекелестік қабілетін арттыру;
  • экономиканың барлық салаларының бірдей дамуын қамтамасыз ету;
  • әлеуметтік аяны,  соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, білім саласын дамыту;
  • жұмыссыздық мәселесін шешу;
  • инфляция қарқынын тежеу;
  • қоршаған ортаны қорғау;
  • әскери-өнеркәсіп кешенін конверсиялау;
  • мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету.

ІІ. Макродеңгейдегі атқаратын қызметтері мыналар:

  • өндірісті кеңейту және дамыту;
  • негізгі қорлардың шамадан тыс моральдық және заттай тозуын болдырмау;
  • өндіріс дейңгейін техникалық жағынан қайта жарақтау;
  • нақты кәсіпорындардың өнімдерінің сапаларын арттыру және бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;
  • табиғатты қоршау шараларын жүзеге асыру;
  • бағалы қағаздар сатып алу және басқа кәсіпорындардың активтеріне қаражат жұмсау.

Барлық инвестицияларды мынадай белгілеріне қарай жіктеуге болады:

1) Инвестицияны жұмсау объектісіне  қарай:

  • нақты (капитал жасаушы) инвестициялар;
  • портфельдік инвестициялар;
  • қаржылық емес инвестициялар.

2) Инвестициялау мерзіміне қарай:

  • қысқа мерзімді (1 жылға дейін) инвестициялар;
  • орта мерзімді (1-ден 3-5 жылға дейін) инвестициялар;
  • ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).

3) Инвестицияға қатысу нысанына  қарай:

  • тікелей инвестициялар;
  • жанама инвестициялар.

4) меншік нысанына қарай:

  • аралас (бірлескен) инвестициялар;
  • шет елдік инвестициялар;
  • мемлекеттік инвестициялар;
  • жеке меншік инвестициялар.

5) аумақтық белгісіне қарай:

  • шет елде инвестициялау;
  • елдің ішінде инвестициялау;

6) пайдалану бағытына қарай:

  • өндірістік бағыттағы иневстициялар;
  • өндірістік емес бағыттағы инвестициялар.

Сонымен қатар инвестицияларды ішінара жіктеуге болады. Нақты инвестициялардың  екі топқа бөледі:

1-топ. Өндірісті дамытуға жұмсалынған  инвестициялар, соның ішінде:

  • өндірісті қайта құру және техникалық жағынан қайта қаруландыруға;
  • өндірісті кеңейтуге;
  • жаңа өнім шығаруға;
  • өнімді жаңғыртуға және жаңа ресурстарды игеруге.

2-топ. Өндірістік емес саланы  дамытуға жұмсалынған иневстициялар, соның ішінде:

  • тұрғын үй құрылысына;
  • спорт және сауықтыру объектілеріннің құрылғыларына;
  • еңбек жағдайын жақсартуға;
  • техникалық қауіпсіздік деңгейін артыруға.

Портфельдік инвестицияларда екі топқа бөлінеді.

1-топ. Бағалы қағаздар сатып  алуға бағытталған инвестициялар, соның ішінде:

  • кәсіпорындардың акцияларын сатып алуға;
  • облигациялар сатып алуға;
  • басқа да бағалы қағаздар сатып алуға.

2-топ. Басқа кәсіпорындардың активтеріне  жұмсалған инвестициялар, соның ішінде:

  • өндіруші-кәсіпорын активтеріне қаражат салу;
  • қаржы-несие мекемелерінің активтеріне салу;
  • басқа да коммерциялық ұйымдардың активтеріне салу.

 

 

 

2-дәріс. Инвестициялық қызмет объектілері мен субъектелері

ҚР заңына сәйкес инвестициялық қызмет – инвестициялауды жүзеге асыру процессімен байланысты кәсіпкерлік қызметті сипаттайды.

Кейбір экономикалық әдебиеттерде инвестициялық қызмет – пайда табу немесе қандай да бір тиімділікке қол жеткізу мақсатында инвестиция жұмсау және іс-тәжірибелік әрекеттер ретінде түсіндіріледі.

Жалпы инвестициялық қызметті екі жақты түсінуге болады. Кең мағынада инвестициялық қызмет – инвестициялық бағдарламалар мен жобаларға қаражат немесе капитал жұмсау, сондай-ақ инвестициялық бағадарламалар мен жобаларды іске асыруға байланысты іс-тәжірибелік әрекеттердің жиынтығын, ал тар мағынада инвестициялық қызмет – инвестициялық процессті білдіреді.

Инвестциялық қызметке ықпал етуші факторларды төмендегідей екі топқа бөліп қарастыруға болады:

1-топ. Макродеңгейдегі немесе барлық сыртқы факторлар:

  • салық жүйесінің жетілдірілу дәрежесі;
  • инвестициялық қызметтің нормативтік-құқықтық жағынан қамтамасыз етілуі;
  • инвестициялық қызметтке мемлекеттің қатысу дәрежесі;
  • инфляция деңгейі;
  • бюджет тапшылығы;
  • экономиканың даму жағдайы;
  • қаржы-несие саясатын жетілдіру дәрежесі;
  • мемлекеттің экономикалық, соның ішінде инвестициялық саясаты;
  • қоғамдағы әлеуметтік және саяси жағдайлар;
  • нарықтық қатынастардың жетілдірілу дәрежесі;
  • еркін экономикалық аймақтардың болуы;
  • шетел капиталын тарту үшін қолайлы жағдай жасау;
  • инвестиция жұмсаудың тәуекелділік дәрежесі;
  • мемлекет тарпынан шағын және орта бизнесті қолдау.

Осылардың ішінен инвестициялық қызметке кейбірінің ықпал ету тетігін қарастырайық.

Бұл факторлардың барлығы бір бірімен өзара байланысты деген түйінге келсек, онда олардың барлығы бірдей тек қана иневстициялық қызметке ғана емес, сондай-ақ елдегі жалпы экономикаға да ықпал етеді. Ел экономикасының жағдайы мен оның даму үрдісі – бұл инвестициялық қызметті жүзеге асырушы мемлекеттің және барлық шаруашылық субъектілерінің қаржылық мүмкіндігін анықтайтын негізгі фактор.

Елдегі экономика жағдайы ЖҰӨ, ЖІӨ, ұлттық табыс, мемлекеттік бюджет шамасы мен оның тапшылық деңгейі, инфляция деңгейі, экспорт көлемі және оның құрылымы сияқты және басқа да көрсеткіштердің үрдісін анықтауға мүмкіндік жасайды. Инвестициялау үшін қажетті ресурстарды бөлетін мемлекеттің, шарушылық субъектілердің және коммерциялық ұйымдардың мүмкіндіктері ЖІӨ, ЖҰӨ және ұлттық табыстың шамасына байланысты.

Экономиканың даму қарқыны қолда бар күш-қуатты тиімді пайдалануға және инвестиция жұмсау қарқынына да тікелей байланысты екіні де белгілі. Әрине бұл жерде экономика қарқының өсуі иневстициялық жұмсалымға қарағанда ілгері болуына тырысу қажет.

Инфляция бұл инвестициялық қызметке ықпал етуші негізгі фактор ретінде экономканың жағдайына тікелей байланысты, яғни тұрақты экономика немесе экономикалық өсу тұсында оның деңгейі төмендейді немесе керсінше. Бұл жерде инфляция процессі мен банктік несие мөлшерлемесінің арасында тығыз байланыс бар екенін айта кету қажет. Ендеше инвестицияға деген сұраныс қисығы банктік пайыз мөлшерлемесіне (Мп) және инвестицияның жұмсалымынан күтілетін таза пайданың нормасына (Нп) тікелей байланысты (1-сурет).

 

 

 

       Мп


           Нп

                                                                                    Инвестициялар

 

 

 


                    1-сурет. Инвестицияға деген сұраныс қисығы

 

1-суреттен көріп отырғанымыздай, қаншалықты банктік пайыз мөлшерлемесі  жоғары болса, соғұрлым инвестицияға деген сұраныс төмен, немесе инфляцияға деген сұраныс пен күтілетін таза пайда нормасының арасында да сондай байланыс бар. Әрине бұл жерде егер таза пайда нормасы банктің пайыз мөлшерлемесінен жоғары болса, яғни Нп > Мп , онда экономикаға инвестиция жұмсау тиімді. Сондай-ақ керісінше, егер күтілетін таза пайда нормасы пайыз мөлшерлемесінен жоғары болса, яғни Мп > Нп , онда мұндай жағдайда инвестиция жұмсау тиімсіз.

Пайыз мөлшерлемесінің екі түрі болады: нақты және номиналды.

Нақты номиналдыдан инфляция деңгейіне қарай ажыратылады, яғни:

                 Мнақ = Мном  - Им ,       

 

мұнда  Мнақ - нақты банктік пайыз мөлшерлемесі;

           Мном   - номиналды банктік пайыз мөлшерлемесі;

           Им       - инфляция деңгейі.

 

Айта кететін жәйт, бұл жерде инвестициялық шешім қабылдауда номиналдық емес нақты пайыз мөлшерлемесінің ролі маңызды.

 

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей егер бағаның жылдық өсуі 40 %, ал айлық өсуі – 2,8 % -дан аспаған жағдайда ғана қаржылық тұрақтылық қалыптасады. Егер ол жоғары болса, онда өндіріске жұмсалынатын инвестиция шамасы күрт азайып, нәтижесінде экономика мен елдің жағдайы нашарлайды.

Келесі бір маңызды фактор салық жүйесінің жетілдірілу дәрежесі. Қазіргі жағдайда әсіресе, өндіруші кәсіпорындар үшін салықтың мөлшерлемесі әлі де болса (қосылған құнға салынатын салықтан басқасы) жоғары мөлшерде қалуда. Бұл салықтардың бәрі (өнімнің өзіндік құнына кіретіні және бағасына қосылатындары) жұмыс істеп отырған кәсіпорынның қаржылық нәтижесіне – таза пайдасына әсер етіп, ең соңында кәсіпорынның пайда есебінен инвестициялау мүмкіндігі азайтады.

ҚР-да инвестиция жөніндегі агенттіктің  14.04.2000 ж. № 01/7 бұйрығы бойынша бекітілген салықтық жеңілдіктер төмендегі кестемен беріледі.

 

Негізгі қорларға (негізгі капиталға) жұмсалынған инвестицияның жалпы көлемі көрсетілген,  экономиканың басты секторының аты (млн. АҚШ доллары)

Салық жеңілдіктерінің әрекет ету мерзімі

Табыс салығы*, жыл

Мүлік салығы, жыл

Жер салығы, жыл

1.

Өндірістік инфрақұрылым

10 млн. дейін,

10 млн. жоғары

 

4

5

 

5

5

 

4

5

2.

Өңдеуші өнеркәсіп

1 млн. дейін

1 млн. 5 млн. дейін

5 млн. жоғары

 

2

3

5

 

3

4

5

 

3

4

5

3.

Астана қаласының объекітелері

10 млн. дейін,

10 млн. жоғары

 

 

3

5

 

 

4

5

 

 

4

5

4.

Тұрғын үй**, әлеуметтік сала мен туризм объектілері

4 млн. дейін

4 млн. 10 млн. дейін

10 млн. жоғары

 

 

 

2

4

5

 

 

 

3

4

5

 

 

 

3

4

5

5.

Ауыл шаруашылығы

1 млн. дейін,

1 млн. жоғары

 

3

5

 

4

5

 

5

5

Информация о работе Инвестицияның мәні мен жіктелемі