Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 07:34, лекция
“Инвестиция” сөзі латынша “іnvectіre” қазақ тіліне аударғанда қаражат салу, жұмсау дегенді білдіреді. “Инвестиция” сөзі отандық экономикамыз үшін біршама жаңа термин.
Шет елдік инвестицияға байланысты заңда инвестицияға мынадай түсінік берілген: “Инвестициялау – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объкетілеріне салынатын мүліктік және интелектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, соның ішінде :
- жылжитын және жылжымайтын мүліктер мен мүліктік құқық, ұстау құқығы, өңдеусіз стауға арналған тауарлардан басқалары;
- акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың өзгеде нысандары;
- облигациялар және басқа да борыштық міндеттемелер;
- инвестицияларға байланысты келісім-шарттар бойынша орындалуға тиісті қызметтер, тауарлар, ақшалай сомаларды талап етулер;
- интелектуалдық қызметтің нәтижелеріне деген құқықтар, оған жататындар: авторлық құқық, патент, тауар белгісі, өнеркәсіп үлгісі, технологиялық процестер, нау-хау, нормативтік-техникалық, сәулеттік, констукторлық және технологиялық жобалық құжаттар;
- лицензия немесе мемлекеттік органдардан берілетін басқа да нысандардағы кәсіпкерлік қызмет түрін жүзеге асыруға арналған кез келген құқықтар ”.
Жекелеген шаруашылық субъектілерінің (кәсіпорындардың) ивнестициялық саясаты – ағымдағы және алдағы уақыттары кәспорын жұмысында қарыжылық тұрақтылыққа қол жекткізу мақсатында инвестицияға меншікті, заемдық және басқа да қаражаттарды жұмсау тиімділігн қамтамасыз етуге бағытталатын шаралар жинытығы.
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты оның іскерлік жоспарына байланысты жасалады. Егер ондай жоспар болмаса, онда инвестициялық саясат туралы сөз болуы да мүмкін емес.
Кәсіпорында инвестициялық саясатты жасау барысында мынадай принциптерді ұстанады:
Мұндай және басқа да принциптерді ескеру кәсіпорындардың инвестициялық саясаттарын жасау барысында қате жіберуден және қате есептеуден сақтануға мүмкіндік жасайды.
5-дәріс. Инвестициялық механизм
Жасалынған және қабылданған инвестициялық саясаты инвестициялық механизмнің көмегінсіз іске асырыла алмайды.
Инвестициялық механизм – елдің экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ететін инвестиция түрлерін, инвестицияны қаржыландыру және несиелеу көздері мен әдістерін, инвестициялық нарықтың қызмет етуіне қажетті нормативтік-құқықтық актілермен қамтамасыз ету, сондай-ақ инвестициялық тәуекелді басқарудың элементтерін қамтитын экономикалық механизмнің құрамдас бөлігі.
Инвестициялық механизм құрылымы мынадай элементтерден тұрады:
Мотивациялық буын – нақты инвестициялық механизмнің сыртқы экономикалық және әлеуметтік ортамен, тиісті экономикалық және шарушылық мехнизмдермен өзара әрекет етуін қамтамасыз етеді. Мотивациялық буынға потенциалды инвесторлардың өздерінің қаражаттарын салатын объектілерді анықтау барысында басшылыққа алатын барлық қызмет түрлерінің мотивтерін пысықтау және зерттеу шараларын қамтиды.
Инвестициялық қызметті ресурспен қамсыздандыру – нақты бір жобаның алдына қойған мақсатына жету мақсатына қажетті ресурстармен жабдықтау, сондай-ақ оларды алатын көздердін талдау және түрлерін зерттеуді көздейді. Инвестициялық қызметте пайдаланылатын ресурстар түрлерінің жіктелуі 1-кестеде берілген.
1-кесте.Инвестициялық
Ресурстардың категориялары |
Ресурстардың түрлері |
1. Қаржы құралдары мен олардың баламалары |
|
2. Жер ресурстары |
|
3. Материалдық емес ресурстар |
|
4. Еңбек ресурстары |
|
Инвестицияны қаржылындыру көздері мен тәсілдерінің көп түрлі болғанымен де, оларды ұйымдастыру формалары қарай мынадай топқа бөлуге болады:
1). өзін-өзі қаржыландыру (инвестициялау мақсатында өзінің ішкі қаржыландыру көздерін пайдалану);
2). сырттай борыштық қаржыландыру (несиелер және займдар);
3). тікелей ( нақты) инвестициялау;
4). жанама (қаржылай) инвестициялау;
Құқықтық және әдістемелік жағынан қамсыздандыру қандай да бір елдің аумағында қабылданған заңдарға және басқа да нормативтік актілер негізінде инвестициялық қызметті реттеу шараларын, сондай-ақ экономикалық даму бағытындағы және нақты бір салалардағы инвестициялық және инновациялық қызметті жоспарлау және жүргізуге байланысты әдістемелік нұсқаулықтарға негізделеді.
Жалпы, бұл жерде инвестициялық механизмнің инвестициялық қызметке байланысты заңдармен, мемлекеттің, аймақтың және кәсіпорындардың дербес инвестициялық саясаттарымен және экономиканың тиімділігін арттыру міндеттерімен анықталатын айтылады.
Инвестицялық қызметті ұйымдық қамсыздандыру инвестициялаудың алдына қоятын мақсаттарына жетуіне бақылау жасайтын және оның дамуына ықпал ететін қажетті ұйымастырушылық құрылымның болуын қамтиды. Жоспарлау және басқару әртүрлі жобалар бойынша инвестициялық механизмнің жүзеге асуында ерекше орын ала отырып, инвестициялық қызметтің тиімділігін арттыруға байланысты шараларды іске асыруды және бағалауды, қаржылық жағдайына талдау жасауды, ақша ағынын қалыптастыруды, инвестициялық ресурстармен есеп айырысу жүргізуді қамтамасыз етеді.
Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу көздерінің болуы инвестициялық қызметке байланысты басты мәселелердің шешілуін сипаттайды. Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуіне қарай елдегі жалпы экономикалық дағдарыстың орын алуы ивнестицияны қаржыландыру көздерінің тапшылығын көрсетті.
Инвестициялық процессті қаржыландыру жүйесіне инвестицияны қаржыландыру және несиелеу көздері мен әдістері жатады.
Кейбір экономикалық әдебиеттерде инвестицияны қаржыландыру және несиелеу көздеріне төмендегідей түрде жіктейді:
а) пайдасы;
ә) амортизациялық аударымдары;
а) банктік несиелер;
ә) бюджеттік несиелер;
б) облигациялық займдары;
в) басқа да қаражаттар.
а) акцияларды сатудан түскен қаражаттар;
ә) еңбек ұжымының, азаматтардың,
заңды тұлғалардың қосқан
Инвестицияны қаржыландырудың меншікті көздері ең тұрақты көздер болып табылады. Кез келген коммерциялық ұйымдардың инвестициялаудағы меншікті қаражат көзінен пайда жатады.
Нарық жағдайындағы кәсіпорынның басты мақсаты пайда табу. Пайда – кәспорынның негізгі қаржылық нәтижесі. Кәсіпорында алынатын пайданың түрлері: баланстық, жалпы, таза және бөлінбеген пайда.
Баланстық пайда (Пб) мынадай құрамдас бөліктерден тұрады:
Пб = Пс + Пм + (Тс.о. - Шс.о.),
мұндағы Пс - өнімдерді (жұмыстар, қызметтер) сатудан алынған пайда;
Пм – кәсіпорын мүлкін сатудан түскен пайда;
Тс.о – сауда емес операциялардан алынған табыстар;
Шс.о – сауда емес операцияларға байланысты шығыстар.
Жалпы пайда салық төлеуге жататын пайда болып табылады. Кәсіпорын үшін ең маңыздысы - бұл оның иелігінде қалатын таза пайда. Таза пайданың (Пт) есептелуі:
Пт = Пб - Ст
мұндағы Пб – баланстық пайда,
Ст – пайдадан төленетін салықтар мен міндетті төлемдер.
Таза пайдадан акционерлерге дивидент және әр түрлі пайыздар төленгеннен кейін кәсіпорында бөлінбеген пайда қалады. Міне осы бөлінбеген пайда кәсіпорындағы инвестицияны қаржыландырудың басты көзін құрайды.
Амортизациялық аударымдар да инвестицияны қаржыландырудың басты көзі. Амортизация – негізгі қорлардың қызмет ету мерзімі ішінде шығарылатын өнімдерге өздерінің құнын беру процессі.
Негізгі құралдарға ғимарттар, құрылғылар, жұмыс және күш көліктері мен құрал жабдықтары, өлшейтін және реттеуші құралдар мен құрылғылар, есептейіш техникалары, өндірстік және шаруашылық заттары, және қызмет ету мерзімі бір жылдан асатын басқа да құралдар жатады.
Амортизацияға мыналар жатпайды: сыйға беру шарты бойынша алынған негізгі құрал объектілері, тұрғын үй қорлары, орман және жол шаруашылығы объектелері, арнайы құрылғылар, өнім беретін малдар, маралдар және т.б., пайдалану мерзімі жетпеген көп жылдық көшеттер, сондай-ақ сатып алынған басылымдар (кітаптар, оқулықтар және т.б.)
Еліміздің нарық желісіне өтуімен байланысты қаржыландыру көзі ретінде амортизациялық аударымдардың маңызы арта түсуде.
Кәспорындардағы амортизациялық аударымдардың шамасы мынадай факторларға тәуелді:
Қаржы нарығының басты қызметі ақшалай жинақтарды өндірістік инвестицияға жұмылдыру болып табылады. Мұндай қызмет банктік несиеге тән келеді. Әрине бұл жерде қарыз алушы үшін ең маңыздысы – пайыз мөлшерлерлемесі мен несиенің мерзімі. Пайыз мөлшерлермесінің төмен болғаны инвестициялау процессін қаржыландыруда қарыз алуға деген мүмкіндікті кеңейтеді. Ұзақ мерзімді несиені әдетте инвестициялық несие деп атайды.
Банктік несиенің басты артықшылығы, ол қарыз алушыға алдын ала қарыз алып өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік туғызады.
Банктік несиелеу объектісіне мыналар жатады:
Ұзақ мерзімді несиені беру барысында банк мыналарға көңіл аударады:
Жалпы инвестициялық қызметті қаржыландыру және несиелеу көздерін ішкі және сыртқы көздер деп екі топқа бөлуге болады 3-сурет).
Ішкі көздер:
3-сурет. Инвестициялық қызметті
қаржыландыру және несиелеу
Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу әдістеріне мыналар жатады:
Инвестицияны қаржыландырудың бюджеттік әдісі мемлекеттік бюджеттің ресурстары есебінен жүзеге асырылады. Бюджеттен қаржыландыру мынадай принциптерге сүйенеді:
Бюджет ресурстары қайтарылатын және қайтарылмайтын жағдайларда берілуі мүмкін. Қайтарылатын қаржыландыру әдісі жүзеге асырылатын инвестициялық объектіден коммерциялық тиімділік алу мақсатында жасалады. Тәжірибе көрсеткендей инвестициялық жобаның қай сатысында болмасын мемлекет тарапынан көмек әрдайым қажет. Сондықтан қайтарылатын бюджеттен қаржыландыру әдісі бірқатар салықтық, және несиелік сияқты жеңілдіктерді қамтиды.