Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 07:34, лекция
“Инвестиция” сөзі латынша “іnvectіre” қазақ тіліне аударғанда қаражат салу, жұмсау дегенді білдіреді. “Инвестиция” сөзі отандық экономикамыз үшін біршама жаңа термин.
Шет елдік инвестицияға байланысты заңда инвестицияға мынадай түсінік берілген: “Инвестициялау – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объкетілеріне салынатын мүліктік және интелектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, соның ішінде :
- жылжитын және жылжымайтын мүліктер мен мүліктік құқық, ұстау құқығы, өңдеусіз стауға арналған тауарлардан басқалары;
- акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың өзгеде нысандары;
- облигациялар және басқа да борыштық міндеттемелер;
- инвестицияларға байланысты келісім-шарттар бойынша орындалуға тиісті қызметтер, тауарлар, ақшалай сомаларды талап етулер;
- интелектуалдық қызметтің нәтижелеріне деген құқықтар, оған жататындар: авторлық құқық, патент, тауар белгісі, өнеркәсіп үлгісі, технологиялық процестер, нау-хау, нормативтік-техникалық, сәулеттік, констукторлық және технологиялық жобалық құжаттар;
- лицензия немесе мемлекеттік органдардан берілетін басқа да нысандардағы кәсіпкерлік қызмет түрін жүзеге асыруға арналған кез келген құқықтар ”.
Жоба сапасы бойынша ақаусыз жобалармен басқа да жобалар болады. Ақаусыз жобада ең басты фактор жоғары сапалылық болып табылады. Мұндайға мысал – атом электростанциясын немесе космос ракетасын құру, эпидемиологиялық ауруға қарсы вакцина жасап шығару және т.б. жатады.
Қорлардың шектеулілігі дәрежесіне қарай кейбір қорлар бойынша шектеулер қойылған (мысалы жобаны орындау уақыты бойынша) және көптеген қорлар бойынша шектеулер қойылған (уақыт, жоба құны, оның еңбек сыйымдылығы және т.б. бойынша) жобалар болады.
1с-жүзінде мультижобалар кездеседі, олар-бір өндірістік фирма үшін бірнеше подрядчикпен орындалатын бірнеше өзара байланысты жобалар, және моножобалар – бір жобалық ұйым шеңберіндегі жеке жобалар кездеседі.
Өзінің күрделілігі мен құны бойынша халықаралық жобалар аса айрықша болады.
Шетел және отандық тәжірибеде кездесетін инвестициялық жобалардың негізгі типтері келесідей:
9-дәріс. Инвестициялық жобалау кезеңдері
Әрбір жоба өз дамуында нақты жолдан өтеді. Жобаның пайда болуы мен аяқталуы кезеңдерінің арасындағы уақыт аралығы жобаның өмірлік циклы (немесе жобалық цикл) деп аталады. Өмірлік циклды жүзеге асыру үрдісінде келесі фазаларды бөлуге болады: инвестиция алдындағы фаза, инвестициялық фаза, пайдалану фазасы мен жобаны аяқтау.
Инвестициялау алдындағы фаза көбінесе жауапкершілікті болып табылады және келесілерді біріктіреді.
-инвестициялық мүмкіндіктерді талдау;
-болжамдық технико-
-технико –экономикалық
-инвестициялық мүмкіндіктер
Инвестиция алдындағы фазада жоба концепциясын дайындау жүзеге асырылады-жобаның түпкі мақсаттарын және оларға жету жолдарын анықтау. Сонымен қатар жобаның өмір сүруге қабілеттілігін бағалау жүзеге асырылады, яғни оның технико-экономикалық негізделуі жүзеге асырылады. Осының барлығы болашақ бизнестің тиімділігін бағалау тұрғысынан жобаны болжамдық сараптау болып табылады. Нәтижесінде бәр баламаның басқаның алдындағы артықшылығы негізделеді, және жоба бойынша жұмыстардың басталуы жайлы шешім қабылданады.
Осыдан кейін инвестициялық фаза басталады, ол жобаны жоспарлау кезеңінен –мақсаттардың кешеніне жетуге әкелетін жұмыстардың кезең тізбектілігін анықтаудан басталады. Жоба жоспары жұмыс істеудің құралы және осы жұмыстардың нақты күн тізбелік графигін құрастырудың және олардың құнын нақты бағалаудың алғы шарты болып табылады Техникалық талаптар тағайындалады, олар жоба объектлерінің басты пайдаланушылық сипаттамаларын (жұмыс көлемі, еңбек өнімділігі, өндірістің материал сыйымдылығы, экологиялық көрсеткіштер және т. б.) бейнелейді. Қажетті геодезиялық және инженерлі–геологиялық іздеулерді жүргізу мен жұмыстарды жүргізуге рұқсат беретін куәліктерді алу арқылы жер учаскелерін таңдау мен рәсімдеу жүзеге асырылады. Эскиздік жобалау жүргізіледі, мұнда жобалау бойынша жұмыстардың құрамы, жобалық- конструкторлық іс-әрекеттің басталуы, ТЭН түзету мен бекіту, жоба бойынша шығындарды бағалау анықталады. Келесі келісім-шарттық кезеңде жобаның потенциялды орындаушылары таңдалады және жобаны орындау жайлы келісім-шарт құрастырылады, мұнда жобалауға тапсырма, жұмыстардың орындалу графигі, олардың құны айқындалады. Осыдан кейін келісім-шарт негізінде подрядтық ұйымдармен қарым-қатынастарды рәсімдеу жүзеге асырылады. Сонымен еңбек сыйымды және шығындық кезең – жобаны жүзеге асыру фазасы болып табылады, мұнда жұмыстық жобалау мен құрлыс жүзеге асырылады.
Орта статистикалық деректер бойынша жоба кезеңдерінің пайыздық ара қатынасы келесідей болады:концептуалдық -3%; жоспарлау -5%; жобалау -20%; құрылыс -60%; аяқтаушы -12 %. Жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыстардың негізгі түрлері: құрлыс-құрастыру жұмыстары; реттейтін жұмыстарды орындау; жобаны заказ берушіге тапсыру; жобаны іске қосу мен өнім шығару; құрал-жабдықты жөндеу мен өндірісті дамыту; нәтижелерді бағалау.
Жобалық циклдың бойында жобаны ұйымдық-экономикалық; құқықтық, кадрлық, қаржылық,материалды- техникалық, коммерциялық (маркетинг) ақпараттық қамсыздандыру қажет.
Жобаның өмірлік циклының құрылымын білу оның перспективалылығын; нақты кәсіпкер және мемлекет үшін мақсаттылығы мен мәнділігін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Мұнда жобаны ұқыпты экономикалық негіздеуге көп көңіл бөлу қажет, ал жобаны іске қосудың мақсаттылығын мақұлдау немесе мақұлдамауы қажет.
Жобалық несиелеуде жобалық айналым деген сөз қолданылады. Дүниежүзілік банкте қабылданған тәжірибеде жобалық айналымның өзіне тән кезеңдері болады (5-сурет).
І. Инвестициялау алдындағы кезең |
Инвестициялық мүмкіндікті талдау |
Жобаны даярлау (ТЭН не бизнес-жоспар құру) |
Техникалық-экономикалық және қаржылық тиімділігін бағалау |
Жоба бойынша шешім қабылдау |
ІІ. Инвестициялау кезеңі |
Келіссөздер, контрактілер жасау |
Жобалау |
Құрылыс |
Маркетинг |
Оқыту |
ІІІ. Жоба өнімін пайдалану кезеңі |
Қабылдап алу және іске қосу |
Құрал-жабдықты ауыстыру |
Кеңею, жаңарту |
5-сурет. Жобалық айналым кезеңі
Нарықтық қатынастар жағдайындағы жобалық несиелеудің күрделі сатысына инвестициялау алдындағы кезең жатады. Инвестициялық жобаны несиелеу үшін, біріншіден, жобаның тұжырымын жасау қажет, екішіден, оның тиімділігі бағалау керек, үшіншіден инвестицияның техникалық-экономикалық негіздемесін жасау қажет, төртіншіден, сапалы бизнес-жоспарды даярлап, оны іске асыру мәселелерін қарастыру керек.
10-дәріс. Жобаны талдау
Инвестициялық жобаны талдау қаралатын жобаның артықшылықтары мен кемшіліктеріне жан-жақты баға беруге негізделеді. Жобалық талдаудың бірнеше төмендегідей түрлері болады:
Жобаны экономикалық талдау мен қаржылық талдаудың арасында өзара ұқсастық бар, бірақ та бұл екеуі де қоршаған ортаға, қоғам қауіпсіздігіне ықпал етуге байланысты және т.с.с сұрақтарды ескермейді.
Экономикалық талдаудың мақсаты – жобаның іске асырылуына байланысты туындайтын шығындар мен жобаның нәтижелерін тікелей өлшеп салыстыруға мүмкіндік беретін сызбаларды жасау жолымен инвестициялық жобаның тиімділігі туралы шешім қабылдау.
Экономикалық талдау жобаны пайдаланатын кәсіпорын үшін мүмкіндігінше аз шығын жұмсай отырып, тиімділікке жетудің балама жолын іздестіруге мүмкіндік жасайды.
Егер әр түрлі технологиялар сандық және сапалық қатынастарды бірдей нәтиже берсе, онда экономикалық талдау көмегімен ең аз шығынды талап ететін және жоғары табыс алуға мүмкіндік жасайтын технологияны таңдауға болады.
Сонымен қатар, экономикалық талдау жүргізу арқылы кәсіпорында бар ресурсты жобаға пайдалануда қаншалықты үнемдеуге болатындығы анықталады.
Экономикалық талдаудың маңызды бөлігі – жоспарлау. Жоспарлау жобаның мақсатын белгілеп, ағымдағы жағдайды бағалауға мүмкіндік жасайды.
Жобалық талдаудың батыс тәжірибесінде келесі екі критериді қолдану қабылданған; 1) саланың жетіліуі мен 2) кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі (оның нарықтағы орыны).
Саланың жетілуін талдау оны дамудың келесі төрт жағдайының біріне жатқызу арқылы жүргізіледі: эмбрионалдық, өспелі, жетілу және қартаю. Кәсіпорынның сала шеңберінде бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін кәсіпорынның келесі алты жағдайын қолдану қажет: басымдылық, күшті, қолайлы, тұрақсыз, әлсіз, өмір сүруге қабілетсіз. Саланың жетілгендігі мен кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі критерийлерін салыстыра отырып, кәсіпорынның өмірлік циклының матрицасын құруға болады.
Коммерциялық талдаудың негізін маркетингтік талдау құрайды, ол нарықты талдау, бәсекелік ортаны талдау, өнімнің маркетингтік жоспарын жасап шығаруға негізделген.
Коммерциялық талдау - экономикалық талдаудың ерекше бөлігі ретінде жобаның ұсынатын өнімдеріне ақырғы тұтынушылар тұрғысынан баға беруді көздейді.
Коммерциялық талдау міндеті мынадай:
Маркетинг қызметі 4 элементті қамтиды: өнім, баға, сатуды ынталандыру, сату.
Техникалық талдау негізінде мынадай міндеттерді шешуге болады:
Жобаны техникалық талдаудың міндеті: жоба мақсатына сай келетін технологияны анықтау; жергілікті жағдайларды талдау, оның ішінде шикізат, энергия, жұмыс күшінің бар болуы мен құнын талдау; жобаны жоспарлау мен жүзеге асырудың потенциалды мүмкіндіктерін тексеру.
Техникалық талдау барысында жобаның сметасы мен бюджеті ынықталады. Мұнда, сондай-ақ көзге көрінбейтін шығыстарға итермелейтін заттай және баға сияқты факторлар нақыталанады.
Инвестициялық жобаның қаржылық бөлімінің жалпы сұлбасы кәсіпорынның алдыңғы кезеңдегі және инвестициялық жобаны дайындау кезеңіндегі қаржылық жағдайын талдау; өнімнің негізгі түрлері өндірісінің шығынсыздығын талдау; инвестициялық жобаны жүзеге асыру үрдісінде пайда мен ақша ағындарын болжау және оның тиімділігін бағалау болып табылады. Экономикалық талдау негізінде, ірі инвестициялық жобалар үшін олардың экономикалық тартымдылығын бағалау мақсатымен жүргізіледі. Институционалдық талдау ұйымдық, құқықтық, саяси және әкімшілік жағдайды, яғни инвестициялық жобаны қоршаған ішкі және сыртқы факторларды есепке алғанда инвистициялық жобаның сәтті орындалу мүмкіндігін бағалайды. Тәуекелді талдау жоба бойынша барлық болжамдардың өзгерісін есепке алады.
Инвестициялық жобаларды қаржылық бағалау, жобаларды таңдауда және олардың негізін құруда басты рөл атқарады. Себебі, басқа жобаның талдауларында оң сипаттағы басқа талдаулардың бәрі оны іске асыруда мыналарды қамтамасыз етпесе қабылданбауы мүмкін:
- тауарларды немесе қызметтерді
сатудан түскен табыс есебінен
жобаға жұмсалған қаражат