Инвестицияның мәні мен жіктелемі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 07:34, лекция

Описание работы

“Инвестиция” сөзі латынша “іnvectіre” қазақ тіліне аударғанда қаражат салу, жұмсау дегенді білдіреді. “Инвестиция” сөзі отандық экономикамыз үшін біршама жаңа термин.
Шет елдік инвестицияға байланысты заңда инвестицияға мынадай түсінік берілген: “Инвестициялау – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объкетілеріне салынатын мүліктік және интелектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, соның ішінде :
- жылжитын және жылжымайтын мүліктер мен мүліктік құқық, ұстау құқығы, өңдеусіз стауға арналған тауарлардан басқалары;
- акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың өзгеде нысандары;
- облигациялар және басқа да борыштық міндеттемелер;
- инвестицияларға байланысты келісім-шарттар бойынша орындалуға тиісті қызметтер, тауарлар, ақшалай сомаларды талап етулер;
- интелектуалдық қызметтің нәтижелеріне деген құқықтар, оған жататындар: авторлық құқық, патент, тауар белгісі, өнеркәсіп үлгісі, технологиялық процестер, нау-хау, нормативтік-техникалық, сәулеттік, констукторлық және технологиялық жобалық құжаттар;
- лицензия немесе мемлекеттік органдардан берілетін басқа да нысандардағы кәсіпкерлік қызмет түрін жүзеге асыруға арналған кез келген құқықтар ”.

Файлы: 1 файл

ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ КАРЖЫЛАНДРУ ЖӘНЕ НЕСЕЛЕу-11.doc

— 445.50 Кб (Скачать файл)

n    CFt

å---------- - І0 = 0 немесе NPV = 0

              t=0 (1+r)t 

Бұл көрсеткіштерді есептеуде арнайы калькуляторлар және кесте немесе график тұрғызу әдістері қолданылады.

 ІRR бойынша жобаны таңдау келесідей түрде жүзеге асырылады:

а) егер ІRR > r – жоба тиімді

ә) егер ІRR < r – жоба тиімсіз

б) егер ІRR = r – жобаны қаржыландырудан таза пайда өзгермейді кез келген шешімді қабылдауға болады.

 

 

 

12-дәріс. Инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері.

       Нарықтық экономика  жағдайында инвестициялық салымдарды  қаржыландырудың барлық көздері келесідей:

-меншік қаржылық қорлар мен  ішкі шаруашылық резервтер (еркін  ақша –қаражаттары, құнды қағаздардың  эмиссиясы, пайда, басқа компаниялар  акцияларынан дивидендтер, амортизациялық  төлемдер және т. б.)

-заемдық қаржылық қорлар (коммерциялық  банктердің несиелері, инвестициялық қорлардың зайымдары, меншік зейнетақы қорлары, акционерлік қоғамдар, жеке тұлғалар займдары және т.б.)

-акцияларды сатудан және еңбек  ұжымдары, азаматтар, заңды тұлғалардың  жарналық және басқа да салымдарынан  алынатын   қаржылық қорлар;

-кәсіпорындардың бірігуімен пайда  болатын ақша –қаражаттары ;

-мемлекеттік бюджет қаражаттары;

-шетел инвесторларының қаражаттары;

 


 




 

 

 


 

 

1-сурет – Кәсіпорынның меншік  қаржылық қорларының құрылымы

Инвестициялық жобаның қарауындағы барлық қаражаттардың құны бар, яғни барлық қаржылық қорларды пайдалану үшін төлемдерді есепке алу мен талдау капитал салымдарының экономикалық тиімділігін бағалауда негізгі болып табылады.

Кәсіпорындарда күрделі құрылыс үрдісінде ерекше қаржыландыру көздері пайда болу  мүмкін, оларды келесі формуламен бағалауға болады:

, (1)

мұндағы А – жоспарланатын кезеңнің басында күтілетін айналым активтері, Н – кезең бойында айналым активтеріне жоспарлық қажеттілік, К – жыл бойында кредиторлық қарыздың өзгеруі.

Жұмылдырудың қаржылық механизмі келесідей- кәсіпорынның айналым активтерінің бөлігі негізгі қызметтен алынып, күрделі құрылысты қаржыландыруға жіберіледі.

Егер кәсіпорынның меншік қаржылық қорлары болса, ол осы қорлар үшін ешкімге төлем төлемейді дегенді білдіреді. Өз меншік қаржылық қорлары бар кәсіпорындар қандай да бір қаржылық аспаптарды инвестициялап, содан табыс табу мүмкіндігі бар болады. Сондықтан осы қорлардың құны баламалы ақша салымының минимум құнына тең болады. Кәсіпорын иелеріне төлем акционерлер дивиденттерімен шектелмейді. Меншік иелерінің  қарауында қалған кәсіпорын пайдасы (несиелік инвесторға төлемі төленгеннен кейін) екі бөлікке бөлінеді: бірінші бөлігі дивиденттер түрінде төленеді, ал екінші бөлігі кәсіпорынға қайта инвестицияланады. Сондықтан меншік капиталдың құнын есептеуде келесі түсініктерді басшылыққа алу қажет: кредиторға қатысты соманы төлегеннен кейін қалған кәсіпорынның ақшалай пайдасы (таза ақша ағыны) жиынтық меншік иесіне берілген инвестициялар үшін төлем болып табылады.

Ұзақ мерзімді банктық несие, заңды тұлғалардың облигациялары мен ссудаларын таратып үлестіру-заемдық қаржыландырудың дәстүрлі құралдары болып табылады. Ал лизинг несиелеудің қатысты жаңа әдісі болып табылады, мұнда кәсіпорын лизингтік фирмадан ұзақ мерзімді ссуда алып, оны лизинг бойынша төлемдерді өнімнің өзіндік құнына жатқызу арқылы біртіндеп өтейді. Лизинг кәсіпорынға құрал –жабдықталуға , оны айналымнан қаражат алмай пайдалануға мүмкіндік береді. Нарықтық экономикада лизингті пайдалану заемдық қаражаттардың жалпы сомасының 25% -30% құрайды.

 


 

 



 

 


 


 

 

 

 

2-сурет – Кәсіпорынның заемдық  қаражаттарының құрылымы

 

Меншік және заемдық қаржылық  қорлардың негізгі айырмашылығы – пайыздық төлемдер салық салуға дейін төленеді, яғни жалпы шығындарға қосылады, ал дивидендтер пайдадан төленеді. Бұл жағдай кәсіпорын үшін қосымша түсімнің көзі болып табылады.

Инвестицияларды қаржыландырудың әрбір көзінің  үлесі  жаңа істі ұйымдастырудың нақты шарттарына, оның сипатына, масштабтарына және көптеген басқа да факторларға әр түрлі тәуелді болады.

Ұзақ  мерзімді қаржыландырудағы потенциялды инвесторлар: отандық және шетел банктері, портфельдік инвесторлар, стратаегиялық инвесторлар. Ұзақ мерзімді қаржыландырудың аса таралмаған көздері: акциялар, облигациялар, конверсияланатын облигациялардың эмиссиясы, лизинг. Әрбір көздің ерекшеліктерін талдайық.

Отандық банктер ұзақ мерзімді қаржыландырудың кез-келген басқа көзіне қарағанда жергілікті жағдайды жақсы біледі, бірақ олар тәуекелге аса жағымсыз қарайды  және едәуір қамсыздандыруды талап етеді.

 Шетел банктерінің көбісі несие беретін кәсіпорындарды таңдауда аса талғағыш болады және экспорттық салаларды несиелеуді талдайды. Шетел банктерінен алынатын заемдық қаражаттар есебінен қаржыландыру, жергілікті банктерге қарағанда, көбінесе ұзақ кезеңге және төмен бағамен беру мүмкін болады. Сонымен қатар шетел банктерінде ірі капитал соммалары болады.

Портфельдік инвесторларға инвестициялық қорлар, венчурлық капитал қорлары, сақтандыру қорлары және т.б жатады. Олар дивидендтерді төлеуден табыс пен негізгі қорлар құнының жоғарлауынан (акция құнының жоғарлауынан) табыс арасындағы байланысты табуға ұмтылады. Олар акциялардың бақылау пакетін алуға ұмтылмайды. Бірақ портфельдік инвесторлар кәсіпорынды басқаруда дауыс беру құқығын алғысы келеді, әсіресе: акционерлер жиналысында дауыс беру,  директорлар кеңесіндегі төрағалықты.

Стратегиялық инвесторлар: өз қызметінің бағыттарын ұлғайтуда ұмтылатын өнеркәсіп саласындағы компаниялар; Өз активтерін жақсырақ пайдалануға ұмтылатын өнеркәсіптің басқа саласында жұмыс істейтін компаниялар; стратегиялық байланыстарды дамытуға ұмтылатын қаржылық-өнеркәсіптік топтар (ҚӨТ). Стратегиялық инвесторлар ұзақ мерзімді қарым-қатынасқа және стратегиялық және оперативті шешімдерді қабылдауда өкілеттікке (негізінде акциялардың бақылау пакеті, минимум – директорлар кеңесінде орын) ұмтылады және қайта ұйымдастырумен, стратегияның өзгертумен байланысты шараларды қабылдауды талап ете алады.

Сонымен қатар стратегиялық инвестордың жаңа технологияны беру, бірегей құрал-жабдықты беру, өткізу каналдарына қатынау, өнім ассортиментін ұлғайту, өндіріс масштабтарының өсімі есебінен потенциалды үнемдеу; оқыту және тәжірибелі профессионалдарға қатынау; қаржыландыру мүмкіндіктері бар. Стратегиялық инвестор үшін қаражат салудың көбінесе қолайлы түрі – бірлескен кәсіпорын құру болып табылады.

Қазіргі күні ұзақ мерзімді қаржыландырудың аса таралмаған түрі – акциялар мен облигациялардың эмиссиясы. Акциялардың эмиссиясы дайындау құны мен эмиссия, жарнаманың жоғары шығындары мен байланысты қосымша шығындарды жорамалдайды. Сонымен қатар алдын-ала қанша ақша алынатыны белгісіз болады егер акциялар бір немесе бірнеше сатып алушыларға алдын-ала сатылмаса. Көптеген акциялар отандық және шетелдік портфельдік инвесторларға сатылады. Құнды қағаздар бойынша заңдық шектеулер мен қазіргі нарықтық конъктура қазақстандық кәсіпорындарға көптеген шетел нарықтарында тікелей акциялар эмиссиясы жолымен ақша алуға мүмкіндік бермейді.    

Қазіргі еліміздің экономикасына шетел капиталын тартуда сыртқы несиелер формасы болуда. Оны пайдалану ішкі инвестициялық ресурстардың жетіспеушілігі мен тікелей шетел инвестицияларды тарту мүмкіндіктерінің төмендігіне байланысты болуда. Қаржыландыру көздері, тартудың көлемі мен мақсатына байланысты сыртқы несиелер:

  • Жеңілдіктері бар несиелер немесе ресми көмек;
  • Банк несиелері;
  • Коммерциялық несиелер;
  • Экспорттық немесе «байланысқан» несиелер;
  • Субсидиялар, гранттар мен гуманитарлық көмек;

түрінде болады.

Қазақстан Республикасында өндірісті инвестициялаудың негізгі көздері болып Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мынандай мәселелердің есебінен қаржыларды алуы:

  • өз қаржы ресурстары мен ішкі шаруашылық қорлары;
  • несиелік қаржы қаражаты;
  • акцияларды сату, еңбек коллективтерінің пай немесе басқа мүшелік салымдарынан келтірілген қаржы қаражат арқылы;
  • заңды тұлғалар;
  • белгіленген тәртіп бойынша мекеме бірлестіктері шоғырландырған ақша қаражаттары;
  • бюджеттік емес қорлар қаражаты;
  • мемлекеттік бюджет қаражаттары;
  • шет елдік инвесторлар қаражаттары;
  • заңды және жеке тұлғалардың қайырымдылық салымдары.

Өндірістік мекеменің өз қаржы қаражатына, шаруашылық қызметтің нәтижесі есебінде капиталдық салымдарды қаржыландыруға бағытталған құрылтайшылардың бастапқы салымдары мен жинақтағандары жатады.

Мекеме иеленушілерінің негізгі қорларының тозуы алдымен негізгі қоларды сатып алуға салынады. Кейіннен бұл мақсатқа мекеменің шаруашылық қызметі нәтижесінде жинақталған қаржылары жұмсалады. Бірінші кезекте, оларға өнімді өткізуден түсетін түсім құрамындағы амортизациялық аударымдар мен пайда жатады.

Өндірістік мекемелердегі инвестицияларды қаржыландырудың ірі көзі болып амортизациялық аударымдар табылады. Мекемедегі құндық тозудың жинақталуы жүйелі түрде (ай сайын) болып тұрады, ал негізгі өндірістік қорлар әр қайта өндіру циклынан кейін табиғи түрдегі жаңа өндірістік қорға айналдыруды қажет етпейді. Соның нәтижесінде (амортизациялық аударымдарды өндіріс шығындарына қосу арқылы) еркін ақшалай қаражаттар қалыптасады, олар мекемелердің негізгі капиталын қайта өндіруді кеңейтуге бағытталуы мүмкін. Сонымен қатар, жыл сайын жаңа объектілер қолданысқа енеді, оларға белгіленген мөлшерлер бойынша (баланстық құнның %) амортизация беріледі. Бірақ мұндай объектілер нормативтік қызмет ету мерзімі өтпейінше өтеуді қажет етпейді.

Таза табыс дегеніміз – қосымды өнім құнын көрсететін, өндірістік мекеме табыстығының негізгі түрі. Оның мөлшері өнімнің, жұмыстың немесе қызметтің өткізу бағасы мен өзіндік құны арасындағы айырымын құрайтын ақшалай түсім ретінде көрсетіледі. Таза табыс өндірістік мекеме коммерциялық қызметінің жалпылама көрсеткіші болып табылады. Салықтарды, басқа да табыстан бюджетке төленімдерді төлегеннен кейін мекемеде таза табыс қалады. Оның бір бөлігін өндірістік және әлеуметтік сипаттаға жұмсалымдарға қолдануға болады. таза табыстың бұл бөлігі мекемеде құрылып отырған жинақтау қоры ма, немесе осындай маңыздағы қорлар құрамындағы инвестицияларға жұмсалына алады. Сонымен қатар, мекемелер қаражаттың капиталдық жұмсалымына сақтандыру орындарымен төленген авария, табиғи апаттардан болған шығындарды өтеу үшін берген қаражаттарды да қолдана алады.

Заем қаражаттары несие (банк, басқа да қаржы институттары) есебінен құрылады.

Несие, ақшаның қайтарылу және өтелу шартымен  байланысты, қалыптасатын қарыз алушы мен несие беруші арасындағы экономикалық қатынастарын көрсетеді. Несиелік реттеудің маңызды бөлігі – несиенің проценттік мөлшерлемесі. Қазіргі кезде инвесторлар несиені кәсіпкерлік қызметтің жедел (табыс немесе пайда алу түрінде) көрініс беретін салаларына тартады.

Заңды немесе жеке тұлғалардың капиталдық салымдарын банктік несиелеу объектілері есебінде төмендегі жұмсалымдар болуы мүмкін:

  • құрылыс, кеңейту, қайта өңдей және өндірістік, өндірістік емес маңыздағы объектілерді жаңа техникалық жабдықтау;
  • жылжымалы және жылжымайтын (машиналар, құрал-жабдық, көлік) мүлік сатып алу;
  • ғимараттар, құрылыстар;
  • ғылыми-техникалық өнімді шығару үшін бірлескен мекемелерді құру, интеллектуалдық құндылықтар мен меншіктің басқа объектілерін құру;
  • қоршаған ортаны қорғауға арналған іс-шараларды жүргізу.

Нарыққа өтпелі кезеңде инвестициялаудың табысты бағыты ретінде лизингті қарастыруға болады. Лизинг дегеніміз – құрал-жабдық машиналарын, көлікті, сонымен бірге өндірістік маңызы бар құрылымдарды ұзақмерзімді жалға беру, инвестициялаудың бір түрі.

Тартылған қаражат – бюджеттік қаржыландыру қаражаттары. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталықтандырылған капиталдық жұмсалымдарын қайтарылмау негізінде қаржыландыру тек объектілер мемлекет үшін қажетті объектілер мен құрылыстардың бекітілген тізімінде бар болса ғана жасалынады.

Қазақстан Республикасының бюджетінен мемлекеттік ортақтандырылған капиталдық салымдарды қайтарылу негізінде де қаржыландыруға болады. Бұл жағдайда, қаржыландыру Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ¦лттық банк несиелері шеңберінде бөлінетін қаржы есебінен жүргізіледі. Қаржы министрлігі бөлінген қаражатты құрылысшыларға коммерциялық банктермен арнайы келісім-шартқа тұрып жібереді. Коммерциялық банктер тізімі несиелік саясат мәселелері бойынша Мемлекеттік комиссиямен анықталады. Бұл қаражаттарды банктер тек белгіленген мақсатқа жұмсай алады, оларды депозиттік шоттарға салуға, банкаралық несие беруге, валюта сатып алуға, қысқамерзімді мақсаттарға жіберуге болмайды.

Кеңес заманында экономика дамуының инвестициялық ішкі негізгі көздері болып:

1. бюджет қаржылары;

2. кәсіпорындардың өз қаржылары;

3. халықтың қаржылары.

Қазақстанның тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап республика экономикасында күрделі, бұрын сонды болмаған өзгерістер болды. Реформа экономикада әлеуметтік жағдайға бағыт алуды өзінің мақсатты етіп қойды, ал оған жету, бұрын республикада қалыптасқан экономикалық қатынастардың барлық жүйесін өзгертуді қажет етеді, оны жузеге асыру, күрделі де ауыр процесс екені белгілі.

Әлемдік тәжірибе негізінде дәлелденгеніндей, капиталдың халықаралық миграциясы, шаруашылық өмір барлық ұлттардың қарым-қатынасының тереңдеуі келтіреді капиталдардың өзара қозғалысының дамуы, әсіресе өндірісі дамыған елдер арасындағы қатынастарға жақсы белгілі.

Информация о работе Инвестицияның мәні мен жіктелемі